Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Калиева Ж.А.Учебн.пособие по лаб.ра..каз 3ВАР..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

6. Эйнтховен теорияларының негізгі қағидалары

6.1. Жүрек- электрлік диполь

Жоғарыда келтірілген теориялық материалға қысқаша қорытынды жасалық:

  • жүректің электрлік активтілік қасиеті бар. Оны оның қызметі диагностикалық мақсаттарын зерттеу үшін қолдануға мүмкіндік береді (2- бөлім);

  • жүректе болып жататын электрлік процестердің негізгі заңдылықтарын сол мүшенің өзінде емес, оның моделінде-электрлік эквиваленттік генераторда тағайындаған орынды (3-бөлім);

  • жүректің электрлік активтілігін дәлірек мультипольдік эквиваленттік генератормен моделдеу орынды. Бірақ дене бетінде биопотенциалдарды тудыруда негізгі үлесті мультипольдің дипольдік құраушысы береді. Бұл дипольдік эквиваленттік генераторды ғана оқумен шектеуге болатындықты көрсетеді (4-бөлім);

  • дипольдық ток генераторының ішкі кедергісі дипольды қоршап тұрған ток өткізетін орта кедергісінен көп үлкен. Ол оның кедергісінің біртексіздіктерін ескермеуге және диполь біртекті өткізетін ортада орналасқан деп есептеуге мүмкіндік береді (5.3 - бөлім).

Осы принциптерді негізге ала отырып Эйнтховен жүректің электрлік күйін біртекті өткізетін ортада орналасқан электрлік дипольмен модельдеуді ұсынды.

Біздің алдағы мақсатымыз дипольдік эквиваленттік генераторға сүйене отырып дене бетінде жүректің биопотенциалдарын ыңғайлы тіркейтін нүктелерді таңдап алу және тіркелетін сигнал мен ортада өтетін процестер арасындағы өзара байланысты тағайындау.

6.2. Жүректің электрлік векторы

Жүректің жұмысы кезінде пайда болатын биопотенциалдарды сипаттаушы дипольдың электрлік моментінің векторын жүректің интегральды электрлік векторы немесе жүректің электрлік векторы ЖЭВ деп атайды. ЖЭВ басталатын нүкте орнының өзгерісін ескермейді. Оның орнын тұрақты және жүректің синустық түйінінде нольдік нүктенің потенциалының шоғырланғанына сәйкес келеді деп есептейді.

Қозудың жүрек жүйесінің әр түрлі аймақтарына тізбектей таралуына сәйкес ЖЭВ жүрек жұмысының бір циклінде шама жағынан да және бағыты жағынан да өзгереді. Бұл жағдайда ЖЭВ ұшы күрделі кеңістіктік қисықты сипаттайды. Егер жүрек маңайында фронтальды (ZX), сагиттальды (ZУ), және горизонталь (XУ) жазықтықтардың тұратын координат жүйесін орналастырсақ, онда осы кеңістіктік сызықтың координат жазықтықтарына проекциясы үш ілгіш формасын беретін болады. Оны P, QRS, T деп белгілейді (7-сурет).

Iлгіштер нольдік потенциалдар аралықтарымен бөлінген-жүректің өткізетін жүйесінің әртүрлі аймақтарында потенциалдар айырымы өзара компенсацияланатын және жүрек үшін қорытынды потенциалдар айырымы нольге тең болатын уақыт аралығы.

ЖЭВ лездік мәнінің өзгерісі оның проекциясының жоғарыда айтылған үш жазықтықтың кез-келген екеуіне проекцияларының жиынтығымен сипатталынады. Бірақ ЖЭВ күйінің негізгі ерекшеліктері оның тек бір жазықтыққа проекциясын оқып білуге мүмкіндік береді.

Адам ағзасында жүрек көрсетілген үш проекциялар ішінде ЖЭВ лездік мәнінің өзгертетін сипатын толық беретін тек фронтальды жазықтықтағы ілгіштер беретіндей орналасады. Бұл жазықтық ЖЭВ тіркеу тұрғысынан да ыңғайлы (6.5 бөлігін қара). Осы себептерге сәйкес Эйнтховен жүректің электр векторын фронталь жазықтықта орналасқан деп есептеді.

7-сурет.

Электрокардиограмма векторы пайда болуының сызба-нұсқасы.

8-сурет.

P векторының тең қабырғалы үшбұрыш қабырғасына проекциясы.