- •1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми теориялық, әдістемелік негіздері.
- •Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері, түрлері оның қызмет ету ерекшеліктері
- •Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.[5]
- •1.2. Кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық және экономикалық–ұйымдық нысандары
- •1.3 Әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
- •2 Қазақстан республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы және оны қолдаудағы мемлекеттік саясат
- •2.1 Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің дамуының құқықтық, экономикалық негіздері
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
- •2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы оны мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •2.3 Қр шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының әлеуметік-экономикалық аспектілері......................................................................
- •2.4 Қр шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту перспективасы..........................................................................................
1.2. Кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық және экономикалық–ұйымдық нысандары
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізі—кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастырды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнімдерді өндіреді, жұмыстарды атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.
Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады.
Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.
Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық формалары бар:
-серіктестік
-акционерлік қоғам
-кооператив;
Серіктестік—кәсіпорынын иемдену және басқару туралы екі немесе көп адамдар келіскенде бизнесті ұйымдастыру нысаны.
«Шаруашылық серіктестері және акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес шаруашылық серіктестіктердің мына келесідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған еді. Олар:
Толық серіктестік—жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса, белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде қажетті күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін тізімге алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы мүшелермен қатар енгенге дейінгі қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады. Әдетте толық серіктестіктерді заңды тұлғалар құрайды.
Аралас серіктестік—толық серіктестіктің өзгерген формасы. Мұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктерімен тәуелділік етіп отырған қатысушы қоғамның ішкі мүшесі немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы қатынасушылар немесе командистер деп аталады. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және ел өкілеттік қызмет атқарады. Фирманың ішкі өзара қызметін командистер келісім арқылы жүзеге асырады. Қоғам сыртқы қатысушылардың қосқан үлес сомасына акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды—акционерлік командистер, ал қоғамды акционерлік командит деп атайды.
Командитті серіктестікке салық тұрғысынан қарағанда шектеулі жауапкершілігі бар қоғам қабылданды. Мұндай құрылым шектеулі жауапкершілігі бар командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы салық төлеу тұрғысынан ол серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан шектеусіз жауапкершілігін шектеулі қоғамға тарата алады, сөйтіп жауапкершілікті шектеу арнасынан өтеді, әдетте, олардың капиталы да көп болмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік—алдын ала белгіленген пайдашылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелерін орындау жауапкершіліктері жоқ, тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды.
Жауапкершілігі шектеулі қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек, онда фирманың аты, мекен-жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты негізгі капитал мөлшері, қоғам мөлшерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар формасында заттық үлестері болуы да мүмкін.
Қоғам мүшелерінің құқы жылына бір рет немесе екі рет өткізілетін қоғам мүшелерінің жиналысында анықталады, одан әрі даму алады. Жиналыстың маңызды шешімдер қабылдау құқы бар, атап айтқанда, жылдық балансты бекітеді, пайданы мақсатты, орынды пайдалануды анықтайды, шығындарды қысқартады, қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды, оған әр қилы мәселелер бойынша тапсырмалар жүктейді. Қоғамның жұмысына бақылауды комиссия жүргізеді, оның мүшелерін жалпы жиналыспен тағайындайды.
Акционерлік қоғам—бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы бар. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлік бола алады. Акционерлік қоғамды құру үшін серіктестік келісім шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы деп атайды, оны нотариус куәләндіруі керек. Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды. Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі керек. Экономикалық көзқарас тұрғысынан акция деп отырғанымыз бағалы қағаз, онда қоғам мүліктері белгілі бір мөлшерде есепке алынған. Акциялардың жай, тартымды, атаулы және ұсынушыға арналған түрлері болады. Биржаларда сатылатын және сатып алынатын акцияларды курс бағасын көрсетіп биржа котировкасында жариялайды. Акционерлік құқы жылына бір-екі рет жиналатын акционерлердің жалпы жиналысы арқылы шешіледі. Жалпы жиналыс жылдық баланс бойынша, пайцданы пайдалану жөнінде, басқарма мүшелерін өз міндеттерінен босату, қоғамның негізгі капиталын көбейту немесе азайту туралы шешім қабылдайды. Акционерлік қоғам екі типте, яғни жабық және ашық болады.
Ашық типтегі акционерлік қоғам. Кәсіпорында жеке адам да сатып ала алатын қоғамның акцияларын еркін сату жолымен таралатын, яғни көп көлемді капиталды қажет еткен жағдайда құрылатын қоғам.
Жабық типтегі акционерлік қоғам іс жүзінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік десе де болғандай. Республикамыздың «Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы» заңында жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен жабық типтегі акционерлік қоғамға бірдей анықтама берілген. Жабық қоғам ашық типтегі акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен өзгеше, яғни акционерлік қоғамның акциясын сатып алуда акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады.
