Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р. Абсаттаров Дәкенов Әлеуметтану.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы

Қазан төңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы

шиеленіскен карама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттанды-

ру процесі басталды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметгану

ғылымының өрлеуі байқалды. Әлеуметтанулық зертгеулер жүргізілді және

әлеуметгану кафедралары құрылды. Жоғары оқу орнының осыңдай бөлімі

Петроград пен Ярослав университеттерінде жұмыс істей бастады. 1919 жылы

Социобиблиофафиялық институт ашылды. Сол жылы осы институттың

директоры К. М. Тахтарев бұл институтты Ресей әлеуметгану институ-

тына өзгерту туралы мәселе көтерді.

М. М. Ковалевский атындағы Ресей әлеуметтану қоғамы өз жұмысын

кайта жалғастырды. Оның төрағасына Н. И. Кареев тағайындалды. Пет-

рофад университетінің маңызды буыны саналатын қоғамдық ғылымдар

фақультетінің қатарында елдегі алғашқы әлеуметтану бөлімі 1920 жылы

------------------------------------------------------------

'ЛенинВ. И. Шығ. толықжинағы. 30-т. Алматы: Қазакстан, 1973. 390-6.

70

ашылып, оқу процесіне орыстың ірі әлеуметтанушылары тартылды.

Осы әлеуметтану бөлімін басқару ісі П. Сорокинге тапсырылды. Осы

жылдары негізінен теориялық мәселелер қарастырылған көптеген әлеу-

меттанулық әдебиеттер баспалардан жарыққа шықты. Мысалы: П. А. Со-

рокиннің, Н. А. Бухариннің, М. С. Сальнскийдің, В. М. Хвостовтың, т.б.

шығармаларын айтуға болады.

Бұлардың еңбектерінде әлеуметгану білімінің пәні, теориясы және

құрылымы жөнінде әр түрлі көзқарастар сарапталды және әлеуметтану

мен маркстік қоғам теориясының арасалмағын ажырату мәселесі қойыл-

ды. Соңғының негізінде марксгік әлеуметгану ғылымын нақгы калып-

тастырып, әлеуметтанудың марксизм іліміндегі орнын айқындау міндетін

жүзеге асыру қарастырылды.

Алайда, беделге сүйенген тәртіптің орнауы, қоғамдық өмірдің бар-

лық саласын басқаруда әкімшілік-әміршілдік жүйенің құрылуы жалпы

қоғамдық ғылымдарға, соның ішінде әлеуметгану ғылымына кері әсер

етті. 1922 жылы көрнекті ойшылдарі кәсіби философтар, әлеуметтану-

шылар, экономистер елден қуылды. Солардың арасында П. А. Сорокин,

П. Б. Струве, Н. А. Бердяев, С. Н. Булгаков, т.б. болды. 20-шы жылдар-

дьщ орта тұсында қалыптасқан идеологиялық және саяси бақылау жүйесі

кез келген жаңа әлеуметтік ойдың басып-жаншылуына, тыйым салыну-

ына әкеп соқгырды, әлеуметтанулық пайымдаулар жоқка шығарылды.

П. А. Сорокин марксистерді қоғамның әлеуметгік құрылымының

бүкіл проблемасын таптарға бөлумен шектелуін сынады, адамдар арасын-

дағы жойылмайтын сапалы өзгешеліктерге байланысты тапсыз қоғам

орнатудың «принципі мүмкін емес» екендігін де айтты. Марксизмге адал

К. М. Тахтарев, С. И. Солнцев, т.б. әлеуметганушылар коғамның таптар-

ға бөлінуі шешуші рөл атқаратындығын атап көрсетті, таптардың шығуы

мен эволюциясын Спенсер мен Дюркгейм тұрғысынан түсіндірді. Бұлар

таптық күреске қоғамдық прогресгің қозғаушы күші регінде қарамады.

Дамудың қайнар көзі, Тахтаревтің пікірінше, таптар емес, әлеуметгік ын-

тымақгастықгың және қоғамның іргетасын қалайтын ұлтгық қатынастар.

А. А. Богданов пен Н. И. Бухариннің таптар тұжырымдамаларының

негізіне қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымын қалыптастыратын тех-

никалық-ұжымдық қатынастар қоғамдық еңбек бөлінісінде басқарушы

және атқарушы болады деген түсініктер алынды. Мұндай бөліну тіптен

әлеуметтік ұйымдардың нышаны көрініс берген жерлердің бәріңде бола-

тын болды. Сондықган таптар қоғамның табиғи және қажетті элементі,

деп танылды.

