Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р. Абсаттаров Дәкенов Әлеуметтану.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

3. Қазірғі жағдайдағы ұлт мәселелері

Жоғарыда этнос әлеуметтануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлта-

ралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденцияла-

ры, сонымен қатар ұлттық мүдделердің өзара әрекеттері, оларды ұлт сая-

саты барысында түсіне білу мен есепке алу мәселелері тұрғысындағы те-

ориялық және методологиялық проблемалар баяндалды. Енді ұлт мәселесі

деп аталатын ұғымның мәніне, қазіргі жағдайда оны шешудің теориялық

және практикалық жолдары мен тәсілдеріне тоқтала кеткен жөн секілді.

Ұлт мәселесі - нақты-тарихи құбылыс, өйткені қоғам дамуының әрбір

кезеңінде ұлт мәселесі белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси

мазмұнға ие болып келді. Ұлт мәселесі бір ұлттың екінші ұлтты қанауын

жоюды, ұлттық бостандық үшін күресіп, оны жеңіп алуды, әлдебір се-

бептермен бөлініп кеткен этностың қайта қосылуын қарастырады десек,

оған мынандай мысалдар келтіруге болады: 1975 жылға дейінгі Оңтүстік

және Солтүстік Вьетнам, 1990 жылға дейінгі ГДР мен ФРГ, Оңтүстік және

Солтүстік Корея және т.б. елдердегі жағдай ұлттардың, халықтардың

теңсіздігін түбегейлі түрде жою, ұлттар мен халықгардың өзін-өзі билеуі

және т.с.с. Қоғам дамуының әрбір кезеңіне сәйкес әр халықгың өзіндік

ұлт саясаты қалыптасады. Осы саясат шеңберінде тез арада шешуді талап

ететін келелі мәселелер көтеріліп, жүзеге асырылады.

Ұлт мәселесі кең ауқымдағы ұғым. Олай дейтініміз, жоғарыда айтыл-

ғандармен қатар, бір тектес ұлттардың арасында, сонымен қатар ұлттар

мен билік жүргізуші өкімет арасында сенімсіздіктің пайда болуы негізінде

шиеленіс туындауы мүмкін, әдетте ұлт мәселесі көпұлтты елдерде пайда

болады, әрекет етеді.

Барлық елдердегі ұлттардың өзара қарым-қатынастары жалпы адам-

зат професін анықгайтын бір-бірімен байланысқан екі объективтік тен-

денцияның әрекетіне бағындырылған. Бір жағынан алғанда, бұл - ұлттар-

дың оянуы және ұлттық қозғалыс, кез келген ұлттық езгіге қарсы тәуел-

сіздікке ұмтылған халықтың күресі, ұлттық мемлекеттер құруға тырысу;

екінші жағынан, бұл - ұлттық дамуға қарсы қойылған тосқауылдарды

бұзу, бүкіл дүние жүзі халықтарының тыныс-тіршілігіндегі байланыстар

мен интернационалдандыруды күшейту. Бұл тенденциялар ұлттық қаты-

настар дамуындағы әлі де болса объективті қарама-қайшылықгардың бар

екендігін көрсетеді, сондықтан қоғамдық процестерде олардың осыған

қарсы қолданатын әрекетін ескеру қажет. Оларға кез-келген бағьпта қан-

дай да болмасын күш көрсету ұлттық қатынастарды шиеленістіруге әкеліп

соқгырады, яғни ұлт мәселесінің аса өткір түрлерінің қалыптасуына түрткі

болады.

190

Әлемде әлі де сақталған езгі мен қанау қатынастарын ұлт мәселесінің

дәстүрлі шиеленісу сипаты деуге болады. Ұлт ішіндегі таптық ангонизм

мен ұлттар арасындағы дұшпандық қатынастар жойылады деп саналып

келген еді. Алайда, олай болмай шықгы. Әлемдегі барлық ұлттар қазір

әлеуметтік-экономикалық, саяси дамудың шамамен бір деңгейіне көте-

рілді дегенімізбен, солардың ішінен өктемдік етіп, көш бастаушылардың

шығуына орай ұлт мәселесі толық шешім тапты дей алмаймыз. Англияда,

мысалы, бұл Шотландия мен Уэльстің төл мәдениеті төңірегіндегі мәсе-

лесі. Бельгияда бұл фламандықтар мен валлоңдар арасындағы тілдік өзара

қарым-қатынас мәселесі. Канадада - ағылшын және франко тілді қауым-

дастықтар арасындағы мәдени-тілдік проблемалар.

