Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_psikh_trening_2_kaz.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

28 Дәріс тақырыбы: Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас.

Жоспары:

  1. Тренинг имиджі.

  2. Тренингке деген қарым-қатынас.

Кәсіби дайындаушыларды дайындау мәселесін шешуге қатысты өз пікірін айта отырып, Г.Сартан дайындаушыларды оқытуда көпжылдық тәжірибелер нәтижесінде қажетті негізгі білімі мен сабақатар белгіленді.Бастапқы психологиялық білім және психотерапевтикалық мектептерде қосымша сабақтар;

  • Топтық үрдістердің динамикасын білу және оларды басқару

  • Топтарды жүргізу қажетті тұлғалық қасиеттер және әдістер.

Тұлғалық қасиеттер мен әдістерді қалыптастыру бойынша дайындаушыларды дайындауда негізгі бағыттар ішінен келесілерді белгілейді. Дайындаушының құндылықтар жүйесін қалыптастыру; Мақсаттарды құру және дайындау барысында сайма-сай сақтау;

  • Дайындаушының өзіне және мүмкіндігіне көзқарасы;

  • Өз шегін мойындау;

  • Дайындауышының кәсіби қарым-қатынасы;

  • Дайындаушның сынға көзқарасы;

  • Дайындаушының тыныштық және күйзеліс күйі;

  • Дайындаушының топқа бейімделуі;

  • Дайындаушының сезімталдығы, батылдығы, сенімділігі;

  • Дайындаушының топтағы жұмыс жылдамдығы; топтағы өзгерістерге дайындаушының әсері.

Дайындаушылардың жұмысын аттестациялау үшін дайындаушы кәсібінің кеесі критерилерін белгілейді: нақты сенімділіктің бар болуы; топтық тәжірибені пайдалана білу; өзінің емесе,топтың мәселесін шеше білу; топпен энергетикалық өзара байланысы; дамыған сезгіштік;

Қабылдаудың бірнеше сатыларының бар болуы;

Топпен жауапкершілікті бөлу. И.В. Бачков топтық жекешілердің маңызды кәсіби тұлғалық қасиеттерін зерттеулерін жалпылау негізінде топтық жетекшінің келесі тұлғалық қасиеттерін белгілейді:

  • Клиентке тоқталу, оған көмек көрсетуге ынта мен мүмкіндігінің болуы;

  • Өзгелердің көзқарасына ашықтық, шыдамдылық;

  • Түсіністік, тез қабылдағыш, эмоционалды жайлы жағдай тудыру;

  • Шынайылық, яғни топқа өз көңіл-күйін бере білу;

  • Оптимизм, топ қатысушыларының өзеруіне және дамуына сенімділік;

  • Салмақтылық, белгісіздікке шыдамдылық, өзін-өзі ұстаудың жоғары деңгейі;

  • Өзіне сенімділік, өзіне позитвті қарым-қатынас, адеквтты өзін бағалау, өзінің келеңсіз жағдайларын, қажеттіліктерін мойындау;

  • Бай қиял, сезгіштік;

  • Интеллекттің жоғары деңгейі.

Топтық тренингтегі этикалық мәселелер

Аталған мәселені аяқтай келе, дайындаушы мен топ арасында тұлға мен қоғам арасындағыдай үзілмес байланыс бар екеніне назар аударған жөн. Осы мәселелердің барлық аспектілерін қарастыра отырып, жетекші мен топ арасындағы заңдылық пен нақты жағдайлар спецификасына сүйенген жөн. Жекелегенде дайындаушыға қандай топты басқару керек еекндігі, оның алдында қанда мақстан пен міндеттер тұрғандығы. Осыған байланысты жетекшіге талаптар қойылады.

Топтық тренинг жүргізу барысында туындайтын кәсіби іскерліктің этикалық мәселелері туралы сұрақты анықтаймыз. Әрине, маманның кәсіби қызметі негізнде нормативті актілермен анықталған құқықтар мен міндеттер ғана емес, сонымен қатар барлық мамандықтарда болатын өзіндік «ар-намыс кодексі» жатады.

