Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие Зертх.мед.б.терапевт аныктамасы 14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Асқазан – ішек жолдары аурулары

№5 кестеде асқазан ішек жолдары ауруларының зертханалық тесттерінің тізімі көрсетілген.

№5 кесте

Зертханалық тест атаулары

Негізгі

Зерттеу әдістері

Зерттеу құралдары

Қысқаша клиникалық зертханалық мағына

Жалпы қан анализі

+

Гематологиялық

Sysmex XT2000i

Қанның 33 параметрі, лейкоформула, ЭТЖ

Жалпы зәр анализі

+

Жалпы клиникалық

Urisys

Микроскоп

Зәр талдауы оның жалпы қасиетін зерттеуден,сонымен қатар химиялық және микроскопиялық зерттеулер жүргізуден тұрады.

Нәжісті гельминт және қарапайымдарға тексеру

+

Жалпы клини

калық

Нәжісті микроскопиялық зерттеуде патогенді қарапайымдардың инеттік және вегетативті формаларын ,гельминтттерді және олардың фрагменттерін анықтауға,гельминттердің жұмыртқалары мен қуыршақтары анықталады.Нәжістің гельминт жұмыртқаларына қайталама анализдің өзі теріс нәтиженің өзі де гельминттік инвазияны толық жоққа шығара алмайды.

Копрограмма

+

Жалпы клиникалық

Нәжісті зеррттеуде ас қорыту процесінде бұзылыстар анықталады.Нәжісті микроскопиялық зерттеу қалыпты детрит және флора фонында қорытылған аз ет талшықтары,сондай-ақ қорытылмаған клетчатка аз мөлшерде сабын анықталады.Патологияда мал өнімдері тамақтарының қалдықтары:ет талшықтары,жаогаушы тіндер,май,май қышқылдары,сабын,өсімдік тектес тамақ элементтері:қорытылған және қорытылмаған клетчатка,крахмал,эпителий,лейкоцитттер,эритроциттер анықталады..

Дисбактериозға кал

+

Бактериологиялық

Ішек бактериясының бактериологиялық диагностикасы-ішекте өмір сүретін бактериялардың әртүрлерінің сандық және сапалық құрамына негізделеді.Дисбактериозда микрофлора құрамының тепе-теңдігі жедел бұзылады..

Жалпы белок

+

Биохимиялық

Integra Cobas

Оlympus АU640

Бұл қан плазмасындағы белоктардың күрделі қосылысы.Жалпы белок құрамының өзгерісіне салыстырмалы және абсолютті болуы мүмкін.Салыстырмалы су жүктемесінен,көп мөлшердегі тұз ерітіндісінің инфузиясынан немесе ағзаның құсу,іш өту,күшті тер бөлінуінің дегидратациясынан болуы байқалады.Жалпы белок мөлшерінің абсолюттік өзгерісін салыстырмалыдан ажырату үшін плазма мөлшерін немесе гематокритті анықтау керек.

Қандағы глюкоза

+

Биохимиялық

Integra Cobas

Оlympus АU640

Көмірсу алмасуының негізгі компоненті.Физиологиялық жағдайда қандағы мөлшері көмірсуға бай тамақтан кейін,физикалық жүктемеден кейін,күшті эмоциялардан кейін көтерілуі мүмкін.Гипергликемия көптеген патологиялық жағдайларда байқалады.Қант диабетінде,жедел панкреатитте,бас миының зақымдалуы мен шайқалуында,энцефалиттте,токсикозда,ауыр тиреотоксикозда,муковисцидозда,бүйрек үсті безі және гипофиздің алдыңғы бөлігінде жоғарылаған гормональдық белсенділікте гипогликемия инсулиннің артық дозасында,ұйқы безі ауруларында,қатерлі ісіктерде,бауыр бұзылыстарында,гипотиреозда болады.

Қандағы А-амилаза

+

Биохимиялық

Integra Cobas

Оlympus АU640

Қан ферменті. Ұйқы безі ауруларының альфа-амилаза белсенділігі көп артады.Жедел панкреатитте зәр мен қандағы фермент активтілігі 10-40 рет жоғарылайды.Гиперкалиемия ауру басталғанда пайда болып максимум шегіне дамуының 12-24 сағатынан кейін жетеді,содан кейінбез төмендеп қалпына 2-6 тәулікте түседі.Әдетте гиперамилазурия гиперамилаземиядан ұзақ жүреді.Жедел панкреатиттің ферменттік активтілігінің көтерілмеуінен дамуы мүмкін.Төменгі гиперамилаземияны панкреатитке тән емес аурулар шақыруы мүмкін–хоелцистит, холелитиаз,өт қабығының жарылуы, бүйрек аурулары, пневмония, травматикалық шок.

Зәрдегі А-амилаза

+

Биохимиялық

Integra Cobas

Оlympus АU640

АЛТ

+

Биохимиялық

Integra Cobas

Оlympus АU640

Қан ферменттері.Аминотрансфераза активтілігінің белсенділігін зерттеу бауыр ауруларының диагностикасын және дифференциалды диагностикасында маңызы зор.

