- •V. Ультрадыбыстық, ультражоғары және аса жоғары жиілікті аппараттарымен жұмыс істеудің қауіпсіздік шаралары.
- •Vі. Лазерлерді қолдануға қауіпсіздік шаралары.
- •Тест тапсырмалары
- •2. Вискозиметрл¿к ±д¿ске сипаттама.
- •Ішкі үйкеліс күші деген - ол...
- •Тұтқырлық коффиценті немесе ішкі үйкеліс коэффициенті – ол...
- •Пуазейль формуласы:
- •Пуазейль формуласы нені анықтайды?
- •Оптикалы³ спектрлер
- •Молекулалы³ спектрлер
- •Прибордыµ ³¼рлысы
- •I. Спектрографты градуирлеу
- •Белг¿с¿з шы²ару спектр¿ндег¿ тол³ын ¼зынды³тарын аны³тау
- •Ж¼тылу спектр¿н ба³ылау
- •Теориядан ³ыс³аша ма²л¼мат
- •Ж¼мыстыµ орындалу т±рт¿б¿
- •Экспериментт¿к нег¿зг¿ ж¼мыс ¿стеу кезеµ¿
- •Н±тижелер кестес¿
- •№7 Зертханалық жұмыс
- •Теориядан ³ыскаша ма²л¼мат
- •№ 8 Зертханалық жұмыс
- •Теориядан ³ыс³аша ма²¼лмат
- •1. Электростимуляция дегенiмiз//
- •2. Ағза ұлпасына электр тогының алғашқы әсерiнiң негiзiне төмендегiлер жатады//
- •Құрал-жабдықтар: Тонометр, фонендоскоп, секундомер, эем. Теориядан қысқаша мағлұмат
- •Қан қысымын (ад) анықтау іс әрекеттері
- •1 Сурет. Қан қысымын анықтау
- •Теориядан қысқаша мағлұмат
- •2. Органдардағы және жасушалардағы электрлік құбылыстар
- •Дипольдік эквиваленттік генераторы
- •6. Эйнтховен теорияларының негізгі қағидалары
- •6.2. Жүректің электрлік векторы
- •6.3. Диполь моменті мен кернеу арасындағы қатынас
- •6.4. Эйнтховен үшбұрышы
- •6.5. Ығыстыру электродтары
- •Әртүрлі интервалдар:
- •Жүректің соғуын электрлік сызықтармен көрсетуге тіркеу
- •4 Сурет.
- •1 Сурет.
- •2 Сурет.
- •Поляриметрдің сызба-нұсқасы
- •Поляризатор және анализатордан тұратын жүйе арқылы жарықтың өтуі
- •Бақылау сұрақтары
Әртүрлі интервалдар:
P – Q – P тісінен бастап Q тісінің басына дейінгі арақашықтық
Q – T – QRS комплексінен бастап T - тісінің соңына дейінгі арақашықтық
S - T – S тісінен бастап T тісінің соңына дейінгі арақашықтық
R – R – аттас R тістерінің екі көршілес төтелерінің арақашықтығы
P тісінің ұзақтығы шамамен 0,1 сек, T тісінің ұзақтығы 0,12 сек - тен 0,16 сек - ке дейін созылады.
ЭКГ тістерінің биіктігін біле отырып жүректің дипольдік момент векторымен тармақталу электродтар бағыты арасындағы бұрышты анықтауға болады. Бірінші тармақталу электродтарының сызықтары арқылы бұрышты анықтайды (9 - сурет).
Жүректің дипольдік моменті максималь мәнге ие болған уақыт моментінде (ЭКГ - да R тісі), дипольдік моменттің бағыты (жүректің электірлік осі) оның анатомиялық осімен сәйкес келеді. Сондықтан бірінші және екінші тармақталу электродтарындағы R тістерінің шамасын салыстыра отырып жүректің анатомиялық өрісінің орналасу жағдайын анықтауға болады. (Мысалы бірінші және екінші тармақталу электродтарында R тістері бір - бірне тең болса, онда =30 градусқа тең болады).
Жүректің соғуын электрлік сызықтармен көрсетуге тіркеу
Электрокардиограмманы жазуға арналған прибор электрокардиограф деп аталады. Жазу шамаларының санына, қоректену түріне, жазу түріне байланысты. Жүректің жұмысын жазуға арналған арнайы ажырататын аппараттың көптеген түрлері бар. Барлық арнаулы аппараттардың құрлысы бірдей және олар үш негізгі бөліктен тұрады: 1 - кіріс блогі, 2 - күшейткіш, 3 - тіркеуге, жазып алуға араналған қондырғы (15, 16 - сурет).
