- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері
- •Дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (хх ғасыр - XX ғасырдың басы)
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
- •1. Ресей әлеуметтануыңдағы негізгі бағыттар мен ағымдар
- •Үшінші тақырып
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртінші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бекейхановтың әлеуметтану
- •XX ғасырдағы әлеуметтану
- •1. XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтанудағы
- •2. XX ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі
- •1. Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері.
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғандық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның қызметі
- •1. Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымдары,
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •1. Этнос қауымдастығы ұғымы.
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазірғі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •1. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары.
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •Оныншы тақырып тұлға әлеуметтануы
- •1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.
- •2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және 9
- •Онбірінші тақырып саясат әлеуметтануы
- •1. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары. Саясат жане саяси қызмет
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •Он екінші тақырып мәдениет әлеуметтануы
- •1. Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Ұйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен прннциптері
- •Он төртінші тақырып білім әлеуметтануы
- •1. Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
- •2. Оқу социомәдени әрекет ретінде
- •3. Орта оқу орнының қалыптасуы
- •4. Білім жүйесінің құрылымы
- •5. Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
- •Он бесінші такырып әлеуметтану зерттеулерінің методологиясы мен әдісгемесі
- •1. Әлеуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері.
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудаң әдістемесі мен техникасы
2. Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығарма-
шылық жылдарын қамтнды. Орта деңгейлі кәсіби мамаңдыққа талпынған
340
жас адам он үш жыл оқуы тиіс, ал жоғары білікті мамандық алу үшін оның
оқуының мерзімі жиырма жылға жетеді. Баланың білім беру жүйесіне
ену шекарасы жас мөлшері бойынша ең төменгі деңгейге жеткен, осыдан
туындайтын психофизикалық салдарлары туралы оқушылардың нақты
түсінігі болмағанына қарамастан білім беру ерте балалық шақты қамтиды.
Оқудың ең жауапты фазасы адамның кәсібилік, отбасылық, азаматтық
сияқты әлеуметтік өзін-өзі орнықгыру кезеңіне тиесілі болады. Ұзаққа
созылған оқудан жас адамдар көбіне-көп титықтайтын (стресстік) жағ-
дайларға түседі, қылмыскерлердің ортасын толтырады.
Білім әлеуметтануының негізгі мәселесі - оқудың мәні не - оның ең
жақсы жай-күйіне қалай жетуге болоды?
Оқу — адамның білім саласындағы негізгі әрекетінің түрі. Оқушының
бүгінгісі мен ертеңі, білім саласындағы әрекеттердің барлық факторла-
ры, түптеп келгенде, оқу қызметінің мазмұнымен анықталады.
Әдебиеттерде оқу процесін белгілеу үшін мынандай терминдер қол-
данылады: оқу, білім беру, ғылыми, білім және т.б.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген терминдер мен ұғым-
дарға белгілі бір түсініктеме беру қалыптасқан, олардың әрқайсысының
өз мазмұны бар. Бәріне ортақ ұғым ретінде «оқу» түсінігі алынған. Оқу
термині басқа да мазмұнда да айтылып, тек білімді меңгеруді білдіріп қана
қоймай, белгілі бір білім жүйесін (ғылыми, теория, тұжырымдама) игеруді
білдіреді. Қалыптасқан оқу тұжырымдамасының бағыттарын бөліп көрсе-
тер болсақ, онда олар: білімді меңгеру ретіндегі, мәдениетті меңгеру
ретіндегі бағыттар болыпш табылады.
Ресей ғылымында оқуды «білімді меңгеру ретіндегі» түсінудің теори-
ялық негізін көрнекгі психолог С. Л. Рубинштейн қалыптастырған еді.
Ол оқу мен ғылыми танымды әртүрлі деп есептеді. Оқу, түптеп келгенде,
ерекше жағдайда оқушыларға білім беру мен олардың танымын басқару-
дағы танымның түрлерінің бірі. Соған сәйкес оқудың негізгі компонент-
теріне: талдау, синтез, абстракциялау, «бүкіл таным үрдісінің жалпы
бөлгіш» ретіндегі қорытындылау қызмет атқарады.
Оқытуды тек білімді меңгеру ретіндегі түсінікті тәжірибені игеру түсі-
нігі толықтырады. Ж. Пиаже оқытудағы тәжірибені меңгерудің форма-
ларына терең эксперименттік талдау жасады. Олардың ішінен ол негіз-
гілерін бөліп көрсетті: сіңісу - жаңа объекгінің ескі схемаларға кіруі және
үйрену - бастапқы схемалардың жаңа объектілерге, соңғының құрылы-
мын өзгерту жолымен бейімделуі.
Бірінші жағдайда қайсыбір міндет осыған ұқсас міндеттерді шешудің
белгілі алгоритмдері негізінде шешіледі. Екінші жағдайда адам түбірінен
жаңа міндеттермен кездескенде өзінің дағдыларын және ептілігін бейімдейді.
341
Организмнің ортаға бейімделуін ол субъекті мен объектінің салмақтылығы сияқты қарастырады. Психикалық функциялардың генезисі әртүрлі салмақгы сатыларды: үйренуді, сіңісу мен табанды алмастырушы ретінде көрінеді де, білімге организм мен орта арасында тұрақты тепе- тендік формасын береді.
