- •1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми теориялық, әдістемелік негіздері.
- •Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері, түрлері оның қызмет ету ерекшеліктері
- •Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.[5]
- •1.2. Кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық және экономикалық–ұйымдық нысандары
- •1.3 Әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
- •2 Қазақстан республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы және оны қолдаудағы мемлекеттік саясат
- •2.1 Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің дамуының құқықтық, экономикалық негіздері
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
- •2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы оны мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •2.3 Қр шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының әлеуметік-экономикалық аспектілері......................................................................
- •2.4 Қр шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту перспективасы..........................................................................................
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
Қазақстан аумағындағы қәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға қарағанда басым көпшілігі екені белгілі. Кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымдар құқықтық нысандарының белгіленуі арқылы белгілі бір заңды тұлғаға айналады. Ұйымның құқықтық жағдайы кәсіпкерлік аясындағы экономикалық функцияның жүзеге асырылуына заңды жағдай туғызады. Ең бастысы ұйымның азаматтық құқық субъектілігі болуы қажет, ал азаматтық құқық субъектілікке тек заңды тұлға ғана ие болады.
Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның мына төмендегідей ұғымы берілген “меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер мен жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып танылады”1. Осыған орай әрбір заңды тұлғаның өзіне тән дербес балансы немесе сметасы болады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса жарғы, не құрылтай шарты мен жарғысы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
1 33-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. Алматы, Жеті Жарғы, 1995, 25- бет.
Сонымен қатар заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды.
Мүлікті меншіктеушілер немесе олар уәкілдік берген органдар және жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл жерде, мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады. Ұйымдардың кәсіпкерләк қызметтерінің құқықтық режимін нақтылау істері де маңызды болып табылады.
Заңды тұлғалар өз қызметтеріне байланысты коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін коммерциялық ұйым, не мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін- коммерциялық емес ұйым заңды тұлға бола алады деп азаматтық заңдарда көрсетілген. Ал осы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік және өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым-заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестік нысандарында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрыла алады. Осы ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналысады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда Қазақстан аумағындағы коммерциялық заңды тұлғалардың құрылу құқықтық нысандары мына бағытта дамыған: мемлеккетік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері және өндірістік кооперативтер. Бірінші тауарда айтып кеткеніміздей отанымыздағы кәсіпкерлік жөніндегі заңдардың дамуы 1990 жылғы 11 желтоқсаннан басталған болатын. Осы уақыттың ішінде қабылданған басқа да заңдарға сәйкес кәсіпкерліктің мынандай ұйымдық нысандары көзделген болатын:
қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар және олар құратын бірлестіктер
шаруашылықтар және өзге де қоғамдар мен серіктестіктер
қорлар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар өзге де қоғамдық ұйымдар
жекеменшік кәсіпкерлік ұйымдар 1
Енді осы жоғарыда аталған кәсіпкерлік нысандарын мұқият қарастырып өтеміз.
Кәсіпорындарын әр түрлі меншік түрінде құрылатыны белгілі және бұл жағдайлар меншік тұралы және кәсіпорындар туралы Заңдарда көзднлген болатын. Ұжымдық меншікке негізделген кәсіпорындар тобына:
еңбек ұжымдарының меншігіне мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерінің өтуіне байланысты, арендаға алынған мүлікті сатып алуға байланысты немесе заңда көзделген өзге де тәсілдермен алынған мүліктерге байланысты құрылатын ұжымдық кәсіпорындар
жеке тұлғалардың ақшалай, мүліктік жарналарына (пайлық негізінде) негізделген және олардың бірлескен еңбектерін қалайтын кооперативтік кәсіпорындар
акционерлердің меншігіндегі акциялардың негізінде қызмет атқаратын және жекеше, ұжымдық немесе мемлеккетік кәсіпорындарға ақша қаражаттарын орналастыратын акционерлік қоғам нысандарындағы кәсіпорын
осы ұйымдардың ақша қаражаттары есебінен құралатын және солардың қызметтерін қамтамасыз ету үшін іс-қимыл атқаратын қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары.
1 Климкин С,И Правовые формы предпринимательства в РК Алматы, Баспа, 1997, с 12.
осы ұйымдардың қаражаттары азаматтардың кәсіпорындар мен ұйымдардың қайырымдылық көрсетулері және әлеуметтік қызметтерді, жүзеге асыратын, әлеуметтік қамтамасыз ету үшін қызмет атқаратын ұйымдардың есебінен құрылатын діни қйымдардың кәсіпорындары.
Бұлардан басқа мемлекеттік меншікке негізделген мынадай кәсіпорындарды құру көзделген болатын1.
Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының жалпы мемлекеттік мәселелерін шешу мақсатында құрылатын мемлекеттік республикалық кәсіпорындар.
тиісті аумақтың тұрғылықты халқының әлеуметтік экономикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін құрылатын коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар.
Негізінде осы аталған кәсіпкерлік нысандары еліміздегі орта және шағын кәсіпкерліктің өсіп-дамуына байланысты басқаша түрлерде де құрылулары мүмкін.
Кезінде құрылған шағын кәсіпорындар заңды тұлғалар деп танылған болатын. Бірақ уақыт өте келе бұл жағдай қателік болып табылғаны белгілі. Сондықтан шағын кәсіпорындардың бәрі азаматтық кодексінде көзделген коммерциялық ұйымдардың бірі ретінде қайтадан тіркеуден өткен болатын.
«Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес шаруашылық серіктестіктерінің мына келесідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған еді. Олар:
толық серіктестіктер;
сенім (коммандиттік) серіктестігі;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
акционерлік қоғам түрінде құрылуға тиісті болатын серіктестік.
Енді осы кәсіпорындардың ұйымдарының әрбір түрлеріне азаматтық заңдарға сүйене отырып сипаттама береміз.
Бірінші қарастыратынымыз мемлекеттік кәсіпорындар, оның ішінде жеке бөліп, ашып көрсететініміз шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар. Мемлекеттік кәсіпорындардың қысқаша сипаттамасы былайынша болып келеді2:
мемлекеттік кәсіпорындар оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) және шаруашылық жүгізу құқығына негізделген болып екіге бөлінеді;
мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды;
мемлекеттік кәсіпорындарының фирмалық аталымында оның мүлкі көрсетілуі тиіс;
мемлекеттік кәсіпорын уәкілдік берілген мемлекеттік органның шешімі бойынша құралады;
мемлекеттік кәсіпорынның органы уәкілдік берілген мемлекеттік орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшы болып табылады;
мемлекеттік кәсіпорынды тарату және қайта құру оның құрылтайшысының шешімі бойынща жүзеге асырылады.
1Сүлейменов М.К., Покровский Б.В., Худяков А.И., Жакенов В.А., Право и предпринимательство в РК. Алматы, Жеті Жарғы, 1994, с. 31-33, 40-47; Климкин С.И. Правовые формы предпринимательства в РК. Алматы, Баспа, 1997, с. 13-15.
Енді шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорнынға сипаттама береміз. Кәсіпорынның атқаратын қызметтерінің құқықтық жағдайлары ҚР азаматтық кодексінде, ҚР Президентінің « Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заң күші бар жарлығында және т.б нормативтік актілерде көрініс тапқан болатын. Осы жаңадан қабылданған, мелекеттік кәсіпорындардың қызметтерін реттейтін заңдарға байланысты енгізілген мынадай өзгерістерді атап өтуге болады:
1 мемлекеттің меншік иесі ретіндегі рөлі күшейтілген;
2 мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың өкілкттіліктері айқындалған;
3 дара басқару принципі бекітілген;
4 мемлекеттік кәсіпорындардың қызметтерінің бағыттары мен мақсаттары нақтыланған;
5 мемлекеттік тіркеудің міндетті тәртібі енгізілген;
6 мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін белгілеу есебінен мемлекеттің шаруаш-ылық функциясы қысқартылған (қалғандары жекешелендіріледі)
Мемлекет меншік түрлеріне байланысты кәсіпорындар республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға бөлінеді.
Республикалық меншіктегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімін ҚР Үкіметі бекітіледі. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды әкімдер бекітеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметтерінің негізгі бағыты қоғам және әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу болып табылады. Осыған орай мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметтерін:
а) мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге және қоғамның мүддесін қорғауға;
ә) өндірістің жеке бизнеспен қамтылмаған немесе айтарлықтай қамтылмаған аялары мен салаларында тауарлар өндіруге (жүзеге асыруға, қызмет көрсетуге);
б) мемлекет монополиясында жағатын немесе мемлекет функциялары болып табылатын аяларда қызметтерін жүзеге асыруға бағыттайды.
Мемлекеттік кәсіпорындар үкіметтің немесе жергілікті әкімдердің шешімдерімен құралады. Олардың құрылтайшылары үкімет атынан уәкілдік берілген тиісті министірліктер , ведомствалар, мемкомдар және т.б огандар, немесе әкім өкілеттік берген жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Мемлеккетік кәсіпорындар жалпыға бірдей тәртіп бойынша юстиция органдарында тіркеледі. Кәсіпорындардың бірден-бір құрылтайшы құжаттары құрылтайшы бекіткен жарғы болып саналады. Жоғарыда кәсіпорын атқаратын қызметтінің бағыты менмақсаты көрсетілуге тиісті.
Мемлекеттік кәсіпорындар тк мына аяларда құрылып, қызмет атқара алады:
банктік, сақтандыру және басқа қаржылық қызметтері
қару-жарақ, оқ-дәрі, қорғаныс құралдары, әскери техникаларды және олардың жабдықтарын әзірлеу, өндіру, ремонттау, өткізу (сату) және жою;
уранға және олардан жасалатын материалдар мен заттарға байланысты кейбір жұмыстардың түрлері, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда құрамында радиоактивтік заттар бар өнімдерді жасап шығару және өткізу;
медикаменттерді, дәрілік құралдарды және емдеу препараттарын медициналық жабдықтар мен саймандарды(инструменттерді) жасау және өткізу;
мемлекеттің монополиясына жататын немесе шаруашылық қызметті жүзеге асырудың арнайы тәртібі белгіленген аялардағы қызмет;
тікелей мемлекеттік басқаруды қажет ететін энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, магистральдық көлік, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы, сондай –ақ басқа да өмірге қажетті жүйелер. 1
Жоғарыда көзделмеген қызмет түрлерімен айналысу құрылтайшының талабы бойынша жоққа шығарылады. Мемлекеттік кәсіпорынның қарамағында тек жарғыда белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыруын қажетті мүліктер ғана болуға тиісті сонымен қатар қызметтің нәтижесінде алынған өнімдер ғана олардың мүліктері қатарына жатады.
