Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
китап Перизат.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

4.1. Алғашқы медициналық көмек.

Алғашқы медициналық көмекті соғыс алаңында роталық аумақ шегінде әскери қызметкерлер сонымен қатар атқыш-санитар немесе санитарлық инструктор өзіне, өзара көмек түрінде көрсетеді. Әрбір әскери қызметкерде жеке медициналық қорғану құралдары: жеке таңу пакеті, химияға қарсы жеке пакет, жеке аптечка болады. Атқыш-санитарда Жарты Ай мен Қызыл Крест жең белгісі, 30 жарақаттанған мен зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған санитарлық зембіл болады. Санинструктордың әскери жабдықтан басқа, білегінде Жарты Ай мен Қызыл Крест белгісі, санитарлық зембіл бауы болады. Ол 30 жарақаттанғанға, УЗ күйгендер мен зақымданғандарға, радиация енгендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған. Оның ішінде жеке таңу пакеті, орамалдар, тюбик-шприцтер, ампулалар, шишалар, қаптамадағы таблеткалар, бұраулар, ауақұбыр, пневматикалық шендеуіштер, термометр бар. Бірқатар жағдайларда санинструктор мен атқыш-санитарларды арнайы белгілермен, түнде көру аспаптарымен, жарақаттанғандардың «ұясын» анықтауға арналған радиомаяктармен, химиялық жылытқылармен және т.б. қамсыз етіледі.

Ротаның санинструкторы соғыста атқыш-санитарлар мен тасушы-санитарларды жарақаттанғандарды іздеуге, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетуге, соғыс алаңынан шығарып, қауіпсіз жерге жинауға бағыттайды. Медициналық құрам соғыс кезінде тасаланып, өз ротасының қозғалысын мұқият бақылап отырады. Жарақаттанғандар пайда болған кезде санитарлар оларға барып, алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін, оларды таса жерге — «ұяларға» радиомаяктармен жинайды. Санитарлық көліктегі радиопеленгатор жүргізуші-санитарға «ұяларды» іздеп тауып, ПСТ-ға тасымалдауға мүмкіндік береді, ол жерде оларды батальон көліктеріне орналастырады.

Қорғану соғысында, санинструктор жарақаттанғандарды соғыс алаңынан шығаруды бақылап, жарақаттанғандарға таса жер, шығу жолдары мен батальон медициналық пунктіне тасымалдауға жіберетін, қабылдау сорттау орнына алып шығу жолдарын даярлайды. Жарақаттанғандардың тағдыры алғашқы көмек сапасына, «ұяларда» (таса жерде, шұңқырда, жертөле және т.б.) жарақаттанғандарды іздестеру, жинауды ұйымдастыруға, оларды тасымалдауға байланысты болады. Міне тура осы рота санинструкторы атқарады, оның жұмыс сапасы соғыс алаңындағы жұмысты жарақаттанғандардың тірі қалуынан көрінеді. Бұл жарақаттанғанның абыржуына, деморализациясына, физикалық және психикалық травмасына, өзінің жаңа күйіне үйренбеуіне, жарақаттанғанның өміріне қауіп тудыратын белгілердің болуына қарамастан, санинструктор өзінің шектеулі мүмкіндігімен (біліміне, жабдықталуына), жарақаттанғанның өмірін қалайда сақтап қалуы керек.

Соғыс алаңы мен медициналық эвакуацияның келесі екі кезеңінде беттің, ЛОР-ағзалары мен мойын оқжарақаттарының жарақаттанғанның өліміне қауіп төндіретін үш асқынуларымен күресуге тура келеді, олар: асфиксия, қан кету мен шок,

Соғыс алаңында асфиксияның белгілі бес түрінің тек дислокациялық және обтурациялық асфиксия кезінде көмек көрсетуге болатынын және аспирациялық және қақпақшалық асфиксиялардың алдын алуға болатынын еске сала кету керек. Бұл ақпарат соғыс алаңына қатысушы әскери қызметкерлерге, атқыш-санитарға, санинструкторға қарағанда, дәрігерлер үшін беріледі.

