- •Дипломдық жұмыс Тақырыбы: Аспан денелері атауларының концептуалды өрісі
- •050117-Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті
- •Мазмұны
- •1. Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізіі...................................6-9
- •Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері........................41-43
- •1. Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізі
- •Когнитивтік тіл біліміндегі концепт мәселесі
- •1.2 Концептің өзге лингвистикалық категориялардан айырмашылығы
- •1.3 Концептілік талдаудың әдістері мен ұстанымдары
- •1.4 “Концепт өрісі” және “концептілік жұп” ұғымдары
- •Күнді іліп қойғандай.
- •2 Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
- •Аспанда жарық ай
- •2.1 Қазақ халқының танымындағы «Ай» мен «Күн» концептісі
- •2.2 Қазақ танымындағы «Күн» концептісі
- •2.3 Қазақ танымындағы «Жұлдыз» концептісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аспанда жарық ай
Келеді қозғалып,
Жақындап бері қарай.
күн батып жоғалды
Нұрыңнаннан ұялып,
Жұлдыз бен ай қалды
Сәулеңнен нәр алып.
Жетіқарақшы айналып сені іздеп жүр,
Бәрі де сені ойлап, мас болып сандалып
Үркер мен Таразы
Шашуды шашуға,
Шолпан да қарады
Мауқын бір басуға,
Темірқазық арқандап қос боз атын,
Жаратып ойы бар тойыңа қосуға,
...Жүзіңді көргелі
Күн шықты қайтадан.
Бір көріп өлгелі
Ұмтылды бері таман.
Мағжанның «Жұлдызды – жүзік; Айды – алқа ғып берейін!»- деген жолдар ғашық жүрегінің дүрсілін дөп басып, сезім иірімдерін айқындай түседі.
Демек, Ай мен Күн – өмір өзегі – биік махаббат, терең сүйіспеншілік, асқан сұлулықтың символы болса, жұлдызды аспан – қос ғашықтың махаббатының куәгері.
Сонымен қатар күн мен айда сұлулық пен қастерлікпен қатар, құдірет те бар. Олар – табиғаттың таңғажайып құбылысы, құдайдың жаратқаны. Мұсылмандардың Ай мүсінін мешіттің, зираттың төбесіне орнатуы сол құдіреттіліктің белгісі.
Тілімізде Айға байланысты ай толып қалыпты, ай қорланып қалыпты, ай орталанып қалыпты (қорғаланып), туған ай тураған етпен тең деген сияқты тіркестер мен мақал-мәтелдер жиі кездеседі.
«Ай қораланса, арбаңды сайла, Күн қораланса, күрегіңді сайла» деген мәтел ай қораланса күн ашық болатынын, ал күн қораланса қар жауатынынан хабар береді.
Ал, Күн – жердегі тіршілік көзі. Тіліміздегі күн көру, күнелту, күні қараң болу, күнің өшкір деген сияқты сөздер мен тіркестердің болуы – соның дәлелі. Қазақ жақсы көрген баласын «күнім « деп атайды. Сүйікті қыздарына Күнікей, Күнсұлу деген ат қояды. Киіз үйдің есігін әрдайым күншуағына қаратып тігеді.
Ауа райындағы өзгерістер Күннің әрекетіне тәуелді. Сондықтан да қазақ халқы «ауа-райы» дегенді көбінесе «күн» сөзімен байланыстырып, күн жылы (суық), күн жауын, күн боран, күн ашық дейді.
2.1 Қазақ халқының танымындағы «Ай» мен «Күн» концептісі
Аспан денелері атауларының концептілік мәнін ашу үшін тілдік деректермен бірге этнографиялық, фольклорлық және тарихи-мәдени мәліметтерді де ретіне қарай пайдаланып оларға жеке - жеке тоқталып өтейік.
Концептіні символдық мағынадан ажырату ғалымдардың пікірінше сөздің этномәдени төлтумалығын жоғалтады. Концепт дамуының кезеңдері сөздің семантикалық құрлымының макрокомпоненттерінің пайда болуымен іштей байланысты. Концепт вербалдануының төртінші кезеңінде мифті игеру іске асады. Сөздің символдық мағынасы оның қарапайым мағынасынынан гөрі кең ауқымды қамтиды. Концепт әлемнің ұлттық тілдік бейнесінің негізгі бірлігі болып табылады деген пікір бар. Концепт-символ мифологемаға айналады.