Алайда, 20-жылдардағы таптарға дәстүрлі марксгік көзқарас шеңбері-

нен шығуға жасалған талап маркстік әлеуметганудың одан әрі дамуына

71

айтарлықтай ықпал жасай алмады. Көптеген маркстік зерттеулер бұрын-

нан қалыптасқан тұжырымдамаларды нақтылауға арналды, мынандай

ұғымдарды тәптіштеді: негізгі және негізгі емес, аралық, өтпелі таптар;

сонымен бірге таптар ішіндегі жіктелісті сипатгайтын ұғымдарды: «тап-

тар типі», «отрадтар», т.б. нақтылады.

30-жылдардың басында тапсыз социалистік қоғам концепциясы да

маркстік әлеуметтанушылардың арасында орын тепті. Олар қала мен де-

ревнада капиталистік элементтерді жою тапсыз қоғамға өткізеді деп

тусінді. Бұл көзқарас Маркстің пролетариат диктатурасы тапсыз қоғамға

жеткізеді деген ережесін жалаң көшіре салу болды. Сондықган 30-жыл-

дардьщ ортасында қалыптасқан қоғамның әлеуметгік құрылымын сипат-

тағанда «жаңа таптар», «жаңа социалистік таптар» ұғымдары қолданыл-

ды, яғни бұлар классикалық марксизмде болмаған және оның доктрина-

сына қарсы ұғымдар еді.

30-жылдардың ортасында маркстік оқулықтардан белгілі болып отыр-

ған социалистік қоғамның әлеуметтік құрылымының тұжырымдамасы

толығымен қалыптасып болды. Ол тұжырымдама бойынша қоғам екі

антагонистік емес таптардан: жұмысшы табы және колхозшы шаруалар-

дан және тапаралық жік — еңбекші интеллигенциадан тұрды. Меншіктің

екі формасының, яғни жалпы халықгық және колхоз-кооперативтік мен-

шіктерінің біртіндеп жақындасуы әлеуметтік біртекті қоғамға өкеледі

деген болжам жасаады. Бұл әлеуметтік утопия негізінен идеологиялық

функция атқарды.

20-30-жылдары ұлт және ұлттық қатынастар проблемасына арналған теориялық жұмыстарда И. В. Сталиннің «Марксизм және ұлт мәсе-

лесі», «Үлт мәселесі және ленинизм» еңбектерінде калыптасқан көзқа-

растар етек алды. Проблеманы талқылау сталиндік пайымдауға түсініктеме

берумен шектелді. Бұл проблемаға сталиңдік тұрғыдан қарау кеңестік елеу-

меттану әдебиеттерінде бұдан кейінгі жылдары әбден бекіп, пайымдау

жөніндегі пікір сайысы мәселенің теориясын тұмшалап тастады. Сол тұс-

тағы ұлт мәселесі бойынша жарық көрген жарияланымдарда орын алған

ұлттық және этникалық қауымдастықгы, ұлттық және этникалық про-

цестерді бір-бірінен нақгы ажырата алмау бірден-бір көшірілмес іргелі

кемшілік болды. Этникалық және ұлтгық қауымдастықтардың арақаты-

насы проблемасын қарастырған көптеген марксистер ұлт дайын этника-

лық қауымдастықгың негізінде пайда болады деп түсіндірді. Этникаға

ұлттық процестің кері ықпал ету проблемасы зерттеуден тыс қалып қойды.

20—30-жыадары қоғамдық өмірдің барлық саласына көңіл бөлінді,

соның ішінде отбасы мәселесі де болды. Отбасы мәселесі көптеген марк-

сист теоретиктерді және партия мүшелерін қызықтырды. В. А. Быстрен-

72

скийдің, А. В. Луначарскийдің, А. М. Коллонтайдың және т.б. еңбектері

жарыққа шықты. Бұлар отбасы мен неке генезисі, әртүрлі қоғамдық фор-

мациялардағы отбасы-неке қатынастарының даму заңдылықтары, отба-

сының әлеуметтік функциялары, социалистік қоғамдағы отбасы дамуы-

ның келешегі проблемаларын зерттеген тұңғыш еңбектер еді. Аталмыш

маркстік әлеуметганулық шығармалардың арасында біраз схоластикалық

туындылар да болды. Оларда теориялық және эмпирикалық талдауды

ұштастыруға алғашқы қадамдар жасалғанымен, идеологиялық нұсқаулар

фактілерді бұрмалап түсіндіруге әкеп соқтырды. Кеңестік социалистік

республикалар одағындағы ерлі-зайыптылардың ажырасуларының саны-

ның артуы отбасы институтының ыдырауының көрсеткіші ретінде ұғын-

дырылды. Отбасын біржақты зерттеу, оның шағын топ ретіндегі сипатын

мойындамау, сайып келгенде, экономикалық, құқықтық институттар мен

нормалар жағынан қатаң детерминдендірілген формальды ұйымдар

принципіне сәйкес отбасы моделін құруға әкелді.

