- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері
- •Дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (хх ғасыр - XX ғасырдың басы)
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
- •1. Ресей әлеуметтануыңдағы негізгі бағыттар мен ағымдар
- •Үшінші тақырып
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртінші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бекейхановтың әлеуметтану
- •XX ғасырдағы әлеуметтану
- •1. XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтанудағы
- •2. XX ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі
- •1. Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері.
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғандық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның қызметі
- •1. Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымдары,
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •1. Этнос қауымдастығы ұғымы.
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазірғі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •1. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары.
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •Оныншы тақырып тұлға әлеуметтануы
- •1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.
- •2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және 9
- •Онбірінші тақырып саясат әлеуметтануы
- •1. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары. Саясат жане саяси қызмет
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •Он екінші тақырып мәдениет әлеуметтануы
- •1. Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Ұйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен прннциптері
- •Он төртінші тақырып білім әлеуметтануы
- •1. Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
- •2. Оқу социомәдени әрекет ретінде
- •3. Орта оқу орнының қалыптасуы
- •4. Білім жүйесінің құрылымы
- •5. Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
- •Он бесінші такырып әлеуметтану зерттеулерінің методологиясы мен әдісгемесі
- •1. Әлеуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері.
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудаң әдістемесі мен техникасы
3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен прннциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік
басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықгамасы қандай? Жалпы басқа-
ру дегеніміз не? Бұл жөнінде ғылыми әдебиеттерде көптеген анықгама-
лар берілген. Жүйеге келтіріп қарасақ, бұл анықтамалардың мәні - бас-
қару бір жүйенің екінші бір жүйеге мақсатты түрде бағытталған ықпалы,
сөйтіп, ол мақсат пен қызметтің белгілерін қанағаттандыру үшін екінші
жүйенің бағытын өзгертеді.
Қоғамды басқарудың мазмұны, мақсаты мен мүмкіндіктері ең алдымен
қоғамдық құрылысқа байланысты болып келеді. Қоғамды басқару
дегеніміз - қоғамды реттеу, тәргіптеу, жетілдіру мен дамыту мақсатында
қоғамға жасалған ықпал.
«Әлеуметтік басқару» ұғымы мазмұны жағынан көп жақты болып
келеді. Әлеуметтік басқару теориясын кең мағынада алып қарасақ, онда
ол өзінің пәніне қоғамдық өмірдің барлық салаларын: экономикалық, мә-
дени, білім беру және т. б. басқару мәселесін сыйғызған. Қоғам өмірінің
----------------------------------------
1. ОмаровА. М. Социальное управление: некоторые вопросы теории и практики. М.: Мысль, 1980. С. 27.
326
негізгі салаларына сәйкес әлеуметтік басқару объектілерін сұрыптауды
үлкен төрт топқа бөлуге болады:
- материалдық-өндірістік дамытуды басқару;
— әлеуметтік процестерді басқару;
- саяси саланы басқару;
- қоғамның рухани өмірін басқару;
Сонымен қатар, әлеуметтану шеңберінде әлеуметгік басқарудың жеке
теориясы да даму үстінде. Ол әлеуметгік басқарудың жалпы теориясы-
ның принциптерінен шыққанымен, оны әлеуметтік басқдрудың жалпы
теориясының қолданбалы жағы деп қарауға болмайды, өйткені ол - әлеу-
меттанудың өз алдына тұрған жеке бір саласы.
Әлеуметтік басқару қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік процестерді
саналы түрде (бағдарламалы), ғылыми тұрғыда реттеу болып табылады.
Басқару екі деңгейде жүзеге асады. Оның біріншісі қоғамдық-тарихи
процестердд басқаруды қамтамасыз етеді, жалпы әлеуметтік зандылықтарды
көрсетеді және өзі мемлекеттің әлеуметтік саясатынан көрініп отырады.
Ал екінші деңгейі - әлеуметтік процестерге басшылық ету: жұрттың көшіп-
қонуына, кәсіптік құрылымына өзгерістер енгізу мен кадрлардың тұрақ-
сыздығын реттеу, оны жою, еңбек жағдайын жақсату, әлеуметгік-психо-
огиялық ахуалды оңалту және т.б., яғни нақгы әлеуметтік процестерге бас-
шлық жасайды. Басқарудың екінші деңгейіндегі проблемалар әлеуметтік
процестердің жекелеген тенденцияларын көрсетеді жөне көп жағдайда бұл
проблемалар кәсіпорындардың күші арқылы шешіледі. Осыған орай екінші
деңгей «кәсіпорындардағы әлеуметтік басқару» деген атқа ие болды және
әлеуметгануда өз алдына басқарудың жеке бағыты ретінде қалыптасты.
