Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
китап Перизат.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

4.3. Алғашқы дәрігерлік көмек.

Алғашқы дәрігерлік көмекті штатына 34 адам кіретін медициналық полк пунктінде көрсетеді: полктік медициналық пункттің бастығы (жалпы практикалық дәрігер), 1 жалпы практикалық дәрігер, 1 стомато­лог, дәріхана бастығы, 3 фельдше­р, 2 мейірбике, 3 санин­структор, 3 санитар, аға те­лефонист, жүргізуші-электрик, жүргізуші-моторист, жүргізуші-санитар, жүргізуші, аспаз бір-бірден. Осы 22 адам белгілі бір аумақта орналасқан медициналық полк пунктінде жұмыс атқарады. Жарақаттанғандарды жинап, тасымалдау үшін 6 адамнан құрылған екі бөлімше болады: екі бөлімше командирі, екі аға жүргізуші-санитар, төрт жүргізуші-санитар мен санитар. Осы 12 адам роталар мен полк медициналық пункт жарақат алғандарды тасымалдау жолдарында жұмыс атқарады. Полктік медициналық пункт бастығы полктың медициналық қызмет бастығына бағынады.

Шабуылдаушы айқаста медициналық полк пункті майдан шегінен 5—7 км, ал қорғаныс айқаста алдыңғы шектен — 10—12 км қашықтықта орналасады. Белгіленген қашықтыққа кірме жолдардың сапасы, жер сипаты, ауа-райы, жыл мезгілі және т.б. әсер етеді. Басты талаптарды негізге ала отырып МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЛК ПУНКТІ: жазда жарақаттанғандарды қабылдауға 30 минуттан кейін, ал қыста дислокациялық жерге келген сәттен – 45 минуттан кейін дайын болуы қажет; алғашқы дәрігерлік көмек жарақат алғаннан кейінгі 4-5 сағаттан соң көрсетілуі тиіс, осының барлығы ескерілуі қажет. Осы кезеңнің келесі табельдік жиынтықтары болады: СВВ, Б-1 (зарарсызданған таңу заттары), Б-2 (транспорттық шендеуіштер), Б-3 (зарарсызданбаған таңу заттары), Б-4 (күйгендерге арналған таңу заттары), В-1 (үлкен таңу бөлмесі), В-2 (қабылдау-іріктеу бөлмесі), В-4 (дәріхана), В-5 (дезинфекциялау заттары), АП-4 (автотаңу бөлмесі), ВБ (амбулаторлық таңу бөлмесі), РО-1 (жарақаттанғандар мен күйік алғандарға арналған дәрілер), ДП-9, ДП-11, КИ-4 (кислород-дем алу ап­паратурасы), ЗВ (бор машина мен жиналмалы креслосы бар біріктірілген тіс-дәрігер жиынтығы), НИВ-2, СМВ. Аталған мүліктер 500 жарақаттанған мен науқасқа алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Медициналық полк пунктінің 16 індетінің ішіне жарақаттанғандарды соғыс алаңынан өзіне арқалап және батальонның медициналық пунктіне тасымалдау, осы міндеттерді орындау үшін алты УАЗ-452 автокөлігі, үш ГАЗ - 66 автокөлігі, үш ЛУАЗ-967 транспортері қарастырылған; жарақаттанғандарды медицин­алық іріктеу мен тіркеу, олардың алғашқы медициналық кітапшасын толтыру мен УЗ ластанғанда жарақаттанғандардың және науқастарды жартылай санитарлық өңдеу; өмірлік көрсеткіштер бойынша алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жарақаттанғандарды келесі тасымалдауға даярлау және т.б кіреді. Жоғарыда айтылғандарға қарағанда жарақаттанғанның өмірін сақтап қалу үшін қан ағумен, шокпен және асфиксиямен күреседі.

Медициналық полк Пунктінің негізгі қызметтік бөлімшелері – қабылдау-іріктеу мен таңу бөлмелері. Қабылдау-іріктеу бөлмесінде жарақаттанғандарды таңғышын шешпей тіркейді және медициналық іріктеуден өткізеді, жара таңғыш таңғышын таңады, транспорттық иммобилизациясын түзетеді. Көрсетілімдер бойынша әртүрлі дәрілерді енгізеді, алғашқы медициналық кітапшаны рәсімдейді, тасымалдау кезегін көрсететін іріктеу маркасын береді, ыстық сусын беріп жылытады.

