Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіпкер дип.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380 Кб
Скачать
☆

2 Қазақстан республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы және оны қолдаудағы мемлекеттік саясат

2.1 Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің дамуының құқықтық, экономикалық негіздері

Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы әртүрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдарын құру, дамыту болып табылды. Демек, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында (бастамасында) білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандайда болмасын аядағы мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойып мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған деп аламыз. Негізінде кәсіпкерлік деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушылардың өз қарамағындағы мүліктер мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін несиелер есебінен, ағымдағы заңдардың көлеміне (шегінде) жүзеге асырылатын(мүдделі) шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметті айтамыз. Кәсіпкерлік халыққа қажетті тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетіміздегі сұраныстар мен үсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес халыққа да тиімді болып табылады..

Осы жайлардың айғағы ретінде қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасының тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдем, қамқорлықтарды айтуға болады. Бірақ бұл жерде айта кететін жай кәсіпкерлік қызмет жөніндегі бірнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актілердің қабылдануына және өркениетті жекешелендіру саясатының бірқалыпты жүргізілуіне қарамастан кәсіпкерліктің, әсіресе өндіріс, өнеркәсіп аясындағы кәсіпкерліктің ойдағыдай дамымай отырғаны белгілі.

Себебі бюрократиялық аппараттың әлі де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесін көздейтін жекешелендіру саясатын жергілікті және басқа деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ салық салмақтарының кемімеуі.

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік жеке және заңды тұлға резиденттер болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға-азамат заңды құрып немесе құрмай айналыса беруіне болады. Ал ұжымдық кәсіпорындар, кооперативтер немесе әкімшілік-аумақтың кәсіпкерлік қызметтері өз меншіктерінің негізінде заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысады. Енді аздап осы кәсіпкерліктің мәні мен маңызына тоқталайық. Бұл жөнінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі көзқарастардан бөлек келешегі бар концепцияда адамның мынадай іс-қимыл-әрекеті өзінің сипатына байланысты мынадай екі негізгі типке: бастапқы базистік еркін-ерікті қызметке және қондырма еріксіз қызметке бөлінеді делінген.

Сол бірінші ерікті қызмет кәсіпкерлікке жатады, өйткені ол қызметті жүзеге асырушы тұлғаның мүддесіне, жүзеге асыру жолдары мен әдістерін таңдау еркіне, мақсат еткен нәтижесіне жетуіне, өзінің қаражат- мүлкіне негізделген. Бірақ қанша ерікті қызмет болғанымен заңда белгіленген шектен шықпаулары қажет. Өйткені мемлекет мүддесіне, яғни ұйымдасқан қоғам мүддесіне зиян келуі мүмкін.

Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын қызметтерге еұлғаның жұмысқа кіруі ерікті сипатта болғанымен, басқару қызметі басқарушы органның мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функцияларына, әдістері және т.б. негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады.

Кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасының басты элементі болып есептелінеді, себебі ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде баскарушы қызметтен ерекшеленеді. Мемелекеттің өзі саяси біліктің субъектісі және мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік (коммерциялық) қызметтерге араласпайды, ол тек әзірше (мүмкіндігінше толығымен жекешелендірілген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік кәсіпорындар , шаруашылық ұйымдар арқылы кәсіпкерлік қызметке араласады.

Бұл турасында Қ.Р. Азамматтық Кодексінің 10-бабында дәл айтылған сияқты. “Кәсіпкерлік –меншік түрлеріне қарамастан, азамматтар мен заңдар тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығын (мемлекеттік кәсіпкерлік ) негізделген ынталы қызмет”. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Осыған орай кәсіпкердің кім екені жөнінде түсінік бере кету қажет.Кәсіпкер деп өз атынан және өз қаражаттары (меншікті немесе қарызға алған )есебінен тауарлар мен өнімдерді өндіру, сату немесе сатып алу жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметті (кәсіпкерлік қызметті) ұдайы (тұрақты) негізде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік берілген. Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мемлекет , мемлекет атынан өкілетті органдар қамтамасыз етеді.

