- •3. Адам ағзасына жарықтың әсері. Жарықтандыру түрлері.
- •1. Еңбек қорғау бойынша ережелер мен нормалардың бөлінуі
- •1. Жұмыс берушінің еңбек қорғау талаптарын сақтаудағы міндеттері
- •1. Өндірістердегі техника қауіпсіздігін қадағалайтын ұйым
- •2. Өндірістік жарақаттанудың тізбектік, параллель, шеңберлік және концентрлік себептері
- •3. Электр тогымен зақымданудан қорғау
- •1. Өндірісте еңбек қорғау кабинетін ұйымдастыру талаптары
- •2. Тыныс алу жолдарының жеке қорғаныс құралдары., олардың белгіленуі және түрлерінің жұмыс істеу принциптері
- •Емтихан билеті № 8
- •2. Еңбек қорғау нормалары
- •3. Өндірістік діріл, оның адам ағзасына әсері, дірілден қорғану шаралары
- •1. Мекемелердің еңбек қорғау қызметі, оның міндеттері
- •2. Өндірістік шу, шуды төмендету шаралары, жеке қорғаныс құралдары
- •3. Еңбек қаупсіздігінің қайталау және кезектен тыс инструктажы
- •1. Енбек қорғауды ұйымдастыру
- •2. Электромагниттік толқындар сипаты (өлшем бірліктері, таралутүрлері)
- •3. Өндірістік жарақаттану түрлері мен сипаттары
- •1. Еңбек қорғау саласында техникалық регламенттер анализі
- •1. Жұмыс орнын аттестациялау мақсаты
- •2. Электромагниттік сәулеленуді нормалау
- •3. Өндірістік жарақат және кәсіптік ауру сипаты
- •1. Өндірістік травматизмді талдау әдістері мен сипаты
- •2. Жарақат ауырлығы мен олардың сипаты
- •15Билет
- •16Билет
- •1. Жұмыс орнын аттестациялау комиссиясының атқаратын жұмысыӨндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
- •1Жарақаттанудан соң жұмысқа жарамсыздық, материалдық шығын және жарақаттанудың алдан алуға жұмсалынатын қаражат көрсеткішін анықтау
- •3Алғашқы көмек кезінде өкпе-жүрек реанимациясын жасау Жүрек қызметінің тоқтауы
- •1Өрт қауіпсіздіггі негіздері
- •2. Өндірістік жарақаттану себептерінің классификациясы және сипаты
- •3,Жарақаттанған кезде қан тоқтату әдістері
- •1. Өндірістік жарақаттаннудың техникалық себептері
- •2,Электромагниттік толқындар әсерінен қорғану
- •3. Ұжымдық келісім шарт жөнінде түсінік, оның еңбек қорғаудағы маңызы
- •Өрт сөндіргіштер, олардың жұмыс істеу принциптері Өрт сөндіру автомобилі(өса)
- •Өрт сөндіру депосы (өсд)
- •Өрт сөндіру кемесі (өск)
- •Өрт сөндіру сатысы (өсс)
- •2. Бақытсыз жағдай орын алғанда өндіріс тарапынан атқарылатын жұмыс
- •3. Өндірістік жарақаттану себептерінің классификациясы және сипаты
- •Емтихан билеті № 26
- •2. Реагентпен күйікке ұшырағанда алғашқы көмек
- •27 Билет
- •1. Өрт сигнализациясы, детекторлардың түрлері мен жұмыс істеу принциптері
- •2. Температуралық күйікке ұшырағанда алғашқы көмек
- •3. Жұмыс орнын аттестациялау сипаттары
- •1. Автоматты өрт сөндіру құралдары мен олардың сипаттары
- •2. Өндірістік жарақаттанудың еңбекті ұйымдастыруға байланысты себептері
- •3. Еңбек қауіпсіздігі инструктажы жөнінде жалпы түсінік
- •Емтихан билеті № 30
- •2. Өндірістегі бақытсыз жағдайды зерттеу комиссиясының түрлері және сипаты
16Билет
1) 1. Еібек туралы заң талаптарын бұзудағы жауапкершіліктер:
Еңбек қорғау мен еңбек шарттарын жақсарту іс-шараларын қаржыландыру - ҚР субъективті қоры құралдары есебінен, мемлекеттік, салалық және территориялық мақсаттағы бағдарламалармен жүезеге асырылады, жергілікті қордан, ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша мемлекеттік қордан тыс қаржыдан және жергілікті басқару органдарының құқықты нормативті актілерімен қарастырылады.