Басқару әлеуметтануы - жалпы әлеуметтану ғылымының қоғам мен
ұйымдарда орын алған әлеуметтік құрылымдар мен процестерге мақсат-
ты түрде ықпал жасайтын формалар мен әдістерді, заңдылықтарды зерт-
тейтін саласы. Басқару әлеуметтануының басты назар аударатыны — эко-
номикалық және ғылыми-техникалық саясаттың әлеуметтік проблема-
ларды басқару шешімдерін дайындауы, оны қабылдауы, іске асыруы, өзін-
өзі басқаруы, басшылар мен қол астындағы адамдардың қатынастары,
басқарудағы ақпараттың рөлі мен орны туралы мәселелер, т.б. Басқару
әлеуметтануы ғылыми пән ретінде әлеуметтану ғылымының, атап айт-
қанда, ұйымдар әлеуметтануы, еңбек әлеуметтануы, саясат әлеуметтануы,
экономикалық әлеуметтану, әлеуметтік жоспарлау секілді тарауларымен
өзара ұштасып, қиысқан. Өйткені ол тарауларда да басқарудың пробле-
матикалары қарастырылады.
Сонымен, басқару әлеуметтануы әлеуметтану ғылымының бірден-бір
жетекші саласы болып саналады, оның мәні - қоғамды, еңбек ұйымдарын
327
басқару барысында болатын зандылықтар мен тенденцияларды зерттеу.
Өйткені басқарудың көмегінсіз еңбекті, материалдық және рухани өнді-
рісті, бөлу мен тұтынуды, тәртіпті, еңбек бөлінісін ұйымдастыруды, адам-
ның ұжымдағы орны мен атқаратын міндеттерін анықтауды іске асыру
мүмкін емес.
Басқарудың мәні - кез келген объектінің жақсы әрі максималды жұ-
мысын қамтамасыз ету, оған жұмыс істеу қабілетін толық жұмылдыра
алатындай дәрежеде жағдай жасау.
Басқарудың мазмұны, формасы, мақсаты мен принциптері - қоғам-
дағы үстемдік етуші экономикалық қатынастарға, саяси-әлеуметтік құры-
лыстың сипатына байланысты. Осыған орай әлеуметтанушылар қоғам-
дағы басқару механизмінің екі типі - стихиялы және саналық типтері
қалыптасуда деген пікір айтады.
Стихиялық механизм - автоматты түрде ықпал ету адамдардан бас-
қару жүйесіне араласпауды талап ететін, көп жағдайда қарама-қарсы
күштердің қосылуынан, кездейсоқ туындайтын біртекті актілерден тұра-
ды. Стихиялы басқару оған қатысушылардың еркі мен санасынан тыс
әлеуметтік іс-әрекет ету үстінде, адамдардың жеке өз басының мүддесіне
жету жолында басқалардың мүддесімен санаспауы, кейде тіптен оларды
мойындамауы, жоққа шығаруы арқылы жүзеге асады. Сөйтіп, бұл әлеу-
меттік өзара байланыстардың кері байланысынсыз қалыптасады және
адамдардың атқаратын қызметі оған қажетті түзетулер енгізбейді. Солай
десек те, қоғамды стихиялы басқару кіршіксіз таза жүйе деуге болмайды
К. Маркстің пайымдауынша, капиталистік кәсіпорын көлемінде басқару
ісі әр кезде жоспарлы болды және басқару осы капиталистің тұтас алған-
дағы мүддесіне бағындырылды, яғни басқару саналы түрде жүрді. Ал
капиталистік экономиканы алатын болсақ, онда тұрақты және сенімді кері
байланыстардың болмауынан экономика тұтас жоспарлар арқылы тұтас-
тай қамтылмайды; сөйтіп бұл жағдай өндіріс анархиясына әкеліп соқгы-
рады. Сондықган да капиталистік экономиканы басқарудың стихиялы
болуы табиғи қажеттілік деп қарастырылды. Әрине, К. Маркстің бұл пікірі
XIX ғасырдың орта тұсында айтылған еді, содан бері капиталистік эконо-
мика, оны басқару әлдеқайда жетілдірілді. Мемлекеттік аграрлық шаруа-
шылық пен фермерлік шаруашылықтың арасында жасалған жоспар осы-
ған мысал бола алады. Мемлекет оны реттеп басқарып отыр. Ал ТМД
елдерінде объективтік және субъективтік себептерге байланысты эконо-
миканы басқаруда анархияның бірқатар белгілері бой көрсетуде.
