Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіпкер дип.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380 Кб
Скачать
☆

1.3 Әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары

Кәсіпкерлік мемлекет экономикасының басты элементі болып есептелінеді, себебі ол өндіріс аясында экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметпен ерекшелінеді. Мемлекеттің өзі саяси биліктің субъектісі және мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік қызметтерге араласпайды, ол тек әзірше (мүмкіндігінше толығымен жетілдірілген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкерлік қызметке араласады.

Америка Құрама Штаттарының кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері. АҚШ – та капитал кәсіпкерлік ассоциацияларда, соның ішінде кең тараған түрлерінің бірі салалық кәсіпкерлік ассоциацияларда жинақталады. Ассоциациялар компанияларға (жекелеген бизнесмендерге, корпорацияларға, фирмаларға) қаржы есептерін жасауға, бюджетті жоспарлауға көмектеседі, олар баға белгілеу процесін қарастырады, нарықтық конъюктураны зерттеп, коммерциялық жарнама тиімділігінін ұлғайту үшін жаңа әдіс – тәсілдер іздейді.

АҚШ – та “іскер бірлік” деп аталып кеткен кәсіпорындарды меншік формасына және ұйымдық – құқықтық дәрежесіне байланысты оларды үш категорияға бөліп қарастыруға болады: корпорациялар, серіктестіктер және жеке компаниялар. Соңғысы, яғни жеке компаниялар кәсіпкерліктің классикалық формасы болып табылатын жеке меншік кәсіпкерлік фирмасының ары қарай дамуына бастама болып, жағдай жасайды. Мұндай компания белгілі бір заңды тұлғаның жеке меншігінде болады.

Ірі және кіші кәсіпорындардың жеңілдетілген серіктестік формасы – франчайзинг Құрама Штаттарында кең ауқымда дамыды. Франчайзингтің негізгі мақсаты – кіші бизнесті дамыту барысында қаржы, материалдық, ақпараттық және адам ресурстарын толығымен қолдану болып табылады.

Өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ – та жеке және ұжымдық инновациялық бизнестің қарқынды дамуымен сипатталады. Кіші инновациялық өндіріс кішігірім инновациялық кәсіпорын, яғни зерттеушілер, ғалымдар, инженерлер еңбегінің негізінде ұйымдастырылды. Көптеген кішігірім инновациялық кәсіпорындар дәстүрлі ғылыми – зерттеу және конструкторлық өндірістік корпорациялар комплексінің, университеттердің, пайда түсірмейтін зерттеу мекемелерінің жұмысына толықтырулар енгізіп, оларды табысқа жетеледі. Осындай мекемелерге қарағанда шикізаттық қамтамасыз ету нашарлығына қарамастан, ғылыми – техникалық прогресс сферасында кішігірім фирмалар ғылыми – техникалық қызметкерлердің талабы мен шығармашылық потенциалын максималды пайдалан отырып, көздеген мақсатына жетеді.

АҚШ тәжірибесі көрсеткеніндей, толық шикізаттық қамтамасыз етілмеу жағдайында кішігірім инновациялық бизнес өз ісін ары қарай жалғастыру үшін оны қолдайтын өзіндік жүйе ұйымдастыру керек. Оның негізгі бағыттары мынадай:

• Қаржылық қолдау;

• Материалды – техникалық қолдау;

• Ақпараттық қолдау;

• Кеңес беру.

Берілген жүйені іске асыру үшін бүгінгі күнде федералдық үкіметтің, жергілікті билік органдарының, қоғамның, университеттердің, жеке бизнестің жігері бағытталған.

Кіші фирмалардың қаржы құралдарын алуда және қолдануда жеңілдік жасауға бағытталған қаржы ағынын реттеу кіші бизнеске қатысты мемлекеттің инновациялық саясатының негізі болып отыр. Мұнда бюджеттен мақсатты субсидиялау және кіші фирмалардың инновациялық қызметін қаржыландыруға жеке капиталды тарту сияқты екі бағыт ерекшеленеді.

• Мақсатты бюджеттік қаржыландыру қайтарылмайтын субсидиялау түрінде жеңілдетілген қарыз беру және жаңа өнім мен технологияларды жетілдіру үшін келісім шарт жасау арқылы жүргізіледі.

• Кіші инновациялық бизнеске қатысты мемлекеттің инновациялық

саясатының маңызды бағыттарының бірі федералдық үкімет деңгейінде қаржыландыруға жеке капиталды тарту арқылы жүргізіледі.

Жапонияның кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері.

Жапонияда кіші және орташа кәсіпорындар өндірістің өңдеуші салаларының негізін құрайды. Мұнда еңбекақысын төлеудің ұдайы жүйесі кең таралған. Кіші және орташа кәсіпорындарды көбіне әлеуметтік несиелік кооперативтер қаржыландырады. Кәсіпорынды басқарудың жапондық жүйесінің кәсіпкерлікті дамыту және жоғары табыстылығы мен қызметкерлерін қамқорлыққа алу сияқты бағыттары оның тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

Барлық маңызды көрсеткіштер бойынша Жапонияда барлық коллектив түріндегі ұжымдық кәсіпкерлік басым болып келеді. Жапондық басқарушылар мен басқа да қызметкерлердің өзінің фирмасымен идентификация дәрежесі жоғары. Фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды, жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіріп, оларды басқаруға және шешім қабылдауға тартады. Дегенмен, маңызды кәсіпкерлік шешімдерді әдетте осы мәселені қарастыру барысында төменгі сатыдағы топтардың міндетті қатысуымен жоғары басшылар қабылдайды.

Ресей Федерациясының кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазіргі таңда Ресейде жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік проблема – халықтың өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы “тұтынушыға қызмет ету” режиміне ауыстыру керек. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл бастама, толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық конъюктурасын бақылау мен қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау мәселелерін талдау.

90 – жылдардың басында Ресейде шағын кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорындардан бөліну нәтижесінде қалыптаса бастады. Бастапқы кезде шағын кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылды. Қазіргі уақытта мұнда Ресейдің Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкерлік қызметтің мынадай құқықтық – ұйымдық нысандары құрылуда: шаруашылық серіктестік пен қоғамдар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар.

Шағын бизнесті дамыту мен шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Ресей Федерациясы Үкіметінің Министрлер Кеңесі бірқатар арнайы заңдар мен нормативті актілерді қабылдады. “Ресей Федерациясындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы іс – шаралар туралы” жарғысына сәйкес шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясаты экономикалық реформаның маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады [10].