Дәл осы жерде кәсіпкерліктің құқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз қажет. Негізі қай салада болмасын құқықтық режимнің екі түрі : жалпыға бірдей рұқсат етілген яғни диспозитивтік түрі, сондай-ақ рұқсат беру арқылы көрініс табатын императивтік түрі белгіленеді.Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады, сондықтан қатысушы екі жақ тарап заң жүзінде тең құқықты.

Кәсіпкерлік қызметте әрбір жасалатын әрекет (іс-қимыл) жөнінде арнайы нормативтік – құқықтық акт қабылдау арқылы оны реттеу сияқты қызметтер қажет емес.

Кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан кепіл, экономикалық негіз ретінде-жеке меншік нысаны, құқықтық негізгі ретінде заңдар бар.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай-ақ осы қызметпен айналысуға патент алған кезден бастап құқылы. Патент бір мезгілде азамматтың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөніндегі куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады.

Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында ;мердігерлік шарт және өзге де азаматтық – құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратын; көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай –ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді , оғн қоса импорттық өнеркәсіптік және азық –түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде немесе коммиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азамматтар;жұмыс істеп, қызмет көрсетудің түсімі.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық) ұйым заңды тұлға болып таылады.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар, толық серіктестіктер, (коммандиттік) сенім серіктестіктері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауупкершілігі бар серіктестіктер, өндірістік кооперативтер жатады.

Сонымен Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет екі түрге бөлінеді деп айта аламыз. Оны шағын және орта кәсіпкерлік, яғни жеке кәсіпкерлік сондай-ақ мемлекеттік кәсіпкерлікке бөлу кәсіпкерліктің экономикалық негізінің заңды маңызын білуге және реттеуге себін тигізеді.Кәсіпкерліктің түрлері заңдар арқылы белгіленеді, сондықтан олар оның құқықтық негізі болып табылады.

Мысалы, заң жүзінде кәсіпкерліктің түсінігі берілген және жоғарыда аталған субъектілерден басқа да қызмет түрлері мен субъектілер туралы айтылған қызмет түрлеріне мыналар жатады: инновациялық қызмет; ойын бизнесі; шоу бизнес; венчурлік фирмалар; шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымы. Субъектілер: заңды тұлға құрайтын жеке адамдар және қызметкерлердің орташа жылдық саны 50адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің бір түрі ретінде әкімшілік – аумақтық бірліктің меншігі негізінде жүзеге асырылатын қызметті айтуға болады.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні болады дегендей. Белгілі ғалым М.К.Сүлейменовтың айтуы бойынша, ешқандай меншік нысаны болмайды, тек меншіктің түсінігі және меншік құқығы ғана бар. Біздің құқықтық теория бойынша меншік құқығы мүлікті өз ұйғарымы бойынша пайдалану.

Сонда дәстүрлі қалыптасқан түсінік бойынша меншік нысаны үшке бөлінеді: мемлекеттік (республикалық және коммуналдық); ұжымдық (кооперативтік,арендалық,акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б.); азаматтардың (өзіндік және жеке меншік). Қазіргі кезде жеке меншіктің екі түрі көрсетілген : мемлекеттік және жеке меншік (мемлекеттік емес меншік).Жеке меншік азаматтардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың хәне олардың бірлестіктерінің меншігі болып табылады.Ал қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктерінің меншіктерін қайда қосуға болады деген сауалға , жеке меншікке деп айта аламыз.

Ал егер аралас жеке меншік, мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпкерлік болса бақылау пакеті мемлекеттк емес құрылымның қолында болған жағдай да ғана қызмет кәсіпкерлік болып есептелінеді.

Мемлекеттік меншік иесі ретінде кәсіпкерлік қызметтің субьектісі бола алмайды. Сондықтан аралас меншік бар жердегі мемлекеттік заңды тұлға өзінің шаруашылықты жүргізу құқығын жүзеге асырушы кәсіпкер ретінде көрініс табады. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту барысында кәсіпкерлікпен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметтрін бақылап, шектеп отырады.

