Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
китап Перизат.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

4.4. Квалификациялы(білікті) хирургиялық көмек.

Білікті хирургиялық көмекті майдан алдыңғы шегінен 15—20 км қашықтықта орналасқан, дивизияның жеке медициналық батальонында немесе ОМедО көрсетеді. Медэвакуацияның бұл кезеңдерінде жұмысты хирургтар, анестезиолог, терапевттер мен стоматолог атқарады. Бұл медициналық мекемелерде көлік транс­порты болғандықтан, жарақат алғандарды медициналық полк пунктіне өздері тасымалдайды. Жеке медициналық батальоны келесі медициналық жабдықтармен жабдықталады: Б-1, Б-2, Б-3, Б-4, ГБ (гипстік бинттер) кешендері, Г-1 (5 тәуліктік жұмысқа 500 жарақаттанғанға арналған дәрілер), Г-2 (Г-1 ортақ қолдануға арналған терапиялық дәрілер), Г-3 (5 тәулік жұмысқа 500 жарақаттанғанға арналған неврологиялық дәрілер), Г-4 (5 тәулік жұмысқа 500 жарақаттанғанға арналған хирургиялық дәрілер), Г-7 (бір хирургиялық бригадаға арналған кішкене операциялық бөлме), Г-8 (100 операцияға арналған екі хирургиялық бригадаға арналған үлкен операциялық бөлме), Г-9 (опера­циялық материалдар мен дәрілер), Г-10 (операциялық жиһаздар: үстелдер, орындықтар, легендер және т.б.), Г-12 (палаталық), Г-13 (50 адамға күтім заттары), Ш-1, РО, ЗВ, Аж (анесте­зиологиялық жиынтық), В-1, В-2, СВВ, АП-4, РО-1, Б-6 (жалпы хирургиялық аспаптар), ДП-11, Лада, КИ-4, КИС-7, Фаза-5 (кислородты– дем алу аппараты). Жұмысты операциялық-таңу мен шокқа қарсы бөлімшелерде жүргізеді.

Беті, ЛОР-ағзалары мен мойны жарақаттанғандардың барлығын мұнда таңғышын шешіп қарайды, ол екі себебке байланысты. Біріншісі,жарақат алғанның жағдайы оқжарақатының үдемелі асқынуынан(ұзақ қан ағудан, үдемелі стеноздан, дамыған шоктан)тасымалдау кезінде немесе өзбетімен келгенде нашарлауы мүмкін. Бұл жарақатты өмірлік көрсеткішері бойынша өте мұқият тексеруді және шұғыл шаралар жүргізуді талап етеді. Екінші себебі — ол тасымалдау әдісін анықтау үшін эвакуациялық-транспорттық іріктеу мен жарақаттанғанды әрі қарай емдеу үшін орын таңдауды дұрыс жүргізе алмауда.Стоматолог жарақаттанғанды сұрастырып қараған кезде, ауыз қуысы мен жарақатты тазартып, тіндердің бұзылу мөлшерін бағалап, диагнозын анықтайды, Жеке медициналық батальонында операция жасау немесе жарақаттына келесі кезеңге эва¬куациялау қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы мәселені шешеді. Стоматолог өмірлік көрсеткішері бойынша шұғыл квалификациялы хирургиялық көмек қажет жарақат алғандар тобын бөледі.Осы жарақат алғандарды операциялық-таңу немесе шокқа қарсы бөлімшелерге жолдайды.

Қалған жарақаттанғандарды екі топқа бөледі. Жеңіл жарақаттанғандар тобын екі топқа бөледі. «А» кіші тобына дивизияның жеке медициналық батальонында емдеуге болатын жарақат алғандарды жатқызады. Оған беттің жұмсақ тіні, ЛОР-ағзалары мен мойны ақаусыз, ауыз, мұрын мен мұрын маңайындағы қуыстарға енбейтін; соғылғандар; I дәрежелі күйігі бар, мұнда, емдеу қажеттілігі 10 тәуліктен аспайтын, дара, оқшаланған оқжарақаты барлар кіреді. Осы жарақат алғандардың жартысы тек бақылау мен консервативті емді талап етеді. Екінші жартысы хирургиялық араласуды талап етеді. Сто­матолог бұл топшаның жарақат алғандарына тістерін пульпасыздандырады, сынған тістеріне бітеме салады,сынған тістердің түбірлерін жұлады.