Бірақ олардың әрқайсысы сырылдап қиналып дем алуы, тері жамылғысының бозғылт көкшіл немесе сұр түсті болуы, еріндердің көгеруі, бақырайған көздерде қорқыныштың болуы, мазасыздану, дене позициясын өзгертуге тырысу мен көбірек дем алу үшін ауызды кең ашуы жарақаттанғанның тыныс алу жолдарының тарылуына (стенозға), тұншығуы (асфиксия) мен өліміне алып келуі мүмкін болтын қауіпті белгілерді білуі міндетті.

Осы белгілер пайда болғанда, саусақты дәкемен орап, ауыз қуысы мен ауыз-жұтқыншақтан барлық бөгде денелерді алып тастау қажет. Бұл денелер тістердің, жарақаттаушы снарядтың, жанындағы бұйымдардың сүйектердің сынықтары, ұйыған қан, кейде киім мен аяқкиімнің қиындылары болуы мүмкін. Обтурациялық, сонымен қатар аспирациялық және қақпақшалық асфиксиялардың қайталануын алдын алу мақсатымен жарақаттанғанда жарақат алған жағымен жатқызу қажет. Егер тесіп өткен жарақат болса, үлкен жарақат жағына жатқызу керек. Жарақаттанғанды осылай жатқызу тілдің кептелуінен, сілекей мен қанның кеңірдекке кетпей, ауыз бен ауыз-жұтқыншақта жиналуынан сақтайды (өйткені жарақат арқылы ағып кетеді), аспирациялық, обтурациялық, дислокациялық және жартылай қақпақшалық асфиксиялардың пайда болу мүмкіндігін азайтады. Кейбір жағдайда жарақаттанғанды арқасына жатқызуға болады, бірақ басын үлкен жарақаты бар жаққа қарату қажет. Егер ауыр дем алуы жалғаса берсе (стеноз бар), тілін аузынан шығару қажет. Тілді аузынан барлық бөгде денелерді алып тастағаннан кейін шығаруға болады. Әйтпесе тілді шығарған кезде ауыздағы барлық заттар көмейге сырғып кетуі мүмкін. Қалыпты дем алуды қалпына келтіру дислокациялық асфиксияның барын растайды. Осы асфиксиядан жарақаттанғанды аман алып қалу мақсатымен, оны уақытша ішімен төмен қаратып, бет пен жер (еден, қар және т.б.) арасында кеңістік қалдыру үшін маңдайының астына қандай да бір (қолды, оралған шинельді және т.б.) затты салып жатқызуға болады. Жарақаттанғанды арқасына жатқызып тасымалдау ыңғайлы, сондықтан тіл кептелмеу үшін, оны жақсылап бекіту қажет. Жеке таңу пакетінен алынған ағылшын түйреуішпен тілді көлденең жазықтықта, тілдік ұшынан артына 1,5—2,0 см шегініп, теседі. Ұзындығы 1 м жуық бинттің жартысын түйреуіштің саңылауына кіргізіп, ұштарын байлайды. Тілді міндетті түрде дем алу қалпына келгенше ауыздан тартады. Бинттің ұштарын иектен төмен аралықта, көмейдің алдына байлайды. Бинттің қалған ұштарын мойын арқылы екі жаққа бөліп, мойынның жоғарғы бөлігіне, төменгі жақсүйек шетінің астына байлайды. Төменгі жақсүйек бинттің жоғары жылжуына, яғни тілдің кептелуіне бөгет болады.

Кейбір авторлар тілді тіс қатарының деңгейіне дейін созуды немесе ауыз қуысынан шығармауды айтады. Асфиксияны болдырмаудың себебі, тіс қатарының деңгейі емес, дем алуды қалпына келтіру екенін ұмытады. Осы авторлардың тілді ауыз қуысынан сыртқа тартқан кезде «...жарақаттанғанды тасымалдау уақытында тілді тістеп алу қаупі бар» деген пікірі негізсіз.

