- •3. Адам ағзасына жарықтың әсері. Жарықтандыру түрлері.
- •1. Еңбек қорғау бойынша ережелер мен нормалардың бөлінуі
- •1. Жұмыс берушінің еңбек қорғау талаптарын сақтаудағы міндеттері
- •1. Өндірістердегі техника қауіпсіздігін қадағалайтын ұйым
- •2. Өндірістік жарақаттанудың тізбектік, параллель, шеңберлік және концентрлік себептері
- •3. Электр тогымен зақымданудан қорғау
- •1. Өндірісте еңбек қорғау кабинетін ұйымдастыру талаптары
- •2. Тыныс алу жолдарының жеке қорғаныс құралдары., олардың белгіленуі және түрлерінің жұмыс істеу принциптері
- •Емтихан билеті № 8
- •2. Еңбек қорғау нормалары
- •3. Өндірістік діріл, оның адам ағзасына әсері, дірілден қорғану шаралары
- •1. Мекемелердің еңбек қорғау қызметі, оның міндеттері
- •2. Өндірістік шу, шуды төмендету шаралары, жеке қорғаныс құралдары
- •3. Еңбек қаупсіздігінің қайталау және кезектен тыс инструктажы
- •1. Енбек қорғауды ұйымдастыру
- •2. Электромагниттік толқындар сипаты (өлшем бірліктері, таралутүрлері)
- •3. Өндірістік жарақаттану түрлері мен сипаттары
- •1. Еңбек қорғау саласында техникалық регламенттер анализі
- •1. Жұмыс орнын аттестациялау мақсаты
- •2. Электромагниттік сәулеленуді нормалау
- •3. Өндірістік жарақат және кәсіптік ауру сипаты
- •1. Өндірістік травматизмді талдау әдістері мен сипаты
- •2. Жарақат ауырлығы мен олардың сипаты
- •15Билет
- •16Билет
- •1. Жұмыс орнын аттестациялау комиссиясының атқаратын жұмысыӨндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
- •1Жарақаттанудан соң жұмысқа жарамсыздық, материалдық шығын және жарақаттанудың алдан алуға жұмсалынатын қаражат көрсеткішін анықтау
- •3Алғашқы көмек кезінде өкпе-жүрек реанимациясын жасау Жүрек қызметінің тоқтауы
- •1Өрт қауіпсіздіггі негіздері
- •2. Өндірістік жарақаттану себептерінің классификациясы және сипаты
- •3,Жарақаттанған кезде қан тоқтату әдістері
- •1. Өндірістік жарақаттаннудың техникалық себептері
- •2,Электромагниттік толқындар әсерінен қорғану
- •3. Ұжымдық келісім шарт жөнінде түсінік, оның еңбек қорғаудағы маңызы
- •Өрт сөндіргіштер, олардың жұмыс істеу принциптері Өрт сөндіру автомобилі(өса)
- •Өрт сөндіру депосы (өсд)
- •Өрт сөндіру кемесі (өск)
- •Өрт сөндіру сатысы (өсс)
- •2. Бақытсыз жағдай орын алғанда өндіріс тарапынан атқарылатын жұмыс
- •3. Өндірістік жарақаттану себептерінің классификациясы және сипаты
- •Емтихан билеті № 26
- •2. Реагентпен күйікке ұшырағанда алғашқы көмек
- •27 Билет
- •1. Өрт сигнализациясы, детекторлардың түрлері мен жұмыс істеу принциптері
- •2. Температуралық күйікке ұшырағанда алғашқы көмек
- •3. Жұмыс орнын аттестациялау сипаттары
- •1. Автоматты өрт сөндіру құралдары мен олардың сипаттары
- •2. Өндірістік жарақаттанудың еңбекті ұйымдастыруға байланысты себептері
- •3. Еңбек қауіпсіздігі инструктажы жөнінде жалпы түсінік
- •Емтихан билеті № 30
- •2. Өндірістегі бақытсыз жағдайды зерттеу комиссиясының түрлері және сипаты
1. Өндірістік травматизмді талдау әдістері мен сипаты
Өзің тап керек болса, басың жоқпа тупой ноқат бле???
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану травматизм деп аталады.
Өндірістік травматизм – бұл әр түрлi сыртқы қауiптi өндiрiстiк факторлардың адамға тигізетін әсердiң салдары. Көбіне, өндірістік жарақаттар құлау, басып кету кезіндегі механиканың әсердің нәтижесінде немесе механикалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде болады.
2. Жарақат ауырлығы мен олардың сипаты
Жарақат ауырлығы – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа — терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ — қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
3. Иондағыш сәулелердің адам ағзасына әсеріИонды сәулелену өндірістік ортаның аса қауіпті факторларының бірі болып саналады, өйткені олар көзге көрінбейді, сезім мүшелерімен анықтау мүмкін емес, адамға қауіпті мөлшерінің әсері кезінде де адам ауырғанды сезбейді, сәулелері бөлмелердің қабырғаларынан және басқа да экрандардан өтіп кетеді.Ионды сәулелену көздері қазіргі кезде медицинада (рентгендиагностикалауда, радиотерапияда), ғылымда және халықшаруашылығында кеңінен қолданылады. Иондаушы сәулелермен жұмыс жасау кезінде және қоршаған ортаны радионуклидтерден қорғау бойынша нормалаудың негізгі құжаты «Радиациялық қауіпсіздік нормасы » болып саналады. Иондаушы сәулелену көздерінің екі түрі болады: ашық және жабық. Жабығына мыналар жатады: рентген аппараттар, гамма- сәулелері, бетатрон және т.б. Бұлардың әсерінен қоршаған орта радионуклидтермен ластанбайды. Ал сәулеленудің ашық түрінде қоршаған орта радионуклидтермен ластанады. Иондаушы сәулелердің әр түрлі қасиеті көрсетілген. Иондаушы сәулелердің дозасы дегеніміз сәулелену арқылы берілген қарапайым энергия мөлшері немесе денеге берілген сәуле массасы. Сәулелену дозасының мынандай түрлері болады: экспозиционды, сіңірілген, эквивалентті.Ионды сәулелену аппарттарымен 18 жасқа толмаған адамдарға жұмыс істеуге тыйым салынады. Аяғы ауыр әйелдерге, бала емізетін әйелдерге ашық сәулелену көздерімен жұмыс істеуге тыйым салынады. Адамдарды жұмысқа қабылдар алдын медициналық тексеруден міндетті түрде өткізу керек, тексеру кезінде міндетті түрде қанына клиникалық зерттеу жүргізу керек.Иондаушы сәулелену көзі бар жұмыстарға қан ауыруымен ауыратындар, екіншілік қаназдық ауруымен ауыратындар, жүйке жүйесі органикалық зақымданған, менструальді - овариалды циклі бұзылған әйелдерді жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Жұмысқа үйрету өтіп, радиациондық қауіпсіздік техникасын және жеке бас гигиенасын меңгергені бойынша емтихан тапсырған адамдар қабылданады. Мерзімдік медициналық тексерулер жылына бір рет жүргізіліп тұрады. Әр жұмысшыға жеке медициналық карта ашылады, ол жерге дозиметрлік қадағалау және медициналық тексеру қорытындылары жазылып тұрады.