------------------------------------------------
Граждан В. Д. Деятельность и управление (социологический аспект). М.,
1990. С. 43,44.
328
Саналы басқару жоспарланған, тұрақты және сенімді байланыстар-
дың негізінде қалыптасады. Саналы басқаруда адамдар өз қызметінің нә-
тижесі жөнінде жиі әрі анық мағлұматтар алады, оның қайсысын түзету
немесе жақсарту керектігін біледі, сөйтіп жаңа нәтижелер арқылы әлем
халықтарының нақты жағдайын барынша ескеруге мүмкіндік туады, соған
орай шаралар қолданылады. Мұндай жағдайда кездейсоқтық адамдарға
өзі жіберген қолайсыздықтарды жоюға жағдай жасайды, келеңсіз ықпал
етпейді және оқиғалардың барысына соншалықты әсер ете қоймайды.
Сайын келгенде, саналы механизм жүйеге өзіндік қоғамдық инсти-
туттардың - басқару субъектілерінің көмегімен мақсатты түрде ықпал
жасайды.
Қоғамды басқарудың субъектісін тар мағынада қарастыратын болсақ,
ол - белгілі нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік жүйеге саналы түрде
ықпал етуді қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік және қоғамдық орган-
дар, қызметтер.
Әлеуметтік басқарудың объектісін кең мағынада алсақ, ол - халық-
тың өмір деңгейін арттыру; қоғамда әлеуметтік әділеттілікті бекіту; мәдени
деңгейді көтеру; адамдардың еңбек жағдайларын жақсарту т. б. болып
есептелінеді.
Әлеуметтануда басқару процесі барысында қалыптасатын қатынас-
тар субъектінің басқару объектісіне тиімді ықпал етуін қамтамасыз ететін,
басқарушы мен басқарылушы жүйелер арасындағы қатынастар ретінде
қарастырылады. Бұл қатынастар әлеуметгік реттеуші рөлін де қоса атқа-
рып, ол қатынастар ерекше қызметтерін жүзеге асыру процесінде, яғни
басқару қызметінде пайда болады.
Көптеген мамандар атқарылатын қызметтерді басқару процесінің са-
тысы (кезеңі, фазасы) ретінде қарастырады. Көптеген шығармаларда сәл
өзгерістер арқылы қызметтің жалпы немесе негізгі модельдері, атап
айтқанда, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, есеп пен бақылау,
мәдени-тәрбиелік сипатгар қайталанылып берілген. Бұлар тек өзара
байланысқан жағдайда ғана басқару процесін құрайды.
Егерде біз әлеуметтік басқарудың функциясын кең мағынада алып
қарастыратын болсақ, онда әлеуметтік басқару функциясының класси-
фикациясына тоқталуымыз қажет. Мұндай классификациялау қоғам
өмірінің негізгі салалары - саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік
салалардан туындайды.
Басқару процесі бірнеше кезеңнен тұрады және әр кезең өзіне сәйкес
операцияларды жүзеге асырады. Проблеманы қою мен алдағы мақсатты
анықтау кез келген басқару циклінің басқару кезеңіне жатады. Басқару
шешімін іздестіру қажеттілігінің өзі басқару субъектісін қанағаттандыр
329
майтын белгілі бір проблемалық жағдайдың пайда болуынан туындайды.