Тілді бекітудің осы түрін қолданғанда дислокациялық асфиксия тек екі жағдайда пайда болады: төменгі жақсүйек денесі мен бұрыштарының екіжақты оқжарақатында және төменгі жақсүйек денесінің иек бөлігі атылған кезде.

Бірінші жағдайда төменгі жақсүйектің ортаңғы бөлшегі (жақсүйек денесі) өзінің массасы мен ауыз қуысы түбі бұлшықеттерінің жиырылуынан төменге түсіп, жоғарыға көтеріле алмай, тістермен бірге артқа жылжиды, өйткені шайнау бұлшықеттерімен байланыс жоқ. Мұндай жағдайда тілді тіс доғасы деңгейіне дейін көтеру тыныс алуды ешқашан қалыпқа келтірмейді, өйткені тістер жақсүйек бөлігімен (тіл бұлшықеттерімен) артқа жылжыған. Екінші жағдайда жақсүйектің иек бөлігі мен тістердің болмауы тілді тістеуге мүлде мүмкіндік бермейді. Алайда, тілді мөлшерден тыс шығару қиналып жұтуын салдарынан сілекейдің кеңірдекке кетуіне ықпал етеді. Сондықтан тілді шығарғаннан кейін жұтыну қозғалыстарының тиімділігін тексеру қажет және қажет болған жағдайда жарақаттанғанды ауыз қуысы мүшелерінің аспирациясының алдын алу үшін қолайлы позицияда жатқызу керек.

Жоғарыда баяндалған іс-әрекеттер есінен таңған немесе шок жағдайындағы жарақаттанғандарға қажет. Қалған жағдайлда жарақаттанған адам қалыпты тыныс алуды қамтамасыз ететін өзіне ыңғайлы қалыпты таңдайды. Бетін алдына еңкейтіп отыру позициясы.

Егер дем алуы тоқтаса, ауақұбырын қолданып, қолдан дем алдыру қажет. Егер ол болмаса, «ауыздан ауызға» әдісін қолдану қажет. Ол үшін жарақаттанғанның жауырын астына аласа зат қойып, басын артқа қарай шайқалтады, төменгі жақсүйегін алға тартып, жарақаттанғанның мұрнын жабады да, терең дем алып, ауаны жарақаттанғанның аузына үрлейді. Еріндері бұзылса, «ауыздан мұрынға» дем алдырады. Ол үшін жарақаттанғанның аузы мен жарақатын жабады да, мұрнын ауызға алып мұрнына үрлеу арқылы арқылы жарақаттанғанның өкпесіне ауа жібереді. Кез-келген әдіспен қолдан дем алдырғанда, кеуде дем алу қозғалысын қадағалау қажет. Бұл қозғалыстардың болмауы мен іш кебуінің пайда болуы ауаның өкпеге емес, асқазанға барғанын білдіреді. Асқазанға ауаның баруын тоқтату үшін, қарын үстін басу қажет.

Егер жүрек тоқтаса, қолдан дем алдырумен қатар, жүрекке жанама массаж жасау қажет. Ол үшін қолды бірінің үстіне бірін қойған күйде, кеуденің төменгі бөлігіне қойып, қатты соққылау керек. Жүрек массажының тиімділігін мойындағы ортақ күретамырының пульсациясы бойынша тексереді. Егер ол байқалмаса, соқпалауды көбейту қажет. Әрбір дем алуға 15-30 жүрек жиырылуын жасау қажет.

Жарақаттан қан кеткен кезде, жеке таңу пакетін ашып, асептикалық таңғыш таңады. Тәжірибеде көрсеткендей, Гиппоркрат бойынша таңылған таңғыш ең мықтысы: бинттің бірінші турын маңдай-шүйде жазықтығына салып, мойынның артқы беткейімен төменгі жақсүйекасты аумағы мен бетіне ауысып, келесі таңғыштарды - төбе-иек жазықтығына бекітіп аяқтайды.