Кәсіпорынның иесі кәсіпорында тіркеуге дейін жарғылық қорын толығымен қалыптастыруға міндетті Жарғылық қордың мөлшері он мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы қажет.
Шаруашылық құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Шаркашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын мемлекеттік міндеттері бойынша жауапты болмайды. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару оның құрылтайшысы арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорынның орган құрылтайшы тағайындайтын және оған есеп беретін басшы болып табылады. Кәсіпорын басшысы кәсіпорынды жеке дара басқару және өз өкілеттілігі бойынша өз бетімен шешу істерін жүзеге асырады. Ол басқару негізінде әрқашанда (кәсіпорындар туралы) жарлыққа және жарғыға сүйенеді.
Құрылтайшы өзінің құқығын мына келесідей мәселелерді шешу негізінде жүзеге асырады:
кәсіпорындарды құру, қайта құру және жою;
жарғыны бекіту, қызметтің бағыты мен мақсаттарын айқындау;
мүлікті сақтау және пайдалануға бақылауды жүзеге асыру;
валюталық түсімдер мен пайдаларды бөлу нормативтерін бекіту;
басшының, оның орынбасарларын және өзге де тұлғаларды лауазымға тағайындау және босату, сондай-ақ олардың лауазымдық окладтарын белгілеу;
кәсіпорынға міндетті болып табылатын мемлекеттік заказ көлемінде шығарылатын өнімдердің бағасы жөнінде кәсіпорынмен келісу;
өзге де мәселелер, оның ішінде мына төмендегідей әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат беру:
а) негізгі қорларды иелену жөніндегі;
ә) жеке кәсіпкерлерге ссуданы Ұлттық Банк бекіткен кредиттік ставкадан процентін төмендете отырып беру;
б) жеке кәсіпкерлермен бірігіп кәсіпорындар мен бірлескен өндірістердің филиалдарын, еншілес кәсіпорындарын, мекемелерін құру және оларға өз капиталдарын орналастыру.
Еншілес кәсіпорындардың құрылу мақсаты:
- негізгі мемлекеттік кәсіпорындарды ұлғайту;
- филиалдарды түрлендіру;
- қосымша және арнайы өндірістерді құру немесе негізгі кәсіпорынды өзіне тән емес өндірістен босату болып табылады2.
Басқа мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі есебінен шаруашылық жүргізу құқығына негізделіп құрылған зиянды тұлға еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып саналады. Еншілес кәсіпорындарды құру процесі күрделі болып келеді. Мысалы, республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қатысты еншілес кәсіпорында құруға рұқсатты Үкімет береді.
1 Климкин С,И Правовые формы предпринимательства в РК Алматы, Баспа, 1997, с 29.
2 Романкова И.В. Проблемы правового регулирования предпринимательства граждан в РК. Алматы, Туран, 1997, с. 76-80; Климкин С,И Правовые формы предпринимательства в РК Алматы, Баспа, с.31.
Бұл жерде монополияға қарсы комитет пен өкілетті органның келісіміне негізделген мемлекеттік негізгі кәсіпорынның жоғары тұрған мемлекеттік басқару органның берілген құжатына сәйкес құруға рұқсат беріледі. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның еншілес кәсіпорны негізгі кәсіпорынды басқаратын жоғарғы мемлекеттік басқару органның ұсынысы бойынша әкімнің рұқсатымен құрылады. Еншілес кәсіпорынның құрылтайшысы негізгі кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорын жоғарғы тұрған мемлекеттік басқару органымен келісе отырып еншілес кәсіпорынның жарғысын бекітеді. Өзіне орай, еншілес кәсіпорындар өз еншілес кәсіпорындарын құру құқығынан айырылған. Еншілес кәсіпорынның мүлкі шаруашылық жүргізу құқығының негізінде өзінікі болып есептелінеді1.
Енді шаруашылық серіктестіктердің жалпы сипаттамасына тоқталамыз. Азаматтық заңдарға сәйкес жарғылық қоры құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктемтік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктері кәсіпкерліктің кеңінен таралған нысанына жатады. Осы нысан шеңберінде қандай да болмасын кәсіпкерлік коммерциялық қызметті жүзеге асыруға болады. Мысалы, өндірістік, сауда, делдалдық, кредиттік-қаржылық сақтандыру және т.б. Осы қызметтер шаруашылық серіктестік аумағында жүзеге асырылса 1995 жылғы 2 мамырдың ҚР Президентінің « Шаруашылық серіктестігі туралы» заң күші бар жарлығымен реттеледі.
Шаруашылық серіктестіктері толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам- нысандарында құрылуы мүмкін. Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты болып табылады.
1
Круглова Н.Ю. Хозяйственное право.
М.
1997,
с 536-537
Құрылтай құжаттары міндетті түрде нотариатта куәландырылуға тиісті.Құрыл-тайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы,серіктестіктің жарғылық қорында олар салатын салымның мөлшері құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық қорына салым салу жөніндегі міндеттерді бұзған үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер және заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.2 Шаруашылық серіктестік, заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, басқа шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшысы болуы мүмкін. Шаруашылық серіктестік, заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, басқа шаруашылық серіктестігінің құрылтайшысы болуы мүмкін. Шаруашылық серіктестігінің жарғысымен барлық мүдделі адамдар танысуға құқылы . Айта кететін бір жайт, осы шаруашылық серіктестіктерінің нысандарының ішіндегі кәсіпкерлер ұнататын түрлері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, толық серіктестік және акционерлік қоғамдар болып есептелінеді. Ал ең аз қолданатын нысандары сенім серіктестіктері және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер.
Шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының нысандарының, мәртебелеріне, сандарына тоқталып, қысқаша сипаттап өтейік. Нысаны бойынша толық серіктестік тек жеке тұлғалардан тұрады және олардың саны екі адамнан кем болмауы керек.1
Сенім серіктестігі толық серіктестіктерден және салым салушылардан тұрады. Сан жағынана екі адамнан кем болмауы керек және олар міндетті түрде бір толық серіктен және бір салым салушылардан тұруы керек.
1
Сонда,
10-11 баптар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрамы заңды және жеке тұлғалардан тұрады, қатысушылар саны бір адамнан отыз адамға дейңн болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің де қатысушылары жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Қатысушылар бір адамнан отыз адамға дейін болуы мүмкін. Жабық акционерлік қоғам нысанындағы шаруашылық серіктестігінің қатысушылары жеке және заңды тұлғалар болып белгіленеді және заң сан мөлшері бірден елуге дейін жеткізіледі. Акционерлік қоғамның басқа шаруашылық серіктестіктерінің акциялар шығаруға құқығы жоқ ашық акционерлік қоғамдар да жеке және заңды тұлғалардан тұрады, сондай-ақ олардың санына шек қойылмайды.
Осы қатысушылардың заң жүзінде белгіленген өздеріне тән құқықтары мен міндеттері бар. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар жарлық пен азаматтық кодексте1 айқындалған.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың мына келесідей:
құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктердің тәртіптерін басқаруға қатысуға;
шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен оның құжаттамаларымен танысуға;
пайданы бөлісуге қатысуға;
шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын ауға;
шаруашылық серіктестік мүлкіндегі салған салымына қарай үлесінің құнын ала отырып егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, белгіленген тәртіп бойынша шаруашылық серіктестіктен шығуға құқықтары бар. Бұған қосымша ретінде жоғарғы органда дауыс беру арқылы істерді басқаруға қатысу құқығын айтуға болады. Бұл жерде тоқтала кететін бір жайт акционерлер акционерлік қоғамдардан өз беттерімен шығып кете алмайды және өзіне тиісті мүлік бөлігін алуға құқығы болмайды. Ал сенім серіктестіктерінің салымшылары дауыс беруден айырылған.
1 Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі 61 бап, 2 тармағы. (құқықтары мен міндеттері)
Осындай құқықтармен қатар қатысушылардың кейбір мына келесідей:
құрылтай құжаттарының талаптарын сақтау:
салымдарды құрылтай құжаттарынла көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер бойынша салып отыру;
шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеу сияқты міндеттері бар1.
Шаруашылық серіктестіктері өздерінің қарамағындағы мүліктің меншіктенушісі болып табылады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүліктері қатысушылардың жарналары, шаруашылық қызметтерден түскен пайдалары есебінен қалыптастырылады. Серіктестіктің мүлкінің ішінде айрықша орын алатыны жарғылық қор болып саналады. Жарғылық қор заң жүзінде қатысушылардың салымдарының салым жиынтығы деп айқындалады. Бірақ, бұл ұғым кейбір авторлардың айтқанындай2, (оларға мен де қосыламын) жарғылық қор атқаратын функцияларды толығымен қамтымайды. Сонымен жарғылық қордың негізгі функциялары мыналар болып табылады:
бастапқы капитал функциясы – серіктестіктің қызметінің материалдық негізгі рөлін атқарады;
қамтамасыз етуші (кепілдендіруші) функция. Бұл функцияның жауапкершілігі шектелген, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер және акционерлік қоғамдарға қатысы бар;
1 Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. 61 бап, 2 тармағы.
2 Климкин С,И Правовые формы предпринимательства в РК Алматы, Баспа, 1997, с. 39-40.
айқындайтын функция жарғылық қордың көмегімен әрбір қатысушының үлестері белгілейді. Акционерлік қоғамның қатысушыларының үлестері процентпен емес, акциялардың мөлшерімен есептеледі;
шектеуші (межелеуші) функцияның жауапкершілігі шектелген, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер және акционерлік қоғамға қатысты атқаратын өте зор рөлі бар1.
Шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына салынатын ақшалар, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, соның ішінде интелектуалдық меншік және өзге де мүліктік салымдар болып табылады. Барлық қатысушының шаруашылық серіктестік мүлкіндегі үлестері, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың жарғылық қорға салған салымдарына тең болады. Осы қатысушылар серіктестік мүлкіндегі өз үлесін салып қоюға және сатуға құқылы. Салымдарды ақшалай бағалауды шаруашылық серіктестікке қатысушылар арасындағы келісім бойынша ғана жүргізуге болмайды. Тек тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізу арқылы салымдарды бағалауды жүзеге асыруға болады. Қазақстан аумағында шаруашылық серіктестіктің барлық нысандары заң жүзінде заңды тұлғалар болып танылады. Ал қандай да болмасын заңды тұлғаның басқарушы органы болатыны баршаға мәлім. Шаруашылық серіктестіктерінің органдары дербес құқық субъектісі болып табылмайды, сондықтан оған сенімхаттар қажет емес. Шаруашылық серіктестіктің жоғарғы органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдер жиналыс) болып табылады.
