- •Дипломдық жұмыс Тақырыбы: Аспан денелері атауларының концептуалды өрісі
- •050117-Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті
- •Мазмұны
- •1. Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізіі...................................6-9
- •Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері........................41-43
- •1. Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізі
- •Когнитивтік тіл біліміндегі концепт мәселесі
- •1.2 Концептің өзге лингвистикалық категориялардан айырмашылығы
- •1.3 Концептілік талдаудың әдістері мен ұстанымдары
- •1.4 “Концепт өрісі” және “концептілік жұп” ұғымдары
- •Күнді іліп қойғандай.
- •2 Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
- •Аспанда жарық ай
- •2.1 Қазақ халқының танымындағы «Ай» мен «Күн» концептісі
- •2.2 Қазақ танымындағы «Күн» концептісі
- •2.3 Қазақ танымындағы «Жұлдыз» концептісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Концептің өзге лингвистикалық категориялардан айырмашылығы
Концептің өзіндік ерекшелігі – тану процесінде және сөзді меңгеру барысында оның өзгере отырып тұрақты болып қалатындығында: ол сөйлеушіге әрқашан жаңа қырынан танылып отырады. Әдетте концепт-2 болып келеді. Концептер бейберекет болып көрінбес үшін оларды әмбебаптығы мен маңыздылығына қарай, адамның, ұлттың рухани мәдениетіндегі алатын орнына қарай жүйелеу керек. Мәселен, А.Вежбицкая [14] оларды мынадай ұстанымдар бойынша жіктейді. Концептер иерархиясы мәдениеттегі рухани құндылықтар иерархиясын танытатындай болады немесе концептер таңбалап тұрған мағынаның абстрактілігімен конкретілігімен байланысты жіктеледі. Осындай иерархиялық жүйенің тәжі рухани мәдениеттің кілт – сөздері (парыз, ар, ақиқат, тағдыр, шындық,т.б.). Бұл сөздерді жоғарғы деңгейге қоюға оның логикалық байланыс қызметін атқара алуы; философиялық және ғылыми терминдермен сәйкестігі; ұғымның сәйкесінше сөздің коннотативті сипатының аксиологиялық қатыстылығы; семантикалық көлемінің (“іші босауға” шейін) өзгеруге қабілеттілігі себепкер болады.
Жоғарыда айтылғандай “концепт” ұғымын концепт-1 және концепт-2 деп бөлу тек мәдени – тілдік талдаудың ғана нәтижесінде жүзеге асырылады. Ал өздігінен ол бір бүтін, бөлінбейтін, “жұмыр” құбылыс. Біз оны бір жағынан жеке сөздің семантикалық бейнесін таныта алатын кілт ретінде қарыстырсақ, екінші жағынан осы сөздің қозғалмалы семантикасы түсіндіріп тұрған мәдени-тілдік бейнесіне енуге мүмкіндік береді: сөзді зерттей отырып, біз, рухани мәдениет фактілерін зерттейміз.
Сондықтан сөзді семантикалық жағынан сипаттайтын өзге терминдермен концепт термині бірдей ұғынылмауы үшін концепт терминінің “шегін белгілеу” қажет.
“Концепт” термині сема, мән, ішкі форма, символ, образ, ұғым, архетип терминдерінің қайсысымен болса да бір деп ұғынылмауы керек.
Жалпы сема, архисема (мәндер инварианты) және концепт. Концепт жалпы сема да емес, архисема да емес (мәндердің инварианты емес), өйткені ол сөзге семадан бұрын берілген, ал сема сөздің мағынасымен беріледі. Концепт пен сема сөздің лексикалық мағынасының құрылымын көрсету үшін қажет. Біз оны саналы түрде, нақты деректерге негізделе отырып бөліп шығарамыз. Ал концепт – ырықсыз санадан болжам негізінде бөлінетін бірлік, біз оны сөздің өзіндік идеясын ашу үшін пайдаланамыз.