Ұмытпай тұрғанда, бірден айта кететін жай кәсіпкерлік тек жеке меншікке ғана негізделіп қоймай, сонымен қатар шаруашылықты жүргізу құқығына да негізделеді. Алғашқы кездерде кәсіпкерлік жеке немесе шағын кәсіпорындар деп аталған болатын және заң жүзінде олардың құқығы да белгіленген еді.

Сонымен, кәсіпкерлік қызметтің басты көрінісі оның жеке меншікке негізделе отырып ерікті және еркін сипатта жүзеге асырылуы. Бірақ кәсіпкерретінде мемлекет аумағында жұмыс атқаруына байланысты өз азаматымыз, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға болсын, сондай-ақ қандай дазаңды тұлға болмасын өздерінің жүріс-тұрыстарын зерттейтін заңдарға мойын ұсынулары қажет және олар сол заңмен белгіленген шеңберден шықпауға тиісті:

Енді кәсіпкерлерге берілген кейбір құқықтар жөнінде тоқтала кетейік:

1. ҚР Заңдарына қайшы келмейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай да болмасын түрлерін құру;

2. Өздерінің мүлігімен және заңды негізде алынған мүліктермен өзге щаруашылық субъектілерінің қызметтеріне қатысу;

3. Екі жақтың келісімі бойына заңды тұлғалар мен азаматтардың мүліктерін пайдалану;

4. ҚР Заңдарына қайшы келмейтіндей контракт немесе өзге де шарттар негізінде қандай да болмасын мөлшерде жұмыскерлерді жалдау немесе жұмыстан босату;

5. Банк мекемелерінде өз ақша қаражаттарын сақтау үшін шоттар ашу, есеп айырысу, несиелеу және кассалық операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыру;

6. Жұмыскерлерінің еңбектеріне ақы төлеу нысандарын, жүйесін, және мөлшерін сондай-ақ олардың басқа да табыстарын белгілеу;

7. Шаруашылық қызметтерінің бағдарламасын қалыптастыру, шығарылған өнімді / жұмысты, қызметті / тұтынушылар мен алып жеткізушілерді /сатушыларды/ таңдау және шарт негізінде мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін жұмыстарды және жеткізу қызметтерін орындау;

8. Заңды тікелей көрсетілген жағдайлардан басқа кездерде өз тауарларының /жұмыс, қызметтерінің / тарифтерін, бағасын расйенкаларын өз бетімен белгілеу;

9. Өздерінің меншік нысандарына негізделінген мемлекеттік кәсіпорындарының мүліктерін толығымен немесе жартылай сатып алу, өзге де мүліктерді алу және оларға байланысты мүліктік құқықтарды иелену;

10. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қалған кәсіпкерлік қызметтің табыстарын, пйдаларын еркін пайдалану;

11. Мөлшерлері бойынша шектелмеген табыс алу (табу);

12. Сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы болу және валюталық операцияларды жүзеге асыру;

13. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін өз беттерыімен операцияларды жүзеге асыру;

Негізінде кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелесу рыногының өте маңызды әрі таптырмас факторы болып саналады. Бұл кәсіпкерліктің, әсіресе шағын кәсіпкерліктің басты сипаты қандай да болмасын бағыттағы рынок сұраныстарына өте икемді түрде ат салысуға қабілеттілігінің болуы.

Бұл жерде бірден айта кететін жәйт, кәсіпкерліктің негізгі қағидасы: ‘мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнім шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру’ тек шағын кәсіпкерліктің арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргізіледі. Оның себкбі, біріншіден, рыноктардың қажетті бөліктерінде әрекеттенеді; екіншіден, олар әрқашан тұтынушыларға жақын тұрады; үшіншіден сүраныстарды қанағаттандыруға өте бейімделген; төртіншіден, олардың тұрғылықты халықты жұмыспен қамтамасыз ету; бесіншіден, бұл кәсіпкерлік түрі тікелей кәсіпкердің басқаруымен қызметін жүргізе береді (басқа басқарушы кадрларды қажет қылмайды).