Пряжникова Н.С. өзінің мақаласында практикалық психолог қызметіндегі келесі этикалық реттегіштің деңгейлерін белгілейді:

  • Құқықтық;

  • Моральды;

  • Құлықтылық;

Бондаренко А.Ф. этикалық стандарттар мәселесін психологиялық көмек көрсету институтының нақты қоғамдық жағдайлардағы рөлі. Бұл жөнінде ол былай жазады:

«Кеңес беруші психологтың кәсіби этикасы мәселелері бойынша соңғы жылдардағы әдебиеттерді талдау, кеңес беру жұмысы тәжірибесінжалпылау, қызметтестер тәжірибесі, дискуссия қорытындыларын жалпылау этикалық стандарттар құрастыруға көмектесті, оларды сақтау маманның міндеті болып табылады.

Алдымен психология мамандық ретінде адамдарға қатысты кез-келген мамандықтар сияқты этикалық нормаларға бағынады. Бұл - тұлғаны, адам құқығы мен бостандығыны, қасиеттерін сыйлау, қажетті профессионалды құзірет, ар-ождан, жақсылық ойлау, клиент жағдайын ойлау.

Жалпы этикалық талаптардан басқа бірнеше елде практикадағы және кеңес беруші психологтарға тән этикалық стандарттар мен нормативтер өңделген. Олардың ең алдыңғысы құпиялылығы яғни, клиенттің жеке құпиясын сақтау. Бұд қағида тек қана клиенттің жеке өміріндегі мәліметтерді жарияламаудан ғана тұрмайды,психологтың клиентке позициясын түсіндіруде қылмыстық құқыққа қатысты ақпаратты жасырып қалуды алдын-алу. Өзіндік этикалық нормативке клиентпен физикалқы қатынас та жатады, қол алу мен шектелу тиіс. Клиент тарапынан этика шегінен шыққан экспрессивті қатынастар арнайы талдауды қажет етеді.

Псигологқа аранайы талап болып табылатындар: өз клиентімен социалдық қатынастар мүмкіндігінен қашу, егер соңғысы бірлескен жұмыс процедурасына жатпаса; бірлесіп жұмыс жасаудан бас тарту. Кеңес беруші психологтар әсіресе өз құзіреттілігінің шегінен шығып кетуден сақ болғаны жөн.

Психологиялық араласумен қатар психологпен келісілмеген басқа да психикаға әсер болса,психолг қызметтен бас тартуға құқылы.

Егер ақылы психологиялық көмек көрсетілсе гонорар көлемі алдын-ала келісілуі керек.

Клиент құқылы.

  • Психолог таңдауға

  • Психологиялық көмекті талқылауға

  • Психологиялық көмек көрсетілу барысында қорытындыларын бағалауға;

  • Кеңес беруші психолг көмегіненбас тартуға;

  • Психологиялық көмек көрсету мерзімін болжауға;

  • Психолог білімі мен біліктілігі жөнінде ақпарат алуға;

Психологиялық көмек қажеттілігі жөнінде клиент өзі шешеді. (А.Ф. Бондаренко )

Өкінішке орай, топтық писхологиялық тренингке тікелей қатысты бұл тақырып қозғалмайды.

«6.01. Білімділік және тренингті бағдарлама жасау. Білімділік және тренингтік бағдарламаға жауап беретін психологтар бағдарламаның дұрыс құрылғандығына сеніді болуы тиіс.

6.02. Білімділік және тренингті бағдарламаны сипаттамасы. Психологтар өздері жүргізетін білімділік және тренингті бағдарламалар үшін жауапты. Жүргізілетін бағдарламалар өз сипаттамасында мақсаты мен міндеттері және оны орындаудың әдістері болуы керек. Бұл бағдарламалар барлық қызықтырушы тараптарға қол жетімді болуы керек.

6.03. Оқытудағы нақтылық

А) тренинг жүргізу барысында психологтар нақты ақпарат береді;

Б)тренинг барсында психолгтар өз биліктерін мойындайды.

6.04. психологтар аранйы дайындықты қажет ететін процедураларды жүзеге асырады бұған гипноз т.б жатады.

№29 Дәріс тақырыбы: Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістемелік астарлары.

Жоспары:

  1. Тренингтегі бейнетүсірілімнің этикалық мәселелері.

  2. Тренингтегі бейнетүсірілімнің әдістемелік астарлары.

  3. Тренингтегі бейнетүсірілім және өзіндік сананы дамыту.

