Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Даму генетикасы экзамен шпор 100.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

15. Дамудағы гендер сегментациясының рөліне сипаттама беріңіз.

Гендер классифкациясына сәйкес, сегментация гендері сегменттер саны мен полярлығын бақылайды. Аз дегенде, сегмент полярлығын белгілейтін ек түрлі термин бар: біреуі бойынша-бір сегменттің ішінен алдыңғы және артқы компартменттерді айыруға болады. Мысалы дрозофилоа эмбрионының 10-шы сағатында торакальды сегментінен (бас тұсындағы) Т3-тен алдыңғы А және артқы Р немесе Т3А мен Т3Р ажыратуға болады екен. Ал сегментацияның бастапқы сатыларында (гаструляцияда) парасегментация терминін қолданады, ол метамерияның бірінші морфологиялық белгілерін нумерация жүйелері бойынша белгілеуге қолданады. Қазіргі уақытта сегментация процеіне жауапты 30 генді анықтаған. Сегментация гендерінің көпшілігі рецессивті болып келеді. Барлық сегментация гендерін үлкен 3 топқа бөледі: 1. Топ –gap гендер тобы, мутациялары бір-біріне жақын жатқан бірнеше сегменттер бірге түсіп қалуымен сипатталатын топ. Мысалы, Kruppel (kr) гені мутациясында эмбриондарда торакальды және алғашқы 5 абдоминальды сегменттері жоқ болады екен. 2. Топ – pair-rule гендер тобы, олардың мутациялары сегменттердің дамуының толық бұзылысын тудырады, бірақ ережеге сай тек жұп, не тек тақ сегмент сандары жоқ болады. 3. Топ – сегменттердің полярлығын бақылайды. Бқл топтың мутанттарының гендерінің сегменттернің саны белгісіз, бірақ оларда бір сегменттің ішінде бір компартмент екінші сегментпен байланысып кеткен, сондықтан, айналы полярлық байқалады. Сегментция гендері жалпы, синцитиальды бластодерма сатысында экспрессирленетін бірінші зиготикалық гендер болып табылады. Негізгі осы гендерді ядролық белоктар кодтайды, олар транкрипциондық факторларды функциональдау қызметімен қатар, кейде активаторлар кейде репрессорлар ролін атқарады.

16. Гомеозистік гендердің ашылуы және олардың дамудағы рөлін сипаттаңыз.

Бұл гендердің атауы 1894ж. дəстүрлі генетиктердің бірі У.Бэтсон ұсынған «гомеозис» деген терминінен шыққан. Оның пікірі бойынша гомеозис мағынасы-дененің бір бөлігінің екінші бір бөлігіне айналуы болып табылады. Гомеозисті гендер өздігінше ешқандай қызмет атқармағанымен, бірақ насекомдарда, оның ішінде дрозофилада жəне басқа да ағзалардағы дененің сегментациялануын бақылайтын гендердің арнайы жүйесі болып табылады. Дрозофила ұрығының сегменттелуі аяқталғаннан кейін гемеозистік гендер іске қосылады. Олардың жалпы саны 50-ге жуық. Гомеозисті гендердің мутациясы дрозофилада бластодерма сатысында детерминацияны бұзатындығы ерте кезден-ақ анықталған. Гемеозистік гендер белгілі бір сегменттің дененің бір бөлігінің дамуын қадағалайды. Гомеозистік гендер мутациясы нəтижесінде бір сегменттен басқа бір сегментке тəн мүшелер дамиды, мысалы, мұртшаның орнына аяқтарының дамуы, яғни олар бір сегменттің екінші бір сегментке айналуын тудырады. Оған, мысалы, Antennapedia - антеннаның орнына қосымша аяқтың дамуы немесе аристаның (Aristapedia) аяққа ауысуын дамуы, ophthalmopiera – көздің имагинальды дискісінен қанаттың дамуын мысалға келтіруге болады. Негізінде гомеозисті гендердің мутанттары имагинальды дискілердің детерминация процесін бұзады да, ары қарай дифференцировканың бұзылуына алып келеді. ANT-C жəне ВХ-С гомеозистік кешендер Дрозофилада кездесетін гомеозисті гендердің 100-н астам түрлері анықталып, сипатталған. Дрозофиланың гомеозистік гендерінің кластерлері 3-ші хромосоманың кішкентай бір бөлігінде орналасқан. Яғни бұл гендер сегменттердің сапалық ерекшеліктерін бақылайды, өз кезегінде екі үлкен кешенге бөлінеді: Антеннапедиа (ANTC) кешені жəне Биторакс (ВХ-С) кешені. Антеннапедия кешенінде (ANT-C) Antennapedia (Antp), Deformed (Dfd), жəне Sex comb reduced (Ser) гендері топтастырылғын. Олар бас, бірінші жəне екінші көкірек сегменттерінің құрылымдарының дамуын қадағалайды. Бұдан басқа, гомеозисті гендер басқа да гомеозисті гендерді экспрессиялауға қабілетті, Antp жəне Ubx экспрессиялары комплементарлы сипатқа ие болып келеді. Биторакс кешенінде (ВХ-С) bithorax (bx), Contrabithorax (Cbx), Ultrabithorax (Ubx), bithoraxoid (bxd), postbithorax (pbx), abdomеn A (abd A) жəне abdomеn B (abd B) гендері топтасқан, олар көкірек бөлімінің басқа да сегменттерінің жəне барлық құрсақ сегменттерінің құрылымдарының дамуын қадағалайды. Гомеозистік гендердің орналасуы өздері қадағалайтын (басқаратын) сегменттеріне коллинеарлы болады. ВХ-С –кешенінде əртүрлі 3 ген болады: ubx, abd-A жəне abd-B. Олардың əрқайсысы белгілі бір сегментердің дамуын қадағалайды. Егер осы 3 геннің үшеуін-де алып тастасақ тек бірінші көкірек сегменті (Т-І) жəне 9-шы құрсақ сегменттері қалыпты дамып, қалғандары (Т-3 жəне барлық құрсақ сегменттері) Т-2 сияқты дамиды.