Ұлттық қозғалыстарда бүгінде бірқатар зандылықгар байқалады: ұлт

мәселесі әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі ретінде, мәдениет пен

тіл мәселесі ретінде, тіптен экологияны қорғау мөселесі ретінде де көрі-

неді. Ұлт мәселесі әрдайым маңызды саяси мазмұнға ие болады. Саяси

демократияның мәселесі ретінде ұлт мәселесі алға шығып, әр кезде де өмір

сүріп отырған саяси жүйенің қайсыбір осал жақгарының нұқсанын аша-

ды, тең құқық проблемасын қайта алға тартады. Испанияда бұл бес шет

аймақгарда автономия алуда саяси тендікті талап ету тұрғысында көрінді.

Бельгияда федерализм мәселесі ретінде қойылды. Канададағы Квебек

саяси дербестікке ұмтылуда. Россияда федерацияның түрлі субъектілерін

қанағаттандыратын өзара қарым-қатынастардьщ жаңа формалары іздес-

тірілуде.

Демек, ұлт мәселесі ұлт (халық, этнос) және ұлттық қатынастар да-

муының өзара байланысты проблемалары жүйесінен тұрады. Ұлт мәселесі

бұл процесті практикада жүзеге асырудың және реттеудің негізгі про-

блемаларын өзіне қамтиды, бұған аумақ, экология, экономика, саясат,

құқық, тіл, мораль-пихология мәселелері кіреді. Ұлт мәселесі өзгеріске

түспей қоймайды, оның мазмұны тарихи дәуірдің сипатына және нақты

қалыптасқан ұлтаралық қатынастардың мазмұнына байланысты өзгереді.

Қазіргі жағдайда ұлт мәселесінің негізгі мазмұны барлық халықтардың

еркін және жан-жақгы дамуынан, олардың ынтымақгастығын кеңейту-

ден және ұлттық мүдделерді үйлесімді байланыстырудан тұрады.

Көптеген халықтардың ұлттық-этникалық тұрғыдан қайта жандануы

және олардың өздерінің өмірлік проблемаларын өз бетінше шешуге ұмты-

лысы қазіргі дәуірдің айқын көрініс тауып отырған ерекшелігі болып

табылады. Бұл дүние жүзінің бүкіл аймақтарында, ең алдымен Азия,

Африка және Латьш Америкасы елдерінде жүріп жатыр. КСРО-да бұл

белсенді жүрді, ал бүгінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (ТМД)

қарқынды іске асырылуда.

191

Халықтардың этникалық қайта жандануының және олардың саяси

белсенділігі артуының негізгі себептерінің қатарында мыналарды айтуға

болады. Біріншіден, бұрынғы отаршыл империялар мен қазіргі кейбір

федеративтік мемлекеттер шеңберінде халықтардың құқығы мен даму

мүмкіндіктерін шектеуге әкеліп соқтырған әлеуметтік әділетсіздіктің

бүкіл элементтерін жоюға деген халықгардың ұмтылысы. Екіншіден, бүкіл

халықгардың әл-ауқат жағдайларын теңестіретін және оларды ұлттық

төл ерекшелігінің жойылуына әкеп соқтыратын қазіргі технологиялық

өркениеттің, урбанизацияның және жалпылама мәдениет дейтіннің та-

ралуымен байланысты процесті көптеген этностардың қаншалықты

қабылдауы. Бұған жауап ретінде халықтар өздерінің ұлттық мәдениетін

қайта жандандырып, дамытуға мейлінше белсенділік танытып отыр. Үшін-

шіден, халықтардың өз аумақтарында орналасқан және өмірлік қажетті-

ліктерді қанағаттандыруда маңызды рөл атқаратын табиғи ресурстарды

өз бетінше пайдалануға тырысуы.

Аталмыш себептер қайсыбір дәрежеде ТМД елдерінде, әсіресе Ресей

Федерациясында халықтардың этникалық қайта жандану процесінде бай-

қалады. Бұған халықтардың өз ұлттық мемлекеттігін нығайту мен дамы-

туға деген талабымен байланысты әлеуметтік-саяси сипаттағы себептер,

халықтардың қазіргі техникалық өркениеттің және жалпылама мәде-

ниеттің күйретушілік әрекетеріне көзқарасы, сонымен қатар халықгардың

өз табиғи байлықтарын өз бетінше пайдалануға деген талаптары жатады.

Олар экономикалық және саяси дербестік, тәуелсіздік үшін күрес өзде-

рінің бүкіл өмірлік проблемаларын аса табысты шешуге көмектеседі деп

санайды. Бірақ тәжірибенің көрсеткеніндей, біріншіден, барлық халықгар

өз саяси құқық-тарын өте салмақгап, ойластырып қолдануы қажет, өйткені

олардың әрқайсысы басқа халықгардың дәл сондай құқығын ескеруі тиіс,

екіншіден, кез-келген халықтың ұлттың қайта жандануы тарихи қалыптас-

қан экономикалық, саяси және мәдени байланысы бар өзге халықтармен

тығыз ынтымақтастық пен достастық негізінде іске асатынын ұмытпау керек.