15-сурет. ЭКГ-ның тіркеуге, жазып алуға арналған сызба-нұсқасы.
16-сурет.Электрокардиографияның құрлысының сызба-нұсқасы.
Емдеуші
қойылған электродтан биоэлектрлік
сигналдар тармақталу электродтарының
кабельдері және ажыратқыштарды (ПО)
арқылы кернеудің кірісіне (УН) беріледі.
Осы кіріске (вход) сигналды калибрлейтін
(ИКС) ток көзінен кернеуді 1 мВ-қа тең
калибрленген сигнал беріле алады.
Кернеудің күшейткіштің шығысынан
(выход) күшейтілген сигнал қуаты
күшейткіштің (УМ) кірісіне (вход) беріледі,
осыдан кейін сигнал электромеханикалық
түрлендіргішке (ЭМП) түседі. Түрлендірілген
электрлік сигнал қағаз лентаның бойына
көк денесінен қалам ұштың көмегімен
жазылады. Ал қағаз лентаның өзі, лентаны
тартып отыратын механизмнің (ЛПМ)
көмегімен бірқалыпты 50 немесе 25
тұраіты жылдамдықпен қозғала отырып,
сәйкес тармақталу электродтарының
көрсететін, уақыттың өтуіне тәуелділігін
сипаттайтын биопотенциалдардың өзгерісін
жазады. Биопотенциалдарды күшейтуді,
лента тартқыш механизмнің электродвигателін,
сигналды калибрлеуге арналған ток көзін
қамтамасыз ететін арнайы берілген
аппаратта қоректену блогі (БП) бар
калибрленген сигнал (1 мВ) кәдімгі
жағдайда лента П- тәрізді қысқа уақытға
сәйкес келетін импульс түрінде ЭКГ-да
тіркеу немесе жазып алу басталар алдында
жазылады да, сосын милливольтпен
өлшенетін ЭКГ-ның тістеріне сәйкес
келетін потенциалдар айырымын есептеу
үшін қолданылады.
Егер осциллографтың электронды - сәулелік түтікшенің (ЭСТ) тіркеуге немесе жазып алуға арналған қондырғы есебінде қолданылса, онда ол аппарат электрокардиоскоп деп аталады. Осциллографтың экранында (электрокардиограмманы) жүректің соғуын электрлік сызықтармен көрсететін кескінді алуға болады. Бұл кескінді экранда алу үшін электронды сәулелік түтікшенің (ЭСТ) вертикаль ауытқытатын пластинкасына тіркелетін немесе жазып алынатын сигналды, ал горизонталь ауытқытатын пластинкасына әртүрлі фигуралардың жазбасының (развертка) кескінін сипаттайтын кернеуді қосу керек.
Кардиоскоп - жүректің соғуын көрсететін векторлық сызықтарды тіркеуге немесе жазып алу режиміне (күйіне) қосыла алады. Бұл жағдайда осциллографтың экранында үш жүректің соғуын көрсететін векторлық сызықтардың тұзағын көруге болады. Векторлық сызықтардың тұзағын экранда алу үшін, электронды-сәулелік трубканың горизонталь ауытқытатын пластинкасына бірінші тармақталу электродының кернеуін береді, вертикаль ауытқытатын пластинкасына екінші және үшінші тармақталу электродтарының кернеулерінің қосындысының жартысын береді.
9. Арнаулы аппаратпен жүректің жұмысын жазу (электрокардиографпен жұмыс жасау)
Жұмыстың мақсаты: Электрокардиографтың жұмыс істеу принципімен және құрлысымен танысу, алғашқы ЭКГ-ға анализ жасауды және түсіруді үйрену. Жүрек қыртыстарындағы потенциал шамасын, интервалдар ұзақтығын, жүректің соғу жиілігін, ЭКГ-дан табуды үйрену.
Мақсаттың себебі: Көптеген аурулардың қандай екенін білуге мүмкіндік беретін маңызды көрсеткіштің бірі-биоэлектрлік потенциал сондықтан, біріншіден бұл потенциалды өте дұрыс өлшеп тіркеу қажет, екіншіден өлшенген шамалардан қажетті медициналық мәліметтерді дұрыс ала білу қажет.
Құрал-сайман: Электрокардиограф.