Соған қарамастан маркстік әлеуметганудың 20-30-жылдардағы теория-

лық ізденістері қуатты идеология қысымының аясында болды, ал социо-

графия саласында жаңа әлеуметтік қажеттіліктер елдегі болып жатқан

әлеуметтік процестер жөнінде ақпарат жинау үшін қолайлы жағдай жа-

сады. Бұл теориялық және эмпирикалық зерггеулер арасындағы алшақ-

тықтың тым терендеуінің басты себебі еді. Эмпирикалық әлеуметтік зерт-

теулер саласындағы қарқынды жұмыс азамат соғысы жылдарында баста-

льш та кетті. Революцияньщ әлеуметтік салдары туралы ақпарат жинауға

арналған бірнеше зертгеулерді Петрофад социобиологиялық институ-

тының қызметкерлері жүргізді. 1920 жылы П. А. Сорокиннің жетекшілі-

гімен Петрофадта кәсіби топтарға зерттеу жүргізілді. Бұл оньщ әлеуметгік

стратификация теориясьша арналған тұңғыш тәжірибесі болды. Алайда,

1920 жылдан бастап маркстік емес әлеуметтанушылар өз зерттеулерін

тоқтатуға мәжбүр болды. Бірақ қоғамға әлеуметтік ақпараттың қажеттігі

сақгалып қалды.

20-жылы орталық және жергілікті өкімет органдары жүргізген «әлеу-

меттік зерттеулер» әлеуметгік ақпаратты жинауды ұйымдастырудың тиімді

формасы болды. Мұндай зерттеулерге әдетге ұқыпты дайындықтар жа-

салды. Зерттеу бағдарламасы баспасөз бетгерінде жарияланды. Олардың

нәтижесі бойынша монографиялар, газеттер мен журналдарда көптеген

мақалалар басылды. Анкеталық сауалнама жүргізу техникасы енді ғана

қалыптасып жатты, оның бәрінде ашық сұрақтар қолданылды. Білім беру

және тәрбие проблемаларын әлеуметтанулық зерттеулерде тестілерді

қолдану тәжірибесі іске асырылды. Жиналған ақпарат өзінің мазмұны-

ның байлығымен, қолданбалық тиімділігімен ерекшеленді. Көптеген

73

зерттеулердің бүгінгі нормалармен салыстырғанда біршама кемшіліктері

болды, атап айтқанда, бағдарлама дайындаудағы олқылықтар, ұғымдық

аппараттағы, алғашқы ақпарат жинау әдістемесіндегі кеткен көптеген

қателіктер және т.б. осының айғағы. Бірақ сол жылдардағы кеңестік со-

циография академиялық әлеуметгануға қарағанда саяси цензураға онша

тәуелді болмады. Соның нәтижесінде соғысқа дейінгі кеңес қоғамындағы

әлеуметгік процестер туралы бай ақпараттар жиналды. Олар қазір де та-

рихи-әлеуметтанулық қызығушылық тудырып отыр.

Совет Одағы Коммунистік партиясы екі рет: 30-жылы және 60-жыл-

дың басында әлеуметгануды марксизмге жау, жалған ғылым деп жария-

лады. Алайда, эмпирикалық зерттеулердің жүйесі қоғамға қажет болды,

сондықган әлеуметтануда ақтап алу қажеттілігі туды. Ол үшін идеоло-

гияның тыйым салуларын бұзбай, яғни тарихи материализмді әлеуметта-

нуға балап, ал әлеуметганудың өзін қолданбалы зерттеулердің деңгейіне

дейін темендетуді жариялау әлеуметгануды марксизм аясына қайтару-

дың бір ғана жолы болды. Осыған орай әдеттен тыс жағдай калыптасты:

әлеуметганулық зерттеулер өмірде қолдану құқығына ие болды, ал әлеу-

меттану ондай құқықты ала алмады.