Қазақстан этникалық құрамы жағынан бірегей мемлекет. Онда тұра-

тын 14 953 126 жалпы халықтың 7 985 039-ы қазақтар, 4 479 618-і орыстар,

ал қалған 2 654 811 адам - 100-ден астам аз халықтың өкілдері. Бұлар

бірге өмір сүріп, еңбек етеді.

Қазақстанның көп этносты мемлекетке айналуының негізін патша

өкіметі қалады, одан әрі бұл процесті тездете жүргізген кеңестік тотали-

тарлық режим болды. Соның салдарынан еліміздің халқының құрылымы

үлкен өзгерістерге түсті. Әсіресе, екінші дүнижүзілік соғысқа дейін, со-

ғыс және соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан жеріне Қиыр Шығыстан

102 мың кәріс, Батыс шекарадан 105 мың поляк, Еділ бойынан 400 мың

192

неміс, 2000 қалмақ пен 30 мың қарашайлар, 18,мың Қырым татарлары

мен болгарлар, 310 мың шешендер, 79 мың ингуштер, сонымен қатар

мындаған гректер, күрттер, түріктер, грузин месхеттері, 900 тәжік басма-

шысы күштеп Қазақстанға қоныс аударылуы халық құрамын өзгертуге

зор ықпал етгі. Нәтижесінде республика халқының саны 1 миллионнан

астам адамға артты. Осы қоныстандыру арқылы өкімет ұлтаралық қарым-

қатынасты бірнеше бағытта жүзеге асыра бастады:

- сырттан әкелінген халықтар есебінен жергілікті халықты сандық

жағынан азшылық халыққа айналдыру көзделді;

— атамекенінде бірыңғай тұрып келген аталмыш халықтарды Қазақ-

станға және т.б. жерлерге шашырата қоныстандыру арқылы оларды аз

халықтар құрамына айналдыру процесі жүргізілді;

- саны жағынан аз болғандықтан бұл халықтар ірі халықтармен асси-

миляцияға түсіп жойылады деген сенімде болды. Бұл жерде мәжбүр ету

жолы қолданылды. Олардың ана тілінде мектептер және т.б. ашылмауы

соған дәлел. Кейбір аз халықтар өз төл мәдениетінен айырыла бастады.

Мұнан кейін ұлтаралық некеге ерекше мән берілді. Қазіргі күнге дейін

бұл процесс сақгалып, Қазақстанда некеге отырудың жалпы мөлшерінің

орта есеппен 25%-ін ұлтаралық некелесу құрайды, ал үлкен қалаларда бұл

көрсеткіш 40%-ке жеткен. Республикамызда шамамен 750 мыңдай ұлта-

ралық отбасылары бар және әрбір жетінші нәресте осындай отбасыларда

дүниеге келеді. Дегенмен өкіметтің жоғарыда аталған саясаты толық нәти-

же бере алмады. Себебі жергілікті халық пен зорлап көшірілген халықгар

өз менталитеттерін берік ұстанған еді.

Тоталитарлық режим интернационализацияландыру ұранын бетке

ұстап, жалпы халық құрамында аз халықтардың санын көбейту үрдісін

бейбіт жолмен үдете түсті. Әр түрлі ұлттардың 54,3 млн адамы өз ұлттық-

мемлекеттік бірлестігінен тыс жерде тұрды, шамамен 6 млн адамның өз

аумақгың-ұлттық бірлестігі тіптен болмаған. Ал олардың сандық мөлшері

мынаған саяды: 22 үлт 1 миллионнан астам адамдардан тұрса, 33 үлт 100 мыңнан 1 миллионға дейін және 30 ұлт 10 мыңнан 100 мыңға дейін адамдар-

дан құралған. Қалғандары саны 10 мыңнан аз адамдарды құрады. Бұл

фактілер аз халықтардың қалыптасуы жасанды жолмен жүретін және

ұзаққа созылатын процесс екендігін көрсетеді.

Қазіргі Қазақстан Республикасында КСРО кезіндегі осындай ұлттар

тұрып жатыр. Бұл заңды процесс, бірақ олардьщ сандық және сапалық

-----------------------------------------

1.Саясат. 1996. №2.

2.Национальные отношения. Словарь. М., 1997. С. 127.