Қондырғыны баяндау: Зертханалық жұмыста бірканалды ЭК1И-03 немесе ЭК1Т-04 маркалы электрокардиограф қолданылады. Прибордың панелінде мыналар орналасқан: ток көзінен ажыратқыш, қоректену индикаторы, бұрылу электродтарының кабелдерін жалғайтын розетка, бұрылу электродтарының ажыратқыштары милливольт кнопкасы «1мВ», лентаның жылдамдығын өзгертуге арналған кнопка немесе ажыратқыш, сезімталдық ажыратқышы, лента тартқыш механизмді қосатын кнопка.
Электрокардиограмма түсіру үшін электродты дәрігерге емдеушіге меншіктеп алынған стандарттық сызба-нұсқа (схема) бойынша иықтың және жіліншіктің ішкі бет жағына жауып таңады. Электродтан терісімен жақсы түйісіп (контакт) тұру үшін, электрод пен терінің арасына 1% - тік ас тұзының судағы ертіндісіне батырылған марліден төсем салу керек.
Төмендегідей ретпен электр тогын өткізетін кабельдер электродпен жалғанады:
Қызыл - оң қолдағы электродқа
Сары - сол қолдағы электродқа
Жасыл - сол жақ аяқтағы электродқа
Қара - оң жақ аяқтағы электродқа
Ақ - кеудедегі электродқа.
9.1. Жұмыстың орындалу тәртібі
1. Электрокардиографты жұмысқа дайындау
а) Қағаз лентамен электрогардиографты жабдықтаңыз.
ә)
Орнатыңыз, ток көзінен ажыратқышты
«Отключено» күйіне қойыңыз, бұруға
мүмкіндік беретін ауыстырғышты «1 мВ»
күйіне қойыңыз, сезімталдық ауыстырғышын
«10
»
күйіне қойыңыз, лентаны айналдыратын
механизмнің қосу кнопкасын «Отключено»
күйіне қойыңыз тыныштандырушы
кнопканы төменгі күйіне келтіріңіз,
лента қозғалысының жылдамдығын ауыстырушы
кнопканы «25
»
белгісіне келтіріңіз.
б) Электрокардиографты жерге қосыңыз (арнайы ұяшық электрокардиографтың артқы қабырғасында).
в) Электрокардиографты желіге қосыңыз.
г) Электродтарды емдеушіге жайғастырып, арнайы жалғағыш кабельдерді электродтарға қосыңыз.
д) Электродтар жалғанған кабельдерді электрокардиограф қысқыштарына қосыңыз.
2. Электрокардиограмманы жазу
а) Қаламұшты оны ығыстыратын реттеуіш көмегімен жазатын жердің ортасына қойыңыз.
ә) Тыныштандыру кнопкасын жоғары күйге келтіріңіз.
б) Жазуды қосыңыз. Ол үшін лентаны айналдырушы механизмнің арнайы кнопкасын басыңыз. Содан соң «1 мВ» кнопкасын қысға уақыт баса отырып бақылаушы милливольттың бірнеше тік бұрышты импульстарын жазып алыңыз.
в) ЭКГ - ны үш стандарт күйде жазыңыз. Ол үшін арнайы ауыстырғыштың күйін өзгертіп отырасыз. Ауыстыру барысында аспабта арнайы автоматты тыныштандыру ескерілген.
Ескерту: Егерде ЭКГ амплитудасы үш жазу күйлерінің бірінде жазу аймағынан шығып кетсе не өте аз болатын болса, онда сезгіштікті өзгерту керек. Ол үшін сезгіштік ауыстырғышын 5 немесе 20 күйіне қойып қайтадан реттеу импульстерін жазып алу керек.
3. Электрокардиограмманы талдау
а) Жұмыс бойынша есепке ЭКГ - ның 2 - циклін бақылау милливольтыны және үш тармақтың біреуінікін, енгізу керек (20-сурет).
20-сурет. ЭКГ және бақылаушы милливольт үлгісі.
ә) Электрокардиографтың сезгіштігін аныітау.
Миллиметрмен бақылау милливольтының h биіктігін өлшеңіз де сезгіштікті мына формуламен есептеңіз.
Сезгіштік жазу кезінде электрокардиограф қаламұшының 1 мВ потенциалда қанша миллиметрге ауытқитынын көрсетеді. Нәтижені 2-кестеге толтырыңыз.