Таңғышы қанға қатты малынған, таңғыш астынан немесе аузынан қан кеткен, дем алуы бұзылған, дамып келе жатқан немесе дамыған шогы бар, т.с.сияқты өмірлік көрсеткіштер бойынша шұғыл дәрігерлік көмек қажет ететін жарақаттанғандарды таңу бөлмесінде таңғышын шешіп, қажетті көмек көрсетеді. Мұнда да әрбір алғашқы дәрігерлік көмек алған жарақаттанғанның алғашқы медициналық кітапшасын толтырады, онда нақтамасы (диагнозы) мен жарақат алған қару түрін, медициналық көмектің көлемін және сипатын көрсетеді, тасымалдау тәсілі мен кезегін көлік түрі, мен ондағы жарақаттанғанның дене қалпын (жату, отыру, еңкею) анықтайды. Өңдеуді таңғыш салу мен іріктеу маркасын берумен аяқтайды.

Таңу бөлмесінде ең бірінші асфиксияның пайда болу қаупін жояды. Ол үшін стоматоло­г ас­фиксияның түрін анықтауы қажет. Асфик­сияның дислокациялық, обтурациялық, стеноздық, калпақшалық және аспирациялық бес түрі бар. Егер төменгі жақсүйек жарақаттанғанда бір сәтте асфикцияның үш түрін де дейін пайда болса, жоғарғы жақсүйек жарақатында дислокациялық және стеноздық асфиксия мүлде дамымайды.

Төменгі жақсүйектің екіжақты жарақаттанғанда немесе иек атылған кезде дислокациялық асфиксияның дамуы жоғарыда айтылды. Медициналық полк пунктінде көрсетілетін көмек тілді көлденең жазықтықта лавсан жіппен тігіп, кеуде терісіне бекіту. Алайда дислокациялық асфиксия төменгі жақсүйектің бір бөлігі жарақаттанғанда және бір сәтте дене мен тіл түбірін көлденең жұлғанда дамуы мүмкін (2.27-суретті қараңыз). Мұндай жағдайда тілдің алдыңғы және артқы бұлшықет топтары ажырайды да, тіл түбірінің артқы тобы тілдің артқы бөлігін артқа жылжытады, бұл көмекей қақпашығының көмейге кіру тесігіне салынуымен ілесе жүреді. Тілді көлденең кесіп ұшынан тарту тіл түбірі мен денесінің артқы бөлігін алдына жылжытпайды, тек тіл денесінің жарақатын ұлғайтады. Жоғарыда тілдің артқы түбіне лавсан бунақжібімен тігіп, дем алу қалыптасқанша оны алдына тартып, кеуде терісіне бекіту сипатталған. Осы әдіспен асфиксияны жою әрекеттері сәтсіз болған кезде коникотомия (крико-коникотомия) немесе трахеотомия (4.3-сурет) көрсетілген.

Обтурациялық асфик­сия көмейді жартылай (жиі, толық) бөгде дене (қан ұйындысы, тіс немесе сүйек сынығы, тін жырындысы және т.б.) жапқанда, сонымен қатар жарақаттаушы снаряд бұзған көмей немесе кеңірдек тіндерінің жылжуынан пайда болады. Майлықпен ораған саусақпен ауыз бен ауыз-жұтқыншақтан барлығын шығарады. Жөтел мен құсу рефлекстерін басу мақсатымен көмей-жұтқыншақ пен көмейге аэрозольді анестетик шашып, иілген корнцанг пен дәке түйіршігінің көмегімен көмей-жұтқыншақ пен көмейдің қатпарлы кеңістігінен бөгде денелерді алып, санациялайды (тазартады). Санация әрекеттері сәтсіз болған кезде, ол жиі дауыс қатпарларынан төмен бөгде дене болуымен шарттас, коникотомия (крикоконикотомия) немесе трахеотомия (трахеосто-ма салу) жасау қажет.

