- •Мазмұны
- •Қысқартулар тізімі
- •Жүрек қантамыр жүйесінің аурулары
- •Бауыр аурулары
- •Бүйрек аурулары
- •Қант диабеті
- •Асқазан – ішек жолдары аурулары
- •Артериалдық гипертония
- •Буын аурулары
- •Анемиялар
- •Әйелдердің гормон жүйесі
- •Ерлердегі гормон жүйесі
- •Урогенитальді инфекция
- •Онкологиялық аурулар
- •Бактериалды және вирусты инфекция
- •1 Сызба - Жедел бүйрек жетіспеушілігінің логикалық кестесі
- •1 Кезең – этиологиялық факторлардың бастапқы әсері
- •3 Кезең – диурездің қалыптасуы
- •4 Кезең – сауығу
- •2 Сызба - Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің диагностикасы
- •3 Сызба –сбж фазалық өзгерістерінің зертханалық-диагностикалық көрсеткіштері
Бүйрек аурулары
№3 кестеде бүйрек ауруларының зертханалық тесттерінің тізімі көрсетілген.
№3 кесте
|
Зертханалық тест атаулары |
Негізгі |
Зерттеу әдістері |
Зерттеу құралдары |
Қысқаша клиникалық зертханалық мағына |
|
Холестерин |
+ |
Биохимиялық |
Integra Cobas Оlympus АU640 |
Қан липиді. Холестерин деңгейін ағзаның липидті алмасу бұзылыстарында көрінеді. Коронарлы атеросклероздың даму қаупі 30-39 және 40 жастан асқан адамдарда байқалады, 6,21 и 6,72 ммоль/л жоғарлайды. Адам 20-29 асқанда 5,17 ммоль/л жетеді. |
Глюкоза |
+ |
Биохимиялық |
Integra Cobas Оlympus АU640 |
Көмірсу алмасуының басты компоненті.Қалыпты жағдайда қандағы деңгейі көп көмірсу тұтынғанда, физикалық жүктеде, қатты эмоцияға берілгенде жоғарлайды. Гипергликемия көптеген патологиялық жағдайларда байқалады: қант диабетінде, жедел панкреатитте, жарақаттарда және бас миының шайқалуында, энцефалитте, токсикоздарда, ауыр тиреотоксикозда, муковисцидозда, бүйрекүсті безінің және гипофиздің алдынғы бөлігінде гормонның жоғарлауында. Гипогликемия инсулинді мөлшерден тыс пайдаланғанда, қатерлі ұйқыбезі ауруында, қатерлі ісіктерде, бауыр зақымдалуда, гипотиреозде болуы мүмкін. |
|
Калий |
+ |
Биохимиялық |
AVL 9180 |
Қан электролиті. Калийдің катион ретінде су-тұз алмасуында үлкен маңызы бар. Жасушаішінде сақталады. Сарысудағы калий концентрациясы және оның қоры ағзада бүйрек арқылы реттеліп отырады. Гиперкалиемия, гипокалиемия клиникалық маңызы бар.. Гиперкалиемия ағзаға калидің көп мөлшерде түсуіне пайда болады, ол әсіресе бүйрек қызметінің бұзылыстарында, анафилактикалық шокта, бүйрек жетіспеушілігінде, диабетикалық кетоздда, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігінде, жасуша ыдырауында (некроз, ісіктер) байқалады. Калийдің деңгейі гепаринмен, индометацинмен, тетрациклинмен,ісікке қарсы препараттармен ем жүргізгенде жоғарлап кетуі мүмкін. Калий концентрациясы АІЖ сүңірілу бұзылыстарында, ұзақ уақыт құсуда, бауырбен бүйрек ауруларында, қант диабетінде, кортикостероитарда, альдостеронизмде инсулин енгізгенде төмендейді. |
|
Натрий |
+ |
Биохимиялық |
AVL 9180 |
Қан электролиті. Натрий жасуша сыртылық негізгі катион. Гипер- және гипонатриемия деген клиникалық сөздерді қолданамыз. Концен-трациясы 134 ммоль/л төмен болса – клиникалық симптомокомплексті меңзейді, ол апатия, тәбет төмендеумен, жүрек айну мен құсумен, рефлекс бұзылыстармен, тахикардия, ануриямен, сана бұзылыспен жүретін гипотензия, психоза көрініспен сипатталады. Концентрациясы 169 ммоль\л жоғарлайтын болса –науқастың жалпы ауыр жағдайымен, ден температурасының жоғарлауымен, тахикардиямен көрінеді. |