Белгі (айырым, нышан) және концепт. Концепт белгі емес, концепте сол ұғымға тән белгілердің барлығы “бағдарланған”, солай бола тұра концептің белгісін көрсету мүмкін емес, өйткені, концепт санада ұстап қалу қиын елес сияқты.Ол нақты белгілерді білдіре алуы мүмкін, бірақ, біз, ол белгілерді атай алмаймыз, оны атау үшін оның жанында тұрған белгілерден ерекшелендіріп, бөліп алуымыз керек, өзге сипат, белгілерді санада саралап көре алмағандықтан, қажетті белгіні де танып ала алмаймыз.
Жалпы мағына, жалпы түсінік және концепт. Жоғарыда айтылғандай жалпы түсінік концепт-1-де көрініс табады. Бірақ ол алғашқы, өте қарапайым жалпы түсінік, ал жалпы мағына концепт пен контекске байланысты болады.
Концепт және образ. Концепт образ емес, өйткені қандай да образ бейнелі формаға ие болады. Ал концептің белгілі бір ғана образы болмайды. Ол дайын күйіндегі ой жүйесі емес, біз оны қалайда көзге де, ойша да елестете алмаймыз. Бұл тұрғыдан келгенде концепті “таза идея” деп есептеуге болмайды.
Концепт және символ. Бұл екі ұғымының екеуінің де мәндік мүмкіншіліктері зор, екеуі де шексіз көп мағыналы, сондықтан екеуі де мәдениетті іштей танудың кілті бола алады. Символдың табиғаты затты, ол сол таңба негізінде дамиды. Ал концепт затты, ол сол таңба негізінде дамиды. Ал концепт идеялық құбылыс және өз дамуын өзі белгілейді. Символда айқын, тура, ауыспалы астарлы мағыналар “беріліп қойған”. Оның қайсыбірін сол тілде сөйлеушілер әлі саналы түрде түсінбеген болса, ол бар. Ал концепт әлі мағынаға айналмаған, әлі “ашылмаған” мағыналар ұйытқысы, қойыртпасы, орамы. Олардың айырмашылығы сөз-концепт пен сөз-символ ретінде де, сөз-концепт ретінде де қарастырып көрейік. Сөз-символ тауарлар қабында, тауарлардың жарнамалық қағаздарында, теледидар жарнамаларында болады. Әдетте көңіл аударарлықтай ерекше жазумен, ерекше түспен жазылады. Ол мынадай мағыналарды білдіреді:
Өнім жаңадан шығарылған.
Өнім біздің рыногқа алғаш келді.
Бұрынғы өнім өзгертіліп, жаңартылып, жақсартылып шығарылды.
Ол нарықтың экономикаға тән тауар қабының безендірілуі, жарнаманың түрі. Ағылшын тілінен “new” орыс тіліне “новинка” деп аударылса, орыс тілінен қазақ тіліне “жаңа” деп аударылып, сәйкес мағыналарды иеленді. Таңбасы біреу ғана ол – жаңа. Ал, сөз концептке жаңа сөзі қатынасатын фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, шығармалар атауы, жаңа түбірінен туындаған (жаңалық, жаңару, жаңалау т.б.) барлық туынды сөздер енеді. Бұл бірінші айырмашылық. Екінші айырмашылығы “жаңа” концепт болғанда оған аталған “жаңа” сөз-символы еніп бір бөлігі ғана болып қалады. Ең басты айырмашылығы “жаңа” сөз – концепт сияқты мәдени мәнге ие бола алмайды. Мысалы, бір ғана “жаңа жыл” тіркесін алсақ, ол қазіргі қазақ халқының санасында кеңес дәуірінен дәстүрге айналған еуропалық жаңа жыл(31-желтоқсан) және соңғы жылдары қайта қауышып жатқан наурызбен(22-наурыз) байланысты. Осы екеуіне байланысты көптеген ырым, салт-дәстүр, ауыз әдебиет үлгілері, құттықтаулар, бата, тілек т.б. “жаңа” сөз-концептінің жаңа жыл таңбасы арқылы ғана берілетін мәлімет. “Жаңа” сөз-концептінің өзге таңбалары да осындай мәдени маңызды мәліметтерді бере алады. Көріп отырғанымыздай концепт пен символдың ұқсастықтары болғанымен екеуі мүлдем екі бөлек ұғымдар.