Обтурациялық асфикси көмейді жартылай (жиі толық) бөгде дене (ан ұйындысы, тіс немесе сүйек сынығы, тін жырындысы және т.б.) жапқанда, сонымен қатар жарақаттаушы снаряд бұзған көмей немесе кеңірдек тіндерінің жылжуынан пайда болады. Майлықпен ораған саусақпен ауыз бен ауыз-жұтқыншақтан барлығын шығарады. Жұту мен құсу рефлекстерін басу мақсатымен көмей-жұтқыншақ пен көмейге аэрозольды анестетик шашып, иілген корнцанг пен дәке түйіршегінің көмегімен көмей-жұтқыншақ пен көмейдің іркісті кеңістігінен бөгде денелерді алып, санациялайды (тазартады). Санация әрекеттері сәтсіз болған кезде, ол жиі дауыс іркістерінен төмен бөгде денелердің болуына байланысты коникотомия (крикоконикотомия) немесе трахеотомия (трахеостома салу) жасау кажет.

Стеноздық асфик­сия күретамыр қабырғасы (теріні зақымдамай) жабық жыртылғанда және гематома түзілгенде, сонымен қатар көмейдің сілемейасты негізі ісінгенде, көмей мен жұтқыншаққа қысым түсіп, олардың саңылауы тарылғанда пайда болады. Кеңірдекті интубациялау немесе гематомадан төмен трахеостома салу тағайындалады.

Қақпақшалық асфиксия жұмсақ таңдайдың сілемейлі қабықтан, ұрттың, көмейдің бұзылған қабырғаларының, ауыз және көмей-жұтқыншақ қабырғасынан жылжымалы қиынды пайда болғанда туындайды, жылжымалы қиынды төменге жылжып, дыбыс саңылауына орналасады немесе іркісасты кеңістікте орын алады; дем алғанда ол көтеріліп, дем шығарғанда дыбыс саңылауына (сіңеді) немесе көмей тесігіне түсіп, өкпеге ауа кіруіне кедергі болады. «Қиындыны орнына тігу» кеңесін іске асыру жиі қолдан келмейді, өйткені «өзінің орны» жоқ, оқпен бұзылған.

Егер мұны орындау мүмкіндігі болмаса, коникотомия (крикоконикотомия) немесе трахеотомия жасау қажет. Егер дәрігер бұл операцияны меңгермесе, жарақат алғанның өмірін сақтаудың жалғыз әдісі, ол салбыраған қиындыны кесіп тастау. Алайда көптеген себептерге байланысты, әсіресе бұл қиынды жұмсақ таңдай болса өте қауіпті. Мәселен, мұндай жұмсақ таңдай сияқты, бұлшықет мүшесін пластикамен қалыптастыру әдісі әлі шешімін таппаған. Болашақта жарақат алушы түсініксіз сөйлейтін болып, тамақ қабылдауда көптеген қиындықтарға кездеседі. Кейде ауа құбырын қолдану көмектеседі.

Аспирациялық асфик­сия суға батқан сияқты, өкпеге сұйықтықтың (сілекейдің, қанның, құсу массаларының, судың және т.б.) кіруінен пайда болады. Егер жарақат алғандардың мойнында ашық қан ағып тұрған жарақаттан қан кеңірдекке (көмей, кеңірдек жарақатында) барса, алдымен жарақаттағы тамырды таңады. Содан соң, өкпеге қарапайым емдеу жүргізеді, мұндайда суға кеткендерді құтқару әдісін қолданады. Ол үшін жарақат алғандарды үстелге басы мен кеудесі төмен салбырайтындай етіп, ішімен жатқызады да, жауырын арасындағы кеудені бірнеше рет басады. Бұл әдіс сұйықтықты альвеола мен бронхтардан тез және жеткілікті жақсы шығаруға мүмкіндік береді.

Осы уақытқа дейін кейбір хирургтар көмейдің немесе кеңірдектің («жарақатты канюля») үңірейген жарақатына канюляны енгізу орынды деп санайды, бірақ бұл әдіс кейбір жағдайларда, жарақаттың шеттеріндегі шеміршекке қысым жасамаса ғана қолайлы. Қиын жағдайларда Ботли операциясын — интеркрикотиреотомияны — қалқанбез бен жүзік тәрізді шеміршек арасындағы жүзік тәрізді қалқанбез (конустық, lig. cricothyroideum) байламды көлденең кесіп жүргізуге болады. Мұны тіпті ыңғайсыз жағдайларда да қысқа уақытта жасауға болады.