193

жағынан көрсеткіштері өзгерген. 1989 жылы халық санағында украин-

дықтар қазақстандық бүкіл халықтың 5,4%, немістер 5,8%, татарлар 2,0%,

белорустар 1,1%, поляктар 0,4%, шешендер 0,3%, башқұрттар 0,3%, грек-

тер 0,3%, болгарлар 0,1%-ін құраса, 1999 жылы халық санағының нәти-

жесінде осы халықгар, жоғарыда орналасуына сәйкес, бүкіл халықгың

3,7% , 2,4%, 1,7%, 0,7%, 0,3%, 0,2%, 0,2%, 0,1%, 0,0%-ін қүрады^

Қазақстанды мекендеген басқа да аз халықгардың сандық көрсеткіш-

тері бұлардан да төмен. Аз халықтардың адамдарының санының күрт

төмендеуі олардың тарихи отандарына қоныс аударуымен, басқа жерлер-

ге көшіп-қонуымен, дүниеге нәресте әкелудің азаюымен, тағы да басқа

объективтік жағдайлармен байланысты түсіндіріледі.

Бұл халықтардың дамуы қазақ халқының оларды өз маңына топтас-

тырушы рөлін дұрыс атқаруына тікелей байланысты. Ал аз халықтар өз

кезегінде еліміздегі ұлтаралық келісімді қолдап, өтпелі кезеңдегі және ұзақ

мерзімдік саяси тұрақтылықты сақгауда ықылас білдіріп, болашаққа үлкен

үмітпен қарайды. Республикамызда аз халықтар мүдделерін іске асыру

үшін түрлі әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайлар жасалуда. Мұндай

жағдайлар олардың сапалық күйін жақсартты. Әсіресе, аз халықтардың

мәдени орталығы институттарының құрылуы олардың төл мәдениетін,

тілін, салт-дәстүрін дамытуға үлкен ықпалын тигізіп отыр. Мұндай орта-

лықтардың ең басты жұмысының бағыты — ағарту ісін дұрыс жолға қойып,

оны барынша өркендету. Аз халықтардың балалары үшін арнайы бала-

бақшалар, мектептер ашылып жұмыс істеуде. Бұл оқу орындарында өз

ана тілдерін терендетіп оқыту қолға алынған. Ана тілін білмейтін жастар-

ға қосымша жексенбілік мектептер ашылған. Онда білім берумен қатар,

әр түрлі кездесулер, кештер, байқаулар, т.б. шаралар аз халықгар тілінде

өткізіледі. Аз халықтар балаларын оқытатын мектептерде мемлекеттік тілді

оқытуға да зор көңіл аударылып отыр. 1999 жылғы халық санағының

нәтижесі бойынша 14 млн 953 мың 126 адамның 9 млн 631 мың 308-і мем-

лекеттік тілді білетінін мәлімдеген. Ал 1 млн 123 мың 572-і нашар білетінін,

5 млн 321 мың 750-і тіптен білмейтіндігін хабарлаған. Яғни мемлекеттік

тілді республикамызда тұратын халықтың 64,4%-і біледі. Бұл деректер аз

халықтардың қазақ тілін меңгерудегі үлесі айтарлықтай, қазақ тілін

меңгеруді бұл халықгар республикамыздағы ұлтаралық қарым-қатынас-

тарды одан әрі үйлестірудің және нығайтудың бірден-бір алғышарты деп

санайтынын көрсетеді.

1. Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан.

Алматы, 1999. С. 11.

2. Бұл да сонда.

194

Аз халықтардың сапалық көрсеткішін жақсартуда Қазақстан Респуб-

ликасы ел басшысының тікелей ұсынысымен құрылған Қазақстан Халық-

тарының Ассамблеясы институты маңызды рөл атқарып отыр. Елімізде

тұрып жатқан бүкіл халықтың, әсіресе, аз халықгардың саяси мұрат-мүд-

делерін жүзеге асыруда бұл институт тиімді еңбек етіп келеді. Аз халық-

тардың мүдделерін өздері құрған саяси партиялар, өздері сайлаған Пар-

ламент депутаттары да қорғауда. Парламент қабылдаған Конституция

еліміздегі аз ұлттар мен халықтардың тең құқықгығын жариялаған. Оның

баптары ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған. Аз

халықгарға жататын адамдардың ұлттық кемсітушілігіне жол бермейді.

Адамдардың тек қарым-қатынаста болуы құқықтың қорғалуына негіз-

делген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы осы сала бойынша

бірнеше халықаралық құжаттарға қол қойды. БҰҰ-ның шеңберінде Адам

құқының жалпы декларациясын, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық фор-

маларын жою туралы Конвенциясын (1995 жылы 11 қаңтарда Қазақстан

қол қойған), Бала құқы туралы Конвенциясын (1994 жылы 12 тамызда

Қазақстан қол қойған), ОБСЕ шеңберінде Адам критерийлері бойынша

Копенгаген конференциясының құжатын мойындап мақұлдады. Осы

құжаттарда белгіленген принциптерді мемлекеттік саясатта басшылық-

қа алу - ұлтаралық қатынастарды демократияландыру мен адам құқын

қорғауды ұтымды шешудің маңызды кепілі.