б) Тістер потенциалдарын анықтау:
Миллиметрмен ЭКГ тістерінің H биіктігін өлшеңіз: P, Q, R, S, T
Өлшенген тіс биіктігі H және S сезгіштік бойынша әр тіске сәйкес келетін потенциалдар айырымын өлшеңіз:
Өлшеу және есептеу нәтижелерін 2 - кестеге жазыңыз.
2-кесте.
Тармақталу түрі: |
||
Сезгіштік S, : |
||
ЭКГ тісінің белгілену шарты |
H, мм |
U, мВ |
P |
|
|
Q |
|
|
R |
|
|
S |
|
|
T |
|
|
в) Аралықтар ұзақтылығын анықтау:R - R, P - Q, Q – R - S, S - T, Q - T аралықтары үшін сәйкес электрокардиограмма нүктелерінің арасындағы L қашықтықты өлшеңіз.
ЭКГ - ның уақыттық аралықтары үшін
формуласы бойынша ұзақтылығын t
есептеңіз, мұндағы L - электрокардиограмманың
сәйкес нүктелерінің арасының қашықтығы,
v - лента қозғалысының жылдамдығы. Өлшеу
және есептеу нәтижелерін 3 - кестеге
толтырыңыз.
3-кесте.
Тармақталу түрі: |
|||
Лентаның қозғалыс жылдамдығы v, мм/c: |
|||
Аралықтардың шартты белгісі |
Норма t, cек |
L, мм |
t, сек |
P-Q |
|
|
|
Q-R-S |
|
|
|
S-T |
|
|
|
Q-T |
|
|
|
R-R |
|
|
|
г)
Жүрек циклының және тамыр соғысы
жиіліктерінің ұзақтылығын анықтау.
Жүрек циклының ұзақтылығына,
,
R-R аралығының ұзақтылығын алуға болады.
Емдеушінің тамыр соғысының жиілігі
мына формуламен анықталады:
және
д) Тістер шамаларын және аралықтар ұзақтығын олардың үлгі мәндерімен салыстырып, қорытынды жасаңыз.
Ескерту:
Дәрігерлік тәжірибеде сезгіштікті анықтау үшін мына формуланы қолдануға болады:
яғни қаламұштың тік бағытта 1 мм - ге ауытқуы S мВ - қа сәйкес келеді. Сонда биіктігі H тістің потенциалы былай есептелінетін болады:
Аралықтар ұзақтылығын анықтағанда, мысалы лента қозғалысының жылдамдығы 25 болғанда
25 мм – 1 с
1 мм – X с
пропорциясынан
шаманы
анықтайды.
Бұл дегеніміз қаламұштың горизонталь бағытта 1мм-ге ауытқуы 0,04 секундқа сәйкес келеді. Сонда аралық ұзақтылығы есептелінетін болады:
Бақылау сұрақтар
Биопотенциалдар және олардың түрлері.
Ұлпалар мен мүшелердің эквиваленттік электр генераторына түсінік.
Электр өрісінің суперпозиция ережесі
Мультиполь өрісінің потенциалы.
Нольдік, бірінші, екінші ретті мультипольдар.
Электр диполі, оның негізгі сипаттамасы.
Нүктедегі диполь өрісінің потенциалы.
Диполь өрісінің екі нүктесінің потенциалдар айырымы.
Ток генераторының эквиваленттік сызба-нұсқасы.
Жүректің эквиваленттік генератордың әр түрлілігі.
Эйнтховен теориясының мәні.
Жүректің электрлік векторы.
Жүрек циклы ішінде жүректің электр векторы қалай өзгереді.
Тең қабырғалы үшбұрыш қабырғаларындағы кернеу мен дипольдың электр моменті векторының проекциялары арасындағы байланыс.
Эйнтховен үшбұрышы.
Тармақталу деген не ? Стандарт тармақталу.
Электрокардиография деген не?
Электрокардиограмма дегеніміз не?
ЭКГ-ның негізгі компоненттері?
Электрокардиограф қандай блоктардан тұрады?
Электрокардиоскоп және вектор электрокардиоскоп деген не?
Бақылау милливольты деген не, оның қызметі.
Электрокардиографтың сезгіштігі деген не? Не үшін және қалай ол анықталады?
Жүрек циклының әртүрлі моменттерінде тармақтардағы потенциалдар айырымын электрокардиограмма бойынша қалай анықтайды?
Электрокардиографтағы лента қозғалысының жылдамдығы қандай? Оның өзгерісі электрокардиограммаға қандай ықпал көрсетеді?