4.3-сурет. Төменгі жақсүйек бұрыштарының аумағында оқ тиген екі жақты сынық, дислокациялық асфиксиямен асқынған, медициналық полк пунктінде трахеостома салуды қажет еткен.

Кейбір жағдайларда дем алудың үшкір жағдайларын жүзік тәрізді қалқанбез байламын бір немесе екі диаметрі үлкен (2—4 мм) инемен немесе арнайы троакармен тесіп уақытша жоюға болады.

Естен танумен ілесе жүретін, ауыр асфиксия кезінде, операцияны ешбір анестезиясыз жасауға болады: скальпельмен кеңірдектің барлық қабаттарын тесіп, кеңірдектің шеттерін ажыратып, каню­ляны салады. Кеңірдектің артқы қабырғасында шеміршекті сақиналар болмайтынын ұмытпаған абзал, өйткені скальпельмен өте терең ену өңештің зақымдануына әкелуі мүмкін. Мұндай зақымданулардың алдын алу мақсатымен скальпель алмасын дәкемен орап, 1 см жерін ғана бос қалдыру қажет. Дем алуы қалпына келгеннен кейін, вагустік асқынулардың алдын алу мақсатымен, жарақат айналасындағы сыртқы тіндер мен кеңірдектің сілемейлі қабықшасына анестезия енгізеді.

4.4 - сурет. Буренков конструкциясы бойынша тамырлы компрессор.

Трахеотомия кезінде апноз дамыса да, операцияны тоқтатуға мүлде болмайды! Өте тез кеңірдекті ашып каню­ляны салу қажет! Тек осыдан кейін ғана, барынша КИ-4 аппаратын қосып, жасанды дем алуға көшу керек. Жүрек қызметін қолдау үшін тек дем алуы қалпына келген соң жүрек пен дем алу аналептиктерін (кофеин, лобелин) енгізеді. Аталған препараттар мидың алмасу үрдістері мен кислородтың қажеттілігін жоғарылатады. Дем болмаған кезде, гипоксия фонындағы мидың метаболизм стимуляциясы, ми жасушаларының өлуіне, осы препараттарды енгізбегенге қарағанда, тез әкеледі. Жүрек тоқтаған кезде жүрек ішіне адреналин, кальций хлорид ерітіндісін енгізеді де, жабық массаж жасайды.

Трахеотомияның ең жиі асқынулары теріасты эмфизема мен аспирациялық пневмония. Жиі жағдайда эмфизема канюля айналасындағы жарақат терісін тығыз тігіп, ауа шығарғанда ауаның бір бөлігі теріастындағы майлы тінге ұмтылғаннан ғана пайда болады. Эмфиземаны тері жамылғыларының ісуінен, мойын пішінінің өзгеруі мен мойынды пальпациялағанда саусақтар астында крепитацияға тән ауадан (сықырлауынан) білуге болады. Мұндай жағдайда түтікшеге іргелес тігістерді жартылай шешіп, таңғышты босату қажет.

Кейде эмфизема бетке, кеудеге, ішке жайылады. Ауаның көкірекортасына жайылуы ең қауіпті - ол жүректің қысылуына әкеп соқтыруына мүмкін.

Сыртқы жарақаттан қан аққан кезде, оның шеттерін ілгішпен ажыратып, кептіреді, бетінде жатқан бөгде денелер мен сынықтардан тазартады, ал жартылай кіріп жатқан бөгде денелер мен сынықтарға тиіспей, қан ағып тұрған тамырды тауып, қантоқтатқыш қысқыны салып, лигатурамен байлайды. Егер уақыт жетпесе, қысқыны салғаннан кейін, жарақатты зарарсызданған салфеткамен жауып, дәкелі таңғыш салып, жарақатталғандарды жедел эвакуациялау қажет. М.Б. Швырков пен Г.И. Буренков орталық күретамыр бассейінінен уақытша қан ағуды тоқтату үшін арнайы тамырлы компрессор жасады (4.4-сурет).

Оның Аржанцев қысқышынан айырмашылығы (4.5-сурет), ол зақымданған орталық күретамыр бағанасы мен бірге оның тармақтарынан да қан тоқтатуға мүмкіндік береді. Компрессорды оперативті араласу кезінде қан ағу мүмкіндігі болғанда, операция бөлмесінде де қолдануға болады.

