Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaruga_dayyn_OKhR_Trud.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

1. Жұмыс орнын аттестациялау мақсаты

ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті. (317бап 6 тармақ).

ҚР Еңбек кодексінің 317 бап 6 тармақта көрсетілген, санитарлық гигиеналық құралдармен және шарттарымен жұмысшыларды қамтамасыз етуде және құрылған еңбек шартын бағалау, еңбекті қорғау бойынша өндірістік объектілерді аттестациялау бес жылда бір рет өткізілетін нәтижелер бойынша іске асырылады. Бұл тәртіп ҚР Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. объектілерді міндетті аттестациялау, қайта құру және жаңарту, технологияны енгізу не жаңа техниканы орнату, осы жұмыстар аяқталғаннан кейін міндетті кезеңдік аттестация бес жылда бір рет жүргізіледі. Кезектен тыс аттестация еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қадағалайтын мемлекеттік қадағалау мен бақылау ұйымдарының талаптары бойынша жүргізіледі.

2. Электромагниттік сәулеленуді нормалау

Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма - сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады. Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі. Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:

3. Өндірістік жарақат және кәсіптік ауру сипаты

Өндірістік жарақат – бұл әр түрлi сыртқы және қауiптi өндiрiстiк факторлардың адам ағзасына тигізетін әсердiң салдары. Көбіне, өндірістік жарақаттар құлау, басып кету кезіндегі механиканың әсердің нәтижесінде немесе механикалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде болады.

Жарақаттану келесідей әсерлердің салдарынан болуы мүмкiн:

  • химиялық факторлар, мысалы улы химикаттардан улану немесе күю;

  • электр тоғы – күйіктер, электр соққылары және т.б.;

  • жоғарғы және төменгі температура (күю немесе үсік шалу);

  • әр түрлі факторлардың болуынан.

Өндiрiстiк жарақат – бұл өндірістегі (кәсіпорындағы) қайғылы жағдайлардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттардың бірнеше себептері болады.

Кәсіби аурулар – бұл зиянды еңбек жағдайының адам ағзаға тұрақты немесе ұзақ уақыт әсер етуінінің нәтижесінде жұмысшылардың денсаулығының бұзылуы.

Кәсіби ауруды және жарақатты алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауымен және төмендегі жолдар арқылы iске асады:

- еңбек жағдайына байланысты өндірістік объектілерде аттестация жүргізу (аттестацияны жүргізу туралы ереже);

- қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жою (азайту);

- жұмыс істеу және демалыс тәртiптерін сақтау;

- еңбекті қорғау және жұмыс шарттары туралы қызметкерлерді ақпараттандыру;

- еңбекті қорғау және жұмыс шарттары туралы ағымдық бақылауды орындау;

- өндірістік объектідегі іскерлік сараптау жүргізу нәтижелері бойынша еңбек шарттарының жай-күйі туралы қызметкерлерге дер кезінде ақпарат беру;

Түзету әрекеттерін жүргізудің қажеттілігі, еңбек қорғауды басқару жүйесінің сәтсіз және дұрыс орындалмауын анықтаған кезде, ағымдық бақылауды, аудитті жүргізу кезінде және апаттар мен өндірістегі қайғылы жағдайлар айқындалған кезде пайда болады.

14-bilet

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]