- •1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми теориялық, әдістемелік негіздері.
- •Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері, түрлері оның қызмет ету ерекшеліктері
- •Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.[5]
- •1.2. Кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық және экономикалық–ұйымдық нысандары
- •1.3 Әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
- •2 Қазақстан республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы және оны қолдаудағы мемлекеттік саясат
- •2.1 Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің дамуының құқықтық, экономикалық негіздері
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
- •2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы оны мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •2.3 Қр шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының әлеуметік-экономикалық аспектілері......................................................................
- •2.4 Қр шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту перспективасы..........................................................................................
Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.[5]
Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты—белгілі бір уақыт аралығында қалаған жағдайға қол жеткізу. Мақсатты тұжырымдаған кезде келесідей үш элементті нақты анықтау керек:
Мақсат құрылымы. Қандай жағдайға жету керектігін белгілегн және мақсатқа жету дәрежесін анықтаған жөн;
Қалаған мақсат көлемі. Мақсатты қалыптастыру шектеусіз бе, әлде шектеулі ме, осыны айқындаған жөн;
Мақсаттың уақытша факторы. Әрбір мұрат үшін қай уақытқа дейін немесе қандай уақыт аралығында алға қойған мақсатқа қол жеткізуге болатынын анықтау.
Кәсіпкерліктің субъектілері кез-келген жеке тұлғалар немесе серіктестер бірлестігі, яғни әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжымдар, кооперативтер және мемлекет бола алады.
К
Мемлекет
Кәсіпкер
Тұтынушы
Серіктес
Жалдамалы
жұмысшы
Схема 1. Кәсіпкелік қызметтің субъектілері
Кәсіпкерлікті қалыптастыру белгілі бір жағдайларды қажет етеді:
Экономикалық, әлеуметтік, құқықтық.
Экономикалық жағдайлар: тауарлар ұсынысы мен оларға деген сұраныс, тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, ақша құралдарының көлемі, жұмыс күшінің, жұмыс орындарының, жұмысшы жалақысының деңгейінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі.
Әлеуметтік жағдайлар: тұтынушылардың талғамына сай келетін және қажеттілігін қанағаттандыратын тауарларды сатып алуға ұмтылуы. Әр түрлі кезеңдерде олардың қажеттілігі өзгеруі мүмкін.
Құқықтық жағдайлар: кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерліктің дамуына тиімді жағдай жасайтын заңдардың қалыптасуы, яғни кәсіпорынды тіркеу мен ашудың тездетілген әрі жеңілдетілген процедурасы, мемлекеттік бюрократизм әсерінен кәсіпкерді қорғау, өндірістік кәсіпкерлік қызметке бағытталған салықтық заң шығаруды жетілдіру, Қазақстан мен шетелдік мемлекеттер кәсіпкерлерінің бірлескен қызметтерін дамыту. Кәсіпкерлік қызметке берілетін құқықтық кепілдеме мәселесі бойынша, сондай-ақ меншікті иелену құқығы мен келісімшарт міндеттемелерін сақтау сияқты заң шығарушылық талаптарды дайындау маңызды қызмет атқарады.
Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің көптігіне байланысты, төмендегідей белгілері бойынша классификациялауға болады: [4]
Кәсіпкерлік қызмет түріне байланысты |
Өндірістік |
|
Коммерциялық |
|
|
Қаржылық |
|
|
Кеңес беру |
|
|
Меншік түріне байланысты |
Жеке кәсіпкерлік |
|
Мемлекеттік кәсіпкерлік |
|
|
Муниципалды кәсіпкерлік |
|
|
Қоғамдық ұйым кәсіпкерлігі |
|
|
Меншік иелерінің санына байланысты |
Жеке |
|
Ұжымдық |
|
|
Кәсіпкерлік қызмет көлеміне байланысты |
Кіші бизнес |
Франчайзинг, венчурлық фирма |
Орташа бизнес |
|
|
Ірі бизнес |
|
1-кесте. Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің классификациясы
Кәсіпкерлік қызмет түріне немесе тағайындалуына байланысты: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру (консультациялық) болып жіктеледі. Кәсіпкерліктің бұл түрлері бірге немесе бөлек қызмет ете алады. Бұл классификация ұдайы өндіріс циклінің төрт фазасымен (өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну) байланысты.