|
Жалпы ақуыз |
+ |
Биохимиялық |
Integra Cobas Оlympus АU640 |
Қан сарысуындағы жүздеген әртүрлі ақуыз қоспасының күрделі суммарлы концентрациясы. Жалпы ақуыздың өзгерген құрамы салыстырмалы немесе абсолютті болып бөлінеді. Салыстырмалығы – қан көлемі өзгерісіндегі су жүктемесінде, көп көлемде тұзды ерітінділер инфузиясында немесе іш өту мен құсу әсерәнен дамыған ағзаның дегидратациясы, жоғарлаған терлегіштіктен.Абсалюті жалпы ақуыз құрамын салыстырмалықтан ажырату үшін сарысу көлемі мен гематокритті анықтау қажет. |
|
Жалпы белок |
+ |
Биохимиялық |
Integra Cobas Оlympus АU640 |
Бұл қан плазмасындағы белоктардың күрделі қосылысы.Жалпы белок құрамының өзгерісіне салыстырмалы және абсолютті болуы мүмкін.Салыстырмалы су жүктемесінен,көп мөлшердегі тұз ерітіндісінің инфузиясынан немесе ағзаның құсу,іш өту,күшті тер бөлінуінің дегидратациясынан болуы байқалады.Жалпы белок мөлшерінің абсолюттік өзгерісін салыстырмалыдан ажырату үшін плазма мөлшерін немесе гематокритті анықтау керек. |
ҚСЖ |
|
Биохимия лық |
ABL-5 |
Қышқылдық негізгі жағдай-ағзадағы сұйықтықтардың реакцияларының регуляциясы.КНЖминимум 3 көрсеткішпен бағалана алады: рН, рСО2, ВЕ немесе SB. рН – қанның активті реакциясы 7,4; рСО2 – көмірқышқыл газының парциалды қысымы және тыныс алу бұзылыстарының жалғыз критерийі; SB – стандартты бикарбонат және ВЕ – буферлік негіздердің жылжуы,бұлар метаболизмдік өзгерістерді көрсетеді.ҚСБ ерекшеленеді: 1. газдық (респираторлық,тыныстық) ацидоз и алкалоз; 2.газдық емес (респираторлық емес,тыныстық емес) ацидоз, алкалоз. |
|
Реберг сынамасы |
+ |
Биохимия лық |
Integra Cobas Оlympus АU640 |
Шумақтық фильтрация мен түтікшелік реабсорбцияны бағалауға пайдланылады.Несеп және қандағы диурез бен креатининнің концентрациясының минуттық мөлшерін анықтауға негізделеді.Қалыпты шумақтық фильтрация 80-120 мл/мин., реабсорбция 97-99 %. Несеп 4, 12, немесе 24 сағ ішінде алынады.Зерттеу ортасында қан алынады. |
|
Мочевина |
+ |
Биохимия лық |
Integra Cobas Оlympus АU640 |
Белок алмасуының соңғы басты өнімі,бауырда синтезделеді.Анурияда,бұйрек жеткіліксіздігінде,жүрек жетіспеушілігінің ауыр түрінде,диабеттік комада,гипопаратиреозда,шокта,белоктың шұғыл ыдырауында жоғарылауы байқалады.. |
|
Креатинин |
+ |
Биохимимиялық |
Integra Cobas Оlympus АU640 |
Азот құрамды қосылыс,креатинфосфат өзгерісінің өнімі.Бөлінуі бүйректік және шумақ каналдарында реабсорбцияға ұшырайды.Креатинемия бүйрек қызметінің жедел жіне созылмалы бұзылыстары бар ауруларда анықталады.Сонымен қатар зәр шығару жолдарының бітелуінде,ауыр диабетте гипертиреозда,акромегалияда,бауыр зақымдануында,бүйрек үсті безінің гипофункциясында байқалуы мүмкін. |
|
Несеп қышқылы |
+ |
Биохимия лық |
Integra Cobas Оlympus АU640 |
Пуриндік негіздер ыдырауының соңғы өнімі.Деңгейінің көтерілуі шумақтардың бұзылуына қатысты бүйрек ауруларының нуклеопротеидтерінің алмасуының бұзылуында подагралық біріншілік гиперурикемиясында,жүрек–қантамырлар ауруларында, эндокриндік ауруларда(гипопаратиреоз, қантты диабет),бауыр жетіспеушілігі, саркаидоз, псориаз, алкоголизмде. |
|
Қан мен зәр белоктарының электрофорезі |
+ |
Биохимия лық |
MiniCap Sebia |
