- •Дипломдық жұмыс Тақырыбы: Аспан денелері атауларының концептуалды өрісі
- •050117-Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті
- •Мазмұны
- •1. Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізіі...................................6-9
- •Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері........................41-43
- •1. Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізі
- •Когнитивтік тіл біліміндегі концепт мәселесі
- •1.2 Концептің өзге лингвистикалық категориялардан айырмашылығы
- •1.3 Концептілік талдаудың әдістері мен ұстанымдары
- •1.4 “Концепт өрісі” және “концептілік жұп” ұғымдары
- •Күнді іліп қойғандай.
- •2 Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
- •Аспанда жарық ай
- •2.1 Қазақ халқының танымындағы «Ай» мен «Күн» концептісі
- •2.2 Қазақ танымындағы «Күн» концептісі
- •2.3 Қазақ танымындағы «Жұлдыз» концептісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.3 Концептілік талдаудың әдістері мен ұстанымдары
Концепт термині сияқты концептілік талдау терминінің де лингвистикалық әдебиеттерде тұрақтанған анықтамасы жоқ. “Концептілік” сөзі негізінен “ұғымдық” немесе “логикалық” деген мағынаны білдіреді, сәйкесінше концептілік талдау сөздің тілдегі,сөйлеудегі шынайы өмірін ескермейтін, сөздің ұғымдық жағы мен логикалық байланыстарын талдау. Бұл жағдайда тілдің коммуникативті аспектісі назардан тыс қалдырылып, гносеологиялық аспект абсолютті мәнге ие болады. Концептілік талдауды былай ұғыну біздің зерттеулеріміздің мақсатына жауап бере алмайды, сондықтан ең алдымен осы еңбекте бұл терминмен, біз, нені атап тұрғанымызды анықтап алу қажет.
Кең мағынасындағы концептілік талдау адамзат мәдениеті үшін аса маңызды, ерекше мазмұнға ие ұғымдарды таңбалайтын сөздердің талдануы ретінде ұғынылады. Н.Д. Артюнова мәдени сөздердің “жеке тілі” зерттелгенде келесі мәселелерге назар аудару қажет дейді:
-концептің қандай да бір концептік өріске қатыстылығын көрсететін белгілер жиынтығы;
-концептің құндылықтар жүйесіндегі орнын көрсететін анықтамалар;
-концептің адам өмірінде атқаратын қызметінің көрсетілуі [12];
1. А.Вежбицкая болса, концептілік талдаудың басты әдісі – жаттыққан интроспекция деп есептейді [14].
Жалпы, концептілік талдаудың әдістері мен ұстанымдары концепт табиғатына байланысты болады да, соған орай алуан түрлі болып келеді. Концептілік талдау сөздің семантикалық тарихының сипаттамасы, оның сол тілде сөйлеушілердің тілдік санасына әсері және керісінше сөйлеушілердің сөздің семантикасы мен прагматикасына әсерінің қарастырылуы болуы мүмкін. Ол концепт сөз семантикасының түрлі контекстердегі салыстырылуы болуы мүмкін. Не болмаса бір жалпы мәдени кілт-сөздің әртүрлі мәдениеттегі сипатының салғастыра зерделенуі болуы мүмкін. Тар мағынасында концептілік талдау термині екі ұшты түсінілуі мүмкін:
1. Мәдени құбылыс, ұғым немесе мәдени қабатқа осындай талдаулардың құралы болатын концепт сөздер арқылы талдау жасау;
2. Мәдени құбылыс ретінде қарастырылатын сөздің семантикалық құрлымы мен прагматикасына жасалатын талдау.
Екіншісін концептілік тәсіл дегеннен гөрі “концептілік талдау” немесе “концепт талдауы” деу дұрыс болады.
Концептілік (концептік) талдау сыртынан семантикалық талдауға ұқсағанмен олардың алдарына қойған мақсаттары өзгеше болып келеді. Е.С.Кубрякованың пікірінше, семантикалық талдау – сөздің семантикалық құрлымының экспликациясы, сөздің денотаттық, сигнификаттық және коннотативтік айырмашылықтарын нақтылау; концептілік талдау-бір таңбаға шоғырланған ортақ концептерді табу “... поиск тех общих концептов, которые подведены под один знак и предопределяют бытие знака как известной когнитивной структуры” [3]. Сонымен, семантикалық талдаудың мақсаты- қоршаған әлем жайлы мағлұматты көрсету. Бұл тұрғыдан келгенде, қарастырылып отырған құбылыс пен сыртқы орта байланыстарын көрсетуге бағытталған, сол тілде сөйлеушілердің өмірді қабылдауының өзіндік ерекшелігін сөз арқылы ашып бере алатын кез келген лингвисикалық талдау концептілік талдау бола алады.