Мұндай жағдайда ең алдымен кезек күттірмейтін проблеманы анықтаудың
маңызы ерекше. Өйткені қарама-қайшылық одан әрі тереңдеп, пробле-
маны шешу бұрынғыдан бетер күрделене түседі. Мәселен, 70—80 жылдары
КСРО-дағы дағдарысқа ұшырау жағдайының неден болғандығының бас-
ты себептері дер кезінде және толық келемде бағаланбады, оған өзгеріс
енгізудің қажеттілігі ескерілмеді, қоғамдағы тоқыраушлық құбылыста-
рының етек алу қаупі күшейгенімен, оларды жою үшін нақты бағыт ұстал-
мады, оған баға берілмеді, сөйтіп тоқырау үрдісі басталды.
Проблеманы анықтау алдағы мақсатты белгілеуге мүмкіндік береді,
ал оны жүзеге асыру қалыптасқан қолайсыз жағдайды түзетуге жол ашады.
Мақсатқа жету көптеген жағдайларға байланысты болады, оларды анық-
тап алмайынша басқару субъектісі дәлелді шешім қабылдай алмайды. Бұл
жағдайларды зерттеу міндеті басқару циклінің екінші сатысында — ақпа-
рат жинау мен талдау кезеңінде шешіледі.
Ақпарат сенімді, объективті, толық және дер кезінде алынған ақпа-
рат болуы шарт. Осыған орай басқару жүйесін ақпараттарға талдау жа-
сайтын және өндейтін қазіргі таңдағы техникалық құралдармен қамтама-
сыз етудің маңыздылығы артып отыр.
Алынған әлеуметтік ақпарат басқару үшін шешімге келу мен оны
қабылдаудың бастапқы базасы болып табылады.
Басқарушы шешімі төмендегідей сұрақтарға жауап беруі тиіс:
- белгіленген мақсаттарға жету үшін қандай міндеттерді шешу қажет?
- оларды қандай әдістермен, айлалармен, тәсілдердің көмегімен ше-
шуге болады?
- қойылған міндеттерді кім жүзеге асырады?
- оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі үшін қандай материалдық
және техникалық жағдайлар қажет?
- жалпы міндеттерді орындаудың және әрбір нақты тапсырманы
орындаудың мерзімі қандай?
- қойылған міндеттердің орындалу барысына кім бақылау жасайды?
Басшылық шешімі басқару бағдарламасын қолдану кезеңінде қабыл-
данып, жүзеге асады. Бұл кезеңде басқару субъектісі басқару объектісін
ұйымдастыруды жүзеге асырады, алдыңғысы соңғысымен тікелей және
кері байланыс орнатады, атқарушыларды іріктейді, олардың атқаратын
міндеттерін бөледі,яғни бағдарламаны орындау үшін әлеуметтік механизмді
-------------------------------------------------------------
* Керженцев Л.М, Принципы организации. М., 1968. С. 34-35; Чцкевич С А.
Диалектика управления. Роль научных знаний в управлении общественными
процессами. Минск, 1989. С. 44.
330
жасайды. Бұл ретте реттеудің, есеп пен бақылаудың әр түрлі формалары
қолданылады. Бұл күрделі процесс бір-біріне қарама-қарсы екі тенден-
цияның: ұйымдастыру тенденциясы мен тәртәп бұзу тенденциясының
әрекет ету жағдайында жүреді.
Басқару бағдарламасын жүзеге асыру оны қорытыңдылау, нәтижелерін
талдау арқылы жүргізіледі және оларға баға беру кезеңінде тәмамдалады.
Сонымен, басқару қызметі процесс ретінде бірнеше кезеңнен тұрады:
а) проблемаларды алға кою және мақсаттарды анықгау;
б) басқару объектісі жөнінде ақпарат жинау және зерттеу;
в) басқару шешімін жасау және қабылдау;
г) басқару бағдарламасын жүзеге асыру (ұйымдастыру, реттеу, есеп-
ке алу, бақылау);
д) нәтижесін талдау және оларға интерпретация (түсінік беру) жасау.
Әлеуметтану әлеуметтік басқарудың принциптерін де зерттейді. Прин-
циптер басқару механизмінін маңызды буыны ретінде әлеуметтік заңдарды
өзіне синтездейді және оларды іс жүзінде қолданудың нақты жолдарын
белгілейді. Әлеуметтік қатынастар жүйесін реттеу мен әлеуметгік про-
цестерді басқару жөніндегі қызметтің бастапқы, негізгі ережелеріне бас-
шылық жасаудың нақты тапсырмасы мен нормалары да әлеуметтік бас-
қару прициптеріне жатады. Ғалымдар бұл анықтаманы өздерінің көпте-
ген ғылыми еңбектерінің тұпнұсқаларында тұжырымдады. Жалпы басқа-
рудың принциптеріне: демократиялық централизм, объективтілік, іскерлік,
ұйымшылдық, лездемелік, нақтылық, зандылық, дара басшылық, аймақ-
тық және салалық басқарудың ұштасуы, кешендік, жүйелік, жариялы-
лық, т.б. жатады.