1Сонда, 40 бетінде.
Шаруашылық серіктестікке оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп беріп отыратын атқарушы орган алқалық немесе жеке-дара болып құрылады. Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Алқалық органдар: 1. Басқарма; 2. Бақылау коммисиясы; 3. Тексеру коммисиясы; 4. Қадағалау кеңесі; 5. Және басқа да органдар түрінде құрылуы мүмкін1.
Шаруашылық серіктестіктің басқару органдарыдың құзыреттері, оларды сайлау « тағайындау» тәртібі, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібі азаматтық кодексте, заң құжаттарында белгіленеді. Енді аздап шаруашылық серіктестік нысандарының жарғылық қорына, оның мөлшеріне,құрылу тәртібі мен басқа да ерекшеліктеріне тоқталамыз. Толық серіктестіктің құрылу тәртібі оның құрылтай құжаттарымен айқындалады. Сондай-ақ оның жарғылық қорының мөлшері 25 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде болуы қажет. Сенім серіктестігінің де қалыптасу тәртібі құрылтай құжаттарымен анықталады, жарғылық қоры 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғылық қоры 500 айлық есептік көрсеткіш деңгейніде белгіленеді, тіркеу кезінде сол көрсеткіштің 20% болуға, ал қалған 75 % жыл аяғына дейін жарғылық қорда болуға тиісті.
Жабық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қорының мөлшері 5000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек . Тіркеу кезінде 50% болуы, ал айырықша акцияларды шығару көлемі жарғылық қорының 25% аспауы қажет. Ашық түрдегі акционерлік қоғам жарғылық қоры 10000 айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауға тиісті. Тіркеу кезінде 50% қалған 50% жыл аяғына дейін қорда болуы және айырықша акция шығару жарғылық қордың 25% аспауы керек.
1 Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі 60-бап, 2-тармағы
Шаруашылық серіктестігінің әр бөлек нысандарының ерекшеліктерінің қарастыруымыз, осы шығарманың желісін үзбеуді қисындылық тұрғысынан қажет етеді. Мүлікті жеткіліксіз болған жағдайда қатысушыларды серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлыө мүлікпен ортақтасып жауап беретін шаруашылық серіктестігі толық серіктестік деп танылады. Алайда, бұл барлық мүлікпен ортақтасып жауап беру жөніндегі қағида тек толық серіктестікті тарату кезінде жүзеге асырылады. Жеке тұлға тек бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Толық серіктестіктің ең жоғарғы органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Кейбір кездерде, құрылтай шартында көзделген жағдайда қатысушылардың көпшілік дауысымен шешім қабылдауға болады. Егер толық серіктестіктің құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысының бір дауысы болады.
Толық серіктестікке қатысушының қалған қатысушылардың келісімінсіз өз атынан және өз мүдделері немесе үшінші жақтардың мүдделері үшін серіктестік қызметі мәнімен біртектес мәліметтер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серіктестік өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан серіктестікке келтірілген залалдың орнын толтырудың, не осындай мәліметтердентапқан пайданы толығымен серіктестікке беруін талап етуге құқылы. Толық серіктестіктің органдары барлық қатысушыларға олардың талаптары бойынша өз қызметтері туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті.
Толық серіктестікке қатысушылар өз үлестерін неменсе үлестерінің бір бөлігін басқа қатысушыларға, сондай-ақ үшініші жақтарға барлық қатысушылардың келісімі болған жағдайда ғана берулеріне болады. Егер үлестің бір бөлігі үшінші жаққа берілген жағдайда сол бөліктің алушыға бұрыңғы қатысушыларға тиесілі құқықтар мен міндеттер толығымен ауысады.
Толық серіктестіктің қатысушы қайтыс болған жағдайда барлық қатысушылардың келісуімен құқықты иеленетін мұрагер серіктестікке кіре алады. Серіктестікке кірген жағдайда мұрагер қатысушысының борыштары бойынша жауапты болады. Егер мұрагер толық серіктестікке кіруден бас тартқан жағдайда немесе оны басқа қатысушылар қабылдамаған болса қайтыс болғанқатысушының тиесілі мүлкінің үлесінің құны мұрагерге төленеді. Бұл реттерде тиісінше құрылтай құжаттарында көзделген мерзімде құрылтай шартында аталған серіктестік мүлкінің мөлшері азайтылады, бірақ ол үшін бір айдан кешіктірмеуге тиіс.1 Толық серіктестіктің қатысушысы кез келген уақытта серіктестіктен шыға алады. Сонымен қатар ол заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында белгіленген мерзімнен кешіктірмей серіктестіктен шығатына жөнінде ескертуге тиісті. Қатысушының шыққанына қарамастан толық серіктестік жұмысын жалғастыра берсе, оның шыққан күні жасалған балансқа сәйкес шығып кететін қатысушыға серіктестік мүлкіндегі үлесінің салған тең құны төленеді.
Кейбір кездерде қатысушының талабына сай және серіктестіктің келісуі бойынша оның салымы толық немесе ішінара заттай түріндегі қайтарылуы мүмкін. Оған қоса қатысушыға (шығып кеткен) сол шығатынжылы серіктестік бойынша алынған пайданың тиесілі бір бөлігі төленеді.