Жарақаттанғандарды алғашқы хирургиялық өңдеуге даярлау алдында, ауыздың кіреберсі және ауыз қуысын сутегі тотығы мен калий перманганатының ерітінділерімен өңдейді, бетіне қатқан қаннан тазарту үшін сутегі тотығы ерітіндісімен жуып, йод-бензинмен өңдейді. Кейбір авторлардың бет терісін сутегі тотығығымен,ас сода ерітінділерімен, спиртпен өңдеу ұсыныстары онша сәтті емес, өйткені бұл препараттар кір мен оқ-дәрі күйігімен араласқан тері майын кетіре жумайды. Жоғары октанды бензин тері майын жақсы ерітеді, ал йод теріні зарарсыздандырады. Осыдан кейін бетті қырып, спиртпен өңдейді, жарақаттанғанды операция бөлмесіне жолдайды. Алғашқы хирургиялық өңдеуден кейін мойны мен бетінің жұмсақ тіндерінде кішігірім тесіп өтпеген жарақаттары бар жарақаттанғандарды госпитальдік бөлімшеге ауыстырылып, 10 тәулік ішінде сауығушылар командасында (СК) емін аяқтап, тігістерін алғаннан кейін өздерінің бөлімдеріне оралады.

«Б» кіші тобына Жеңіл Жаралылар Әскери Дала Госпиталі эвакуацияланатын жарақаттанғандар кіреді. Бұл топшаға беттің жұмсақ тіні, ЛОР-мүшелері мен мойнында оңай емделетін ақауы бар, ауыз бен мұрын қуыстарына енетін,кішігірім қиындылар түзілген, тістері мен альвеола өсіндісі сынған, төменгі жақсүйегі ақаусыз сынған, жоғарғы жақсүйегі травматикалық сынған, жұтқыншағы мен көмей қаңқасы аса қатты бұзылмаған жараланғандар, жоғарғы жақсүйек денесінде (мұрын маңайындағы қуыстарда) тесіп өткен және тұйық жарақаттарыбар және т.б.жеңіл жарақаттанғандар жатады. жеңіл жарақаттанғандарға әскери далалық госпиталінде емдеу ұзақтығы 30 тәуліктен аспауы тиіс.

Екінші топқа жағдайы орташа ауыр және ауыр жарақат алғандар(оқжарақатынан сынған жақсүйектердің жайылмалы бұзылыстары мен сүйек пен жұмсақ тіндердіңақаулары бар, мұрны, ерні, құлақ қалқаны атылған, көмейі бұзылған, өңеші жарақаттанған, кеңірдегінде ақауы бар және т.б.), ұзақ емдеуді қажет ететін және күрделі пластикалық және пластикалық операцияларды талап ететіндер кіреді. Оларды нейро¬хирургиялық, бет-жақсүйек, оториноларингологиялық және офтальмология бөлімшелері бар арнайы жеңіл жаралылар әскери дала госпиталіне эвакуациялайды. Бетінде, ЛОР-ағзалары мен мойнында және денесінің басқа аумақтарында (кеудесі, іші, қол-аяқ ұштары) тіркескен жарақаттары бар жарақат алғандарды МПГ немесе жалпы хирургиялық госпитальге жолдайды.

Жеке медициналық батальонында шок, асфиксия мен қан ағуға қарсы күресті жалғастырады.Өйткені осы кезеңнен өткен соң, жарақат алғандар ұзақ тасымалданады, бірнеше рет бір көліктен екінші көлікке тиелу мүмкіндігі де болады, сондықтан, олардың қан ағуын мүлде тоқтатып, асфиксияның пайда болу қаупін түгел жойып, оларды шоктан толығымен шығару қажет. Сондықтан, жарақатты Жеке медициналық батальон жиі емделуде 10 тәулікке дейін жатуына болады. Шок күйіндегі жарақат алғандарды шокқа қарсы бөлімшеге, ал қалғандарын таңу бөлмесінде тексеріп, шара қолдану көлеміне байланысты операция бөлмесіне жолдайды.

Қан ағуда таңба салады немесе жарақаттағы тамырды тігеді, шет жағдайда магистральді тамырды бойлай таңба салынады, жиі бұл сыртқы ұйқы артериясы болады. Осыдан кейін жарақатты 2—3 тәулік бойы Жеке медициналық батальон бақылау үшін қалуы қажет. Бұл, кейде, бір жақтағы ұйқы артериясын таңғаннан кейін, екінші жақтағы анастомоздар ашылып, белсенді әрекет жасағаннан қан ағу қайтадан басталу мүмкіндігіне байланысты. Жарақат там­понадасын, қан ағуды тоқтатудың ең сенімсіз әдісін, жасамайды.

Осы кезеңде асфиксиямен күресті тоқтатады. Медэвакуа-цияның алдыңғы кезеңдерінде асфиксиямен күрестің сенімсіз әдістерін (жарақаттыға мәжбүр күй беру, тілді түйреуішпен бекіту және т.б.)қолданған, енді сенімді тәсілдерді қолданады (тілді лигатурамен мойын немесе кеуде терісіне бекітеді)немесе классикалық тра­хеотомияны орындайды.

