- •1. Даму генетикасының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •2.Даму генетикасының мақсаты мен міндеттерін айтып түсіндіріңіз.
- •3. Днқ молекуласыныңқұрылымынсипаттаңыз
- •4.Днқ молекуласының клеткада қатталу механизмі (сипаттаңыз).
- •5. РРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі.
- •6. АРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •7. ТРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •8. Генетикалық код туралы түсінік.
- •9.Drosophila melanogaster шыбынының биологиясы мен морфологиясы.
- •10. Дрозофиланың кейбір мутантты линияларына сипаттама беріңіз.
- •11. Дрозофиланың даму циклін сипаттаңыз
- •12. Дрозофиланың даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •13. Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы туралы ойларыңыз.
- •14. Дрозофила дамуының гендік бақылануы. Аналық гендерге сипаттама беріңіз.
- •15. Дамудағы гендер сегментациясының рөліне сипаттама беріңіз.
- •16. Гомеозистік гендердің ашылуы және олардың дамудағы рөлін сипаттаңыз.
- •17. Дрозофиладағы мобильді
- •18.Молекулалы-генетикалық деңгейдегі детерминация және дифференцировка туралы ойларыңыз.
- •1.Трансплантация- клеткалардың өздерінің қалай көрсетеінін анықтауға болады.
- •19. Клетканың генетикалық бағдарланған өлімі (апоптоз) туралы түсінігіңіз.
- •22. Мутация, жалпы сипаттама беріңіз.
- •23. Мутацияныңтүрлерінеқысқашатоқталыңыз.
- •25. Ісік дамуының генетикалық тұрғыдан бақылануы бойынша түсінігіңіз
- •26. Сүтқоректілердегі мейоз процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •27. Сперматогенез процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •28. Онтогенез процесі. Жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Жеке және тарихи даму арасындағы ерекшеліктерге тоқталыңыз.
- •30.Жеке дамудың генетикалық тұрғыдан бақылануының жалпы заңдылықтары туралы ойларыңыз.
29. Жеке және тарихи даму арасындағы ерекшеліктерге тоқталыңыз.
Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель ұсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады.
Филогенез (гр. рһуіоп — түр, туыс және гр. genesis — шығу тегі) — организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы; организмнің тарихи дамуы немесе органикалық дүниенің, әр түрлі тип, класс, отряд, туыс және түрлердің эволюциясы. Жеке-дара даму — онтогенез бен тарихи даму — филогенез тірі табиғаттың біртұтас дамуының ажырамас қырлары болып саналады және бір-біріне өзара әсер етеді. Филогения— организмнің тарихи дамуы. Филогенез терминін 1866 ж. неміс биологі Э. Геккель (1834 — 1919) ұсынады. Филогенез процесін және оның заңдылықтарын филогенетика зерттейді. Филогенездік зерттеулердің мақсаты — жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің эволюциялық өзгерістері негізінде олардың тегін және организмдер арасындағы туыстық байланыстарды анықтау.
Онтогенез бен филогенездің байланысы туралы ілімге үлкен үлес қосқан А.Н.Северцов болды. Ол өзінің филэмбриогенез теориясын жарыққа шығарады. Эволюциялық өзгеріске себеп болатын онтогенездің өзгерістерін Северцов филэмбриогенездер деп атаған. Басқаша айтқанда ұрықтық дамуда пайда болатын өзгерістер ересек жануарлардың құрылысын да өзгертеді. Геккельдің көзқарасы бойынша филогенетикалық ұрпақ өз дамуында ата тегінің барлық кезеңдерінен (рекапитуляция) өтіп қана басқа өзгерістерді қоса алады. А.Н.Северцовтың теориясы бойынша филоэмбриогенездер ұрықтық дамудың барлық кезеңдерінде пайда болуы мүмкін. Эмбрионалдық дамудың алғашқы кезеңдеріндегі өзгерістерді ол архаллаксис деп атады. Дамудың орта кезеңдерінде пайда болатын өзгерістер – девиация, ал соңғы кезеңдерде қосылатын өзгерістерді Геккельге қосылып – анаболия деп атады.
30.Жеке дамудың генетикалық тұрғыдан бақылануының жалпы заңдылықтары туралы ойларыңыз.
