- •1. Даму генетикасының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •2.Даму генетикасының мақсаты мен міндеттерін айтып түсіндіріңіз.
- •3. Днқ молекуласыныңқұрылымынсипаттаңыз
- •4.Днқ молекуласының клеткада қатталу механизмі (сипаттаңыз).
- •5. РРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі.
- •6. АРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •7. ТРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •8. Генетикалық код туралы түсінік.
- •9.Drosophila melanogaster шыбынының биологиясы мен морфологиясы.
- •10. Дрозофиланың кейбір мутантты линияларына сипаттама беріңіз.
- •11. Дрозофиланың даму циклін сипаттаңыз
- •12. Дрозофиланың даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •13. Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы туралы ойларыңыз.
- •14. Дрозофила дамуының гендік бақылануы. Аналық гендерге сипаттама беріңіз.
- •15. Дамудағы гендер сегментациясының рөліне сипаттама беріңіз.
- •16. Гомеозистік гендердің ашылуы және олардың дамудағы рөлін сипаттаңыз.
- •17. Дрозофиладағы мобильді
- •18.Молекулалы-генетикалық деңгейдегі детерминация және дифференцировка туралы ойларыңыз.
- •1.Трансплантация- клеткалардың өздерінің қалай көрсетеінін анықтауға болады.
- •19. Клетканың генетикалық бағдарланған өлімі (апоптоз) туралы түсінігіңіз.
- •22. Мутация, жалпы сипаттама беріңіз.
- •23. Мутацияныңтүрлерінеқысқашатоқталыңыз.
- •25. Ісік дамуының генетикалық тұрғыдан бақылануы бойынша түсінігіңіз
- •26. Сүтқоректілердегі мейоз процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •27. Сперматогенез процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •28. Онтогенез процесі. Жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Жеке және тарихи даму арасындағы ерекшеліктерге тоқталыңыз.
- •30.Жеке дамудың генетикалық тұрғыдан бақылануының жалпы заңдылықтары туралы ойларыңыз.
25. Ісік дамуының генетикалық тұрғыдан бақылануы бойынша түсінігіңіз
Қатерлі ісіктер –жер бетіндегі халықтың , әсіресе жасы ұлғайған сайын адамдар арасындағы өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қатерлі ісіктер шығу тегіне қарай : моноклональді , яғни барлық ісік жасушалары бастапқы бір ізашар жасушадан дамып жетіліп , оның ұрпақтары болып табылады.
Жасушалардың ісіктік трансформация процессіне онкогендерден басқа да бірқатар гендер қатысады. Оларға геномның құрылымын және репарация жүйесін бақылайтын гендер қатысады.бірақ геном құрамында ағзаны және оның жасушаларын канцерогендік факторлардың әрекетінен және ісіктік трансформациядан қорғайтын гендер болады.олар антионкогендер немесе гендердің супрессор –гендері деп аталады. Бұл гендер арқылы синтезделетін белоктар қалыпты жасушалардың рак жасушаларына айналуын болдырмайды. Антионкогендер активтілігінің төмендеуі не тежелуі ісіктердің қалыптасу мүмкіндігін жоғарылатады. Антионкогендер қызметіне мысал ретніде көздің торлы қабығының қатерлі ісігі-ретинобластоманың негін алуға болады. Ісік- ретинобластома генінің (Rb) мутациясы жыныс жасушасында немесе сомалық жасушалдарода жүрген жағдай да ол генннің антионкогендік активтілігі тқөмендейді немесе жоғарылайды. Rb гені қалыпты жағдайда ретинобалстоманың дамуына жол бермейді .яғни оның супрессоры болып табылады. Бұл ісік әуелде жас балаларда пайда болдаы. Ретинобластоманың тұым қуалайтын және тұқым қуаламайтын формалары да кезедеседі. Тұқым қуалайтын ретинобластома екі жақты зақымдану және ісіктің көптік ошақтық болуымен сипатталалы.
Ісіктің аса маңызды супресмсор гендерінің бірі p53 белогының гені . Бұл ген қвлыпты жағдайда жүйелеі түрде жүретін бір қатар процестерді іске қосады. Ол процестер ең соңцында ДНҚ-ның құрылысы мен қызметі бұзылған жасушалардың аллдын ала бағдарланған өлімімен немесе апоптозбен аяқталады. Ал осы геннің мутациясы аномальдық жасушалардың апоптозын болдырмай олардың пролеферациясына және ісіктерге трансформациясына , яғни рак ауруларына қалыптасуына мүмкіндік береді.
26. Сүтқоректілердегі мейоз процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екісатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. 1-мейоздың профазасы лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады. Лептотенаға (жіңішке жіпшелер сатысы) хромосомалардың тығыздалуы және спираль тәрізденуі тән. Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады. Пахитена сатысында (жуан жіпшелер сатысы) гомологты хромосомалардың хроматидтері айқасады (кроссинговер). Нәтижесінде әргомологта аталық және аналық тұқым қуалаушылық материал араласады. Диплотена (екі жіпшелер сатысы) гомологтар бір-бірінен ажырасуынан және хиазма пайда болуынан басталады. Диакинез (екі жіпшелердің ажырасу сатысы) хромосомалардың барынша жуанданып және спираль тәрізденуімен сипатталады; хиазмалар биваленттердің ұшына (шетіне) қарай жылжиды. Диакинез аяқталғанда, ядроның қабықшасы және ядрошықтар еріп, жойылып кетеді. Әржасушада хромосомалардың саны мейоздың бастапқы кезеңіндей екіқатар (2N) емес, бір N болады. ІІ профаза өте тез өтеді немесе мүлдем болмайды. ІІ метафазада хромосомалар центромералары мен ұршық жіпшелерге жабысып, метафаза пластинкасында орналасады. ІІ анафазада әр центромера екі бөлініп, жаңа хроматидтер хромосомаларға айналып, қарама-қарсы полюстерге орналасады. ІІ телофаза екі гаплоидтық ядроның сыртында ядролық мембрана құрылуымен аяқталады. Мейоздың тізбектеліп екі бөлінуінің нәтижесінде бастапқы бір диплоидтық жасушадан төрт гаплоидтық жасушалар құрылады. Мейоздың биологиялық маңызы өте зор. Мейоз жыныс жолымен көбейетін организмдер ұрпақтарының хромосома санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, гаметаларда жаңа гендік комбинациялар пайда болуына мүмкіншілік береді.