Аспирациялық асфиксия кезінде бронх тармағына аспапты санация жасау қажет, оны анестезиолог орындайды. Жөтел мен құсу рефлекстерін басу және дауыс саңылауының рефлекторлық тарылуының алдын алу мақсатымен дауыс қатпарларына жанасу кезінде көмей, кеңірдек пен бронхысына аэрозольді анестетик шашады, ол үшін жарақатты бірнеше рет терең дем алдыруға ықпал ету қажет.

Дауыс саңылауы арқылы көмей, кеңірдек пен бронхысына жіңішке резеңке түтікше (катетер) енгізіп, сорғы көмегімен сұйықтықты алады. Осы мақсатпен эндоскопты да қолдануға болады.

Стеноздық ас­фиксия кезінде полктік медициналық пунктте тек трахеотомия жасау мүмкіндігі болып, гематома мен асфик­сияның дамуын тоқтата алмаған. Жеке медициналық батальонында зақымданған ірі магистральді тамырдан тінге қан ағуды (жиі, жалпы немесе сыртқы ұйқы артериясынан) бір сәтте тоқтатып, стеноздық асфиксияны жоюмүмкіндігі бар. Операция алдында: а) жалпы және сыртқы ұйқы артериясының пульса­циясын ұстап тексереді б) фонендоскоп көмегімен тамырларды тыңдайды. Тамыр толық үзілсе пульсация болмайды,ал жартылай жыртылса, пульсация төмендеу болады да: жартылай үзілген (жыртылған) тамырдың үстінде фонендоскоп арқылы аққан қанның дыбысы мен жүрек жиырылуымен сәйкес келетін, қатты ызылдаған дыбыс естіледі.

Анестезиямен жұмсақ тіндерді қабат-қабатымен төс-бұғана-емізікшелік бұлшықеттерін бойлай тіліп, гематомадан төмен жалпы ұйқы артериясын жалаңаштайды да, мұнда гематома қуысын ашпауға тырысады, әйтпесе қаттықан ағу сыртта пайда болуы мүмкін, тамыр астына жуан провизорлы лавсан лигатураны әкеліп, ассистент оны тамырдың жоғарғы бөлігіне қан ағуды тоқтатып, жоғары көтереді. Гематома қуысын ашып, құйылған қанды алады, жалпы, сыртқы немесе ішкі ұйқы артерияларының жырылған жерін тауып: егер толық жырылмаса, тек тамыр қабырғасы ұзынша немесе көлденең жырылса, оны үзілмейтін тігіспен тігеді, егер тамырдың толық жырылғаны анықталса, оның ұштарын тігеді немесе екі ұшын да таңып, жарақатты тігеді.

Кеңірдек қабырғасы ауқымды зақымданған жағдайларда шеміршектің бұзылған жерлері мен некротиялық өзгерген жарғақты бөлігін алып тастағаннан кейін, кеңірдекті мобилизациялап, тері жарақатының шеттеріне тігіп қояды. Трахео¬томианың мұндай «канюльсіз» әдісі стома арқылы, тіпті канюля түсіп қалса да,дем алуға ке пілдік береді, сонымен қатар жарақат күйі мен тра-хеобронхиальді бұтақтың жақсы бақылауды қамтамасыздандырады.

Көмейішілік қан ағуда, теріасты эмфиземадакөмей мен кеңірдектің жабық зақымдануын, мүшелер қабырғалары мен тамырлады мұқият тексеріп, ашыққа шығару орынды.

Жеке медициналық батальон жақсүйегі жараланғандардыастаудың көмегімен,ал мойын мүшелері жараланғандарды назогастральді сүңгі көмегіменшөлін қандырып, тамақтандырады. Одан кейін ауыз қуысын міндетті түрде антисепти­калықерітіндімен (хлоргексидинмен) өңдейді.

Жоғарғы немесе төменгі жақсүйегі және омыртқаның мойын бөлігі сынғандарды транспорттық иммобилиза­циялау үшін полктік медициналық пунктте Б-2 сияқты жиынтығынан ыңғайлы құралдарды қолданады. Жұлынның мыжылған белгілері басталғанда немесе даму кезінде декомпрессия мақсатымен ламинэктомия жасайды.

Алғашқы медициналық кітапшада жарақаттанғанның диагнозы нақталып, көрсетілген көмегі мен тамақтануы тіркеледі.Осында эвакуациялау кезегі мен транспорт түрі, жарақаттанғанның транспорттау кезегі, оның күйі мен баратын жері белгіленеді. Қорытындылай келе, медициналық эвакуацияның барлық кезеңдерінде өте қолайсыз жағдайларда, тұрақсыз медико-тактикалық күйде тіпті өмірлік көрсеткіштер бойынша да медициналық көмектің минималды көлемі көрсетілетінін айта кеткен жөн.