Түрлі меншік формаларының енгізілуімен байланысты аз халықтар-

дың таптық-әлеуметтік құрылымы да сапалық өзгеріске ұшырады. Олар-

дың қатарынан бизнесмендер, іскер адамдар, фермерлер, т.б. жаңа әлеу-

меттік топтар пайда болды. Осы топтардың қоғамдағы әлеуметтік стату-

сы биіктеді. Бұлар еліміздің экономикасын дамытуға өз үлестерін қосып

келеді.

Дей тұрғанмен, Қазақстан Республикасында тұратын аз халықгарда

әлеуметтік-экономикалық проблемалар жоқ емес. Әлеуметтанушылар-

дың мәліметтеріне қарағанда, аз халықтардың мүддесіне, жалпы ұлтара-

лық қарым-қатынастарға бұл проблемалар біршама қауіп-қатер төндіруі

ықтимал. Анкеталық сауалнамаға қайтарған жауаптарында респондент-

тердің 69,2%-і бұл проблемалардың орын алуын азық-түлік бағасының

жоғары болуымен және онымен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігімен,

52,6%-і - адамдардың әл-ауқатының төмендігімен, 46,5%-і - қылмыстың

артуымен, 33,4%-і - жұмыссыздықтың көбеюімен, 32,3%-і - ұлтаралық

қарым-қатынастың шиеленісуімен, 23,4%-і — халықгың байлар мен кедей-

лерге жіктелуімен, 27,4%-і — экологиялық ортаның нашарлауымен, 9,3%-і

республика аумағына талап қоюымен, 2,8%-і — діннің күшеюімен және

республика экономикасына шетел капиталының ендірілуімен түсіндіреді.

195

Қазақстанның қазіргі даму кезеңі — экономикалық модельді, соның

ішінде нарықтық экономиканың тиімді үлгісін іздестіру және оған ену

кезеңі. Жекешелендірудің негізінде мемлекеттің экономикалық билігін

шектеу, нарықгы әлеуметтік жағдайға бағыггай отырып реформалау, жеке

меншікті қалпына келтіру, азаматтардың еңбек және заттық автономия-

сына құқықгық кепілдік беру сияқгы экономикалық реформаның негізгі

принциптері жүзеге асырылуда. Алайда, технологиялық жетістіктер,

бәсекелестіктің артуы, мемлекеттік қолдаудың жойылуы аз халықгардың

көптеген адамдарына қорқыныш ұялатып отыр. Өздерінің әлеуметтік

күйінің нашарлауын олар аталмыш өзгерістермен байланыстырады.

Мәдени салада да аз халықтардың кейбір проблемалық мәселелері

сақгалған. Атап айтқанда, олардың ана тілінде радио-теледидар хабарла-

ры өте аз көлемде беріледі, кейбір халықтардікі мүлдем берілмейді.

Сондықтан мемлекет тарапьшан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді

реттеп отыру, аз халықтар тілінде арнайы радио-теледидар арнасын

ұйымдастыру қажет.

Халықтар арасында өзара тиімді ынтымақтастықгы дамыту олардың

негізгі құқықгарын өзара мойындау мен құрметтеу негізінде іске асады.

Бұл құқықтар халықтар ұйымдарының, соның ішінде Біріккен Ұлттар

Ұйымының (БҰҰ) көптеген құжаттарында бекітілген. Әңгіме бүкіл халық-

тардың төменгідей құқықтары туралы болып отыр:

— өмір сүру құқығы, қайсыбір халықты және оның мәдениетін қан-

дай формада болмасын жоятын геноцид және этноцид дейтіндерге тый-

ым салу құқығы;

— өзін-өзі тану құқығы, яғни азаматтардың өздерінің қай ұлтқа жата-

тынын анықтауы;

- егемендік, өзін-өзі басқару құқығы;

- мәдени ерекшеліктерді сақгау құқығы, соның ішінде тіл мен білім

беру саласын, ұлттық мұралар мен халықтық салт-дәстүрлерді сақтау

құқығы бар;

- халықтардың өздері тұратын аумақтың табиғи байлығы мен ресурс-

тарын пайдалану үшін бақылау орнату құқығы, мұның көкейтестілігі

шаруашылықта жаңа аумақтарды қарқынды игерумен және экология

проблемаларының шиеленісуіне байланысты ерекше артып отыр;

— әрбір халықтың дүние жүзі өркениетінің қол жеткен табыстарып

игеруіне жол ашу және оларды пайдалану құқығы.