Еңбек қорғау мен оның шарттарын жақсарту бойынша жүргізілетін шараларды жақсартуды қаржыландыру - ҚР Еңбек кодексін бұзған жағдайдағы айып пұлдарының есебінен және ҚР Басқармасы бекіткен тәртіпте қарастырылатын, басқа да нормативті шарттарды бұзғандағы төлетенетін айып пұлдардың есебінен жүргізіледі; жеке заңды тұлғалар мен ұйымдардың өз еркімен қосқан салымдары есебінен де жүргізіледі
2) Иондаушы сəуле энергиясы биологиялық ткань арқылы өткен
кезде атом мен молекулаларға беріледі. Бұл иондардың пайда
болуына жəне молекулалардың қозуына алып келеді. Алайда бұл
клеткада бірінші ойнайтын физикалық «драма актісі». Келесі акт
клетканың жеңілуінің химиялық кезеңі деп аталады
Қазіргі заманғы концепция негізінде радиациялық
сəулеленуге, адамға дозаны шектеу принципі жатады. Осыған
байланысты радиацияның қауіпсіздік шаралары, иондағыш
сəулелер көздерімен жұмыс істейтін қызметкерлерге жəне
сонымен бірге халықты қорғауға міндетті түрде қажет. Басқа
сөзбен айтқанда, адамды сəулеленуден тұрақты қорғау,биоцензалар мен биосфераны да қорғауға кепілдік береді. Мұндай радиациялық əсерді нормалау принципі радиациялы-гигиеналы деп атайды
Организмге иондағыш сəулелерден əртүрлі жарақаттардың
пайда болуын адамдардың сəулелену жарақаты деп атайды.
Мұндай пайда болудың көбі ең алдымен сəулелену түріне
байланысты болады (жалпы немесе жергілікті, сыртқы немесе
инкорпорирленген радиоактивті заттардан), уақытша факторын
(бір реттілік, қайталану, көп уақытқа созылған сəулелену), өріс
біркелкілігінен (біркелкі немесе əркелкі сəулеге түсу) т. б.
3) Өндірістік жарақат – бұл әр түрлi сыртқы және қауiптi өндiрiстiк факторлардың адам ағзасына тигізетін әсердiң салдары. Көбіне, өндірістік жарақаттар құлау, басып кету кезіндегі механиканың әсердің нәтижесінде немесе механикалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде болады.
Жарақаттану келесідей әсерлердің салдарынан болуы мүмкiн:
химиялық факторлар, мысалы улы химикаттардан улану немесе күю;
электр тоғы – күйіктер, электр соққылары және т.б.;
жоғарғы және төменгі температура (күю немесе үсік шалу);
әр түрлі факторлардың болуынан.
Өндiрiстiк жарақат – бұл өндірістегі (кәсіпорындағы) қайғылы жағдайлардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттардың бірнеше себептері болады.
Санитарлы-гигиеналық – санитарлы нормалардың (мысалы, ылғалдылық, температура) талаптарын бұзу салдарына, санитарлы-тұрмыстық бөлмелер мен құрылымдардың болмауына, ұйымдарда жұмыс орындарының жеткіліксіздігіне байланысты болатын жарақаттар.
№ 17 билеті
1. Өндірістік травматизм жиілігі мен жарақаттану ауырлығын анықтау. Өндірістік жарақаттану кәсіпорында механикалық, физикалық, химиялық факторлардың әсер етуі нәтижесінде кенеттен пайда болған тіндердің зақымдалулары, ағзаның немесе мүшенің қызметінің бұзылуы. Оларға жарақаттар, терінің сыдырылуы, соғылулар, сынықтар, қан құйылу, сіңірлерінің үзіліп кетуі, дененің немесе оның бөліктерінің компрессиялық жаншылып қалуы, термиялық және химиялық күйіктер, электр тоғының соғуы, дабыл жарғағының жарылып кетуі, көзге бөгде денелердің (зат) түсуі және т.с.с. жатады. Жарақаттардың дамуына қауіпсіздігі тұрғысынан жетілдірілмеген өндіріс үрдісінің технологиясы, жеткіліксіз механикаландырылуы, еңбекті ұйымдастырудағы, техникаларды пайдаланудағы талаптардың өрескел бұзлулары, қауіпті нысандардың қоршалмауы, жұмысшыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін оқыту мен нұсқаунама жүргізілуіне нашар аз бақылау жасалуы, жұмысшылардың өздері оларды орындалмауы ықпал етеді. Жұмыс бөлмелерінің аудандары өндірістік үрдістің талаптарына сәйкес келмеуі, тар өткелдер мен жолдар, зауыт ішілік транспорттың жұмысын, тиеу және түсіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмау жарақаттанулардың даму қауіп-қатерін күрт жоғарлатады. Қолайсыз гигиеналық жағдайлар да жарақат алу мүмкіншілігін анықтайтын жанама факторлардың бірі болып табылады. Мысалы, дене қыздыратын немесе салқындататын микроклимат жағдайларында, бөлмелерге, көруді нашарлататын, жеткіліксіз жарық түсуі, қимыл-қозғалысқа кедергі жасайтын ауыр арнайы киім киіп, жұмыс істеу, шудың уландыратын заттардың деңгейі жоғары, еңбек үрдістері едәуір ауыр және қауіртті болған кезде жұмысшының реакциясының жылдамдығы мен ширақтығының және зейін қоюйының төмендеуіне, көріп қабылдауының қиындауына, қажуға, жұмыс кезіндегі абайсыздыққа алып келеді, осыған байланысты жарақаттану қаупі де өседі.