Электрокардиограммадан қалай аралықтар ұзақтылығын, тамыр соққысы жиілігін анықтайды.
Тест тапсырмалары:
Ағзалардың биопотенциалын тіркеу әдістеріне жатады:
А) Электрокардиография (ЭКГ), электроэнцефалография (ЭЭФГ);
В) электромиография (ЭМГ);
С) Рентгенография, флюрография, рентген құрылымдық талдау;
Д) Микроскопия, ультрамикроскопия, радиометрия;
Е) Электрокардиография (ЭКГ), флюрография, радиометрия.
Мүшелердің электрлік белсендігін зерттейтін моделі бұл - ...
Бұлшық еттердің – электромиографиясы.
Мидың – электроэнцефалографиясы.
Жүрек биопотенциалдарының – электрокардиографиясы.
Эквиваленттік электрлік генераторы.
Электрокардиограмма.
Жүректiң электрлiк векторы деген не?
Жүрек жұмысында пайда болатын биопотенциалды сипаттаушы дипольдiң электр моментiнiң векторы;
Жүректiн цикл iшiндегi жұмысы кезiндегi сәйкес бурмаларға келетiн екi электродтар арасындағы потенциалдар айырымы
Нүктелiк заряд тудыратын электр орiсiнiң потенциалы
Электрокардиограмма деген не?
Мидын биопотенциалдарынын уақыт бойынша өзгерiсi
Жүректiн бiр цикл iшiндегi сәйкес бурмалауға келетiн электодтар арасындағы потенциалдар айымдарынын лездiк мәнедерiнiң уақыты бойынша өзгеру графигi;
Кардиоцикл кезiндегi жүрек диполiне эквивалент болатын диполь моментiнiң векторын өлшеу.
Эйнтховен теориясы бойынша, жүрек -
Бiртектi откiзгiштiк ортадағы диполь;
Мультипольді эквиваленттiк генератор;
Белгiлi бiр тәртiппен таралып орналасқан зарядталған бөлшектердiн жиынтығы.
ЭКГ-ні модельдегенде дипольдер қоршаған орта болады;
А) біртекті, изотропты, шектелген;
В) біртектіемес, анизотрпты, шексіз.
С) біртекті, анизотрпты, шектелген;
Д) біртекті, изотропты, шектелген;
Е) дұрыс жаубы жоқ.
Бір цикл жұмысында жүректің интегралды электрлік векторының бағытының және шамасының өзгеруінің себебі не болады?
А) жүрек қарыншасының қысқартылуы.
В) жүректің түрлі құрылыстарын толқынның қозуымен тізбектеліп қоршап алу.
С) кардиомиоциттердің метаболикалық белсендігі.
Д) атриковентикулярлы түйіншегіндегі толқындар жылдамдығының баяулатылуы.
Р, QRS, T ілмектерін
интегралды электрлік векторы жазады:
А) горизрнтальды жазықтықта.
В) кеуде түсінің жызықтығында.
С) ХYZ көлемдік кеңістігінде.
Е) Оң жақ, сол жақ және сол аяқ нүктелерін қосатын жазықтығында.
Тармақталу деген не?
А) Потенциалдар айырымын тіркейтін екі нүкте аралықтарында бағытын көрсететін түзу сызық.
В) Гальванизация аппаратымен процедура жасағанда адамның денесінің екі нүктесіне электродтарды жанастырғанда.
С) екі нүкте аралытарындағы потенциалдар айырымының уақытқа тәуелдігі.
Д) жүректің электрлік векторының уақытқа тәуелдігінің графигі.
Е) жүректің электрлік векторы басталатын нүкте.
Кеуделік тармақталу деген ол...
А) негізгі электродтардан тұратын кеуде электроды.
В) бір нүктеде қосылған үш электродтардан тұратын кеуде электроды.
С) жермен және кеуде электроды.
Д) оң қол және сол қол электродтары.
Е) оң қол және сол қол электродтары.
Күшейтілген электрокардиографиялық тармақталу болады:
А) үш стандарты электродтар және бір нүктеде қосылған екі электродтар араларында.
В) кеуде электроды және жалпы бір нүктеде қосылған үш электродтар араларында.
С) кеуде электроды және жалпы бір нүктеде қосылған үш стандартты электродтар араларында.
Д) кеуде электроды және жалпы бір нүктеде қосылған екі стандартты электродтар араларында.
Е) кеуде электроды және жерге жалғау электродымен.
Векторэлектрокардиография бұл...