4.5 – сурет. Күретамыр жүйесінің тамырларынан қан ағуды уақытша тоқтатуға арналған Аржанцев құрылғысы. а — жалпы көрінісі: 1 — планка, 2 — ұрт, 3 — лента (таспа), 4 — кронштейн, 5— винт (бұранда), 6 — конус, 7 —белағаш 8 — фланец, 9 — тірек, 10 — рамка, 11 — винт (бұранда), 12 —планка қуысы: б — жарақатталғандардың мойнына салынған қысқы.

Мойынның магистральді тамырларындағы қанайналымның қалпына келуі тек жарақаттан кейінгі жақын мерзімдерге негізделуіне назар аудару қажет. Кейінірек ми тамырларының қанайналымын қалпына келтуру, жалпы немесе ішкі ұйқы артериясын бунақ жіппен байлағанға қарағанда, қиынға түседі. Жарақатталғандардың оннан бір бөлігі, инсульттың даму салдарынан күретамырда, қанайналымын қалпына келтіру кезінде көз жұматыны белгілі. [Шефер В.Ф., 1969; Юденич В.В., 1979].

Егер қатты қан ағу мен жарақаттың қанға тез толу нәтижесінде жарақаттағы қан ағып тұрған тамыр анықталмаса, саусақтармен жалпы ұйқы артериясын басып, жарақатты қайтадан кептіріп, енді зақымданған тамырдан қайтадан қан ағуы азаюы үшін, ұйқы артериясына қысымды азайтады.Қан ағып тұрған тамырды қысқымен алып, байлайды немесе лавсан лига­турамен тамырды қоршаған тіндерді Z-тәрізді тігіспен тігіп, лигатураның ұштарын қатты байлайды.

Профузді қан ағу кезінде (жарақат қабырғаларынан көптеген ұсақ тамырлар қанталап тұрғанда) жарақатты тығыз тығындайды, мұнда тығындардың қысымы тамырдағы қан қысымына тең немесе біршама басым болуы тиіс, тек осылай ғана тамырлардан қан шығуды тоқтатуға болады. Дұрыс салынған тығыз тығындаудан кейін тампон әдетте қан сіңдіреді, бірақ одан қан ағу болмайды.

Ауыз қуыс жарақатынан қатты қан ағып, оны тоқтату сәтсіздікпен аяқталса, трахеостома (немесе трахеотомия жасайды) салып, ауыз қуысы мен ауыз-жұқыншақты тығыз тығындайды. Ол үшін мұрын жолдарын қаннан тазалап, тілді лавсан лигатурамен тігіп, оны ауыз қуысынан тартып шығарады да, ауыз қуысындағы жарақатты уақытша тығындап, жалпы ұйқы артериясын саусақтармен Cvi омыртқасына қысады. Жарақат алғандарға жартылай отырған немесе жатқан күйде трахео-стома салып, тампондарды шығарады да, қайтадан ұзын тампондармен,жарақат бар жерді, ауыз-жұқыншақ немесе ауыз қуысын тығыз тығындайды. Осыдан кейін, бинт қысымын барынша ауыз түбі тіндеріне түсіре, Гиппократ бойынша жеке таңу пакеті төбе-иектік тығыз таңу салады. Осындай таңу салынғаннан кейін, қанталап тұрған тамырлар сыртқы бинтпен тампонға қысылады да, ол қатты таңдайға қысылады. Сөйтіп, қанталап тұрған тамырлар бинт турлары мен қатты таңдай арасында қысылып қалады. Ауыз қуысындағы жарақатқа, төбе-иектік таңба салмай, тек жалғыз тампонада тиімсіз болады, өйткені төменгі жақсүйек астына жылжып, жарақаттағы тампон қанмен, ауыз түбі бұлшықетерімен және тілмен итеріліп шығарылады да, тамырларға адекватты қысым түсірмейді.