Өндірістік кәсіпкерлік—кәсіпкерліктің барлық түрлерін анықтаушы және буындастырушы-тауар өндіруші. Ол ең ұзақ және еңбекті көп қажет ететін процесс. Өндірістік кәсіпкерлік инновациялық, ғылыми-техникалық қызмет, тауарладың тікелей өндірісі, қызмет көрсету, оларды өндірістік тұтыну және де осы салалардағы ақпараттық қызмет түрінде болады.
Коммерциялық кәсіпкерлік—пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда дайындық жұмыстарының жиынтығы. «Коммерция» латын сөзінен аударғанда «сауда» мағынасын береді. Коммерциялық кәсіпкерлік отандық экономикада кәсіпкерліктің кең тараған түрі. Себебі: коммерциялық кәсіпорынның пайдасының жоғары болуы; жылдам қайтарымдылығы; жүзеге асыру процесінің оңайлығы; басқару жүйесінің жеңілдігі, тиімділігі және тағы басқалар.
Қаржылық кәсіпкерлік—айналыс сферасындағы, күн айырбасы саласындағы процестерді сипаттайтын коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше түрі.
Кеңес беру кәсіпкерлігі—бір мәмлеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Кәсіпкерліктің бұл түрін жүргізу, басқа кәсіпкерлік қызмет түрлеріне қарағанда өте табысты жәнемол пайда әкеледі. Жұмысын іске асыру формаларының ішінен өте кең тарағаны бір мәрте ауызша кеңес беру, ең жиі кездесетіні—консалтингтік жобалар. [5]
Кәсіпорын мүлкінің меншік түріне байланысты кәсіпкерлік жеке, мемлекеттік, муниципалды, қоғамдық ұйым кәсіпкерлігі болып бөлінеді. Бұл жағдайда мемлекет меншіктің жеке, мемлекеттік, муниципалды немесе қоғамдық ұйым иелігінде болуына қарамастан меншік құқығын орындау барысында ешқандай да артықшылықтарды немесе шектеулерді орната алмайды. [2]
Мемлекеттік кәсіпкерлік үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын, тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары кәсіпкерлік түрі.
Жеке кәсіпкерлік бір адам ғана айналысатын бизнес.
Кемшілктері: жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес.
Артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Меншік иелерінің санына байланысты кәсіпкерлік қызмет жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін.
Жеке меншік—жеке иелену құқығы және еркін кәсіпкерлік жүйесі, жекелеген адамдардың затты иемденуіне, оны пайдалану және оған жарлық ету құқығы барына кепілдік береді. Жеке кәсіпкерлік қызмет кезінде меншік тек бір ғана қоғамның құқылы мүшесіне тәуелді болады.
Ұжымдық меншік—бір уақытта бірнеше субъект иелік ететін меншік түрі. Ұжымдық меншік иелігіндегі мүлікті иелену, қолдану меншік иелерінің өзара келісі бойынша жүргізіледі
Кеңес
беру
Сауда
банктік
Орталық
басқару
Сауда-саттық
Сақтандыру
Әкімшілік
Сауда-делдалдық
Аудиторлық
Қаржылық
басқару
Қызмет
көрсету
лизингтік
Қор
биржалары
Тауарды
өндірістік тұтыну
маркетинг
Қызметті
өндірістік тұтыну
ақпараттық
Мамандырылған
қызмет
Тауар
биржасы мен сауда үйі
Қаржылық
Инновациалық,венчурлық
Коммерциялық
Ғылыми-техникалық
Өндірістік
Сывывадлтыдалттда
Схема 2. Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің классификациясы
Кәсіпкерлік қызмет көлеміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.
Қазіргі таңда экономикада кіші бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Кіші бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг және венчурлық кәсіпкерлік жүйелері болды.
Франчайзинг (frachise- жеңілдікті)—ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқ алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға, кредит алуға көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.
Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай-ақ өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма (venture-тәуекел ету)—ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты «күйіп кетуге» тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек екіншісіне көшуге тырысады.
Орта бизнес бәсекеге мықты емес, себебі оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелесуіне тура келеді, осының нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтатады, қандайда бір ерекше өнім шығаруда монополист болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар емес.
Ірі бизнес рыноктағы монополиялық жағдайды көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкүндік береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.