Акционерлік қоғамның кеңінен өріс алуы капитализмнің дамуымен және күрделі шаруашылық мәселелерін шешуде ірі мөлшерде капиталды шоғырландыру мүмкіндігіне байланысты. акционерлік қоғамның басқа серіктестермен салыстырғанды артықшылығы бағалы қағаздарды сатып алу, сатумен байланысты рыноктың болуы. Осы жағдайлардың барлығы акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етті. [7]
«Акционерлік қоғамдар туралы» 1998 жылдың 10 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жабық және ашық типтегі акционерлік қоғамдар қайта құру жолымен (бірігу, қосылу, бөліну) құрылуы мүмкін.
ЖАҚ-ды және ААҚ-ды ұйымдастырушылар оны ұйымдастыруға шешім қабылдаған заңды тұлға немесе қоғамның құқылы мүшесі болуы мүмкін. Олар акционерлік қоғамды құруға және мемлекеттік тіркеуге дейін пайда болған міндеттемелерге байланысты жауапты. [8]
Кооператив—бұл қоғамның қызметі принципіне табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуы осы кәсіпкерлік формаға тән жағдай.
Кооперативтің салыстырмалы түрде үлес салмағының аз болуы мына себептерге байланысты, ең алдымен, кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау тенденциясы байқалады, ол болса өндіріс тиімділігін төмендетеді, инновациялық процеске кедергі жасайды, құрылымдық қайта құруды қиындатады. Бір жағынан бұл форманың артықшылығы олардың ішіндегі маңыздысы меншік пен еңбектің бірлігінен туындайтын жоғары мотивациялық тиімділік. Алайда бұл тиімділік иесіз, ұжым меншігінің орнына, сол ұжым мүшелерінің меншігін енгізсе ғана көрініс алады. [7]
Қазақстанда нарықтық экономикаға өтудің алғашқы жылдарында коммерциялық кәсіпкерлік кең таралып, қарқынды дамыды. Ол тауарлар мен қызметтерді сатып алу -сату келісімдерімен және операцияларымен сипатталады. Мұнда қысқа мерзімде пайда табу мүмкіндігі бар. Кәсіпкерліктің бұл сферасы жеке және жекеменшік кәсіпкерлік түрінде тез қарқынмен дамыды. Егер өндірістік кәсіпкерлік қызмет шамамен кәсіпорынның 10-20% пайдалылығын қамтамассыз етсе, ксммерциялық кәсіпкерлік қызметі 20-30%, ал кейде одан да жоғары көрсеткіштерге жетуі мүмкін.
Экономикалық-ұйымдық формаларына байланысты |
Концерн |
|
Ассоциация |
|
|
Синдикат |
|
|
Картель |
|
|
Қаржылық-өнеркәсіптік топ |
|
|
Құқықтық-ұйымдық формаларына байланысты |
Серіктестік |
Толық, аралас, шектеулі |
Акционерлік қоғам |
Жабық, ашық |
|
кооператив |
|
Кәсіпкерліктің негізгі экономикалық-ұйымдық формаларына: концернді, ассоциацияларды, картельдерді, синдикаттарды жіне қаржылық-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.
Ассоциация. Кәсіпорындардың, мекемелердің экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық, мәдени мүдделері негізінде бірігуі. Бұлар шаруашылық есеп өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде бірыңғай экономикалық, әлеуметтік мәдениет саясатын жүзеге асыру мақсатында ерікті түрде бірігеді.
Картель. Монополистік бірлестіктің бір түрі. Оған қатысушылар монополистік пайда табу мақсатымен баға, тауар өткізу рыноктары, өндіріс көлемі, төлем жүргізу тәртібі, жұмысшыларды жалдау шарты туралы өзара шарт жасайды.
Концерн. Көптеген сауда өнеркәсіп орындарының қаржы жөнінен бірыңғай басшылықта болып, капиталистік монополиялардың бір формасы ретінде бірігуі.
Синдикат. Монополистік бірлестіктің неғұрлым жоғарғы сатысы. Синдикатқа кіретін кәсіпорындар өндірісті өздері дербес жүргізеді, бірақ коммерциялық дербестігінен айырылады. Синдикатқа қатысушылар өнімді өздері өткізбейді, шикізатты өздері сатып алмайды, бұл үшін ортақ сауда аппаратын құрады.
Қаржылық-өнеркәсіптік топтар. Өнеркәсіптік кәсіпорындардын, банктерден, сауда үйлерінен, құрылыс фирмаларынан, сақтандыру компаниялардын тұратын бірлестіктің немесе ассоциациялардың формасы. [9]