Толық серіктестікке қатысушылар қалатын қатысушылардың бірауыздан қабылданған шешімі бойынша және оған дәлелді себептер боған жағдайда, атап айтқанда олардың өз міндеттерін дөрекі бұзуы немесе іс жүргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда қатысушылардың біреуін немесе бірнешеуін серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы. Осы шығарылған қатысушыларға заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша мүліктің бір бөлігінің құны төленеді. Толық серіктестіктің құрамында жалғыз қатысушы ғана қаласа, сондай-ақ ол алты ай ішінде серіктестікті қайта құрмаса немесе жаңа қатысушылар қабылдамаса серіктестік таратылады. Былайша айтқанда:
1) жаңа қатысушылар қабылдау арқылы серіктестікті сақтап қалу; 2) салымшылармен келісу арқылы толық серіктестікті сенім серіктестігіне айналдыру; 3) жарғылық қордың ең төменгі мөлшері жөніндегі шартты сақтай отырып толық серіктестікті жауапкершілігі шектелген немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке немесе акционерлік қоғамға айналдыру; 4) толық серіктестікті тарату.
Толық серіктестікке қатысушылардың қайсыбірі шыққан немесе қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ хабар ошарсыз кетті, не әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттігі шектелген деп танылған жағдайда және банкрот болса несие беретін бір қатысушы жарғылық қордағы оның үлесіне сәйкес келетін мүліктен ақы өндіріп алған реттерде серіктестік өз қызметін жалғастыра береді. Сенім серіктестігінің (коммандиттік) ерекшелігі серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен (толық серіктестерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын қатысушылардың болуы1.
Бірінші атаған қатысушыларымыз толық серіктестіктер деп аталса, екінші топтағы қатысушылар салымшылар немесе коммандиттіктер деп аталады.
1 ҚР Президентінің, 1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар Жарлығы, 2 тарау, 26 бап.
Толық серіктестіктерге толық серіктестіктердің барлық ережелері тарайды. Салымшылар басқарудан алшақтатылғандықтан серіктестік коммандиттік серіктестік, яғни сенімге негізделген серіктестік деген мағынада толық айтылады. Бұл термин латын сөзінен, яғни коммендере – тапсырыс деген мағынадағы сөзден шыққан. Заң жүзінде көзделгенімен серіктестіктің бұл түрі кәсіпкерлердің арасында қолдау тапқан жоқ және кеңінен тараған жоқ. Сенім серіктестіктеріне міндетті түрде «коммандиттік серіктестік» сөзі қосылып отыруы және барлық толық серіктестіктердің аты немесе бір толық серіктестіктің атына «және компания» деген сөз осыла жазылуы қажет. Сенім серіктестігі кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қатыспайды. Азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігіндегі толық серіктес толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды. Сенім серіктестігінің жарғылық қоры оның қатысушылары салатын салымнан тұрады.
Шаруашылық барысында жарғылық қордың өзгертілуі мүмкін. Жарғылық қордың мөлшерін сенім серіктестігінің толық серіктестері белгілейді және ол заң жүзінде белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек. Салымшылар үлесінің жиынтық мөлшері сенім серіктестігінің жарғылық қорының елу процентінен аспауға тиіс. Сенім серіктестігінің жарғылық қорын азайту қажет болған жағдайда оның барлық несие берушілеріне хабарландыру берілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұл жерде несие берушілер өз мүдделеріне байланысты тиісті міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтату немесе орындау, сондай-ақ егер олар залал шексе оның орнын толтыру жөнінде талап етуге құқылы. Осы тәртіпті басшылыққа алмай өз беттерімен қор мөлшерін азайтқан жағдайда мүдделі адамдардың сотқа берген арыздары негізінде сот шешімімен сенім серіктестігі таратылады. Сенім серіктестігінің салымшысы алғашқы салымын құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшер, әдіс, тәртіп бойынша салуға міндетті. Осы салымшының мына келесідей құқықтары бар:
серіктестік пайдасының жарғылық қордағы өзіне тиесілі үлесін құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша алуға;
жарғылық қордағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші жаққа беруге;
серіктестіктің жылдық есебімен және баланстарымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасауын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етуге;
қаржы жылы аяқталғаннан соң серіктестіктен шығып кетуге немесе өз салымын құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша алуға құқығы бар. Егер салымшы сенім серіктестігі мүдделерін көздей отырып тиісті өкілеттіксіз мәміле жасаса, оның әрекеттерін серіктестік мақұлдаған жағдайда мәміле бойынша ол несие берушілердің алдында толығымен жауап береді. Егер ол мақұлданбаса салымшы үшінші жақтың алдында заң негізінде өзінің ақы өндіруге алынатын барлық мүлкімен жеке жауап береді. Салымшының өз үлесін толығымен басқа біреуге беруді оның серіктестікке қатысуын тоқтатады.
Сенім серіктестігі оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серіктестіктер сенім серіктестігін таратудың орнына оны толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы.