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесінде адамзат пайда болғалы бері дүниежүзі халықтарының ерекше көңіл бөлген нысандарының бірі Айға деген көзқарас өзіндік орнын алған. Сан ғасырлар аспан денесін бақылаған адамдар Ай туралы сансыз тілдік бірліктерді қолдана бастады. Сөздікке жүгінсек біріншіден “Ай – түнде жерге жарық сәуле беріп тұратын планета”, екіншіден “Ай – жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл”. Қазақ тілінде айдан анық, айы оңынан туды, айы жетті, айы-күні жақындау, айы күніне жетіп отыру, ай қабақ, алтын кірпік, ай қараңғы, ай қарап, жұлдыз санау, айдан ұл тудыру, күннен қыз тудыру, ай-айдың оты басқа, ай арасы толас болады, ай артынан ай өтті, айға талпынды, айдай әлем, айдай сұлу, айдай таза, күндей нұрлы, ай дала, айдан-айлар жүрді, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, айды аспанға бір шығарды, айдың бір жаңасы, айдың күні аманда, айдың аманынында, айдың қараңғысы, ай қарады, ай мен күндей, әлемге бірдей, ай мүйізді, ай тұяқ шалды, айшылық алыс жер, айшылық жолды алты басты, айы асып, күні өткен деген сияқты фразеологизмдер мен сөз қолданыстары бар/48/.
Ай планетасы жерге ең жақын орналасқан аспан денесі. Ай жарығы деген тіркестен айдың өзінен жарық шығатындай болып көрінгенімен, шын мәнінде бұл жердің арғы бетінен түсіп тұрған күн сәулесі. Ай жерді айналады. Біресе алыстайды (405 500 км), біресе жақындайды (363 300км). Салмағы жерден 81 есе аз. Жылдамдығы (жерге қатысты) – 1,02 км/с. Анықтамалықтан алынып, ғылыми стильмен жазылған бұл ақпараттар әлемнің ғылыми тілдік бейнесіне жатады.
Селенология – Айды зерттейтін ғылым. Ежелгі гректер айды Селена деп атаған. Анығырақ айтсақ, мифке сәйкес өлмейтін кейіпкерлер Айды Селена деп, қарапайым адамдар Мена деп атауға тиіс болған. Ежелгі грек мифологиясы бойынша Айды жаратқан Зевс. Гректердің ұғымы бойынша аспан денесіндегі кратерлер қорғаны бар қалалар болып есептелген. Олар Айда құбыжықтар өмір сүреді деп сенген. Геракл жеңген Немей арыстаны – Айдан Жерге құлап түскен құбыжықтардың бірі. Мифтерден өзге түсініктерге келетін болсақ ежелгі ғалым Плутархтың “Ай бедерінен көрінетін бейне “трактаты Ежелгі Грецияның аталған планета жайлы білімдерін қортындылай түскендей. Сонымен ежелгі гректерге АЙ мен Жердің шар тәріздес екені, Айдың Жерге өзге планеталардан жақынырақ екндігі, орбитасымен айналып, Жерге бір жағын ғана көрсететіндігі, Жерге тартылатындығы, Айда атмосфера мен судың жоқ екені белгілі болған.
Ежелгі Мысырлықтар Ай құдайларына сыйынған. Күн құдайы Ра пайда болмай тұрып, күн календары қолданылмай тұрып, Айға бас ию және Ай календарын қолдану кең етек жайған. Мысырлықтар да гректер тәріздес Айды өлілер патшалығымен байланыстырған. Мысырлықтар Ай мен Жер салмағының арақатынасын білген.
Жапон мифтерінде Ай әйел затына тән қасиеттерге ие. Инь ұғымына сәйкес келеді; суық, қараңғы, икемді. Шығыстағы түсініктер бойынша Күн мен АЙ – екі жарты бір бүтін. Күн жылылықтың, жарық пен қозғалыстың символы болып, өмірді білдірсе, Ай қараңғылық пен өлімнің символы. Өмір мен өлім қатар жүреді, аспанды Күн мен Айсыз елестету мүмкін емес. Қытайлардың дүниетанымында да осындай ұғымдар қалыптасқан. Күн ер адамға тән ян қасиеттеріне ие. Осы елдердегі дінге сәйкес Ай шындық шырағы. Ай жарығы адамдарға жол сілтейтін болған.
Жалпы Оңтүстік Азия мифологиясында “Айдан түскен кейіпкерлер” мотиві өте жиі кездеседі. Олар көбіне күміс немесе алтын жұмыртқамен түседі.
Қытай халқының мифтік санасына сәйкес Айда байлық әкелетін үш аяқты бақа тұрады-мыс. Ал байлық жерге аталған аспан денесіне барып келген ата-бабалардан келген.
«Ай» концепт – символы Корей елінде де мифологияның басты құрамдас бөліктерінің бірі. Ғарышты Пульке атты ит мекен етеді. Әр ай сайын ол Айды алып қашқысы келеді. Бірақ ойын іске асыра алмайды; Ай иттің аузынан сытылып шығып кетеді. Ит оның біраз жерін жегеніне қарамастан, қайтадан өз қалпына келеді. Бәрібір ит Айды аңдуын қоймайды, өйткені ол тойымсыз. Кәрістердің ұғымында Ай өте қатты және суық етіп жаратылған.
Айдың суық екендігі кельт мифтерінде де кездеседі. Өлгеннен кейін адамдар Айдың – мәңгілік суық мекенінің тұтқынына айналады. Суықтан қозғалуға шамасы жоқ олар Жерге сағынышпен қарайды. Гректер, мысырлықтар тәрізді кельттер де аталған планетаны өлгендер патшалығына балайды.
Ежелгі адамдардың түсініктерге сәйкес Ай суықтықтың ғана емес, сұлулықтың да символына айналған. Индия халқы асқан сұлу қыздардың бет-әлпетін Ай мен салыстырған. Азия мен Еуропа халықтарында бұл дәстүр кең тараған. Шығыс поэзиясында ай пішіндес аруларды жырға қосу өте жиі кездеседі. Қазақ қыздарына қойылған есімдердің ішінде құрамында АЙ сөзі бар есімдер сансыз: Айнұр, Айгүл, Айман, Айсұлу,Айғаным, Айдана, Айсәуле, Айерке т.б. Бұны ер адамдардың есімдері жайлы да айтуға болады.
Орыс халқында Айға қыздың ғана емес, сонымен бірге жігіттің де әдемілігін теңеген. “Как молодой месяц”, “Как ясный месяц” деп жас, әдемі, сымбатты жігітті атаған.
Мифтік түсініктер бойынша Айдың бетіндегі Жерден көрінген дақтар белгілі бір жануардың бейнесі болуы мүмкін. Айда қоян бар деген аңыздың Монғол, Қытай, Парсы, Мысыр елдерінде бар екендігі жайлы ғалым А.Машановтың еңбегінен оқуға болады. Ол қоян мен Ай ұқсас деген пікір білдіреді: “Қоянның Айға бейімделетін екі айқын белгісі бар.Оның бірі жүйріктігі, екіншісі жыл маусымына қарай түсінің өзгеретіндігі. Осы екі белгінің екеуі де Айға тән нағыз белгілер: аспан шырақтарының ішінде ең шапшаң жүретін жүрдегі Ай, екіншіден туып, толып, ағарып (қысқы қардағы қоян сияқты), одан жоқ болып кетіп (кеуекке кірген қоян сияқты), құбылып отыратыны да сол Ай. Осыған қарағанда Қоянды ай жануары ретінде алуы орынды... Ай жарықта қозып кететін кейбір елірме ұстамалы науқасты “қояншық” деп атайды. Осы сөздің өзінде Ай мен қоянның байланысты мағынасы жатыр” [36, 134 б]
Айдың жүйріктігі жайлы жоғарыда мәлімет келтірдік. Шынымен де ғылыми есеп бойынша Ай секундына бір километр кеңістікті жүріп өтеді. Қазақ халық астрономиясы мен жыл санауында мүшелдеп санаудың орнына жалпы қоян атауын қолдана салатындығы жайлы деректі Х.Әбішұлының “Халық астрономиясы” кітабынан таптық. “Бұл жұт бергі Қоянда болды ма?” деп кейде шалдар неше мүшел өткенін айыра алмай таласып отырады” деп жазады зерттеуші [37, 69 б] .Он екі жануардың ішінен қоянды бөліп алып, ерекше атауы бекер емес.
Қоянның қорқақтығы мен жылдамдығына Р.Авакованың “Фразеологиялық семантика” зерттеу еңбегінде әдебиеттерден мысалдар келтірілген.
Аталып өткендей ежелгі дүниеде «Ай» концепт – символының өте үлкен рөлге ие болғандығын бағамдаймыз. Бүгінгі заман адамы Ай жайлы қабырғадағы үстеліндегі күнтізбеге қарағанда ғана ойлауы мүмкін. Бір пьеса кейіпкері “Мен аспанға қолшатырымды алатын-алмайтынымды білу үшін ғана қараймын”, деген екен. Аспанға қарауға уақыт таба алмайтын адамның өз денсаулығына (тағдырына) Айдың әр сәт сайын әсер етіп тұрғанын ойлауға да мұршасы жоқ есептеуімізге болады. Дегенмен, дүниежүзілік мұхиттарды тербетіп жатқан Жер серігінің күшін ескерусіз қалдыруға болмас. Қазіргі кезде Ай концепт-символын табиғатпен үндестікке ұмтылу қырынан қарастыруға болады.
Қазақ халқындағы Ай космониміне қатысты наным-сенім фольклорлық түрлі нұсқаларда ұшырасады. Мысалы:
Ай көрдім, аман көрдім,
Бұрынғыдай заман көрдім.
Ескі ай есірке
Жаңа ай жарылқа!
Айға байланысты халқымыздағы наным-сенімді Ш.Уәлиханов былайша түсіндіреді: «Ай – бір кезде тәңірі болған тәрізді. Қазақтар Айға ұзақ қарамайды, өйткені Айдағы кемпір кірпік санайды деп қорқады. Дәретке отырғанда Айға қарап отырмайды. Жалпы алғанда, қазақтар Айды құрметтеп сөйлейді» [40, 28 б]
Ғ.Мұсабаев та кезінде қазақ арасындағы осындай айға табынуды көрсете келіп, бұл Айды тотем ретінде бағалаудан пайда болған деген пікір айтқан еді. [38, 16 б]
Айдың жаңа туған ай көрінісіне табыну бірте-бірте оны сұлулықтың концептісі ретінде тануға ауысса керек. Қазақ тіліндегі; туған айдай, туған айдай балқу, туған айдай иілу, туған айдай жалтырау, туған айдай толқу т.б. тұрақты теңеулер осының дәлелі. Мысалы: Туған айдай иілген, Екі қастың арасы (Қыз Жібек); Кіші қызын сұрасаң, Туған айдай балқыған (Батырлар жыры).
Жалпы қазақ халқы Ай фазаларын былайша атаған: жаңа ай немесе туған ай, жарты ай, толған ай немесе ай толысы, ескі ай. Осы Ай фазаларының ішінен жоғарыда сөз еткен жаңа ай фазасынан кейінгі қазақ үшін ерекше бағаланатын түрі – толған ай.
Халқымыз жаңа ай, толған ай кезеңінің біріне үйлену тойының мерзімін белгілеген. Үйлену күнінің уақытын осылайша таңдау — дүние жүзінің көпшілік халықтарында бар екен. Қазірге ғылымда Ай фазаларының өзгерісі жер бетіндегі тіршілікке әсер ететіні дәлелденген.
Жалпы қазақ халқы Айдың адамға әсері болатынын білген. Сондықтан айлы түнде, әсіресе толған ай кезінде далаға ұйықтауға, жалаңбас сыртқа шығуға, Айға ұзақ қарауға жас нәрестенің бетіне Ай сәулесін түсіруге, Айға қарап дәрет сындыруға тиым салған. Ай бетінде жалмауыз кемпір отырады деген миф осы тыйымдардан шықса керек.
Халықтық түсінікте Ай сәулесі басы ауыратын, ұстамасы бар адамдарға ерекше әсер етеді. Мұндай адамдарға толған ай кезінде сыртқа шығуға мүлдем тыйым салған.
Халқымыздың нанымы бойынша Күн батқаннан кейін, әсіресе айлы түнде үйден сыртқа сүт алып шығуға болмайды. Егер бұл тыйымды амалсыз бұзуға тура келсе, онда сүт құйылған ыдыстың бетін Ай сәулесі түспейтіндей етіп, бір нәрсемен мықтап жабу керек. Ал бұл шарт орындалмай, сүтке Ай сәулесі түссе, малдың желіні кетеді, яғни желіні ауруға ұшырайды деген наным болған. Мұндай пәле — жалаға ұшырамас үшін кейде сүтке шала жанған ағашты салып, үйден шыққан. Шамасы мұнда оттың құдыретіне сенушілік, сол пәле-жаладан аластайды деген сенім болса керек.
Қазақ арасындағы түсінікте егер әйел бойына бала біткен кезінде толған айды көрсе, дүниеге келетін сәбидің өмірі онша үзақ болмайды. Сонымен қатар қазақ ұғымында Ай фазалары мен болашақ сәбилердің жыныстық тегі арасында ерекше байланыс бар. Егер әйел толған ай кезінде босанса, нәресте қыз болады да, жаңа ай тұсында жеңілденсе ұл туады. Ә.Т.Төлеубаев қазақ қыздарына берілетін Толғанай есімін осы наныммен байланысты болуы мүмкін деген ой айтады. Біздің ойымызша, бұл есім Айды сұлулықтың символы ретінде танумен қатысты шыққан.
Тілімізде Айдың толған көрінісі де концептілік бейне ретінде тұрақты теңеудің құрамында қолданылады: толған айдай, толған айдай толықсу, толған айдай толқу, балқып туған толған ай тәрізді тұрақты теңеулер толған ай фазасымен тікелей қатысты шыққан, соның концептілік мәндерін білдіреді. Мысалы,
Толған айдай толықсып... Неше алуан қылықсып; Он бесте туған айдай болып, Қызыл күрең реңі
(Батырлар жыры).
Айға табынушылық, оны құрметтеушілік біртіндеп, ондағы құбылыстарды, өзгерістерді түсіндіруге ауысқан сияқты, Бұған Ай бетіндегі дақтар туралы көптеген халықтардағы ертегі, аңыз, мифтерді айтуымызға болады. Әр халықтарда үш түрлі мазмұндағы аңыздар бар. Олардың негізгі желісі мынандай:
1) Айда иінағаш арқалаған қыз тұр, дақтар соны бейнелейді;
2) Бір кезде Ай мен күн апалы-сіңілі қыздар болған. Күн Айдың сұлулығын көре алмай бетін тырнап алған, дақтар содан қалған;
3) Ай бетінде жалмауыз кемпір отыр, дақтар соның кескіні.
Біздің байқауымызша осылардың ішінде алғашқы аңыз көпшілік түркі және басқа халықтарда да кездеседі. Ал қазақ аңызының екінші, үшінші түрлеріне көбірек ұқсас келеді.
Айға байланысты көне наным-сенімдер кейінгі дәуірде оны басқа аспан шырақтары сияқты әдеміліктің, сұлулықтың символы ретінде тануға ауысқанын жоғарыда аталған тұрақты теңеулердің мән-мағыналарының аңғаруымызға болады. Айдың фазаларымен емес, тікелей өзімен қатысты айтылатын мына фразеологизмдер оның концептілік өрісін мағыналарын саралай түсіп, айқындайды: айдай сұлу, айдай таза, айдай нұрлы, айдай әлем, айдай сызылған, айдай жарқырау т.б. Мысалы, келесі үйде айдай сұлу бір келіншек отыр (қазақ ертегілері); Қарлығаш қанатының ұшындай боп, айдай сызылған жіп-жіңішке қастары көтеріліп жазылып, Абайға өзгеше үн қатқандай болады (М.Әуезов).
Қазақ малдың тұяғын, мүйізін Айға ұқсатады. Сондықтан сүйікті деген малдарын ай тұяқты тұлпарым, ай мүйізді қошқарым, ай мүйізді сиырым, ай мүйізді серкем деп өзгеше мадақтайды. Сондай-ақ жаңа туған Айды Қазақ кейде ораққа ұқсатып, айдың орағы дейді.
Айдың концептілік мағыналарын қазақ есімдерінен байқауымызға болады. Қазақ ұл-қыздарына Айсұлтан, Айжарық, Айжан, Айгүл, Толғанай, Айтолған, Айсәуле, Айбүбі, Жарқынай т.б. есімдер берген.
Қазақтың зергерлік өнімдерінде Айдың бейнесін бейнелейтін бұйымдар бар. Мәселен: айбалта, ай сырға, ай шык, (сырғаның түрі; ен; таңба; өрнек), т.б.
Сонымен көне замандарда Айды құдіреттің иесі деп түсініп, ғана табынса, кейінгі дөуірлерде оны әдеміліктің, сұлулықтың символы ретінде тану қалыптасқан.
С.С.Неретина концептінің сөйлеу барысында пайда болғандығын баса айтады.
Сонымен түрлі тілдерден алған деректерден Айдың бірнеше концептілік қасиеттерін белгілейміз.
Ай – өзгеріс символы.
Ай – сұлулық символы.
Ай –өлім символы.
Ай – әйелге тән символ.
Ай – ақиқат символы.
Ай – байлық символы.