Тренинг кезіндегі бейнетүсірілімдердің этикалық мәселелері

Бейнетүсірілімді пайдалану топтық жұмыстың нәтижелілігін арттырады. Тренинг кезіндегі бейнетүсіріліммен байланысты этикалық сәттерін ескеру керек. Жұмыс басталмастан бұрын қатысушылардан келісім алу керек. Психокоррекциялық жұмыс процесінде қатысушыларды алғашқы өтінгеннен бейнетүсірілім тоқтатылуы керек.

Сабақ барысында өтіп жатқан барлық жағдайларды түсіру міндетті емес: өйткені видеокамераның алдында әрдайым отыру қатысушылар тарапынан шектен тыс қысымшылдықпен күйзеліс туғызады, екіншіден, топқа қатысы жоқ оператордың болуы және оның өтіп жатқан процестерге пасссивті бақылаушы болуы қатысушылардың барлығын біртұтас топқа жинақтауға қиындық туғызады. Көп жағдайда топтағы екі жүргізуші талдау үшін маңызды сәттерді кезектесіп бейнекамераға түсіреді.

Бейнетүсірілімнің әдістемелік астарлары

Тренинг кезінде бейнекамерасына кейбір сабақтардың үзілістерін жазуына болады. Олар мысалы «Партнермен кездесу», «Директормен сөйлесу», «Ақпаратты беру» бұлар шығармашылық және дискуссиялық іскерлік сипаттағы жаттығулар. Тренинг кезінде өзіндік танымды кеңейтуге ықпалын тигізетін психологиялық іскерліктер бұлар, өзіндік талдау, өзіндік бақылау, өзге адамдарды тыңдай білу. Бейнетүсірілім осы іскерліктерді жаттықтыруға тиімді құрал болып келеді. Қандай да бір жаттығудың түсірілімі аяқталғаннан кейін, ол қатысушыларға кері көрсетіліп, өтіп жатқан жағдайларға талдау жасалады. Бұл процесс алуан түрлі формада ұйымдастырылады:

  1. Түсірілімге қатысқан педагогтың сұрақтарына жауаптармен жүргізушінің комментарийлерін қарастыру.

  2. Жүргізушінің түйіндеме жасауымен және қатысуымен барлық топтың талдауларын қарастыру.

  3. Жүргізушінің қатысуынсыз барлық қатысушылармен талдауды қарастыру.

  4. Осы жаттығуда түсірілген қатысушылармен ғана талдау өткізуді қарастыру.

  5. Ортақ вербальды емес талдаумен қарастыру (өзіндік талдау).

Бейнетүсірілімді талдау формасы топтық динамиканың ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Топтың жетекшісі бейнетүсірілімді пайдаланудың әрбір этапында коментатор мен аналитиктің қызметін топтағы қатысушылардың өздеріне беріп отырады. Бұл әдістемелік тәсіл топ жетекшісінің стилін өзгертуіне мүмкіндік береді: топты басқарудағы директивті ұйымдастырушылық стилден топтың өзіндік қызметіне берумен алмастыруға болады.

Тренинг кезіндегі бейнетүсірілімдер және өзіндік сананың дамуы

Тренинг сабақтары кезінде бейнетүсірілімді пайдалану өзіндік бақылау мен өзіндік талдауға мүмкіндік береді. Көптеген қатысушылар экраннан көрген өз бейнелерінің шынайы өмірдегі келбеттерінен өзгеше екендігін мойындайды. Көпшілігі өздерінің түсірілім кезіндегі дауыстарын танымай қалған жайғдайлар да болады. Кейбір қатысушылар өз дауыстарына қатысты ұнамсыз жақтарын айтып отырды: дауыс ырғағы, қаттылығы, интонация, сөйлеудің басымдық көрсете немесе керісінше әлжуаз көрінетіндігі. Кез келген деңгейдегі менеджерлердің кәсіптік іс әрекетінде сөйлеу мәнерінің маңызды екенін ескерсек, қатысушылардыың өз дауысы туралы объективті ақпарат алуының маңызы туралы түсінуге болады.

Өзіндік бақылау ішкі рефлексивті процесс ретінде және өзін теледидардан сырттай бақылау қатысушының өз әрекетін, сөйлеген сөзіне деген объективті көзқарасының қалыптасуына, өзіндік мінез құлқын адекватты бағалауға мүмкіндік береді.

Бейнетахниканы пайдалану арқылы қатысушылардың «денелік Мені» ғана емес, сонымен қатар «әлеуметтік Мені»нің өзгерісі де жүреді.