Төменгі жақсүйек сынығына қыспа таңғыш салу мүлде болмайтынын есте сақтау қажет, өйткені ол жақсүйек бөлшектерінің жылжыту және асфиксияны туындатуы мүмкін.

Жоғарғы жақсүйек сынығына қыспа таңғыш салу қажет, ол тек қанның тоқтауына ғана емес, сонымен қатар жақсүйек бөлшектерінің мықты ұстап тұруға ықпал етеді. Кез келген жағдайда таңғыш таңғаннан кейін, жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігін тексеру қажет.

Кейбір авторлар күшті қан кетуді артерияны саусақпен басып тоқтатуды ұсынады, бірақ бұл әдіс біздің тәжірибемізде тиімсіз. Ірі тамырдан қан кеткенде оны саусақпен басып тұру уақыты жеткіліксіз болғандықтан тамыр қабырғасына ұйыған қан түзіліп, бекіп үлгермейді. Одан басқа, жарақаттанғандарды батальонның медициналық пунктіне тасымалдау керек, ал оны бір қолмен орындау мүмкін емес, өйткені екінші қолмен тамырды басып тұруы қажет. Қан кеткен жақтағы ртақ күретамырға сау жақтағы көтерілген иық көмегімен кеңірдек пен қарама-қарсы жақтағы ортақ күретамырдың қысылуын ескере, қыспа таңғыш салуға болады.

Қатты ауырсыну немесе шок басталып келе жатқан жағдайда жеке аптечкадан шприц-тюбик көмегімен, тері астына емес, аяқ-қол бұлшықетіне, иекасты аумағынан тілдің түбіне немесе тіл астына есірткілік анальгетикті интраоральды терең енгізу керек. Бұл венаға енгізгендей, препараттың тез әсер беруін қамтамасыз етеді. Тіл түбіне инъекция енгізу бұлшықетке қарағанда ыңғайлы, өйткені иекасты аумағы әдетте киіммен жабылмайды.

Мойын мүшелері, тамыр немесе омыртқада зақымдану белгілері болса, қоласты құралдар көмегімен мойынның транспорттық иммобилизациясы қажет. Жарақат алған адамды бір жағына «бекітілген» күйде жатқызып, ал мәжбүр болғанда отырған күйде эвакуация үшін қалдырады.

УЗ қолданған жағдайда және зақымданудың клиникалық көрінісі болған кезде, жеке аптечкадан қайтарғыш, антидот салады. Дененің ашық жерлерін жеке таңба пакеті құрамымен өңдейді. Бет жарақаттанғанда, салынған таңғыштан қалыпты газ қайтарғыш кию мүмкіндігі болмайды. Мұндай жарақат алғандар үшін санинструкторда бас киім ретінде жарақат алғандарға арналған шлем болады.

Жарақат алғандарда кейін қатты шөл пайда болады, сондықтан жарақат алғандардың дүңгірден шөлін қандыру қажет немесе дүңгірге бинттің бір ұшын жіберіп, екінші ұшын аузына апарып, ауызға су тамшылатуға болады. Алайда, егер мойынның қуыс мүшелері жарақаттанған деген күмән болса, жарақат алғандарға су беруге болмайды, бірақ ерінді, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасы мен тілін ылғалды дәке үзімімен сулауға болады.

Локальды соғыстарда, үлкен соғыстағыдай, беті, ЛОР-мүшелері мен мойны жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсетілген соң, өз бетімен медэвакуацияның келесі кезеңіне өтуіне болады. Қалған жарақат алғандар мен зақымданғандарды оқ пен бөлшектердің зақымдаушы әрекеттерінен жарақат алғандар «ұясында» - табиғи және жасанды паналарда бір жерге жинайды. Мұндай жарақат алғандар мен зақымданғандардың батальон медициналық пунктінде немесе басқа кезеңге эвакуациясы санитарлық транспортпен (автомашина, тікұшақ) немесе жалпы әскер транспортымен (автомаши­на, танк, БТР және т.б.) кезектесіп, жарақат ауырлығына қарай шұғыл араласу қажеттілігіне қарай іске асады.