Кеңестік әлеуметтанудың «екінші рет дүниеге келуі» 60-жылдары

болды. Шет елдердегі әлеуметтанудың қарқынды дамуы мен кейбір

субъективгік жағдайлар бұған негізгі себеп болған еді. 30—60-жылдар ара-

лығында Кеңес қоғамында әлеуметганулық ойдың дамуында бірқатар

үзіліс болды. Сол кезенде тарихи материализмнен таратыла жарық керген

монографияларда әлеуметтік құбылыстар мен процестер шектен тыс

абстрактілі — теориялық деңгейде, мейлінше идеологияланған, нақты

өмірмен байланыстырылмай талданды. Философиялық детерминизм,

әлеуметтанулық ойлауды жоққа шығару қоғам туралы ғылымдарда дог-

матизм мен схоластиканың елшеусіз үстемдік етуіне әкеп соқгы. Әлеу-

меттанулық ойдың дамуы шындығында да 30-жылдардың аяғында тоқга-

ған еді. Әлеуметтанулық нақгы зертгеу әдістері ғылыми айналымнан алы-

нып тасталды және оны философиялық түрдегі әлеуметтік білімге қарсы

қойды. Әлеуметгік өмірдегі құбылыстар мен процестерді нақты зерттеу-

ге тыйым салынды.

Әлеуметтанудың жандана бастағаны, ғылыми пән ретінде алғашқы

еске алынуы 1955 жылы басталды. Академик В. С. Немчинов зерггеу пәні —

қоғамның дамуы дей отырып, әлеуметтануды философиялық білімнің бір

саласы ретінде сипаттады. Бұдан кейін, 1965 жылы, әлеуметтану қоғам

дамуының зандары мен қозғаушы күштері туралы ғылым ретінде айқын-

далды. Оның пәніне бірін-бірі алмастыратын тарихи қоғамдық форма-

циялар, қоғамдық зандылықгар, соның ішінде адамдардың әлеуметтік

74

катынастарының қалыптасуы мен дамуы зандылықгары, олардың әлеу-

меттік өзара әрекет етуінің әр түрлі формалары жатқызылды.

60-жылдары әлеуметтанудың пәні туралы пікірсайыстар өрбіді, алай-

да оның ғылым ретіндегі өзіндік пәнін анықтаудан гөрі, әлеуметганудың

философия мен маркстік дүниетанымға қарама-қарсы тұжырым емес

екендігін дәлелдеуге көңіл бөлінді. Осыдан келіп әлеуметтануды тарихи

материализм тұрғысыңда, ал оның әдістерін диалектикалық-материалистік

әдістемелік екендігін анықтау етек алды. Бұл пікірсайыстарда идеоло-

гиялық жағы басым болды да, идеология мен қоғамдық ғылымдар бір ма-

ғынада қолданылды. Ал ақиқатында бұлар рухани қызметгің әр түрлі сала-

сы еді. Идеологиямен байланысқан ғылым әдетге әлеуметгік мүдделердің

пайдақорлығын көздеген ғылымсымаққа айналады. Жалпы әлеуметтану-

ды тарихи материализммен ұқсастыру әлеуметтанулық зерттеудің өз алды-

на қалыптасып келе жатқан бағьггтарына да кедергі жасады. Сондықган

бұл көптеген зерттеушілерді қанағаттандырмады. Әлеуметтанудың өзіндік

ұғымдық аппараты болуы керек еді. Әлеуметгану қоғамды әлеуметтік

философияға қарағанда өзінің ерекше категориялары мен ұғымдары ар-

қылы қарастыруға тиіс болды. Сондай жалпы әлеуметтанулық теориялар

ұғымдарына әлеуметтік құрылым және әлеуметгік институттар, мәдени-

ет, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметгік тап ретіндегі тұлға және индивидтерді

әлеуметгендіру процестері, әлеуметгік өзара әрекет және әлеуметтік өзара

байланыс категориялары жатқызылды.

Сонымен, 60-жылдары үш деңгейлік әлеуметтану тұжырымдамасы

жасалды: тарихи материализмді жалпы әлеуметтанулық теория ретінде

қарау деңгейі, одан жеке әлеуметтанулық теориялар құру деңгейі,

бұдан әлеуметтік фактілерді қорытындылау деңгейі шықты. Аталмыш тұжырымдама кеңестік әлеуметтанудың қалыптасуында белгілі бір рөл атқарды.Ол нақты әлеуметтанулық зерттеулердің статусын бекітті, бірақ отандық ғылымның дуниежүзілік әлеуметтанудың даму процесіне енуі қиындықтарға шалдықты.

Батыс Еуропа мен Ресейдегі әлеуметтанушылардың идеялары қазақ-

тьщ көзі ашық азаматгарына ықпалын тигізбей қоймады. Солардың ара-

сында Ш. Уәлиханов, ЬІ. Алтьшсарин, А. Құнанбаев, т.б. болды.

75