А) зерттелетін дененің кеңістік жазықтығында орналасқандағы жүректің электрлік векторының жазуылының тіркеу әдісі.
В) тармақталуға түсірілген жүректің электрлік векторының проекциясын тіркеу әдісі.
С) жүректің қызметі кезіндегі тіндер учаскесіндегі импедансының өзгеруін тіркеу әдісі.
Д) мидың биопотенциалдарының өзгеруін тіркеу әдісі.
Е) жүйкенің және бұлшық еттерінің биопотенциалдарының өзгеруін тіркеу әдісі.
Электрокардиограф тұрады келесі блоктардан ...
А) қоректену блогы, тармақталу ажыратқышынан, тіркеу құрылғысынан.
В) қоректену блогы, түзеткіштен, күшейткіштен, осциллографтан.
С) қоректену блогы, тармақталу ажыратқышынан, күшейткіштен.
Д) тармақталу ажыратқышынан, генератордан, тіркеу құрылғысынан.
Е) түзеткіштен, күшейткіштен, тіркеу құрылғысынан.
№ 12 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Эйнтховен үшбұрышында жүректің электрлік осін салу.
Мақсаты: Жүректің электрлік осінің ЭКГ-сы бойынша салуының принциптерімен танысу.
Оқыту мақсаты: жүректің биопотенциалдарын тіркеу және кардиограмманың 2 тармақталу бойынша жүректің электрлік осін салу.
Құрал-жабдықтар: Электрокардиограф, электродтар.
Биопотенциалдар ағзалар мен үлпалардың функционалдық күйін өте жақсы керсететін болғандыктан оларды тіркеудің жене таддау жұргізудің физиологиялық зерттеулерде жене диагаостикада маңызы өте зор. Қазіргі уақытта көптеген ағзалардың биопотенциалын тіркеу әдістері қодданылады: жұрек биопотенциаддарын тіркеу-электрокардиография (ЭКГ), мидың-электроэнцефалография (ЭЭФГ), бұлшық еттердің -электромиография (ЭМГ), жене т.б. Солардың ішінде аса кең тарағаны-электрокардиография.
Электрокардиографияда тіркелетін потенциалдар айырымы жұректің жүйке-бүлшық ет аппаратьның қозу нәтижесінде пайда болады. Жүректің жүйке-бүлшық ет жүйесінің түрліше элементтерінде пайда болған потенциалдар өзара қосыла келіп осы жүйенің қозған /теріс потенциалдар/ жене қозбаған /оң потенциалдар/ бөлшектеріңдегі жалпы потенциалдар айырымын түзейді. Жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесінің түрліше бөлімдеріңде қозу процессі, өзіне тән ерекшелікпен, біртіндеп тарайды. Соңдыктан қортқы потенциалдар айырымы жүрек жұмысының циклында шамасы жағынан да, нүктелердің орналасуы бойынша да өзгереді. Электрокардиографияның негізгі мақсаты-осы өзгерістерді тіркеу.
Электрокардиография әдісі Эйнтховен теориясына негізделген. Бүл теорияда жүректі біртекті өткізгіштік ортада орналасқан электрлік диполь деп қарастырамыз. Осы дипольдің электр өрісі адам денесінің сырткы бетінде тіркеуге болатын потенциалдарды тудырады. Дипольдің электрлік моментінің векторы-жүрек биопотенциаддарының қорткы айырмасын сипаттайтын вектор болады. Ол вектор жүректің интегралдық электрлік векторы /ИЭВ/ деп аталады да Е әріппен белгіленеді.
Кеңістіктің кез-келген А және В нүктелеріңдегі потенциалдар айырымы осы нүктелерге түсірілген дипольдың электрлік моментінің векторының проекциясына пропорционал болады, яғни (1-сурет):
Мүндағы
k-пропорционадцық коэффициент, Р-
дипольдік момент,
- А және В нүктелерін қосатын түзудің
диполь осімен жасайтын бүрышы.
Осы
қағиданы негізге ала отырып Эйнховен
адам денесінің үш нүктесіне электродтар
қойып, жүректің биопотенциалдарын алу
тәсілін ұсынды. Сол үш нүктенің арасын
қосқанда пайда болған үшбұрыштың центрі
жүректің ИЭВ есер ету нүктесімен сәйкес
келетіндей болуы керек. (1-сурет). Осы
үшбүрыштың төбелерін қосатын түзудің
бойымен бағытталган дипольдық электрлік
момент пайда болады. Жеке алғанда олар
жүректің ИЭВ-мен сәйкес келеді, яғни
Осы
векторлардың проекциясының жиынтығы
ИЭВ-ның шамасын, бағытын және
- бүрышын аныктайды.