Жоғарыда атаған барлық халықтардың құқығын практикада жүзеге

асыру олардың әрқайсысына және бәріне бірдей ұлт мәселесін оңтайлы

шешу жолында жасалған маңызды қадам болып саналады. Осыған орай

бұл мәселеге байланысты объективтік және субъективтік факторларды

196

терең есепке алу керек, экономикалық, саяси және таза этникалық

сипаттағы көптеген қарама-қайшылықтар мен қиыншылықтарды жою

қажет.

Осы қарама-қайшылықгар мен қиыншылықтардың көпшілігіне КСРО

мен оның бұрынғы республикаларының саяси жүйе саласында жүргізген

реформалары кезікті. Мысалы, халықгардың табиғи ерекшелігін сақгауға

және өз алдына дербестігін алуға ұмтылулары және оларды жүзеге асыру

күтпеген тенденцияларға соқтырып, Кеңес Одағын ыдыратты. Бұл жағ-

дай көпшілік үшін күтпеген оқиға болды. Бүгінде бұрынғы Кеңес Одағы-

ньщ республикалары мен халықтары тұтас экономикалық, экологиялық,

мәдени және ақпараттық кеңістікті сақтамайынша қалыпты өмір сүріп,

ойдағыдай дами алмайтынына көз жетіп отыр. Ғасырлар бойы қалыпта-

сып, халықгар өмірінің негізіне айналғандардың бәрі лезде шорт тыйыл-

ды, бұл халықтардың бүгінгі жағдайына әсер етгі.

Көпгеген келеңсіз жағдайлар бүгін де ойландырады. Сондықтан Тәуел-

сіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер экономика, экология, мәде-

ни алмасу және т.б. салаларда мемлекетаралық қатынастарды реттейтін

құрылымдар құру мәселесін нақты қойды және ол өз шешімін табуда.

Бірақ Достастық мемлекеттері арасында тең құқықтықгы және өзара

тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру процесі көптеген мәселелерді

шешуді талап етеді, соның ішінде адамдар, заң және атқарушы өкімет

билігінің әр түрлі деңгейінде қызмет істейтін кейбір саясаткерлердің сана-

сы мен іс-әрекетіне сіңісті болған ұлтшылдық пен шовинистік пиғылды

жою керек.

Ресей Федерациясының ұлт мәселесінде қол жеткен табыстары да,

әзірге шешілмеген проблемалары да бар. Бұрынғы автономиялы респуб-

ликалардың бәрі өз шешімдерімен өздерінің ұлттық-мемлекеттік мәрте-

бесін өзгертті. Олардың аттарынан «автономия» жойыльш, бүгінде олар

Ресей Федерациясының құрамындағы республикалар деп аталатын бол-

ды. Олар шешетін мәселелердің ауқымы кеңейді, мемлекеттік-құқықгық

мәртебесі артты. Кейбір автономиялы облыстар өздерін Ресей құрамын-

дағы дербес және тәуелсіз республикалармыз деп жариялады. Мұның бәрі

Ресей Федерациясының құрамындағы бүкіл республикалармен бір мезетте

олардың мемлекеттік-құқықгық мәртебесін көтерді және теңестірді.

Бірақ осындай оң құбылыстармен қатар жағымсыз жағдайлар да орын

алып отырғанын айту керек. Ең алдымен Ресей Федерациясы субъектіле-

рінің мемлекеттік дербестігі мен тәуелсіздігін арттыру барысында кейде

идеологияда, нақгы саясатта ұлтшылдық пен сепаратизм қатар көрініс

табады. Кейбір сепаратистер Ресей мемлекетінің бірлігі мен тұтастығын

бұзуды көздеп, Ресейдің орталық заң және атқарушы органдарына өз рес-

197

публикаларын қарсы қоюды ұйымдастырады, Ресей Федерациясының

құрамынан өз республикаларының шығу бағытын ұстанады. Мұндай әре-

кеттер саясаткерлер мен шағын ұлтшыл топтың жеке мүдделері үшін жа-

салады, одан тек халықтың басым көпшілігі зардап шегеді. Тәжірибе

көрсетіп отырғанындай, кейбір саяси жетекшілердің, саяси топтар мен

партиялардың ұлтшылдық және сепаратистік саясаты республикаларға,

ең алдымен олардың экономикалық дамуына, сонымен қатар осы рес-

публикалар және бүкіл Ресей халықтарының материалдық, саяси және

рухани мүдделеріне үлкен нұқсан келтіреді. Халықгар экономикалық тұр-

ғыда ғана емес, туыстық қатынас тұрғысында да өзара байланысты, себебі

олардың тағдырлары ортақ.