Архетип және концепт. Концепт – сөздің пайда болу тарихы, оның алғашқы мағыналары, бастапқы тірек идеялары мен концепт-сөздің туындауына түрткі болған фактілерді анықтау керек болғанда біз архетипке соқпай қоймаймыз. Бірақ, концептің барлық қажетті семантикалық ақпаратты жинақы, бірақ беретін орын басу қызметі туралы айтқанда, біз, концепт пен архетипті қатар қоя алмаймыз. Бұған қоса, концепт, теориялық анықталуы мүмкін болғанымен көбінше тек интуитивті анықталатын бірлік. Оның концептілік мағынасы да, концепт таңбаларының мағыналарынан интуиция көмегімен анықталады. Ал архетип- теориялық реконструкцияланған бірлік. Байқап отырғанымыздай концепт пен архетип арасындағы айырмашалық өте үлкен.
Ішкі форма және концепт. Бұл терминдердің аражігін ажырату жоғарыда айтылған терминдермен салыстырғанда қиынырақ. Екі термин де ұлттық мәдени тілдік құбылыстарды түсінудің кілті болып табылады. Осылайша, ішкі форма, концепт ұғымдарының екеуі де адамның тілдік санасы мен қоршаған орта арасындағы жалғастырушы қызмет атқарады. Олардың айырмашылығы «өміршеңдігіне», қаншалықты қажет екендігіне келгенде ашылады. Сонымен қатар олардың көлемі мен атқаратын қызметтері әртүрлі. Ішкі форма біртіндеп жоғалуы мүмкін, ал концепт сөзбен бірге өмір сүреді. Сондықтан да концепт сөздің ішкі формасына қарағанда біршама тұрақты болып есептеледі. Алайда біз сөздің жоғалған ішкі формасын іздегенде, сөздің базистік элементі анықталып, концептің өзінде танимыз. Этимологиялық талдау жасағанда ішкі форма сөздің семантикалық құрлымында маңызды орын алмайды, ал концепт функционалды қажет бірлік, өйткені, ол өзінің ең басты қызметі- орын басу қызметін атқарады. Бұл тұрғыдан келгенде, концепт пен ішкі форманың айырмашылығы, концепт пен архитиптің айырмашылығындай. Тағы бір айта кететін мәселе, ішкі формада қалып «қалып» ұғымы бар (мейлі ол ішкі болса да). Демек ,терминнің астарында қандай да бір тірек ұғымдармен қалыптық байланыстың бар екендігі білінеді. Осы байланыс материалды элементтерді көшіру арқылы жүзеге асады да, “уәжділік” терминімен аталады.
Ал концепт – “таза идея”. Концепт пен ішкі форма арасындағы сөз етіліп отырған айырмашылық бұл екі ұғымның қолданылу аясынан көрінеді; мысалы, мағынаның уәжделуін сөз еткенде, “ішкі форма” терминін пайдаланамыз, ал сөзді мәдени тілдік контекстке енгізетін ұлттық менталитетке негізделген алғашқы қарапайым түсінік жайлы айтқанда, сөз мәдениет элементі ретінде қарастырылғанда–“концепт” терминін пайдаланамыз.
Ұғым және концепт. “Ұғым” және “концепт” терминдері бір жағынан сөздің мазмұндық жағының әртүрлі кезеңін, екінші жағынан олардың әртүрлі қызметін көрсетеді. Ұғымнан концепт ұлттық менталитетті көрсете алатын алғашқы түсінік ретінде де (концепт-1), әмбебап мәдени түсінік (концепт-2) ретінде де ерекшеленеді. Сөздің туындауы тұрғысынан келсек, концепт-1 ұғымының “ұрығы” болғандықтан, ұғымнан бұрын тұрады. Ал жалпы мәдени аспектіден қарағанда, концепт-2 ұғымының жалпы мәдени маңызға ие боларлықтай деңгейге көтерілуі. Әрбір сөз концепт-2 деңгейіне дейін дами алмайды.