Бірақэкономика аумағында, халық шаруашылығында осындай бір сарынмен жүре беруге тағы болмайды. Демек бұл жағдай шағын, орта және ірі кәсіпорындарды ұтымды ұштастыруды қажет қылады. Осыған орай алға қойылатын мақсат – қазіргі кезеңде кәсіпорынның орташа көлемін төмеедету және жаңа типтегі шаруашылық кешеңін құру арқылы өте икемді, ұсақ(сериялы) өнімдерді шығаруға бейімделген өндірісті өз шығынмен көп өнім шығаруға бірте-бірте ауыстыру. Осы жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді біріктіру мүмкінддігі тек ішкі фирмалық кәсіпкерлік құрылымдарды, яғни шағын, айтарлықтай ерекшеленген толық немесе жартылай құрылған функциялары барбөлімшелер құру жолымен және өндірісті үзбей жаңартып отыру арқасында туындайды.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық базасы ҚР азаматтық кодексі сондай-ақ тағы басқа ҚР Заңдары, Заңға сәйкес нормативтік актілері болып табылады.

Кәсіпкерлікті дамыту проблемаларын шешу жолдары Қазақстан Республикасы Президентінің ‘Қазақстан-2030’ атты көпжылдық бағдарламасында көрініс тапқан болатын. Мысалы, Н.А.Назарбаев ‘үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға; жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорыдар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға тиіспіз... ’, ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттері арзандатамыз;… шағын және орта бизнесті дамытамыз;... қажет көрсету саласын, әсіресе туризмді белсенді дамытамыз деп сратегиялық бағыттарды атап көрсеткен болатын.

Кәсіпкерліктің түсінігін, дамуын, т.б. ерекшеліктерін біршама сипаттап өтсекте, басталу кезеңінде көзделетін мәселелер қалыс қалып қойған сияқты. Мысалы, шағын кәсіпорын – фирманы алайық. Фирманың жұмысын ойдағыдай бастау үшін, кәсіпкер өзінің қызметіне немесе атқаратын міндеттеріне қарамастан рыноктың, макро және макроэкономиканың жалпы негіздерін міндетті түрде білуге тиісті.

Кәсіпкерліктің қағидаттары жөнінде айтарымыз бұл жерде біз көптеген жылдар бойы көрініс табатын тұрақты қағидаттарды көре алмаймыз. Себебі бәрі рыноктың болуына байланысты. Тек қана бір қағида тұрғылықты болып саналады, ол “тұтынушыларды көздей отырып өндіру, қызмет көрсету ”. Жаңағы айтқан шағын фирмамыз кәсіпкерліктің жүйесі ретінде көз алдындағы көп деген байланыстарды мүлт жібермей қадағалап отырады. Сол байланыстардың субъектілері мыналар болып есептелінеді: 1) маңызды бәсекелестер; 2) маңызды сатушылар; 3) маңызды сатып алушылар; 4)коорпорациялар; 5)кәсіподақтар; 6)орталық және жергілікті билік органдары; 7)азаматтық ұйымдар (қоғамдар), т.б.

Шағын фирма көптеген нысаналаулар мен шектеулердің, реттеуші нормалардың, құқықтық талаптардың, әлеуметтік сұраныстардың ішінде қызмет атқарады. Олардың ,ең бастысы, әрине, кәсіпкерлік туралы Заңдар мен заңға сәйкес нормативтік актілер болып табылады. Ал қалғандары: кәсіпкерлік дамыту мақсаты; менеджмент қағидаттары; фирманың даму сатылары және дәстүрі; технология және ғылыми техникалық прогресс; жалпы адамзаттық сипаттағы критерийлер мен құндылықтар және мәдениет.

Фирманың басқару моделіне жоспаанған мәселелерге жету, өндіріс мәдениеті және әлеуметтік әділеттілік талаптарын орындау жатады.