Зерттеушілердің алдында оқу барысында қандай тәжірибе игерілуі тиіс
деген міндетті шешу мәселесі тұрды. Оқуға мұғалімнен оқушыға білім
мен тәжірибені беруді жеңіл-желпі түсінік ретінде қарауды орыс психо-
логы А. Н. Леонтьев сынаған еді.
Тұлға мұғалімнен ақпаратты қабылдайды, бірақ оны өзінің іс-әрекеті-
нің барысында пайымдайды және өңдеуден өткізеді, солайша оған өзінше
қарайтын болады. Осы үрдісте білім тұлғалық форманы иеленеді, сөйтіп
тұлғаның өзіндік дамуы іске асады. Бұл идеялар оқуға мәдениетті меңгеру
қызметі ретінде қараудың негізіне алынған.
Адамның мәдениетті меңгеруі тарихи қалыптасқан алуан түрлі қыз-
мет формаларында жүреді. Адам құндылықтарды мынандай: еңбек,
тұрмыс, таным, қарым-қатынас, оқу, ойын сияқты қызмет формаларын-
да меңгеріп игереді..
Мәдениетті алып жүруші ретіндегі тұлғаның қалыптасу фазаларында
алуан түрлі қызмет формалары әртүрлі рөл атқарады. Адамның, тұлға-
ның қалыптасуы қарапайым қарым-қатынастан ойынға, ойыннан оқуға,
оқудан еңбекке өрлеу үрдісі кезінде жүзеге асады. Бұлардың арасында
оқу мәдениетті алып жүруші ретіндегі субъектінің қалыптасуының дай-
ындық фазасы іспетті көрініп, оның векторлары тәрбиеге бағытталған,
қызметтің қажетті механизмдерін жасауға, оны жаңадан өндіруге және
шығармашылық формаларын қалыптастыруға бағытталған.
Сайып келгенде, әлеуметтік өмірде оқу 1) адамның мәдениетгі мең-
геруіне, қоғамдық практикаға, еңбек қызметіне кіруіне қажетті дайындық
кезеңі; 2) оқудың функциялары субъектіде қызметтің мәдени механизм-
дерін жасауға, яғни қайсыбір социумның мәдени жетістіктеріне негізделген
қызмет болып табылады; 3) оқудың танымдық-бағдарламалық жағы
жетекші маңыздылыққа ие болса да оқу тек таныммен ғана шектелмейді;
4) оқу тәжірибені меңгеруді ұйымдастырады, бірақ оның бәрін емес, тек
үлгілік, нормалық маңызға ие болғандарын яғни мәдени жегістіктерді ғана
меңгертеді; 5) бұл тікелей тарату формасында іске асып қоймайды, ол
оқытушы мен оқушының белсенді біріккен қызметінде жүзеге асады.
Олардың әрқайсысының белсенділік мөлшерімен, әрекет мазмұнымен оқу
үрдісінің сапасы анықталады; 6) оқу барысында оқушылар біреудің тәжі-
рибесін жай ғана қабылдап қоймайды, мәдени қызметтің өзіне лайықгы
тәжірибесін қабылдайды. Оқытушы осы тәжірибені оқу құралдарының
342
көмегімен ұйымдастырады, бағыттайды; 7) құндылықтарды меңгеріп кету
үрдісі осы құндылықтар өмір сүретін сол қоғамдық форманы, қоғамдық
байланыстарды меңгеруді де ұйғартады. Соған сәйкес оқыту жекелеген
құндылықтарды игерумен және іс-әрекеттердің бағыт-бағдарлары мен
дағдыларын қалыптастырумен байланысты шектеліп қалмайды, одан да
кең үрдіске шығады - әлеуметтендіру, әлеуметтік байланыстардың осы
жүйесіндегі субъект ретінде тұлғаның қалыптасуы үрдісіне ұласады, сон-
дықтан да ол тәрбиенің бір формасы болып табылады. Тәрбие қоғамның
технологиялық, экономикалық, саяси, экологиялық және басқа да қажет-
тіліктерін қанағаттандыруға қызмет ететін оқудың әлеуметтік жүйесінің
күшеюінен көрініс табады. Тек осындай оқу жүйесі ғана білімді құрайды.
Оқу білімнің негізгі мазмұнын қалыптастырады. Өз кезегінде білімді
белгілі бір оқу жүйесінің қызмет формасы ретінде қарастыруға да бола-
ды. Ол оқу қызметінің алуан түрлерін, оның мазмұнын, субъектілерді
әлеуметтік тапсырысқа, қоғамның социомәдени қажеттіліктеріне бағыт-
тап біртұтас әлеуметтік жүйеге кіріктендіреді.
Оқу жүйесіндегі оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынастары
әлеуметтік институттық форманы иеленеді. Білім институттарының өмір
сүруі қоғамдық өмірдің арнайы саласын - білім саласын өрістеуге әкеледі.
Білім саласына кірудің сипаты мен формасы оның өмірдің басқа салала-
рындағы әлеуметтік жағдайына, оның ауыспалық мүмкіндігіне, мәдени
өсуіне айтарлықтай ықпал етеді.
