- •1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми теориялық, әдістемелік негіздері.
- •Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері, түрлері оның қызмет ету ерекшеліктері
- •Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.[5]
- •1.2. Кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық және экономикалық–ұйымдық нысандары
- •1.3 Әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
- •2 Қазақстан республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы және оны қолдаудағы мемлекеттік саясат
- •2.1 Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің дамуының құқықтық, экономикалық негіздері
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
- •2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы оны мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •2.3 Қр шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының әлеуметік-экономикалық аспектілері......................................................................
- •2.4 Қр шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту перспективасы..........................................................................................
2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы оны мемлекеттік қолдау бағыттары.
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі – өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономикасының тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектісінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік – экономикалық шарттары қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге “Қазақ КСР – індегі шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы” туралы заңның қабылдануына жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.
Республикамызда кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Атап айтқанда, алғашқы құжаттардың бірі болып “Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы” заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады [11]. Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау жөнінде мемлекет тарапынан мынадай жолдар мен тәсілдер ұсынылған:
• жеке кәсіпкерлерге кредитті жеңілдік шартымен беру;
• жеке кәсіпкерліктің аялары мен өте қажетті бағыттарын айқындай және осы
негізде салық салу жеңілдігін белгілеу;
• жеке кәсіпкерлікке сыртқы экономикалық аясында жеңілдік жағдайын жасау;
• жеке кәсіпкерлік қызметтің субъектілерін мемлекеттік ақпарат жүйесімен
қамтамасыз етуді құру және дамыту;
• жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі шараларды қаржыландыру.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға негізделген, дамыған экономикасы бар демократиялық мемлекет құруға бағытталған саяси курсы нарықтық қатынастарды тереңдете түрлендіруге және кәсіпкерліктің дамуына кепіл болып отыр.
Жеке меншіктің экономикада орын алуына байланысты мемлекет аумағында кәсіпкерлік екі нысанда, яғни жеке және мемлекеттік нысанда дамыды. Мемлекеттік кәсіпкерлікті мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындарын кәсіпкерлік қағидалар негізінде қызмет атқарады.
Шағын кәсіпкерлік және орта кәсіпкерлікті дамыту, қолдау және қорғау бүгінгі таңда мемлекет алдында өзекті мәселенің бірі болып отыр. Бұл бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту қызметі тек мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру негізінде ғана емес, сонымен бірге жаңадан құрылған кәсіпкерлік құрылымдар есебінен жүзеге асырылуға тиісті.
Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметті қолдау мынадай негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады:
• шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кадрларды даярлауды, қайта даярлауды
және олардың бірліктерін арттыруды ұйымдастыру;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық,
материалды – техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми –
техникалық талдамалар мен технологияларды пайдалануына жеңілдікті
жағдайлар жасау;
• шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензиялау –
дың, олардың өнімін сертификаттаудың жеңілдетілген тәртібін белгілеу;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды
оның ішінде шет ел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
• шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық с алудың, кеден бажын төлеудің
жеңілдікті режимін қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимін
белгілеу;
• қаржы көздерін анықтай отырып, шағын кәсіпкерлік с убъектілеріне несие
берудің арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерін шетелдік ә ріптестерімен сауда, ғылыми –
техникалық, өндірістік және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда,
олардың сыртқы экономикалық қызметін қолдау;
• өнімдер өндіруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуды
орналастырған кезде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылықтар беру
[12].
1994 жылдың 10 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлікті қолдану мен дамытудың 1994–1996 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осы саланы дамыту жөніндегі алғашқы ресми құжат еді.
Бағдарламаның басты мақсаты – экономиканың қуатты жеке секторын, жеке кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын кәсіпкерліктің, жетік инфрақұрылымын қалыптастыруға қолайлы құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, қаржы және ұйымдық жағдайлар жасау делінді. Бағдарламада кәсіпкерліктің тұрақты заң базасын жасау, жеке сектордың мемлекеттік кредит ресурстарын, пайдаланылмай жатқан өндірістік ғимараттарды, жабдықтарды алуын қамтамасыз ететін тетіктер жасау, кәсіпкерлікті дамытуға шетел инвестицияларын тартуға қолайлы жағдайлар туғызу сияқты міндеттерді шешу көзделді. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтің басым бағыттары да анықталды.