Дамудың генетика жолмен реттелуі ДНК-ның репликация механизімі арқылы жүреді.ДНҚ Репликациясы — аналық ДНҚ молекуласының синтезі, ДНҚ молекуласының екі еселу процесі.Осылай еселенуі арқасында бір организімнің барлық клеткасының генетикалық мазмұны өзгеріссіз сақталады және гендер де біршама тұрақты болады.Жартылайконсервативті моделін М. Мезельсон және Ф.Сталь 1958 жылы дәләлдеді. Олар E.coli бактерияныі аналық ДНҚ молекуласын азоттың ауыр 15N таңбасымен зерттегенде екінші циклда кейін екі еселеніп өскен ДНҚ молекуласының бір тізбегі бұрынғы аналық тізбегі,ал екінші комплементарлы тізбек жаңадан түзілген болып шықты.Эксперементальды материал бойынша консервативті репликация мүмкін емес,яғни жаңадан түзілген екі ДНҚ молекуласы біреуінің екі тізбегі де аналық тізбектен, ал екінші ДНҚ молекуласының екі тізбегі де жаңадан құрылуы болмайды.ИНИЦИАЦИЯ Клеткада репликация ДНҚаның специфическалық нүктеден басталады( репликацияның басталу нүктелері) деп аталатын арнайы орындарында басталады және екі бағытта жалғастырылады.Көшіріп алу процесі репликативті айырымдардың пайда болу арқылы,бір немесе екі бағытта ДНҚ әбден екі еселеніп болғанша жалғаса береді.Репликативті айырдың пайда болуына ДНҚ топоизомераза ! қатысуымен болады.Нуклеаздық активтілігімен фофоэфирді байланыстарды үзеді.Нәтижесінде екі репликативті айыр пайда болады.Шағын сақиналы ДНҚ молекуласы репликация басталатын бір ғана нүктесі бар репликациясындағы бір құрылымдық өлшем бірлігі ,репликон,болып табылады.ДНҚ молекуласы екі полинуклеотидті жіпшелерінің жұмысы жылдам спиральданудан және олардың комплементарлы негіздер жұптарының арасындағы сутектік байланыстардың бұзылуын арқылы бөлініп кетуіне байланысты болады. ЭЛОНГАЦИЯКелесі кезеңде жаңа нуклеотидті тібектің комплементарлы матрицалық синтезі жүреді.ДНҚ полимеразамен нуклеотидттердің комплеметарлы жұптастырады.ДНҚ синтезі 5’ 3’бағытта жүреді.Ата аналық тізбектердің бірінде 5’ 3’бағытында үздіксіз жаңа тізбек түзіледі және ол репликация айырымның жылжу бағытымен сәйкес келеді.Оны негізгі немесе басты тізбек деп атайды.Басқа матрицада қысқа фрагменттер тұратын қалып қоятын тізбектердің үздіксіз синтезі жүреді ,оны Оказаки фрегменттері деп аталады.Олар айырымнаң қозғалысына қарама қарсы бағытта синтезделеді.Оказаки фрагменті синтезінің басталуына қажеті бос күйінде 3’ұшы РНҚ праймерді РНҚ праймаза ферментінің көмегімен синтезделетін РНҚ ның жіпшесімен қамтамасыз етіледі.ДНҚ полимераз ферменттінің қатысуымен Оказаки фрагменттеріңің синтезделіуіне мүмкіндік туғызады.Содан кейін ДНҚ полимераза 1 ферменттері ол РНҚ нуклеоттидттерін босатып шығарады.Ол ДНҚның тиісті фрагменттерімен алмастырылады. Қалған бір тізбекті үзінділер ДНК-лигазамен репарацияланады. ДНҚ лигаза Оказаки фрагменттерін бірінің 3’ұшын көршілес фрегменттік 5’ұшымен жалғастырылады.Нәтижесінде фосфодиэфирлі байланыс түзіледі.
Қыздар!Сендерге ертеңгі болатын экзаменге шын ниетпен,көңілмен сәттілік,ақ жол тілеймін!Жаратқан бір өзі жар болғай!Жоғарғы балл алып,повышенный степендияны нәсіп еткей!Әне-міне деп 4курсты да бітірдік!Сендерге осы кезге дейін әр экзаменнің соңында әрқашанда сәттілік тілеп жүрдім,жазып!Мүмкін көрмеген де шығарсыңдар,шпормен кірген соң...(шпорсыз кіргендер ғана көрмесе)соңғы сөзімді ,тілегімді қызыл қылып жазуды ұйғардым!Сендерді қатты жақсы көремін!Әрқайсысысңның орындарың мен үшін өте ерекше!Мұңаймаңдар!Барлығы жақсы болады!Жақсыоап,соңғы экзменді жазып шығайық...(аумин!)