Калыпты жағдайда жүректің ИЭВ-ы оның анатомиялық осімен сәйкес келеді. Бірақ бір цикдда жүректің ИЭВ-ы өзінің бағытын да шамасын да өзгертеді. Бұл өзгерістер жүректің қозуын жүйкелік-бұлшық еттің бойымен біртіндеп таралуына байланысты болады. Сонда ИЭВ-дың бастапқы нүктесі, яғни ИЭВ-ның басы өзгермейді, тұрақгы болады. Ал басы (немесе соңы) кеңістікте күрделі қисық сызады. Осы өзгерістерді бақылау үшін электрокардиография әдісі қолданылады.
Жүректің биопотенциаддарын зерттеу үшін Эйнтховен үшбұрышының электрлік эквиваленттік А, В, және С нүктелеріне электродтар қойылады 1 суретте:
А - СҚ- сол қол,
В - ОҚ-оң қол,
С - СА-сол аяқ.
Электродтар қойылатын екі нүкте біріге келіп стаңцартты тармақталу күрайды (1-сурет):
І-тармақталу (СҚ-ОҚ),
ІІ-тармақталу (СА-ОҚ),
ІІІ-тармақталу (СА-СҚ).
Электродтар-электр тізбегінің екі нүктесін қосуға арналған, арнайы пішіңді өткізгіштер. Бұл жүмыста электр импульсының көзі ретінде адам денесін, ал электр импульсын кабылдаушы ретінде ЭКГ аппаратын қарастырып отырмыз.
Электродты адам денесіне жапсырғаңда тері мен электродтың арасында өтпелі кедергі пайда болады. Ол кедергі биопотенциалдардың амплитудасын азайтып, пішінін бұзады. Осы кедергіні электродтың ауданын үлкейту аркылы азайтуға болады. Бірақ аудан неғұрлым үлкен болса, қоршаған ортаның әсері сол ғүрлым көбейеді де кедергінің шамасы артады. Сондыктан бүл өдісті ЭКГ-де қолдануға болмайды.
Өтпелі кедергіні азайту үшін электрод пен терінің арасында физиологиялық ертіндіге (электролит) шыланған дөке орналастырылады.
Жүрек өзінің ритм жүргізушісінің жетекшілігімен өз жұмысын атқарады. Ол жүргізуші электр импульстарын қорытып шығарып, оларды өткізгіштік ортаға қарай бағыттайды. Жүрек ритімін жүргізуші қуыс веналардың (полые вены) қосылған жерінде оң жақ жүрекшеде орналаскан. Осы нүктені синус деп, кейде синус түйіні деп (синусовый узел) атайды (2-сурет)
Қалыпты жағдайда синус түйіні минутында 60-90 электр импульсын қорытып шығарып, оларды жүректің өткізгіштік жүйесіне бір қалыпты таратып тұрады. Осы импульстар өткізгіштік жолындағы миокарда бөлімдерін қоздырады.
Сонымен электрокардиограмма дегеніміз — жүрек жүйесінің электр сигналдарының өткізгіштік жолымен өткен импульстарды график түрінде тіркеу. Олар Р, Q, R, S, Т тістері түрінде және түзу сызықтар түріңде де болады (3-сурет). Синус түйінінен шыққан электр потенциалы, алдымен оң жақ жүрекшені (предсердие) қоздырады. Ол қозу ЭКГ-де тіркеледі. Содан кейін электр импульсы сол жақ жүрекшені қоздырады. Сол жақ жүрекшенің қозуы оң жақ жүрекше қозған кезде басталады (2-сурет). Екі бірдей жүрекшенің қозуын ЭКГ-аппараты таспаға Р-тісі ретінде жазады. Олай болса, Р-тісі электр импульсінің алдымен оң жүрекшенің (кисықгың көтерілген бөлігі) содан кейін сол жүрекшенің (қисықтың темен түскен бөлігі) қозуын сипаттайды (3-сурет). Калыпты жағдайда осы екі бөлік бір-біріне симметриялы болады.
Жүректің өткізгіштік жүйесімен өткен электр импульсы карыншаларға (желудочки) өтіп олардың миокардасын қоздырады (2-сурет). Осы процесс ЭКГ-де QRS-комплексімен кескінделген (3-сурет).
