- •Жедел бүйрек зақымдалуы
- •Алматы 2012
- •Мазмұны
- •Жедел бүйрек зақымдалуының (жбз) анықтамасы.
- •Жедел бүйрек зақымдануының себебі және жіктелуі.
- •Жедел бүйрек зақымдалуының патогенезі.
- •Преренальді бжз
- •Жтн патофизиологиясы
- •7 Сурет. Ишемиялық және токсикалық бжз патофизиологиясы
- •Постренальді жбз-нің патогенезі
- •Жбз клиникасы және диагностикасы
- •6 Сурет. Жтн патофизиологиясы
- •Преренальді және ренальді жбз-ның дифференциальды диагностикасы
- •Зерттеудің визуалді әдістері
- •Преренальды жедел бүйрек зақымдалуы
- •Контраст-индуцирленген нефропатия
- •7 Кесте Mehran (jacc, 2004) бойынша контрастты нефропатияның қауіп шкаласы
- •Метаболиттік ацидозды коррекциялау
- •Гиперкалиемия коррекциясы
- •Гипонатриемия коррекциясы
- •Диализдік терапия
Метаболиттік ацидозды коррекциялау
Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік көрсеткіштері бақыланып отыруы қажет және олардың бұзылыстарын емдеу ацидемия және алкалиемия түрлеріне байланысты. БЖЗ себептеріне және сатыларына байланысты әртүрлі варианттары болуы мүмкін. Егер қанның рН 7,2 тең, стандартты бикарбонат деңгейі 15 ммоль/л жоғары, негіздер дефициті минус 12 ммоль/л жоғары болмаса метаболиттік ацидоз арнайы емді қажет етпейді. Ауыр жағдайлар диализдік еммен коррекцияланады.
Гиперкалиемия коррекциясы
Гиперкалиемия әдетте симптомсыз өтеді. Оны анықтау үшін қан сарысуында калий деңгейін динамикалық түрде бақылау және жалғастырылған ЭКГ-мониторинг жүргізу.
Аса жалғасқан антигиперкалиемиялық нәтиже глюкоза инсулин ерітіндісін инфузия арқылы енгізгеннен кейін береді, бірақ оны енгізбестен бұрын кальций глюканат енгізу қажет. Әдетте бұл мақсатпен 40% - 300 мл дейін глюкоза ерітіндісін, яғни әр 100 мл 40% глюкоза ерітіндісіне 8-12 бірлік инсулин ерітіндісін қосып қолданылады. (американдық азық түлік және дәрі дәрмек ассоциациясының ұсынысы бойынша (FDA): 1 Ед инсулин 4 гр глюкозаға).
Кальций глюконаттың әсері енгізгеннен 1-2 мин кейін болады және 30-60 мин. әсер етеді. Глюкоза мен инсулинді енгізу - калийді қан сарысуынан жасушаға ауысуын қамтамасыз етеді, оның антигиперкалиемиялық әсері инфузия басталғаннан 5-10 мин кейін басталып, 4-6 сағатқа дейін жалғасады.
Сонымен қатар гиперкалиемиямен күресте бета-адреномиметиктермен (30 минут) ұзартылған ингаляцияны тағайындауға болады. Әсер ету механизмі Na+ -, К+ - АТФ-аза стимуляциясына негізделген, ол калийдің жасуша ішіне енуіне жағдай жасайды. Ал альфа-адренорецепторлардың стимуляциясы, керісінше калийдің жасушадан шығуына септігін тигізеді. Қан сарысуының осмоляльдығының жоғарылауы (мысалы, маннитол енгізу) қанда калийдің жоғарылауына әкеледі (әр 10 мосм/л шамамен 0,6 ммоль/л).
Гипонатриемия коррекциясы
Шамалы және/немесе симптомсыз гипонатриемия арнайы коррекцияны талап етпейді.
Ауыр жедел, демек 48 сағаттан төмен гипонатриемия, әсіресе неврологиялық симптоматиканың көріністері болғанда, шұғыл коррекцияға көрсеткіш болып табылады. Осы мақсатта 3% натрий хлоридін 1,0-2,0 мл/кг/сағ мөлшерде фуросемидпен қатар енгізу қажет. Тырысу және кома кезінде инфузия жылдамдығын 4-6 мл/кг/сағ жоғарылатуға болады, сонымен қатар аса концентрленген натрий хлоридін қолдануға болады. Сонымен қатар нақты неврологиялық мониторинг қажет. Жедел гипонатриемияның жылдамдығының коррекциясы 1-2 ммоль/л/сағ аспауы тиіс, клиникалық симптомдар жоғалғаннан кейін шамалы гипонатриемия сақталса да емді тоқтатамыз (гипонатриемияның толық коррекциясы қажет емес).
Созылмалы гипонатриемия да коррекцияланады, егер клиникалық симптоматикамен бірге болса. Бұл мақсатпен де жедел гипонатриемия кезіндегідей 3% натрий хлоридін 1,0-2,0 мл/кг/сағ мөлшерде фуросемидпен қатар енгізу қажет. Созылмалы гипонатриемия кезінде натрий деңгейі жылдамдығының жоғарылауы 12 ммоль/тәул аспауы тиіс. Сонымен қатар клиникалық симптоматика кеткенге дейін суды шектейміз немесе қан сарысуында натрий концентрациясының 10% ға жоғарылауы.
Гипонатриемия коррекциясы неврологиялық симптоматиканы динамикада бақылау арқылы (әр 1-2 сағат) және қанда, зәрде электролиттер концентрациясын бақылаумен қатаң түрде жүргізіледі. Сонымен бірге плазмада натрий концентрациясының жылдамдығы 1,5 ммоль/л/сағ немесе 15 ммоль/тәул аспауы тиіс екендігін ескеру өте маңызды.
Постренальды жедел бүйрек зақымдалуы
Постренальды ЖБЗ емінде әдетте міндетті түрде урологтың қатысуын талап етеді. Терапияның негізгі міндеті - бүйректің қайтымсыз зақымдалуының алдын алу үшін зәр бөлінуін тез арада қалыптастыру. Мысалы, аталық бездің гипертрофиясы салдарынан болған обструкцияда Фолей катетерін енгізген тиімді. А-адреноблокаторлармен терапия немесе аталық безді хирургиялық жолмен алып тастау мүмкін. Егер несеп жүйесінің обструкциясы уретрада немесе қуық мойнында болса әдетте трансуретральды катетер қояды. Егер зәр шығару жолдарының жоғары деңгейлі обструкциясы болса тері арқылы нефростома қою талап етіледі.Әдетте бұл шаралар диурездің толық қалпына келуін, өзекішілік қысымның төмендеуін және шумақтық фильтрацияның қалпына келуін қамтамассыз етеді.
Несепағардың обструкциясы кезінде цитоскопия арқылы себебін анықтауға болады және де несепағарлық катетер көмегімен немесе стентпен тас жиналуын, іркілісті және іріңді анықтайды. Егер бұл мүмкіндіктер нәтижесіз болса хирургиялық араласуды қажет етеді.