Субъектінің белгілері бойынша мемлекетгік, қоғамдық ұйымдардың
қызметін басқару принциптерін айрықша атауға болады.
Алайда, біз әлеуметгік басқарудың ең негізгі принциптеріне қысқа-
ша сипаттма берумен шектелеміз.
Қоғамдағы әлеуметтік басқару процесі сияқты мақсаттар мен міндет-
терді анықтаудың астарында саяси мән жатыр. Сондықтан негізгі прин-
циптердің бірі - оған саяси тұрғыдан қарау принципі. Қазіргі біздің қоға-
мымызда жүріп жатқан процестер заңды түрде басшылыққа саяси тұрғы-
дан қарау принципін тереңдету арқылы жүзеге асырылуда. Басшы кадр-
лар үшін еңбекшілерді болашаққа сендіре білу және олардың белсенділігін
арттыру, қызметін жеке бас пайдасы үшін асыра пайдалануды жою, бас-
қаруда әкімшілік әдісті қолданғанда асыра сілтемеу аса маңызды талап
болып табылады. Объективтік принципі - басқарудың түпкілікті мақса-
тына жету үшін басқару жүйесінің объективті заңдарын қолдану. Бұл
принцип бойынша басқару дегеніміз - сенімді, ғылыми талдаудан өткен
331
ақпаратқа сүйену. Бұл принципті іске асырудың маңызды шарты — нақ-
тылы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін қолдану.
Мұның кешенділік және жүйелілік принциптері де бар. Кешендік
принципте әрбір әлеуметтік құбылыс кезінде оның экономикалық, идеоло-
гиялық, психологиялық, ұйымдық секілді бүкіл аспектілерін есте ұстау қажет.
Жүйелілік принципінің мәні — нақты мақсатты жүзеге асыруға қажетті
жекелеген, өзара бірін-бірі толықтыратын қызметтің түрлерін біріктіру.
Демократиялық централизм принципі - әлеуметтік басқарудың ең
маңыздысы, ол бүкіл басқарушы органдардың, басшылардың және бас-
қару жүйесінің барлық деңгейіндегі атқарушылар қызметтерінің мазмұны
мен әдістерін анықтайды. Демократизм еңбекшілердің толық билігі, олар-
дың инициативасын басып-жаншымай, қолдау, басқарушы органдардың
басшыларын сайлау, олардың есеп беріп отыруы болса, ал централизм,
яғни орталықган басқару дара басшылықты көпшілік мүддесінің басым
болуы, қатаң тәртіптің орнауы секілді көріністермен ұштастырады. Алай-
да, централизм жағдайында да еңбекшілердің басқару ісіне белгілі бір
дәрежеде қатыспауынсыз міндеттерді тиімді шешу мүмкін емес. Демок-
ратизм централизмге қарағанда оны жүзеге асыру тәсілі ретінде әрекет
етеді. Демократияны кеңінен қолдану централизмнің негізін, тұғырын
ұлғайтады және сонымен бірге еңбекшілерді қоғам ісін басқаруға тарту-
ды қамтамасыз етеді. Екіншіден, орталық органдар өздері атқаратын
міндеттер ауқымынан асып кетпейді, жергілікті органдардың қызметіне
қол сұқпауды қағида тұтады. Сонда ғана централизм дұрыс, қажетті дең-
гейде жүзеге асатын болады.
Жариялылық принципінің әлеуметтік басқарудағы қазіргі өтпелі ке-
зеңдегі маңызы өте зор. Жариялылық принципі - еңбекшілердің басқа-
ру шешімдерін қабылдау кезінде қоғамдық пікірлерден кең көлемді ақпа-
раттар алуы, оларды игеріп, есепке алу негізінде шешімдер қабылдауға
қатысу. Жариялылық — бұл адамдарға сенім арту мен құрмет көрсету,
олардың оқиғаларға баға беру қабілетін ескеру, дұрыс шешім қабылдауы-
на, сол шешімді жүзеге асыруына адамдардың саналы түрде қатысуына
мүмкіндік жасау, бағалау.