Бұдан кейін келесі 1995 жылғы 20 маусымда “Шағын бизнес орталықтарының республикалық желісін құру мен дамыту” бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаның басты мақсаты – шағын бизнестің кең дамыған құрылымын құру арқылы шағын өндіріс кәсіпорындарына қолайлы жағдай жасау делінді. Осы мақсатқа жету үшін шағын бизнес инфрақұрылымының институты ретінде шағын бизнес орталықтарын құру және қалыптастыру, шағын бизнесті ақпараттық қызмет көрсету ісімен қамтамасыз ету, шағын өндіріс кәсіпорындарын өндіріс үйлерімен, жер учаскелерімен, жабдықпен, шикізат және материалдармен қамтамасыз ету, олардың арасында кооперацияны дамытуға жәрдемдесу, оларға консультация, заң және байланыс қызметін көрсету, кәсіпкер кадрлар даярлау, шетел инвестицияларын тарту, іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешу белгіленді.
Келесі үшінші құжат Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы желтоқсанның 31-індегі Жарлығымен бекітілген 1999–2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемелекеттік бағдарламасы болды.
Бағдарламаның басты мақсаттары – шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың түрлі салаларында оның үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, нақты бәсекелестік орта жасау, қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын қалыптастыру деп белгіленді.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу көзделді:
• нарық инфрақұрылымының тиімді институттарын қалыптастыру және дамыту
• жеке сектордың несие ресурстарына қол жеткізу тетіктерін пысықтау;
• шағын бизнеске арналған кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін
арттыру жүйесін ұйымдастыру;
• шағын кәсіпкерлікті қорғау және дамыту саласындағы нормативтік және
құқықтық актілерді жетілдіру;
• өндірістік, қаржылық, инновациялық және басқа салалардағы шағын бизнесті
қолдау және дамыту;
• шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелеріндегі үкіметтік емес
ұйымдардың рөлін күшейту.
Осы бағдарламада бұрынғы екі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 1992 жылдан бастап Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының негізін қалауға мүмкіндік берді деп атап көрсетілді. 2001 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, бірінші кезекте, оны одан әрі тұрақты дамытуға, экономикалық нақты секторында шағын бизнестің үлесін арттыруға, жаңа жұмыс орындары санын өсіруге, қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелері бұқарасының рөлін күшейтуге бағытталуы тиіс делінген. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізігі бағыттарының бірі шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Заңнамамен және нормативтік құқықтық кесімдердің орындалуына тиімді бақылау жасау, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеру, дауларды шешу практикасын жетілдіру жолымен қамтамасыз етілуі мүмкін қолайлылық тудырудың құқықтық режимін орнату екені атап көрсетілген.
Шағын кәсіпкерлікті қаржы – несиелік және инвестициялық қолдаудың тетіктері:
• мақсатты мемлекеттік қарыздарды конкурстық негізді тарту есебінен екінші
деңгейдегі банкілердің басым секторларға несие беруі;
• шағын бизнес субъектілеріне, әсіресе өндірістік қызметпен шұғылданушы –
ларға екінші деңгейдегі банкілер беріп отырған несиелерге аймақтарда
коммуналдық меншік объектілерінен кепілдік қорларын қалыптастыру
негізінде жергілікті атқарушы органдардың кепілдік беру жүйесін енгізу және
дамыту;
• көрсетілген мақсаттарға тиісті жылдың республикалық бюджетінде қаражат
көзделген жағдайда, жобаларды екінші деңгейдегі банкілермен бірлесе
отырып, бюджеттік ортақ қаржыландыру;
• ауыл шаруашылық несиелік одақтар жүйесін құру болып айқындалды.
Мемлекеттік қолдаудың пәрменді шараларының бірі өндіріс және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыру делінген.
2001 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001–2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл енді төртінші бағдарлама еді.
Бағдарламаның басты мақсаты – шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру делінген. Сондай-ақ, оның міндеттері халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту, шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласындағы басымдықты дамыту, шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлікті субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып белгіленді.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына қатысы бар тағы бір құжат – 2001 жылғы 17 шілдеде қабылданған “Тоқтап тұрған кәсіпорындарды және тиімділігі шамалы өндірістерді саралаудың, кейіннен оларды белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берудің 2001–2005 жылдарға арналған салалық” бағдарламасы еді.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде қабылданған құжаттар ішінен Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы” 1997 жылғы 6 наурыздағы және “Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы” 1998 жылғы 27 сәуірдегі Жарлықтарын атап өтуге болады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен үкіметі қабылдаған ресми құжаттарға және олар атқарған нақты істерге қысқаша талдау жасаған соң, енді осы саланың бүгінгі қалыптасқан жағдайы жайлы біраз нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық тіркелім деректерінде республика бойынша 2004 жылы желтоқсан айының 1-жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркелген кәсіпорындардың 72 пайызға жақыны жұмыс істейтін кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 52,1 мыңнан астамы қараша айында белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды.
Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың белсенді көпшілігі (40,8 пайызы) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8 пайыз) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,3 пайыз) тиесілі.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2004 жылғы 1 желтоқсанға е септелген дерек бойынша 523,2 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2004 жылдың 1 ақпанындағы деңгейден 11,1 пайызға артты.
Есептелген дерек бойынша 2004 жылғы қараша айында өткізілген өнімнен түскен табыс 55617,1 млн. теңге болды, бұл көрсеткіш 2004 жылғы қаңтар айындағы деңгейден 15,8 пайызға жоғары.
Шағын бизнес кәсіпорындарын экономикалық қызмет түрлері бойынша алып қарасақ, оны келесі деректерден көреміз. 2004 жылдың 1 желтоқсанына барлық тіркелген кәсіпорындар саны 143,6 мың, одан жұмыс істейтіндері 103,0 мың екен, соның ішінде тиісінше ауыл шаруашылығына, аң және орман шаруашылығында – 9,6 мың және 7,2 мың, өнеркәсіпте – 16,3 мың және 11,6 мың, құрылыста – 18,0 мың және 14,5 мың, саудада, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүлігін жөндеуде – 67,6 мың және 45,0 мың, жылжымайтын мүліктермен операция жасауда, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсетуде – 15,9 мың шағын кәсіпорын бар.
Ал енді жеке өңірлер бойынша алып қарасақ, онда Алматы қаласында тіркелген шағын кәсіпорындар саны 50,6 мың, жұмыс істейтіні 31,7 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында тиісінше – 13,1 мың және 9,0 мың, Астана қаласында – 11,8 мың және 9,8 мың, Шығыс Қазақстан облысында – 9,4 мың және 6,8 мың, Қарағанды облысында – 9,1 мың және 6,5 мың шағын кәсіпорын бар және жұмыс істейді.
Шағын бизнес, сондай-ақ республика жеке кәсіпкерліктің дамуымен сипатталады. Жеке кәсіпкерлерге заңды тұлғалықты құрмай-ақ, жеке тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысатындар жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дерктері бойынша тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлердің 2004 жылғы 1 қазанға саны 303,8 мың адам, одан жұмыс істеп тұрғандары 230,8 мың адам, олардағы жалдамалы жұмыскерлер саны 219,8 мың адам.
Ауыл шаруашылық саласында шағын бизнес шаруа қожалықтарының дамуымен сипатталады. 2004 жылдың 1 желтоқсанында республикада 174,6 мыңнан астам шаруашылық тіркеліпті, олардың 83,6 пайызы жұмыс істеп тұрғандар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қолында малы бар немесе егістік жерді пайдаланушы шаруашылықтар жатады. Тіркелген 174,6 мың және жұмыс істеп тұрған 146,1 мың шаруа қожалығының тиісінше 66,2 мың және 59,8 мыңы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиесілі, 40,8 мың және 35,1 мыңы Алматы облысына, 13,9 мың және 13,2 мыңы Шығыс Қазақстан облысына, 12,5 мың және 9,7 мыңы Жамбыл облысына тиесілі.
Бүгінде шағын кәсіпкерлікті одан әрі қарқынырақ дамыта түсу үшін үкімет өткен жылдар қабылданған шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептерін терең зерттеп, талдап, соларды енді болдырмауды ескере отырып алдағы уақытта тағы бір үш жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылдау керек сияқты.
Бұл бағдарламада шағын кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан Республикасын Индустриялық – инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясына, оны жүзеге асыруға бағытталған іс – шараларға тығыз байланысты болуға тиіс. Өйткені шағын кәсіпорындар, шағын кәсіпкерлік өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарына, мәселен машина жасау зауыттарына жекелеме бөлшектерді әзірлеп, даярлап беру арқылы, солардың төңірегінде дамиды [13].