Шағын фирманы дамыту мақсатына рыноктың аясын және фирманың қаржылық тұрақтылығын жатқызуға болады.

Түсінікті етіп айтсақ осы екі жай, яғни рыноктык потенциал менфирманың потенциалы мақсатын белгілеу (көздеу) кезінде есепке алынады. Фирманың потенциалы пайда, айналым, қорлар мен инвестициялар, шағынды өтеу дәрежесі мен сипаты және т.б. болып табылады. Ал рыноктың потенциалы – оның өсу көрсеткіші және фирмадағы үлесі.

Мақсаттар екі түрде көрініс табады : 1)сандық; 2)сапалық;

Сандық мақсатқа мыналар жатады : қаржылық – капитал және өткізу (сату) құрылымы ; экономикалық пайда және рентабельділік, рыноктық айналым, өсу және рыноктағы үлес.

Сапалық мақсаттар мыналар: өнімнің сапасы; фирманың тәуелсіздігі; фирмадағы әлеуметтік жағдайлар.

Басқару механизімінің құрылымы: материалдық шаруашылық; өндіріс (өнім); өткізу; қызметшілер;капитал мен инвестиция; ақпараттан тұрады.

Басқару жүйесіндегі үш функция, әрқашанда, жүзеге асырылады: ұйымдастыру; жоспарлау; бақылау-қадағалау. Жоспарлау екіге бөлінеді стратегиялық жоспарлау, бақылау – қадағалау. Яғни ұзақ мерзімдік мақсаттарға жетуге бағытталған жоспарлау; тікелей жоспарлау – фирмадағы басқарудың орта деңгейін қамтиды, бақылау кәсіпкерліктің әлсіз жақтарын жою, резервтерді ашу және т.б. сияқты қызмет атқарады. Кәсіпкерлікті айтарлықтай жүзеге асыруға тигзетін жоспарлар жүйесі тағы бар.

Олар оздерінің құрлымы мен әзірлену тәртібі бойынша мынадай болып келеді:

  1. Өткізу жоспары бірнеше жылға белгіленеді және тұтынушылар топтары мен рынок есепке алынады.

Айналым жоспары өткізу жоспарының көрсеткіштері бойынша есептелінеді. Саны өнімнің бағасына көбейтіледі. Өндіріс жоспары да өткізу жоспарының көрсеткіштеріне байланысты әзірленеді. Технологиялық принциптер сипатталады және уақыт пен жұмыс күшіне деген мұқтаждық анықталады. Инвестициялар жоспарында қызметкерлер, олардың мамандықтары, төлем тәртібі мен принциптері есептелінеді.

Материалдық-техникалық жабдықтау жоспары өндіріс көлемі мен ассортименттерге байланысты есептелінеді. Материалдық запастар жоспары бойынша ағымдағы материалдық запастар анықталады. Дайын өнімдер запасының жоспары бойынша қоймадағы дайын бұйымдардың запасы анықталады. Қаржылық жоспар бойынша қанша капитал және оларды қайдан алуға болатыны белгіленеді. Тез өткізу жоспары күнделікті қызметті жүзеге асырруға қажетті қаражат мөлшері жөніндегі мәліметтерден тұрады.

Жоспарлық баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның қарыздарымен салыстырудан тұрады.

Осы аталған факторларға қоса, айтарлықтай жетістіктерге жету үшін мына жайларды білу қажет: 1) шағын фирма шығаратын өнімдер мен тауарларға және көрсететін қызметтерге деген сол аумақтағы өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және халықтың нақты және болжамдалатын мұқтаждықтарын анықтау; 2) стратегиялық мақсаттарды есепке ала отырып фирманың оны қанағаттандыру жөніндегі мүмкіндігін есептеу (талдау); 3) ұтымды, тиімді түрде жарнаманы пайдалану; 4) көрсетілетін қызметтің және өндіретін өнімнің түрлерін тізіммен кеңейту; 5) өнімдерді ойдағыдай өткізуді және қызмет аясын кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында әріптестермен келіссөз жүргізу.

