Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПП каз 08.11.12.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Мазмұны

Кіріспе …………………………………………………………………….

Жедел бүйрек зақымдалуының анықтамасы ……………………………

ЖБЗ себептері және жіктелуі …………………………………………...

Жедел бүйрек зақымдалуының патогенезі ……………………………….

ЖБЗ клиникалық көріністері және диагностикасы ……………………….

ЖБЗ емдеуінің негізгі қағидалары ………………………………………...

Кіріспе

Жедел бүйрек зақымдалуы (ЖБЗ) – шумақтық фильтрация жылдамдығының тез төмендеуінің (сағат-күн) нәтижесінде дамитын синдром, ол бүйрекпен экскрецияланатын, азоттық (мочевина, креатинин) және азоттық емес өнімдердің метаболизміне (электролиттердің бұзылуымен, қышқылды сілтілі тепе теңдік, сұйықтықтың көлемі) әкеледі. ЖБЖ бүйректен тыс себептерден шақырылған, бүйректің қан айналымының нашарлауының салдары болуы мүмкін, сонымен қатар, бүйрек ішілік ауруларының және зәр шығару жолдарының обструкциясының салдары болуы мүмкін.

Соңғы уақытқа дейін ЖБЖ-нің анықтамасы және диагностикасының критериилері кез келген сипатта болды, ол оның таралуы және емінің әсерін есепке ала, дер кезіндегі диагностиканы қиындатты. ЖБЖ- мультидисциплиндік мәселе, оның себептері әр түрлі және кез келген дәрігердің тәжірибесінде кездеседі. Ол қарқынды терапия бөлімшесіндегі (ҚТБ) ауыр жағдай кезінде өте жиі дамиды және өлімнің белгісіз факторы болып табылады. ЖБЖ салдарынан өлімшілдік, медицина ғылымының және тәжірибесінің ауқымды дамуына қарамастан, соңғы үш он жылдықтың ішінде мүлдем өзгерген жоқ десе де болады. Өлімшілдіктің жиілігінің әртүрлі болуы ЖБЖ-не алып келетін факторлардың көп түрлілігіне негізделген және асқынуларына, ҚТБ профильдерге және басқа факторларға тәуелді. Әсіресе өлімшілдіктің жоғары көрсеткіші (50-70% дейін) бүйрек алмастырушы терапияға (БАТ) мұқтаж науқастардың арасында бақыланады.

ЖБЖ - нің жалпы эпидемиологиясы толық зерттелмеген. Әйгілі Мадридтік зерттеулер бойынша 1991жылы ЖБЖ жиілігі 1 млн. тұрғынға 209 жағдайды құрады, сонымен бірге өте ауыр нұсқаның еншісі жедел тубулярлы некроз (ЖТН) 45 % ды құрады. ЖБЖ – нің себептерінің арасында бүйректің өзінің аурулары (гломерулонефрит, жедел интерстициальды нефрит, васкулиттер) айтарлықтай сирек болды. ЖБЖ 13 % да созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің фонында дамыды.

Соңғы жылдағы мәлімет бойынша, ЖБЖ, әсіресе оның ауыр түрі, қарқынды түрде өсуде. 2006 жылғы Ұлыбританиядағы мәліметтер бойынша, жаңа нақтыланған критериилерді қолданған кезде креатинин деңгейінің жоғарылау жағдайының жиілігі 486-620 млн тұрғынға 300 мкмоль/л дан жоғары құрады. Диализді қажет ететін ЖБЖ жағдайының жиілігі млн тұрғынға 200-ге жуықты құрады. АҚШ - тағы соңғы жылдардағы зерттеулер, БАТ - ға мұқтаж, ҚТБ - гі науқастардың санының күрт өсіп келе жатқанын көрсетеді. Сонымен АҚШ - тағы мәліметтер бойынша (Waika S.S.e.a, 2006) бұл көрсеткіш алдыңғы жүз жылдықтағы 80-90 жылдары 50 науқастан, 2006ж. 1млн. тұрғынға 270-ке дейін өсті.

Қазіргі уақытта ЖБЖ терминін анықтауға жолдар батыл түрде өзгерген. Бұған 2000ж. иницирленген көптеген зерттеулер жетектейді, Американдық нефрологтар ұйымымен Қарқынды терапия мамандар ұйымының конференциясында мақұлданған. Мақсаты - терминологияның бейімделуі және ЖБЖ-н дер кезіндегі зерттеу мен емдеуді ұсынуды жүргізу болды. АDQI 2004ж. топтық жұмысында (жедел диализ сапасын жақсарту инициативасы) ЖБЖ- н анықтаудың 199 түрлі критерииі талданды.