Шоктың алдын алып, болдырмау мақсатымен бұлшықетке (ыңғайы келсе тіл түбіне) немесе вена ішіне наркотикалық анальгетиктер (морфин, пантопон ерітінділерін және т.б. 1—2 мл) енгізеді. Ауырсынуды тез басу, артериялық қысымды көтеру мен жүрек жиырылуын жиілету үшін кетамин (кеталар): вена ішіне 2 мг/кг дейін немесе бұлшықетке5 мг/кг дейін — айқындалған аналгезиялы (8 сағатқа дейін) және гипертензиялы тиімді қысқа әсерлі анестетик енгізеді. Қансырауды толтыру, артериялық қысымды көтеру мен микроциркуляцияны қалыптандыру мақсатымен вена ішіне қаналмастырғыларды (полиглюкин, реополиглюкин), 5% глюкоза ерітіндісін, 0,9 % натрий хлорид ерітіндісін сорғалатып, содан соң тамшылатып енгізеді. Тамызғы арқылы (немесе бұлшықетке) орталық жүйке жүйесін ынталандырып, дем алу мен тамыр-қозғалыс орталықтарын қоздыратын (әсіресе тамыр-қозғалыс орталығының белсенділігі төмен болса) 2—3 мл кордиамин, 100 мл 40 % глю­коза ерітіндісі мен инсулиннің 1 БІРЛІГІ глюкозаның әрбір 4 г есебімен, глюкоза ерітіндісімен бірге баяу строфантин немесе кислородты пайдаға асырып, жүрек бұлшықеттеріне глюкозаның сіңуіне әрекеттесіп, жүрек қызметін ынталандыратын тура әсер беруші препараттар, сонымен бірге тамызғыға глюкокортикостероидтерді (преднизолон 50—200 мг және т.б.) адреналин жүйесінің гипоталамо-гипофизарлы функциясын қалыптандару үшін, мұнда, эндогенді адренали­ндітүзіп, артериалды қысымды жоғарлату үшін енгізеді. Геморрагиялық шок пен төменгі гематокрит кезінде біртопты немесе үйлесімді қан құю көрсетілген. КИ-4 жиынтығын жарақат алғандарға кислородты жұтқызу үшін қолданады.

Омыртқа бағанасының мойын бөлігі жараланғанда, Б-2 жиынтығынан шендеуіш қолданып, мойынға транс­порттық иммобилизация мен несептік қуыққа пункция жүргізеді. Жұлынның қысылу белгілері ламинэктомияға көрсеткіш болып табылады. Беттің күйген беткейін зақымдану мен инфекцияланудан қорғау мақсатымен, Б-4 жиынтығын қолданып, кескінді таңба салады.

УЗ (улы зат) зардапталудың клиникалық көрінісінде санитарлық өңдеу алдында антидоттарды енгізеді, ал санитарлық өңдеуден кейін дененің ашық жерлерін жеке таңба пакетінің құрамын жағады.

Б-2 жиынтығын қолданғанда, сынған төменгі жақсүйектің транспорттық иммобилиза­циясын стандартты өлшемсіз телпек пен қатты шендеуіш-сақпанша көмегімен орындайды, егер бұл батальон медициналық пунктінде орындалмаса (5.2-суретті қара). Төменгі жақсүйекті текшендеуіш-сақпанша сүйейді. Сынған жоғарғы жақсүйекте солай бекітіледі, тек қысыммен, егер жеткілікті тістер болса.

Бұрын егілмеген барлық жарақатnалғандарға сіреспеге қарсы 3000 АЕ сары су енгізеді. Жарақат алғандарға су мен ыстық шай беріп, жылындырып, эвакуацияға даярлау қажет. Жұтқыншақ пен өңеш жарақаттанған болса, алдымен асқазан зондын енгізеді, ол арқылы — шай немесе су жібереді.

Алғашқы медициналық кітапшаға жүргізілген іс-шаралар жазылады. Онда жарақатталғандардың кезегі мен эвакуациялау тәсілдері көрсетіледі. Кітапша жарақатталғандармен бірге медэвакуацияның барлық кезеңдерінен өтеді. Ең алдымен медициналық полк пунктінде санитарлық транспортпен (автомашина, тікұшақ) беті, ЛОР-мүшелері мен мойны жараланғандар, өмірлік көрсеткішері бойынша білікті хирургиялық көмек қажет ететіндер эвакуацияланады. Олардың алғашқы медициналық кітапшасында қызыл жол қалдырады. Бұл жарақат алғандар дивизияның жеке медициналық отрядына (ОМедО) немесе жеңіл жаралылар әскери дала госпиталіне тасымалдануы мүмкін. Жеңіл жарақат алғандар дивизияның жеке медициналық батальоніне немесе жеңіл жаралылар әскери дала госпиталіне жөнелтіледі.