Протеинограмманың 3-і типі,нефриттік симптомо құрылымға сай альбумин мөлшерінің едәуір төмендеуімен сипатталады,гамма глобулин мөлшерінің біртіндеп төмендеуіндегі альфа-2 және бета-глобулиннің концентрациясының жоғарылауымен сипатталады.Өзгерістердің бұл түрі бұйректің фильтрация қызметі бұзылу синдромына байланысты,нефриттік симптом құрылымына,нефритке және басқа аурулар қатарына тән. |
|
Қан сарысуындағы темір |
|
Биохимия лық |
Integra Cobas Оlympus АU640 |
Жасушаның тыныс алу процесінде және оттегіні тасымалдауға қатысатын биоэлемент.Инфекциялық және қатерлі ауруларға байланысты анемияда,интокцикацияда,қан жоғалтқанда,жүктілікте,уремияда,ашыққанда,сіңру бұзылғанда мөлшері төмендейді.Сарысу темірі және НЖСС ныңедәуір көбеюі тұқым қуалаушылық және екіншілік гемохромотозда ,әртүрлі гепатиттерде,апластикалық анемияда көрінеді. |
|
Жалпы қан анализі |
+ |
Гематологиялық |
Sysmex XT2000i |
Қанның 33 параметрі, лейкоформула, ЭТЖ |
|
Жалпы зәранализі |
+ |
Жалпы клиникалық |
Urisys Микроскоп |
Зәр талдауы оның жалпы қасиетін зерттеуден,сонымен қатар химиялық және микроскопиялық зерттеулер жүргізуден тұрады. |
|
Нечипоренко бойынша зерттеу |
+ |
Жалпы клиника Лық |
Микроскоп |
Әдіс клеткалық элементтердің мөлшерін –лейкоциттерді,эритроциттерді,1 л зәрдегі цилиндрлерді анықтаудан тұрады.. |
|
Зимницкий бойынша зерттеу |
+ |
Жалпы клиникалық |
|
Бүйректің зәрді концентрациялау еріту қабілеттілігімен бағаланады.Сынама зәрдің тәулік ішіндегі мөлшері мен салыстырмалы тығыздығының ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді. |
|
Зәрдің микрофлора мен антибиотиктерге сезімталдығына микробиологиялық зерттеу |
+ |
Бактериологиялық |
Mini-Api, Vitek Bio-Merye |
Патологиялық прцесстің этиологиясын анықтауға және адекватты антибактериалды терапияны таңдау үшін бактериологиялық зерттеу жүргізу керек,бұл биоматериалдан микроорганизмдердің кең спектрін бір мезгілде бөліп шығаруға бағытталады. |
|
Урогениталды ИФА инфекциялары |
|
Иммуно ферментті |
Stat-Fax Sunrise TS |
Қан сарысуындағы М, G класындағы имммуноглобулинді вирустарға және микроорганизмдерге қарсылығын анықтау,урогениталды тракттың ауруларын тудыруды моноклоналды антиденелерді қолданып,қатты фазадағы имммуноферменттіік анализ әдісімен анықтау. |
|
Урогенитальді ПЦР инфекциялары |
|
Гендік-молекуляр-лы |
Real-Time Rotor-Gyne-6000 |
ПЦР жыныс ағзаларының шырышты қабатының жұғындысынан урогенитальді қоздырғыштарының ДНҚ сын сапалы анықтауға мүмкіндік береді.Әдіс зерттелетін биоматериалдағы микроорганизмдерді тез әрі дәл анықтауға және аурудың этиологиялық диагнозын қоюға және дұрыс ем тағайындауға мүмкіндік береді. |
|
Иммундық статус |
|
Иммуноло-гия |
Facs Calibur проточ. цитометр |
Иммунитеттің жасушалық және гуморальды тізбегі |
|
|
Циклоспориндер |
|
Биохимиялық |
Integra Cobas |
Бүйрек алмастырған аурулардың иммунодепрессантына дәрілік сұрыптау. |
Бета-2-микроглобулин |
|
Биохимиялық |
Integra Cobas |
Бета-2 микроглобулиннің қандағы және зәрдегі анықталатын концентрациясы бүйрек қызметінің бұзылуы мен лимфатикалыққұрылымының зақымдануының дифференциалды диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді.Зәрдегі бета - 2 - микроглобулиннің мөлшерінің көбеюін бүйректің түтікшелерінің зақымдануына байланысты бүйрек қызметінің бұзылысын көрсетеді.Қан сарысуындағы бета - 2 – микроглобулин мөлшері миеломада,неходжкин лимфомасында көтеріледі. |