Ұлы державалық шовинизм сияқгы ұлтшылдық пен сепаратистік сая-

сат кімнен шыққанына қарамастан ұлтгық шиеленістерге әкеп соқгырады.

Ұлтаралық шиеленістер — бұл саяси, аумақтық, экономикалық, тілдік,

мәдени, діни проблемаларды шешу барысында ұлттар (халықгар) арасында

пайда болған қарама-қайшылықтардьщ шектен тыс асқынуы. Әңгіме этнос-

тар және олардың жеке өкілдері арасындағы шиеденістер туралы больш

отыр. Мұндай шиеленістер ұлттық-этникалық топтар болып бөлінетін

саналы халықтардың әлеуметтік-психологиялық және идеологиялық

деңгейлерінде, сонымен қатар заң шығарушы және атқарушы биліктің

ұлттық-мемлекеттік құрылымдарының қызметі деңгейінде пайда больш,

өрекет етуі мүмкін.

Ұлтаралық шиеленістердің кеңінен тараған түрлеріне төмендегілер

жатады:

1) Мемлекеттік-құқықгық шиеленістер. Мұның негізіне олардың өз

мемлекеттігінің болмауы, немесе олардың құқықтарының тар шеңберде

шектелуіне орай мемлекет статусына ұлттың қанағаттанбауы жатады.

Анығырақ айтсақ, бұл өзі құрамына еніп отырған кез келген ұлттың өздері

бағынатын мемлекеттің өкімет билігінің құрылымы мен тепе-тендіктің

бірдей еместігіне деген наразылығынан туындайтьш шиеленістер. Мәсе-

лен, абхаз-грузин, осетин-грузин, Шешенстандағы оқиға және басқа да

аймақтардағы шиеленістерді мысалға алуға болады.

2) Этно-аумақтық шиеленістер. Әдетте бұның тарихи тамырып терең-

нен іздестіру керек болады. КСРО тұсында ұлттық-аумақтық шекаралар

жобамен межеленіп, бірнеше рет ұзартынды немесе қысқартылып тұрды.

Бұл занды құбылыс ретінде қабылданды. Шиеленістің мұндай түрі аса

қауіпті құбылыс әрі оның шешілуі де оңайға соқпайды. Халықтар күштеп

қоныс аударылған жерлерден енді өздерінің бұрын тұрған аумақтарына,

атамекендеріне қайтып оралу құқығын жүзеге асыру және сол жерлерге

қоныстану кезінде олардың бұрынғы тарихи отандарында осы этно­аумаңтық

198

шиеленістер тағы да өрби түседі, әрі оның зардаптары да оңай

болмады. Бұған Қырым татарлары, Таулы Қарабах, т.б. өңірлердегі

шиеленістерді дәлел ретінде келтірсек те жеткілікті.

3) Этно-демографиялық шиеленістер. Басқа тілде сөйлейтін бөтен

халықтың қоныс аударып келуіне орай сол жердегі этностың олармен

араласып, сіңісіп кетуі көп жағдайда қиынға түседі, тіпті кейде олар өзара

тіл табысып, ымыраласа да алмайды. Мұндай жағдайда жергілікті ұлттың

құқығын корғау басты міндет саналады да, сырттан келгендер үшін әр

түрлі шектеулер қойылады.

4) Ұлтаралық шиеленістерді халықгың миграциялануы, көшіп-қону-

лары да күшейте түседі. Себебі тығыз отырған елдің ортасына босқын-

дардың сыналап кіруі тірлік көздерінің ауқымын тарылтқандықган күн-

көріс қамын ойлаған босқындар мен жергілікті халықтың арасында

шиеленістім тағы бір түрі өрбиді. Оны ұлтаралық шиеленістер дейміз.

Ұлттық шиеленістердің ушығуы мемлекетаралық деңгейге жеткенде

тым асқынып, шектен шығып кетеді. Мұндай жағдайда тек өздерінің қа-

рақан басының мүдделерін іске асыруды көздеген кейбір саясаткерлер

онсыз да тұтанып тұрған отқа май құя түседі. Олардың бұл мақсатын

түсінбеген халық шиеленістің өршуіне өздері белсене араласады да,

нәтижесінде соның зардаптарын өздері тартады.

Ұлтаралық шиеленістер көбінесе тарихи тұрғыда қалыптасқан халық-

тардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуімен де сипатталады. Себебі

шегіне жете қордаланған, тамырланған мұндай жағдай халықтың нара-

зылығын тудырып, содан барып олар өз құқығы үшін әділетті күреске

шығады.