Жүректің қарыншалары белгілі бір ретпен қозады. Алдымен 0,03с аралығыңца қарынша аралық перде (межжелудочковая перегордка) қозады. Оның қозуы Q тісін тудырады.
Р-тісімен Q-тісінің арасында электрлік өзгерістер болмайды, ЭКГ-де түзу сызық сызылады. Бұндай сызықты изоэлектрлік процесс немесе изолиния деп айтады (3-сурет).
Содан кейін жүректің үшы және оған жақын орналасқан аймақтары қозады. Соның нөтижесінде R —тісі пайда болады. Жүрек үшының қозу уақыты, қалыпты жағдайда, орта шамамен алғанда 0,05с болады (3-сурет).
Ақыры журектің негізі қозады да S пайда болады. Оның қозу уақыты шамасы 0,02с болады.
2-сурет. 3-сурет
Жоғарыда аталған Q, R, және S тістері біртұтас қарыншылық QRS кешенін (комплекс) күрайды. Оның үзактығы шамамен 0,1с (3-сурет)
Миокарда клеткалары қозған күйде ұзақ уакыт түра алмайды. Сондықган синустық түйіннен басталған қозу процесі қарыншаларды қоздырғаннан кейін біртіндеп өше бастайды. Бұл арада аса күрделі физиологиялық процесс жүреді. Ол процесстерді әдетте бір ғана ұғым мен тұжырымдап айтады. Ол ұғым-реполяризация. Реполяризация процессі ЭКГ-де S-T кесіндісімен және Т тісімен кескіңделеді. Реполяризация уақыты, қалыпты жағдайда 0,3 ә 0,02с. Осы уақыт ішінде жүрек қозғанға дейінгі алғашқы күйіне кайта оралады, яғни келесі қозу процесіне дайын күйге келеді.
Жоғарыда қарастырылған ЭКГ-нің кұрамынан мынандай қортындыға келеміз: ЭКГ-нің P,Q,R,S, және Т тістерінің биіктіктері, олардын пішіндері, R-R, P-Q, Q-R-S және Q-T интервалдары (3-сурет) жүректің әрбір зонасының функциональдық ерекшеліктерін, яғни физиологиялық күйін сипаттайтын басты диагностикалық әдіс болып табылады.
Мысалы: R-R- интервалы (уақыт) калыпты жағдайынан аз болса, жүректің соғу жиілігі калыпты жағдайынан жоғары болады, оны тахикардия дейді. Ал сол интервал қалыпты күйінен кем болса жүректің соғу жиілігі төмен болады, оны брадикардия дейді, егер R-R интервалы бірде артып бірде кемісе — оны аритмия дейді.
Электрокардиограмма жүректің биопотенциалдарының шамасының, пішінінің уақытка тәуедді езгерісін ғана көрсетеді. Ол жүректің интегралдық электрлік векторының бағытын анықтай алмайды. ИЭВ бағытын аныктау үшін векторэлектрокардиаграмма әдісі қодданылады (ВЭКГ).
ВЭКГ-ны Эйнтховен үшбұрышының екі тармағының өріс кернеулігін қосу арқылы аныктайды. Ол үшін нүктелерді қосатын сызғыштар өзара перпендикуляр болуы керек. Эйнтховен үшбұрышында тармақтар арасында пайда болған өріс кернеуліктері тік бұрышты координаторлар жүйесінде қарастырылады: оң қолдан сол қолға Х-осінің бағыты мен сол қолдан сол аяққа қарай, Y-осінің бойымен сол қолдан сол аяқтан қарай Z-осінің бойымен бағытталады (1-сурет). Сол векторлардың горизонталь, фронталь және сагиталь жазықтарына проекциясын қарастыру аркылы ИЭВ —дың кеңістіктегі орнын - бүрышын аныктайды.
Электрокардиографтың блок-схемасы 4-суретте келтірілген. Кардиографтың тармақтарын қосатын кілттің (ТҚК) көмегімен биопотенциалдар кернеуді күшейту блогының (КК) кірісіне беріліп, одан кейін қуатын күшейту (ҚК) блогына беріледі. Солай күшейтілген сигнал электромеханикалық түрлендіргішке (ЭМТ) беріледі. Осы блокта электр сигналдары бақылауға қолайлы сигналға түрленеді, қажет болғанда таспаға жазып алуға болады.
Кардиографты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қоректену блогы (КБ) қолданылады.