Сенім серіктестігі аясында басқару ісін толық серіктестіктер жүзеге асыру тәртібі толық серіктестік туралы ережелер бойынша белгіленеді. Енді жауапкершілігі шектеулі серіктестікке сипаттама береміз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген, сондай-ақ жауапкершіліг шектеулі серіктестіктің қатысушыларды оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін және қызметтеріне байланысты залалдарға өздері қосқан салымдардың құны шегінде тәуекел ететін серіктестікті атаймыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің мәні бойынша тұлғалар мен капиталдардың бірігуін көрсетеді. Бұл жерде толық және сенім серіктігі арасында сондай-ақ акционерлік қоғам арасында өз орнын алатын коммерциялық заңды тұлғаның нысаны байқалады. Осы серіктестік түрі он тоғызыншы ғасырдың аяғында Алманияда дүниеге келген.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар саны отыздан аспауы қажет. Басқа жағдайда ол бір жыл ішінде акционерлік қоғам ретінде қайта құрылуға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қатысушылар саны отызға дейін кемімесе, онда ол сот тәртібімен таратылуға тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік оған қатысушылардың біразуыздан қабылдаған шешімі бойынша өз еркіменқайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Ол қайта құрылған жағдайда тек акционерлік қоғам болып құрылуға құқылы. Серіктестіктің қатысушылары серіктестік қызметіне аудиторлық тексеру жүргізілуі жөнінде талап ете алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы басқа қатысушылардың келісіміне қарамастан кез-келген уақытта серіктестіктен құқылы және оған тиесілі мүліктің құны оның үлесіне қарай төленуі тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық қорының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді. Жарғылық қордың мөлшері заң жүзінде белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқару органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналыстың құзыретіне мыналар жатады:
1 серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық қоры мөлшерін өзгерту;
2 серіктестіктің атқарушы органдарын құру және кері шақырып алу;
3 серіктестіктің жылдық есебі мен бухгалтерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен залалдарын білу;
4 серіктестіктің қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару
5 серіктестіктің тексеру комиссиясын (тексерушісін) сайлау
Осы аталған құзыреттер тек жалпы диналысқа тән болады.
Қатысушыларды серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қордағы салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері иеленген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Осы жауапкершілік мөлшері қатысушылары мен белгіленеді және құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Бірақ оның мөлшері олардың жарғылық қордағы салымдарының екі есе көлеміммен кем болмауы тиіс. Бұл жердегі ерекшелік егер қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің құқықтық жағдайы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайымен болады.
Қазақстанда кеңінен тараған кәсіпкерліктің бір нысаны акционерлік қоғамдар болып табылады. ( Сондықтан болар, 1998жылғы 10 шілдеде « Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын). Алайда бұл жағдай субъективтік себептерге негізделген. Себебі жекешелендіру кезінде мемлекеттік кәсіпорындар тек акционерлік қоғамдарға айналдырылатын. Тағы бір алдын ала айта кететін жайт, басқа шаруашылық серіктестік түрлерімен салыстырғанда оның айырықша ерекшелігі акциялар шығарылуы. Сонымен, жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамның қатысушылары- акционерлер оның міндеттемелері бойынша жауап және оның өздеріне тиесілі акциалар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді. Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен басқа оқшауланған мүлкі боады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады, сондай-ақ өз қатысушыларының міндетемелері бойынша жауап бермейді. Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлік келісімсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік өзі шығарған, шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңмен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады. Осы қоғамның жарғысында мынандай ережелер болуға тиіс:
қоғамның түрі (ашық немесе жабық);
пайданы бөлу және залалды өтеу тәртібі;
қоғам қорларын құру тәртібі;
қоғам акцияларының түрлері, олардың нақты құны, саны туралы, олардың иелерінің құқықтары туралы мәліметтері;
толық аталымдары және басқа ресми атаулары, зандық мекенжайы мен қоғамның қызмет мерзімі;
Акционерлік қоғамды басқаратын жоғарғы орган оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады.
Осы басқару органның айырықша құзыретіне мыналар жатады: жарғыны өзгерту туралы; акционерлік қоғамның жарғылық қоры мөлшерін өзгерту;бұрын шығарылғанакцияларды шоғырландыру және бөлу, сондай-ақ қосымша акциялар шығару туралы; облигациялық заемдар шығару тәртібі туралы; қоғамның атқарушы органдарын, тексеру комиссияларының мүшелерін және қоғамның аудиторын сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату; қоғамның ішкі регламентін қабылдау; оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; қоғам қызметінің жылдық қортындысын, қоғамның атқарушы органдарының есептерін және тексеру комиссиясының қортындыларын бекіту; пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі туралы, қоғамды тарату( оның ішінде қосу, біріктіру,бөлу, бөліп шығару ұйымдық құқықтық нысандарын өзгету арқылы) тарату комиссиясын тағайындау, тарату балансын бекіту туралы шешімдер қабылдау жатады.
Акционерлік қоғамда акционерлердің, соның ішінде құрылтайшылардың арасынан да, өзге шақырылған сарапшы мамандар арасынан да қадағалау кеңесі құрылуы мүмкін. Атқарушы органдар, басқарма, дирекция немесе директор, бас директор, презилент болуы мүмкін. Атқарушы органдар акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесі акционерлердің жалпы жиналысында есеп береді.
Акционерлік қоғам аясында аудиторлық тексеруді жүзеге асыру қызметі осы қоғаммен және оның қатысушыларымен байланысы жоқ сырттан шақырылған білікті аудиторға жіктеледі. Негізінде аудиторлық тексеру жарғылық қордағы үлес проценті он және одан да артық болған қатысушылардың талабы бойынша жүргізіледі. Акционерлік қоғамдар акционерлердің жиналысының шешімі бойынша қайта құрылу немесе таратылуы мүмкін. Қайта құрылған жағдайда ол тек қана жауапкершілік шектеулі секріктестік болып құрылуға құқылы.
Еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестіктері толық серіктестіктің нысаны болып табылмайды. Осыған байланысты дербес заңды тұлға ретінде құрыла алмайды. Сонымен еншілес серіктестік деп жарғылық қорға басымырақ қатысыуна қарай, не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес, немесе өздері қабылдайтын шешімді өзгеше түрде белгілей алатын шаруашылық серіктестікті айтамыз. Осы ұғымның ішінде еншілес серіктестіктерге тән үш белгінің бар екенін байқаймыз:
жарғылық қордағы басымырақ қатысуына қарай;
олардың арасында жасалған шартқа сәйкес;
өздері қабылдайтын шешімдері өзгеше түрде белгілеу мүмкіндігі бар.
Бұл жерде жарғылық қорға басымырақ қатысуын екі тұрғыдан түсіндіруге болады. Біріншіден, егер акциядағы үлес бір дауысқа 50% тен келсе, екіншіден, жарғылық қордың 12% бір қатысушыда болса, ал қалғандарында үлестері 10% тен аспаса осыларды басымырақ қатысу деп түсінеміз. Көптеген ғалым, авторлар осы екінші вариантты құптап отыр. Негізгі шаруашылық серіктестік еншілес шаруашылық серіктестігімен жасалған шарт бойынша соңғысына ол үшін міндетті болып табылатын нұсқау беруге құқылы. Еншілес серіктестік мұндай нұсқауларды орындау үшін еншілес шаруашылық серіктестігімен жасасқан мәмілелер бойынша онымен бірге субаудиялық жауапты болады.
Еншілес шаруашылық серіктестіктері өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің борыштары бойынша жауап бермейді. Ал негізгі шаруашылық серіктестігі өзінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған жағдайда оның борыштары бойынша жәрдем көрсетуге міндетті болады. Еншілес шаруашылық серіктестігінің акционерлері негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсімен өздеріне келтірген залалдарды солардан өтеулерін талап етуге құқылы. Еншілес шаруашылық субъектілері жауапкершілік шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілік бар серіктестік және акционерлік қоғам түрінде құрылулары мүмкін.
Тәуелді акционерлік қоғам деп дауыс беруші акциялардың жиырма проценттен астамы басқа (қатысушы, басымырақ қатысушы) заңды тұлғанікі болатын акционерлік қоғамды айтамыз. Басымырақ қатысушы заңды тұлға тәуелді акционерлік қоғам акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті. Бір бірін жарғылық қорларына өзара қатысуын әрбір жарғылық қордың 50% -тінен асыруға болмайды. Жарғылық қорға қатысушы басқа да акционерлік қоғамда басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында 25%-тен артық дауысты пайдалана алмайды.
Өндірістік кооператив коммерциялық заңды тұлғаның бір нысаны болып табылады. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметтері үшін мүшелік негізде, олардың ез еңбегінің қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив болып есептелінеді. Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы қажет. Қазақстанда кооперативтік қозғалыстар сексенінші жылдың аяғына таман күрт дами бастаған болатын. Алайда көптеген объективті және субъективті жағдайларға байланысты, сондай ақ нормативтік актілердің(осы аяны реттейтін) осал болуы 1991 жылдары оның құлдырауына әкеп соқтыды. Осы жағдайды түзету мақсатында 1995 жылғы 5 қазанда ҚР Президентінің «Өндірістік кооперативтер туралы» заң күші бар Жарлығы қабылданған болатын. Өндірістік кооперативтердің құқықтық жағдайлары осы жарлықпен және азаматтық кодекспен белгіленіп, айқындалады.
Өндірістік кооперативтің қызметі өзінің жарғысынан немесе құрылтай шарты мен жарғысына негізделе отырып жүзеге асырылады. Құрылтайшылар өндірістік кооператив құру жөнінде құрылтай шартын жасауда өз беттерімен шеше алады. Азаматтық кодексте жарғыда орын алатын мәліметтер тізімі анықталған. Өндірістік кооперативтің жарғысында мына келесідей мәліметтер бар: кооператив мүшелерінің жарнасының мөлшері туралы; кооператив мүшелерінің құрамы мен жарына қосу тәртібі және олардың жарына қосу жөніндегі міндеттемелерлі бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу сипаты мен тәртібі және олардың жеке еңбекпен қатысуы жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы; кооперативтің пайдасы мен залалдарын бөлу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы, құзіреті және олардың шешімдер қабылдау, соның ішінде шешімі бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен қабылданадытын мәселелер жөніндегі шешімдер қабылдау тәртібі туралы ережелер болуға тиісті. Осы мәселелерді кейбірі Президент жарлығында көрініс тауып, ашылып көрсетілген. Жарғының мәні коммерциялық құпия болмағандықтан онымен танысқысы келген жақтарға табыстауға болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы керек. Қазақстанда он алты жасқа толған азаматтар кооперативке мүше бола алды, және өзі міндетті түрде кооператив қызметіне қатысуы қажет.
Өндірістік кооперативтің мүшелері кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша қосымша жәрдем беруге жауапты болады.