Жұқпалы гепатитте белсенділік ерте мерзімде жоғарылайды.Жедел вирустық гепатитте АЛТ ның белсенділігінің мах көтерілуі 100 реттен көп ,3000-8000 ға дейін көтеріледі,ал АСТ 27 рет.Бірқалыпты гиперферментемия созылмалы гепатитте байқалады.Обструктивті сары ауруда,бүйрек іші холестазда,бауыр циррозында,карцинома метастазында АСТ белсенділігі АЛТ белсенділігінен жоғары деңгейге көтеріледі және гиперферментемия әдетте 10 есе көтерілуден аспайды.Белсенділіктің жоғарылауы бауырдың жедел токсикалық және дәрілік зақымдануынан,ишемиялық гепатиттен болады.

АСТ

+

Биохимиялық

Integra Cobas

Оlympus АU640

Жалпы билирубин

+

Биохимиялық

Integra Cobas

Оlympus АU640

Билирубин - сары-қызыл пигмент,гемоглобин,миоглобин, цитохром ыдырағанда ретикулиоэндотелиалды жүйеде түзіледі.Пигменттік алмасудың бұзылуының субъективтік белгілерінің бірі-билирубиннің қандағы мөлшері 27-34 мкмоль/л және одан да жоғары болғанда сарғыштанудың күшеюі.2.Бауыр клеткаларының қызметінің бұзылуы(паренхимотозды сарғаю);3.Өттің жүрмей қалуы( обтурациялық,өттің іркілуі).

Сілтілі фосфатаза

+

Биохимиялық

Integra Cobas

Оlympus АU640

Қан ферменттері.ШФ ның белсенділігінің қандағы жоғарылауы негізінде патологияның 2 түрінде жүреді:сүйек ауруларында,остеокластардың пролиферацияларына байланысты және холестаз белгілері бар ауруларда.

ИФА гельминттері (описторх, лямблия, трихинелла, токсока-ры, эхинококк, аскарида).

+

Иммуноферментттік

Stat-Fax

Sunrise TS

G класындағы иммуноглобулиндерді описторхоз,трихинелл,токсокар, эхинококтар, аскаридалар, лямблия антигендеріне қан сарысуында қатты фазадағы иммунды ферменттік анализ әдісімен берілген паразитарлық инвазияны серологиялық диагностикалау,ем жүргізудің эффективтілігі және рецидивтің диагностикасы арқылы анықталады.

Ракоэмбриональды антиген РЭА

Иммуноферменттік

Elecsys 2010 Roch

Access 2 Beckman

Әртүрлі локализациядағы ісіктер дамуында РЭА мөлшері көтеріледі және қатерлі процесстің қалпын дәл көрсетеді.Қан сарысуында РЭА ны анықтауда обырдың шеткі метастаздарының диагностикасын қолдануға болады.РЭА ның мөлшерінің көбеюі ас қорыту жолдарының әртүрлі карциномасында байқалады,сонымен бірге өкпе,сұт бездері,бас және мойын обырларында,жалғастыру тканьдік негіздегі қатерлі өскіндерде байқалады.РЭАны органоспецификалық ОМ (СА -242, СА 19-9, СА 15,3, СА 125) пен бірге анықтау ұсынылады.. РЭА жедел фазадағы белок,сондықтан оның деңгейі әртүрлі аутоиммундық,жедел және созылмалы қабыну ауруы бар ауруларда көтерілуі мүмкін.

СА19-9

Иммуноферменттті

Elecsys 2010 Roch

Access 2 Beckman

СА 19-9 онкомаркерлерінің концентрациясын анықтауда асқазан,ұйқы безі ісіктерінің метастазынерте анықтау диагностикасына қолданылады.СА 19-9 организмнен тек өт арқылы шығарылады.Осыдан,аз ғана холестаз қандағы онкомаркерлердің көбеюіне әкеледі.Концентрацияның көтерілуі АІЖ қабыну және бауырдың қатерсізауруларында және муковисциздозда байқалады.

Хеликобактер пилори

Иммуноферменттті

Stat-Fax

Sunrise TS

Гастродуоденальды патология дамуында хеликобактер пилоридің маңызды рөл атқаратыны анықталды(гастрит,жара ауруы, аденокарцинома).Соңғы уақыттарда АІЖ ауруларында ненгізгі дамытушы екендігі дәлелденді.

Дуоденальді зондылау

Жалпы клиникалық

А, В, С порцияларынан бөлініп алынған өт бөлінділерінен кейін дуеденальды зондылау талданады.Өт шығару жолдарының және өт бөлу қызметін бағалайтын зерттеу әдісі.

Өтті микробиолиялық зерттеу

Бактериоло-гиялық

Mini-Api, Vitek

Bio-Merye

Патологиялық прцесстің этиологиясын анықтау мен адекватты антибактериалды терапияны анықтауда міндетті түрде бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет.

Иммундық статус

Иммуноло-гия

Facs Calibur проточ. цитометр

Иммунитеттің жасушалық және гуморалдық звеносы.