Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Даму генетикасы экзамен шпор 100.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

17. Дрозофиладағы мобильді

генетикалық элементтер туралы ойларыңыз.

Молекулалық  биологияның дамуына  генетикалық инженерияның пайда болуы, (1972—1973 жж.; П. Берг, П. Лобан, С. Коэн және Г. Бойер) және де  рекомбинанты ДНК- технологиясының дамуы  , яғни химиялық әдістермен араласа ДНК-ның үлкен фрагменттерін синтездеу жетістіктері жатады.Нәтижесінде жеке гендерді, реттеуші генетикалық элементтерді зерттеуге мүмкіндік туып, осының арқасында  1977 жылы мобильді генетикалық  элементтер ашылды.  Мобильді генетикалық элементтерді ағылшын ғалымы  Барбара Мак-Клинток ашты. Мобильді генетикалық элементтер – геном ішінде орын ауыстыруға қабілетті ДНҚ реттілігі. Мобильді элементтер жоғарғы организмдердің негізгі компаненттері болып табылады. Олар хромасоманың негізгі массасын құрайды. Дрозофиланың мобилді генетикалық элементтер туралы ақпараттар жинауға Г. Георгиев, Чуриков, Ананьев зор үлес қосты. Дрозофиланың мобильді элементтеріне сирек спонтанды орынауыстыру қабілеті – транспозиция тән. Транспозондар – мобильді элементтермен байланысқан мутагендер түрі. Транспозондар көлемі жүзден бірнеше мың нуклеотидтерге созылады. Мобильді элементтер бір ДНК бөлігінен екінші ДНК бөлігіне клетка көлемінде өте алады. Бұл процестер транспозиция деп аталады. Транспозондар арқылы түзілген мутагендердің 3 түрі белгілі:

  1. Құрылымдық гендерге орналасқан нуклеотидтер тізбегінде өзгерістер түзіледі.

  2. Транспозиция нәтижесінде түзілген ДНК үзілсе, қатемен тігіледі.

  3. Транспозондар алмасқан кезде көрші нуклеотидтер тізбегіне әсері өтеді.

18.Молекулалы-генетикалық деңгейдегі детерминация және дифференцировка туралы ойларыңыз.

Эмбриональды индукция түртүзілу әсеріне әкелетін эмбриональды бастамалардың өзара әсерлесуімен түсіндіріледі. Бұл әсер дамудың белгілі типі детерминацияланатын ұлпа-нысаналардың реакциясы арқылы пайда болады. Ары қарай детерминацияланған жағдай дифференцировка процесінде жүеге асады. Алғашқы органогенез-жүйке түтігінің түзілуі процесімен жүзеге асатын хордомезодерма мен презумптивті нейроэктодерманың гаструляция барысында өзара әсерлесуін алғашқы эмбриональды индукция деп атауға болады. Бұл әсерлесудің нәтижесінде, морфогенетикалық жағдайлардың тізбегінін іске қосылады. Осындай құрылымдардың барысында түзілетін типтерге тәуелді алғашқы эмбриональды индукцияның бірнеше түрлерге ажыратады: Архенцефальды – нәтижесінде алдыңғы ми, аяқ, көз, көз жанары түзіледі; Дейтеренцефальды – ортаңғы жəне артқы ми, есту көпіршіктері; Мезодермальды-энтодермальды. Алғашқы эмбриональды индукция құбылысын XX ғасырдың 20-шы жылдары 1924ж. неміс эмбриологы Г.Шпеман ашты. Оның пікірінше, барлық жеке даму, дамып жатқан даралардың сыртқы пішіні мен олардың аймақтануы, мөшелердің дифференциалануы, түр түзілуді анықтайтын эмбриональды индукция тізбегінен қалыптасады. Г. Шпеман тритон ұрығының бластопора ерні (хордр мезодермальды) бөлігін басқа ұрықтың құрсақ энтодермасының астына трансплантациялау арқылы жүргізілген тәжірибесінде таңқаларлық нәтиже алды: тәжірибе ұрығының құрсақ бөлімінде жүйке түтігі түзілетін жүйке тақташасы, сомиттер, хорда және эмбриональды бүйректің алғашқы бастамалары пайда болған. Жүйке тақташасының айналасында есту көпіршіктері, сомиттер қатары түзілген, соның нәтижесінде өстік мүшелердің екінші бастамалары түзіледі. Бұл тәжірибелер эмбриональды индукция туралы ілімнің негізін қалады және осы уақытқа дейін жеке даму биологиясының негізі болып отыр. XX ғасырдың 50-60-шы жылдары голлондиялық эмбриолог П.Ньюкооп ұрықтың дамуында индукциялаушы жағдай хордомезодерманың презумпптивті жүйке тақташасының өзара әсерлесуі емес, хордомезодермальды бастамадағы аралық клеткалардың энтодермасының стимулденуі нәтижесінде жүреді. Осы жағдайлар алғашқы эмбриональды индукциясы болып табылады.

Компетентті ұлпаның үш қасиеті бар: компетенция, жетілудің автономдылығы, минимальды салмақ əсері. Компетенция. Жауап беру жүйесінің физиологиялық жағдайы, индуктор əсерін қабылдауға қабілетіне ие. Жауап беру жүйесінің клеткалары дифференцировка мен детерминацияға индуктор сигналын қабылдау қабілеттілігіне ие болу үшін, белгілі даму фазаларынан өтуі қажет.Детерминация -бұл организмнің жеке дамуы кезіндегі негізгі рольді атқаратын процесс.Яғни,ұрпақтың бастапқы клеткаларының,арнайы ұлпа түзуге бағытталған дамудың бағдарланған бағытын анықтайтын процесс деп аталады. детерминацияны бақылауды ұстайтын гендік жүйе болып табылады. Ғалымдардың айтуы бойынша, детерминация дегеніміз- ол клеткалардың және клеткалар жүйесінің мүмкін болатын көптеген даму жолының бірін таңдайтын күрделі процесс.Экспериментальды түрде детерминацияны 2-ге бөліп анықтаймыз: