- •Дипломдық жұмыс Тақырыбы: Аспан денелері атауларының концептуалды өрісі
- •050117-Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті
- •Мазмұны
- •1. Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізіі...................................6-9
- •Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері........................41-43
- •1. Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізі
- •Когнитивтік тіл біліміндегі концепт мәселесі
- •1.2 Концептің өзге лингвистикалық категориялардан айырмашылығы
- •1.3 Концептілік талдаудың әдістері мен ұстанымдары
- •1.4 “Концепт өрісі” және “концептілік жұп” ұғымдары
- •Күнді іліп қойғандай.
- •2 Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
- •Аспанда жарық ай
- •2.1 Қазақ халқының танымындағы «Ай» мен «Күн» концептісі
- •2.2 Қазақ танымындағы «Күн» концептісі
- •2.3 Қазақ танымындағы «Жұлдыз» концептісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.4 “Концепт өрісі” және “концептілік жұп” ұғымдары
Мәдени сөздер даму барысында ылғи өзара байланыста болады. Қандайда бір мәдени концепті зерттегенде біз санамыздағы оған жақын жатқан өзге концептерді қатыстыра қараймыз. Осыдан келіп мәдени концептердің белгілі бір жүйемен орналасқандығы белгілі болады. Бұл жүйеде концептік жұптар басты орында тұрады да, қалған концептер оған әрқалай бағынады. Концептер жүйесіндегі мұндай реттілікті өріс теориясы арқылы сипаттау өте қолайлы.
Кез келген мәдени концепт адам санасында өріс ретінде өмір сүрді. Өрістің барлық элменттері өзара алғашқы базистік ұғымға қатыстылығына байланысты бірігіп тұрады. Элементтің концептік өріске енуі ол элементтің семантикалық құрлымында өріске еніп тұрған элементтердің барлығына ортақ мағына барлығын көрсетеді.
Басты элемент үшін концептілік мағына негізгі мағына болады. Екіншілік деңгейде тұрған элементтер үшін ол соған сүйене отырып өз мағынасын дамытатын тірек мағына немесе ассоциация негізінде, тек интуитивтік жолмен анықталатын перифериялық мағына болады. Қалай дегенмен де, өрістің негізгі элементін туындатқан алғашқы қарапайым түсінік өріс элементтерінің барлығының бойынан көрініп отырады.
Өріс теориясы тіл біліміне көптеген көзқарастармен, әртүрлі анықтаулармен XX ғасырдың алғашқы кезінен ене бастаған болатын. «Өріс теориясы тілдегі сөздердің бір-бірімен мағыналық байланыстарын айқындауға негізделген ортақ идеяны жан-жақты қарастыратын көптеген көзқарастарды қамтыды». Осы бағыттағы алғашқы пікірлердің бірін Ф.де Соссюрдің еңбегінен кездестіреміз, ғалым: «... қандай да болмасын ортақ белгілері бар сөздер сөйлеуден тыс адам санасында топтарға жинақталады және олардың ішінде әр түрлі қарым-катынастарға түседі», - дейді . Бұл пікірдің өріс теориясының қалыптасуына ықпалы болды деп айтуға негіз бар.
Тіл білімінде өріс терминін ең алғаш рет Г.Ипсен қолданғанымен, лексиканы семантикалық өрістер арқылы зерттеудің теориялық негізін салған неміс ғалымы Й.Трир болды. Ғалым еңбектерінде сөздік қүрам белгілі бір ұғым аясына топтасқан сөздердің тобынан, яғни «ұғымдық өрістерден» тұратыны және сол өріс құрамындағы сөздердің мозаика тәріздес бір-бірімен жымдасып, өте тығыз байланыста болатыны айтылады. Сонымен қатар Й.Трир кез келген сөздің жеке дара тұрғанда мағынасыз болып, оның мағынасы өріс құрамындағы басқа сөздермен байланысы арқылы анықталады деген тұжырым үсынады . И.Трирдің бұл пікірі тіл білімінде көптеген ғалымдардың тарапынан үлкен сынға ұшырады. Өйткені ол сөздің жеке тұрып-ақ белгілі бір лексикалық мағынаға ие болатынын және тілдің негізгі лексикалық бірлігі болып саналатынын жоққа шығарып отыр. Й.Трирдің аталған ойлары ғалымдар тарапынан сындарға ұшырағанымен, оның лексика-семантикалық жүйені ұғымдық немесе мағыналық жуықтығына байланысты топтасқан сөздер, яғни өрістер арқылы қарастыруы және өріс теориясы туралы пайымдаулары осы бағыттағы ілгері қадамдар болды.
Й.Трирдің өріс теориясына қатысты көзқарастары көптеген лингвист ғалымдардың осы мәселеге ерекше көңіл бөліп, үлкен қызығушылық танытуына ықпал етті.
Бұл бағыттағы зерттеулердің бір-біріне ұқсамайтын түрлі ұстанымдары болды. Мәселен, В.Порцигтің көзқарасы бойынша, өріс сөздердің тіркесінен құрылады. Мысалы, ұстап алу деген сөз міндетті түрде тілімізде қол деген сөздің барын, үру сөзі ит деген сөздің немесе сығырайту деген сөз, көз деген сөздің барын білдіреді. Мұндай «өрістер» В.Порцигтің пікірінше, лексикада оңай ажыратылады, олардың ядросы етістік немесе сын есім болады. Себебі бұл топтағы сөздер предикативті қызмет атқарады. Аталған өріс түрін тіл білімінде синтаксистік немесе синтагмалық өріс деп атайды. Сонымен қатар лингвистикада өрісті лексика-грамматикалық (Г.Ипсен), лексика-синтаксистік (Г.Мюллер), лексика-семантикалық (К.Ройнинг, О.Духачек, Ю.Найда) және полисемантикалық сөздердің мағыналарының көлемі (А.Рудскогер) тұрғысынан қарастырған ғалымдарды да айта аламыз. Бұл зерттеушілер өздерінің жұмыстары арқылы лексикалық жүйені әр тұрғыдан қарастыруға болатынын ұсынды. Соның нәтижесінде ғылыми зерттеулер көбейіп, өріс теориясы онан сайын толығып, нақтыланып, өріс ұғымы лингвистикада кең қолданысқа ие болды. Өрістің лингвистикада әр тұрғыда зерттелуіне байланысты Г.С.Щур «Теория поля в лингвистике» деген еңбегінде оның қазіргі тіл білімінде қолданылып жүрген алпыстан астам атауларын көрсетеді: функционалды-семантикалық өріс, морфемді өріс, фонемді өріс, сөзжасамдық өріс, лексикалық өріс, семантикалық өріс, микро- және макро өріс, компаративті өріс, сөйлемнің микроөрісі, грамматика-лексикалық өріс, концептуалды өріс т.б.
Өткен ғасырдың басында негізі колданған өріс теориясы туралы ілім - қазіргі таңда тіл білімінде әлі де өз шешімін толық таппаған, ғалымдар арасында әр түрлі бағытта зерттеліп келе жатқан, лексикадағы өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта өрісті лексика жүйесінің басты бірлігі деп қарастырып, оның теориялық мәселелерін жан-жақгы сөз еткен төмендегі ғалымдарды атай аламыз: А.А.Уфимцева, М.М.Гухман, А.И.Кузнецова, Ю.Н.Караулов, Г.С.Щур, Э.М.Медникова, Е.Л.Кривченко, И.А Стернин, Ф.П.Филин, З.Н.Вердиева, З.К.Ахметжанова т.б. Аталған ғылыми еңбектермен қоса, тіл білімінде сөздерді ортақ мағына негізінде топтастырып лексиканы жүйелі түрде қарастырған көптеген диссертациялық жұмыстар да қорғалуда. Мысалы, Р.М.Гайсина, Б.Қалиев, Ж.А.Манкеева, Е.А.Пелих, Н.С.Новикова, А.Ю.Антомонов, В.И.Матвеев, М.Ержанов, А.Ш.Жилкубаева, А.А.Абдуллина, Н.А.Дмитриева, М.Ш.Өмірбекова, А.О.Жолдасбек т.б.
Ғылыми әдебиеттермен танысу барысында осы күнге дейін тіл білімінде өрістің бір ауыздан қолданылып жүрген нақты ережесінің, анықтамасының және концептуалдық өріс терминінің қолданылу аясында бірізділіктің жоқ екенін байқадық. Бұл атау сөздердің әртүрлі жиынтығына қатысты қолданыла береді. Мәселен, бір еңбектерде концептуалдық өріс кең ұғымды қамтыса, енді бір зерттеулерде тар ұғымды білдіреді. Бұл ерекшеліктерді өрісті зерттеушілердің алдына қойып отырған мақсатымен және методологиясымен, жалпы өрістің күрделі құбылыс екендігімен түсіндіруімізге болады.
А.М.Кузнецов лингвистикалық энциклопедиялық сөздіктегі мақаласында: «Өріс – мағына ортақтастығының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстарының ұғымдық, заттық немесе қызметтерінің ұқсастықтарын бейнелейтін тілдік (негізінен лексикалық) бірліктердің жиынтығы»- дейді. О.С.Ахманованың сөздігінде семантикалық өріске мынадай анықгама берілген: «Семантическое поле – совокупность слов и выражений, составляющих тематический ряд, слова и выражения языка, в своей совокупности покрывающие определенную область значений» . З.Н.Вердиева өріс ретінде бір ұғымды білдіретін әр түрлі сөз таптарына қатысты сөздердің жиынтығын , ал Н.Ф.Хренова бір сөз табынан болған ортақ бір семаның негізінде біріккен сөздер тобын қарастырады. Г.С.Щур ортақ қасиеттеріне қарай байланысқан бірліктерді өріс деп, ал функцияларының жуықтығына орай байланысқан бірліктерді функционалдық топтар деп тануды ұсынады.
“Концептілік өріс” терминімен қатар тіл білімінде “концепт өрісі” термині де бар. Екеуінің атауында қандай үлкен айырмашылық көрінбесе, табиғатында да айырмашылық жоқ. Концептілік өріс семантикалық өріс, ұғымдық өріс терминдеріне ұқсас. “Концепт өрісі” сонымен қатар “концептік жұптар өрісі” деп те аталады.
Сонымен, концептілік өріс пен концепт өрісі арасындағы айырмашылыққа келейік. Концептілік өріс өрістен тыс тұрғанда дербес мағынасы жоқ, көптеген элементтердің ұйымдасуы болса, концепт өрісі немесе концептік жұп өрісі бір немесе екі мәдени концептің тілдегі қызметін барынша ашып көрсету. Бұл жағдайда өрістің әрбір элементі- дербес концепт. Ол өріске өз мағынасын ашу үшін басты элемент арқылы енген. Концепт өрісін немесе концептік жұп өрісін жасағанда, біз, әлемнің тілдік бейнесін осы концепт тұрғысынан қарастырамыз.
Осыған байланысты концептілік (ұғымдық, семантикалық) өріс пен концепт өрісінің құрлымы әртүрлі болып келеді: концептілік өрісті құру үшін ең алдымен бірліктер арасындағы ұқсастық анықталады, сосын осы ұқсастықтар негізінде бірліктер бір ортақ атаудың айналасына топталады; ал концепт өрісін немесе концептілік жұп өрісін құру үшін алғашқы элемент анықталады.
Тіл, көнеден келе жатқан тек таңбалар жүйесі емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет болып табылады. Сондықтан да ол - әр халықтың кен байлығы, асыл қазынасы. Кез-келген халық тілінің құдіреттілігі сонда, ол халықтың сан мыңдаған жылдар бойы жинақтаған рухани қазынасы — асыл мұрасын өз бойына сақтайды, сонымен бірге оны ұрпақтан-ұрпаққа қылын да қисайтпастан жеткізіп отырады.
Адамзат көне замандардан-ақ қоршаған ортаның құпияларын тануға ұмтылды. Әсіресе адам баласын көгілдір аспан, ондағы жұлдыздардың сырлы да жұмбақ әлемі ерекше қызықтырды. Бұл қызығушылық қазіргі ғылым дамып, техника өркендеп отырған заманда да өрши түспесе, кеміген жоқ. Өйткені «болмыста екі ғаламат нәрсе бар: бірі – жұлдызды аспан, екіншісі – әрбір адамның ішкі дүниесі» деп немістің философы И.Кант айтқандай, сырлы аспанның құпиясы таусылмақ емес. Қайта ғылым дамыған сайын жұлдызды аспан жаңа тылсым жұмбақтарын алға тосуда.
Біздің бабаларымыз да көне дәуірлерде жұлдызды аспанның құпиясын өздерінше танып, ондағы аспан шырақтарына ат беріп, айдар таққан. Аспан шырақтары туралы әртүрлі ертегі, миф, хикаяттар шығарған. Ал бергі замандарда еңбектер әлеміндегі жұлдыздардың қозғалыстары мен сипаттары жөнінде дәйекті ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Атап айтқанда, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан орта ғасырлардағы ұлы бабаларымыз Ғаббас Жауһари, Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Райхан, Әл-Бируни, Тарағай Ұлықбек т.б. еңбектерінен аспан шырақтары туралы терең тұжырымдарды кездестіреміз.
Қазақ халқындағы аспан шырақтарының атаулары мен олар хақындағы космогониялық ұғым-түсініктерді Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, Ә.Диваев, Б.А. Куфтин және т.б. еңбектерінен кездестіруімізге болады. ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдерде X.Әбішев, Ә.Машанов, М.Ысқақов тәрізді зерттеушілер қазақтың халық астрономиясы туралы көптеген құнды материалдар жинап, мақала еңбектер жариялады. Осы зерттеушілердің ішінен X.Әбішевтің «Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ауа райы мен астрономия хақындағы деректер» (1949), «Халық астрономиясы» (1959), «Аспан сыры» (1962, 1966) деген еңбектерін атап өткен жөн. Ол алғашқы болып, орысша-қазақша астрономия терминдерінің сөздігін құрастырды.
Қазақ тіліндегі космонимдерге арналған Д.К.Нұрманованың (1971), Т.Жанұзақовтың (1978) мақалалары бар. Жалпы тілдегі космонимдерді біршама зерттеп, олардың тілдік ерекшеліктері туралы сындарлы пікірлер айтқан бірден-бір зерттеуші – белгілі ғалым Т. Жанұзақов.
Қазақ халқының космогониялық түсініктері туралы деректерде (Ш.Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, С.Мұқанов т.б.) Аспан мен оның шырақтары Ай мен Күн қазақ халқы үшін барынша құдіретті саналған. Жалпы көшпелілер үшін Ай мен Күн, Жұлдыз құдай деңгейінде құдіретті құбылыс деп танылады. Барлық елдерде де бұл шырағдан тек жерге-жарық сәуле, жылу беретін ғана емес, жақсылық әкелетін ерен құдіретті күш саналды, оның мейірімін өздеріне көбірек аудару үшін табынып құрбандық шалған. Сондықтан Аспанмен қатар оның шырақтары да күллі жақсылық, бақыт, сәттілік, сұлулық ұғымдарымен астасып жатады.
Демек, «Ай ертеден, көне заманнан-ақ әдемілік пен сұлулық, көркемдік символы болған, оған жұрт табынған, қасиет тұтқан. Ежелгі тайпаларының аспанда, ай мен күнді қасиетті, құдіретті, Тәңірі санап, оларға табынғаны тарихтан белгілі».
Академик Ә. Марғүлан ерте заманда қазақ пен монғол халықтарына ортақ символ сөздердің мағынасын келтіреді: 1) Күн - махаббат, әділет, ғашықтықтың белгісі. Күнім деу махаббаттың, сәби тазалықтың күшті түрі саналған. 2) Ай – сұлулық, сана шарасы болған. 3) Жұлдыз – мереке, ойын-сауық, жастық белгісі болған.
Тарихшы, фолклорист А.Н, Афанасьев «Аспан шырақтары»: «Күн, Ай және Жұлдыз таза адамгершіліктің және рухани нұрлылықтың символы», -деп жазады.
«Сұлулықтың, сұлу қыздың бейнесін халық поэзиясында ай, таң, нұр образымен беру қалыптасқан дәстүр, - дей келе, Р. Сыздықова Дулат ақынның:
Қараса көз тойғандай,
Топты ортадан ойғандай.
Бұтағына шынардың,