Шағын кәсіпорынның ақпаратты қамтамасыз ету жүйесі оны ғылыми – техникалық және экономикалық информациялармен қамтамасыз етуге міндетті. Қаржылық жүйенің (бухгалтерияның) міндеттері қаржы ресурстарын алу және тиімді пайдалану. Юридикалық жүйе (заң бөлімі немесе юристконсульт) кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін және оның мүдделерін қамтамасыз етуге арналған. әрине осы аталған жүцйелердің бәрін әр жерде, әр уақытта пайдалана беруге болады деп тұжырымдай алмаймыз. Мысалы, қандай да болмасын ірі акционерлік қоғамда мына келесідей құрылымдық бөлімшілер құрылады: 1) секретарияты (көмекшілері, референттері, сараптамашылары, секретарлары және т.б.) бар дерекция; 2) кадрлармен қамтамасыз ету бөлімін қосқанда ұйымдастыру қызметі; 3) экономистер мен бухгалтерлерді қосқанда экономикалық және қаржылық қызмет; 4) менежмент және маркетинг бөлімдері; 5) заң жағынан қамтамасыз ету қызьеті; 6) бақылау және контрактілермен қамтамасыз ету қызметі; 7) материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету қызметі; 8) ішкі қауіпсіздік қызметі.

Бұл жүйе жаңа жоғарыда айтқанымыздай орта немесе ірі кәсіпкерлікке арналған.

АҚШ ұсақ бизнес жөніндегі әкімшілік-кәсіпкердің ойында мынадай қсиеттер болу керек деп санайды: 1) ойлау қабілеттілігі; 2) күш-қуаты, жұмысты істеткізу қабілеттілігі; 3) адамдармен өара қатынастарын құру қабілеттілігі; 4) икемділік, кіммен болса да тіл таба білу қабілеттілігі; 5) техника мен технологияны білу. Осы қасиеттерге ие болу кәсіпкерлікті ойдағыдай жүзеге асыруға көмектеседі.

Жоғарыда сипаттап өткен факторлардың бәрі кәсіпкерлікті шағын, орта түрінде дамытуға, жүргізуге бағытталғанын байқадық. Енді аздап кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысанын таңдау жөнінде шешім қабылдауға ықпал ететін фактолрларға тоқталамыз.

Қандай да болмасын ұйымдық – құқықтық нысанды таңдау жөнінде шешім қабылдау кезінде икәсіпкер : біріншіден, мемлекеттегі ағымдағы заңдардың, болашақ кәсіпкерлік қызметтің мәніне, әріптестер (партнерлер) шеңберіне, өнім шығару немесе қызмет көрсету бағыттарына байланысты келешектерінің көлемі мен деңгейін анықтайды; екіншіден, құрылатын кәсіпорынның жарғылық қорының қалыптастырылу нысаны туралы мәселені шешеді. Бұған қома құрылып жатқан кәсіпорынның меншік нысаны жөнінде де шешім қабылданады; үшіншіден, құрылып жатқан кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өте тиімді нысаны және осы кәсіпорында басқару схемасын таңдайды; төртіншіден, жоғарыда аталған жайлар бойынша таңдауларды кәсіпкерлік құқыққа негіздейді. Себебі кәсіпкерлік құқық шаруашылық құқығының өте маңызды құрамдық бөлігі болып саналады. Кәсіпкердің мәртебесі (статусы) ол мемлекеттік тіркеуден кәсіпкерлік қызметтің субъектісі ретінде өткен кезде белгіленеді, қазіргі кезде кәсіпкердің құқықтық мәртебесінің екі нысаны бар деп айта аламыз. Құқықтық мәртебесі жеке кәсіпкер және коммерциялық емес болып бөлінеді. Заңды тұлға мына төмендегідей белгілі бір құқықтық ерекшеліктерімен немесе белгілерімен сипатталады: 1)өзінің міндеттемелері бойынша өзінің ерекшеленген мүліктерімен жауап береді ; 2)ерекшеленген мүлкі бар ; 3)жеке балансы бар; 4)жеке есеп айырысу шоты бар; 5)өзіне артылған міндеті бар; 6)сотта жауапкер немесе талап етуші бола алады; 7)бірыңғай Қазақстандық заңды тұлғалардың мемлекеттік реестріне енгізілген; 8)мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін азаматтық құқықтары бар; 9)өкілдік, филиал, бөлімше сияқты ерекшеленген құрылымдық бөлімдері бар.

Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді деп айтып өткенбіз. Енді оларды жекелеп сипаттап көрейік.

Коммерциялық ұйымдарға шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер, шаруашылық ұйымдары, мемлекеттік немесе мунципалдық дербес кәсіпорындар жатады.

Ал коммерциялық емес ұйымдардың негізгі нысандары мынадай болып келеді:тұтыну кооперативтері; қоғамдық ұйымдар; діни ұйымдар; қайырымдылық және өзге қорлар; меншік иесі толығымен немесе жартылай қаржыландыратын мекеме және т.б.

Сонымен коммерциялық үйымдар деп негізгі мақсаттары пайда табу және оны құрылтайшылар арасында бөлу болып табылатын заңды тұлғаларды айтамыз.

Коммерциялық емес ұйымдардың мақсаты тапқан пайданы өздерін дамытуға және жарғыда көрсетілген бағыттарға жұмсау.

Шағын және орта кәсіпорында ашу қызмет атқару барысында, міне жоғырыдағыдай факторларды және т.б. есепке алуға тура келеді. Бірақ кейбір жағдайларда кәсіпкерлік қызмет аясына басқаша, яғни құрылған және жұмыс істеп жатқан кәсіпорынды сатып алу арқылы келуге болады. Бұл нысан дүние жүзінде өте кең тараған. Кәсіпорынды сатып алу кезінде алушы болашақ кәсіпкерге, оның құзырына меншікпен қоса құқықтар мен міндеттер де ауысады. Сатып алушы алдында, бұл жерде екі проблема туындайды. 1)кәсіпорынның құнын бағалау; 2)сатып алу – сату кезінде жасалған мәселелер арқылы кәсіпорынның заңды тұлға ретіндегі міндеттемелерін (қаржылық және қарызы жөніндегі міндеттемелері) айқындау.

Кәсіпорынды сатып алу әралуан нысанда жүргізілуі мүмкін. Мысалы : 1)баланстық құны бойынша; 2)аукцион арқылы сатып алу; 3)пайдалылығына қарай сатып алу; 4)тіркелген, бірақ әлі қызмет атқармаған кәсіпорынды сатып алу.

Сонымен Қазақстанда кәсіпкерліктің іргетасын қалауға себеп болған және дамуының арқауы ретінде құқықтық базасы болып себін тигізген мына заңдарды айтып өтуге тиістіміз : Қазақ ҚСР–ның 1990жылғы 11 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасындағы шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы Заңы; Қазақ КСР-інің 1990 жылғы 15желтоқсандағы “меншік туралы” Заңы ;/ Бұл заңға 1993 жылғы9 сәуірде қабылданған заң арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын/; Қазақ КСР-нің 1991 жылғы13ақпандағы “кәсіпорындар туралы” Заңы/ Бұл заңға да екі мәрте 1992жылы 23желтоқсанда және 1993жылы 14сәуірде қабылданған заңдарға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын/; Қазақстан Республикасының 1992жылғы 4шілдедегі “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы”Заң; Қазақстан Республикасы президентінің 1995жылғы 2мамырдағы “Шаруашылық серіктестігі туралы”заң күші бар Жарлығы; Қазақстан Республикасының Президентінің 1995жылғы 5қазандағы “Өндірістік кооператив туралы” заң күші бар Жарлығы; Қазақстан Республикасының 1997жылғы 19маусымдағы “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”Заңы; Қазақстан Республикасының 1998жылғы 10шілдедегі “Акционерлік қоғамдар туралы ”Заңы және т.б.