Қалай дегенмен де, қашан болмасын барша ұлттардың, бүкіл халық-

тың мұң-мұқтаждарын, мүдделерін саралап орындаудың жолдарын қарас-

тыру керек. Өз мүддесін, бір өзінің ғана баюын мақсат тұтқан жеке тұлға-

лар мен ұлтшылдар немесе шовинистік топтар шиеленісті ушықгырмаса,

тоқгата алмайды. Сонымен бірге ұлтаралық шиеленістерді демократиялық

тәсілдермен шешуге ұмтылу керек. Бұл жерде этнос әлеуметтануының

өз рөлін мүлтіксіз атқаруына мүмкіндігі бар.

Көпұлтты қоғамның ұлтаралық шиеленістерді дер кезінде көре білуі

және оны өрбітпей, өркениетті тәсілдерді қолдану арқылы шешуге

қабілеттілік көрсетуі — бұл оның азаматтық кемеліне келгендігі мен демо-

кратизмнің қалыптасқандығының айғағы. Бұл құқықтық мемлекет қыз-

метінің маңызды саласын құрайтын ұлтаралық қатынастарды құқықгық

тұрғыда реттеуде ерекше орын алады. Азаматтық қоғамды жан-жақгы

дамыту, саяси жүйені демократияландыру және құқықтық мемлекет құру

- қазіргі жағдайда ұлт мәселесін өркениетті жолмен шешудің маңызды

199

әлеуметтік алғышарттары болып саналады. Сондыктан да халық мейлі

көпұлтты мемлекетте болсын, әйтеуір, достықта, бейбітшілікте өмір сүруге

тиіс.

Ұлтаралық шиеленістерден алдын ала сақтану және оларды жою

механизмдеріне:

— алдын ала болжам жасау; Бұл ретте жағдайды білу шиеленіс пісіп-

жетілгенге дейін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді;

— ұзақ дайындалуды және аса мол шығын жұмсауды талап етпейтін

ұйымдық-саяси және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы аса өткір

мәселелерді жедел шешу;

- бейтарап жақтың қатысуымен қарама-қарсы тұрған, басқа пиғыл-

дағы жақтармен диалог, келіссөз процесін жүргізу;

— экономикалық, саяси, әкімшілік-құқықтық жазалау шараларьш,

қоғамдық тәртіпті қорғау органдарының күшін қолдану;

- шиеленісті бәсендету мен мәселені конституциялық жолмен шешу

үшін құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени алғышарттар жасау;

— шиеленістердің алдын алуға мұрындық болатын және бейбітшілік

орната алатын пайдалы, керекті мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми-зерттеу

институттарын, «үшінші сот» пен арбитраж институттарып, өкіметтік емес

ұйымдарды құрып, олардың жұмыстарын ұйымдастыру;

— ұлтаралық шиеленістердің барлық түрлерін тоқтату үшін, әлеу-

меттік-экономикалық фактордың рөлін ескеріп, экономикалық, шаруа-

шылық байланыстарды сақтаудың немесе қалпынша келтірудің жолдарын

табу. Сонымен бірге нарықтық қатынастарды, кооперацияны дамытудың,

бірлескен кәсіпорындарды салудың және т.с.с. өркендетудің алатын орны

да ерекше;

- рухани ынтымақтастықтың инфрақұрылымын құру, туризмді, спорт-

ты және т.с.с. дамыту жатады.

Ұлтаралық қатынастарды нығайтуда отбасы маңызды рөл атқарады.

Отбасы мен неке арнайы қаралатын әлеуметтану теориясының негізгі

мәселелерінің қатарына жатады.

1. ӘбсаттаровР, Б, КСРО-ның күйреуі жәнеегемен Қазақстан //Ақиқат. 2001. №11. 17-6.

200

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАҚЫРЫП

ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Отбасы және неке әлеуметтануының адамның тіршілік әрекетінің

формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзгеруінің ішкі және

сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және

қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды.

Отбасы және неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретіндегі неке

және осы қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйым-

дасқан ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қайсыбір

айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен ер-

кектің арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың әлеуметтік

формасы ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдық-

ты меңгерген шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше

әлеуметтік институт ретінде қарастыру анықталған. Отбасына деген

әлеуметтік қажеттілік ең алдымен қоғамның халықты физикалық және

рухани жағынан ұдайы өндіру мұқтаждығынан туындаған. Отбасындағы

көшбасшылық, оны анықтаудың өлшем-бірліктері, отбасының қоғам

алдында атқаратын міндеттері, некеге отыру мен ажырасудың уәждері

үлкен зерттеуді тудырып келе жатқан мәселелердің қатарына жатады.