Басқару процесін ұйымдастырудың басқа да принциптері бар. Бұған
ең алдымен негізгі буын принципі жатады. Әлеуметгік процестерді бас-
қару - өзара байланысқан кешенді міндеттерді шешу деген сөз: Бұл
міндеттер өздерінің маңыздылығы жағынан біркелкі емес. Әлеуметтік
процестердің дамуы барысындағы түпкілікті, басшы міндетті немесе негізгі
буыңды ғылыми негізде анықтау — басқару өнеріне жатады. Әлеуметтік
басқарудың практикалық мәселелерін шешу барысында қоғамдық өмірдің
басты проблемаларын шешуге ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл жерде
332
проблемалық бағдарлау принципін орындаудың маңызы зор. Ол негізгі
буын принципін жүзеге асырудың тәсілі ретінде қолданылады. Бұл прин-
цип жұмыстың негізгі бағыттарын анықтауға, таяу арадағы міндеттерді
болашақтағы міндеттерден бөліп алуға көмектеседі.
Адрестік принцип нақты атқарушылардың қызметін реттейді, олар-
дың нақты міндеттерін анықтайды, қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін
олардың шешімдері қажет етіледі. Сайьш келгенде, принциптер жүйесін
қолдану әлеуметтік басқарудың міндеттерін жақсы шешуге, қоғамдық
дамудың мақсаттарына жетуге ықпал жасайды.
Басқару жүйесінде маңызды орын алатын мәселе - әлеуметтік болжам
(прогнозирование). Ол әлеуметтік процестер мен құбылыстардың ғылыми
тұрғыдағы негізділігін анықтайды және оның тиімділігін арттыру мақса-
тында, яғни зерттеудің динамикасын, дамудың болашағын анықтауда әлеу-
меттану ғылымы қолданылады.
Ғылыми тұрғыдағы болашақты болжау принципі әлеуметтік болжам
жасаудың методологиялық базасы болып табылады. Қоғамның болашақ
күйін алдын ала көре білу оның даму зандарын зерттеудің нәтижесінен,
оның өткені мен бүгінгі күйіне талдау жасаудың қорытындысынан туын-
дайды. Қоғамдағы саны мол факторлардың әрекеттерінің негізінде қоғам-
ның даму зандары тенденциялық сипат алады. Осыған орай алдын ала
көре білудің ауқымы шектеулі болады, ол істің барысы мен болашағын
шамалап, белгілі дәрежеде ғана қорытындылайды, бұл жағдайда нақты-
лық, бір-бірлеп талдау іс барысын асыра бағалау болып табылады. Қоғам-
дық заңдылықтардың ықтималдық сипаты дамудың балама варианты
түрінде ғылыми болжам жасауды талап етеді. Сөйтіп, ол процестердің
мүмкін формалары мен көріністерін, қарқынын суреттейді. Әлеуметтік
болжамның екі: 1) ізденіс; 2) нормативтік типін атап айтуға болады. Оның
біріншісі қоғамның мүмкін болады-ау деген жай-күйін әрекет етуші тен-
денцияда басқарудың ықпалын ескеру негізінде суреттелуі тиіс; екіншісі,
қойылған мақсатқа байланысты осы болса екен деген жай-күйді суретгейді,
оған жетудің жолдары мен құралдарын белгілейді. Болжам статистика-
лық талдаудың және көре білудің динамикалық ретін, қатарын құрудың,
дамудың негізгі тенденциясын сараптап бағалау әдісінің, тікелей матема-
тикалық модельдеудің, т.б. көмегімен жүзеге асады. Болжамның аса ма-
ңызды міндеттерінің бірі - қоғам өмірінің әр түрлі жақтарын өзгертуге
бағытталған, таяу және алысқа апаратын әлеуметтік салдары бар шешім-
дерді қабылдауға талдау жасау.
Жалпы қоғамды зерттеудің әлеуметтанулық методологиясы мен әдіс-
темесі қалыптасқан. Олар қоғамдық өмірдің барлық салаларын қарасты-
руда аса зор тиімділікке қол жеткізеді.
333