Концептілік талдау бір жағынан зерттеушіге өзінің жеке амал-тәсілдерін пайдалануға зор мүмкіндік береді. Н.Д.Артюнованың пікірінше бір ғана сөзжасамдық ұяны талдау концептің сөзжасамдық мүмкіндіктерінің зор екендігін көрсетеді [12], ал бұл мүмкіндіктерді сөздің мәдени игерілуі тұрысынан түсіндіру-мәдени талдау жүргізу болып есептеледі.
Сонымен қатар концептілік талдау семантикалық өрістерді, сөзжасамдық ұялар мен типтерді сипаттауға, этимологиялық мағыналар мен символикалық тарихының сипаттамасын алуға болады. Концептілік талдауды толық әрі ұтымды жүзеге асыру үшін оның дамуының басы мен соңын көрсететін концепт-1 мен концепт-2 анықталуы тиіс.
Концептілік талдауды сөздің семантикалық толысуы мен даму тарихын алдын-ала белгілейтін концепт-1-ді анықтаудан бастау керек. Концепт-1-ді анықтау, этимон түбірді анықтау, сөздің ішкі формасын қалпына келтірумен тығыз байланыста жүргізіледі. Қазіргі концепт пен этимон арасындағы салыстырулар – адам мен әлемнің тілдік бейнесі арасындағы байланыс эволюциясы жайлы, тіл иелерінің тілдік санасындағы өзгерістер жайлы болжамдар айтуға негіз бола алады.
Этимонды анықтау– сыртқы экстралингвистикалық факторлар негізінде сөз туындауының ішкі уәжділігін іздеу. Бұл жерде әлемді мәдени және тілдік игеру терең байланысып, астасып жатады. Сөздің түп-төркініне үңілу арқылы біз, концепт туындауындағы құпияның бет пердесін ашуға талпынамыз.
Бірақ концепті табу этимонды анықтаумен шектеліп қалмайтындығы анық. Осы мәселеге қатысты В.В. Колесов былай дейді: ”концепт снимается с семантической сетки лексических значений слова. Для того, чтобы провести такую операцию, нужно проанализировать и сопоставить все известные контексты употребления этого слова на протяжении всей истории его жизни”
Сөздің мәдени-лингвистикалық портретін жасау үшін оның қолданылу тарихын сипаттау, сөздіктегі мағыналарын жинау және тағы да басқа жолдармен түсініктеме беру жеткіліксіз.
Сөздің этимологиялық мағынасын, семантикасы мен прагматикасын салыстыру тек айырмашылықты білу үшін ғана емес, сөздің терең қойнауында болып өткен және болып жатқан процестерді ашу үшін қажет. Екінші жағынан, қазіргі нақты мағыналар мен концепт-1-дің дүниеге келген сәтіндегі жасырын механизмдерді салғастыру ұлт өкілінің, ұлттың, жалпы адамның қабылдау, түйсіну, ойлауының өзіндік ерекшелігін, мәдениеттің қалыптасуын және дамуын айқын көруге мүмкіндік береді.
Концептілік талдауды жүзеге асыру үшін сөз қызметінің сипаттамалы тарихи-диахронды очергі жеткіліксіз. Толық қанды талдауға, сонымен қатар мыналар қажет: мағыналарын салыстыру; әр кездердегі түрлі қоғамдық топ өкілдерінің концептке берген түсіндірмесі; сөзжасамдық, ассоциациялық, синтагмалық және парадигмалық қатынастардың зерделенуі.
Тағы бір айта кететін жайт, әр концептің тілдік мәдени игерілуі тұрғысынан жасалған талдауы индивидуалды болады, өйткені, әр концептің тек өзіне ғана тән даму тарихы, қайталанбас өзіндік құрлымы бар. Бұдан әр концептің концептілік талдау әдісі мен амал-тәсілдері концептің табиғи ерекшеліктеріне бейімделеді деген қорытынды шығаруға болады.
Концептілік талдауда аталған амал-тәсілдердің қайсысы қолданылса да, ол концепт-1-ді ашуға бағытталуы керек. Өйткені, онсыз ең маңызды мәдени-тілдік бірлік концепт-2-нің мәнін толық түсіну мүмкін емес.