Тапсырмалар

  1. Қатысушылардың тек қана біреуі қарсы болған жағдайда бейнетүсірілімді жүзеге асыруға бола ма?

  2. Психологиялық тренинг кезінде бейнетүсірілімді пайдаланудың маңызды психологиялық ерекшеліктерін ата.

  3. Тренингтің жекелеген үзінділерін талдау нәтижесінде топ қатысушыларының бойында қандай іскерлікті пайдалануға болады.

  4. Бейнетүсірілімдерді талдау формасын атаңыз және өзіндік сананы дамыту кезінде пайдалану ретін көрсетіңіз.

  5. Психологиялық тренинг процесіндегі бейнетүсірілімдерді талдау және пайдалану қатысушылардың өзіндік санасында қандай өзгерістер туғызады?

  6. Психологиялық тренинг кезінде жасырын камераны пайланауға бола ма?

№30 Коммуникативті тренингі дамыту жолдары

Коммуникативтік құзіреттілік туралы түсінікКоммуникативті құзіреттілікті дамыту тренингтері Мұғалім қызметіндегі коммуникативтілік

Топ ішіндегі жұмысты ұйымдастыру. Топ ішіндегі жұмыс үш кезеңге бөліп көрсетуге болатын өзара байланысқан бөліктен құралады [116, 256 б].

Бірінші кезең: төмендегідей бөліктерден тұратын қосымша дайындық кезеңі:

- топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі;

- топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау;

- топтық жұмыстың «жобасын» даярлау.

Екінші кезең: топтық сабақтар өткізу.

Үшінші кезең: төмендегіден тұратын қорытынды кезең:

- топпен қорытынды кездесуді өткізу;

- нәтижелердің қорытынды бағасын анықтау.

Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі. Таңдау үрдісін бірнеше түрлі тәсілмен ұйымдастыруға болады. Жекелеген сұхбат әңгімелерді өткізуге болады. Үміткерлердің жиналысында алдағы сабақтар жайлы айтып, содан соң олардың әрқайсысымен жеке әңгімелесуге де болады. Біздің ойымызша, ең дұрыс әдіс-жекелеген әңгіме-сұхбаттар. Әңгімелесу барысында жасөспірім өз проблемалары жайлы айта алады, ал біз оның бұл топқа қаншалықты сай келетінін анықтаймыз. Жасөспірімнің топ жұмысына арласуын ата-аналардың келісімімен жүргізілді. Топ біркелкі- біркелкі емес ұстанымы бойынша қалыптастырылды. Біркелкі деп, алдымен, жасөспірімдер өміріндегі жағдайлардың ұқсастығын айтады. Мысалы, топ құрамына өмірге төніп тұрған қауіп салдарынан пайда болған бейімделудегі ауытқулар мен ауыр мазасыздану реакциясын білдіретін жасөспірімдерді қосуға болады. Біздің тәжірибебізде көрінгендей топқа төмендегілерді енгізуге болады:

  • бейімделудегі ауытқулар және мінез-құлқындағы ауытқулар арқылы білдіретін жасөспірімдерді;

  • интеллектуалдық және физикалық даму деңгейлері бір шамадағы жасөспірімдер;

  • бірлесіп жұмыс істеуге бейім жасөспірімдер;

  • ер және қыз жасөспірімдерді;

  • аса бір ерекше жағдайлардан басқа кезде топқа төмендегілерді енгізбеген жөн болады (алдын ала психологиялық түзету әрекетін жүзеге асырмастан):

  • өте агрессивті немесе өздеріне бірнеше рет өз өмірлеріне қол жұмсаған(суицидальды) жасөспірімдер;

  • тұрақты криминалдық «тәжірибесі» бар жасөспірімдер (олардың топ мүшелерімен «алмасу» әрекетін жасамас үшін).

Топ ішінде өткізілген сабақтардың ішінен бір сабақ нұсқасын ұсынайық: Топ мөлшері: жасөспірімдермен жұмыс жасау үшін әдетте 8-9 (15) адамнан тұратын топ ұйымдастырылды. Әрбір сабақ барысы 1,5-3 сағат болады. Топ жұмысының негізгі шарты – құпиялылықты – сақтау үшін дыбыстық аппаратурамен жабдықталған, еденіне жабын төселген (денеге бағытталған жаттығуларды орындауға қажет), барлығы отыратын орындықтары бар,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]