2. Электр қауіпсіздігі, электр тогынан қорғанудың техникалық шаралары және жеке қорғаныс құралдары. Өндірістік мекемелердегі жұмыскерлердің электр тогымен жарақаттануының негізгі себептеріне мыналар жатады:
· кернеуден айырмай электр желілерін жəне электр жабдықтарын құрастыру жəне жөндеу;
· ток жүретін құрылғылардың ашық бөліктеріне тиіп кету мүмкіндігі;
· кернеуде тұрған жалаңаш сымдарға жəне оның үзілген шеттеріне кездейсоқ жанасу;
Электрлік жарақаттанумен күресудің негізгі мақсаты – электр жабдықтарын, электр қондырғыларын жəне құрылғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру, жоғары өндірістік тəртіпті қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді, нормаларды жəне нұсқауларды бұлжытпай орындау болып табылады. Адам ағзасына электр тогының əсері əртүрлі болады: механикалық – ұлпалардың ажырауы жəне сүйектердің зақымдануы, жылулық – күю, химиялық – электролиз, биологиялық – тірі материяға тəн жəне онымен байланысты тіршілік қауіпсіздігінің электр процестерінен бұзылуы.
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай техникалық тəсілдерді жəне қорғау құралдарын қолданады: қорғаныстық жерлендіру, нөлдеу, қорғаныстық ажырату, потенциалды деңгейлестіру, аз кернеу, ток жүргізетін бөліктерді оқшаулау, торапты электрден ажырату, қорғаулық құрылғылар
3. Температуралық күйікке ұшырағанда алғашқы көмек. Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады. Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малыңыз. Басқадай ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрі ретінде аспирин ішіңіз.Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік).Күлдіреген жерді тесуші болмаңыз. Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен сабындап жуыңыз. Вазелинді қайнатып стерилдеңіз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салыңыз. Таңып, байлауға тазалап жууға пайдаланылатын шүберекті де, суды да қайнатып алыңыз. Күйік салдарынан тері мен тәннің өлген ағза, қабыршақтарын мейлінше сақтықпен алып тастаңыз. Жарақатқа жеңілдеп қана неоспорин тәрізді антибиотикті мазь жағып қоюға болады), ауыр жағдайларда күйіктің ауыр түрлерінде пенициллин не ам-пициллин тәріздес антибиотиктерді пайдаланудың ретін езіңіз байыпқа салып керіңіз.Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік).Теріні бүлдіріп, дененің ІШКІ ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып келеді. Зардап шеккен адамды сол бойда емдеу орнына жеткізу қажетЕгер вазелин болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз. Күйген жерге ешуақытта малдың майын, тоң май, тері, кофе, шөп немесе нәжіс жағушы болмаңыз. Өте қауіпті қатты күйік алған кездегі айырықша сақтық шаралары.Қатты күйік шалған кез келген адам ауырсынудаң үрей мен күйік салдарынан болатын де-недегі сүйықтың сарқылуынан оп-оңай-ақ естен танып қалуы мүмкін.Күйген адамды сергітіп, тыныштандырыңыз. Ауырсынғанын жеңілдету үшін оған аспирин мен кодеин ішкізіңіз. Аздап қана түздалған сумен ашық жарақатты жуу да ауырсыну жағдайын жеңілдетуге көмектеседі. Бүл үшін 1
Емтихан билеті № 18
1. Еңбек қауіпсіздігін информациялау және классификциялау принципі. Еңбек қорғау келесідей негізгі төрт тапсырманы орындайды:
• қауіпті жəне зиянды өндірісті факторларды айқындау;
• қауіпті жəне зиянды өндірісті факторларға сай қорғану құралдарымен
техникалық шараларды өңдеу;
• өнеркəсіптегі еңбек қорғауды басқару жəне еңбек қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық шараларды өңдеу;
• қауіптердің туындау жағдайындағы əрекеттерге дайындық. Еңбек қорғауы – жұмысшының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуде хұқықтық , әлеуметтік - экономикалық , ұйымдастырушылық - техникалық , санитарлы - гигиеналық , емдік - профилактикалық , қалыптастыру сияқты шараларды қоса атқаратын жүйе
2. Психологиялық күй сипаттары – көтеріңкі көңіл күй, қанағаттану, стресс, аффект, фрустрация. Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады. Стресс үш кезеңнен тұрады: үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады; төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді; әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Аффект (лат. affects — жан толқынысы) — адам көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, әсерленуі (долдану, үрейлену, т.б.). Жас балаларда жиі кездеседі. Аффект кезінде оқыс қимыл-қозғалыстар (ерекше мимика, ым-ишара) жасалып, қатты дауыс шығады (айқайлау, жылау). Фрустрация - [ лат. frustratio – алдау, сәтсіздік, ақталмаған үміт ] - алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген психологиялық жай-күй. Дегеніне жете алмаған, діттеген мақсатын орындай алмаған саясат субъектілері фрустрация жағдайын кешуі мүмкін.
3. Иондағыш сәулелерден қорғану. Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді. Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. Физикалық тәсіл.Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек. Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Емтихан билеті № 19
