Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaruga_dayyn_OKhR_Trud.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

3. Жұмыс орнын аттестациялау сипаттары

ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті. (317бап 6 тармақ).

ҚР Еңбек кодексінің 317 бап 6 тармақта көрсетілген, санитарлық гигиеналық құралдармен және шарттарымен жұмысшыларды қамтамасыз етуде және құрылған еңбек шартын бағалау, еңбекті қорғау бойынша өндірістік объектілерді аттестациялау бес жылда бір рет өткізілетін нәтижелер бойынша іске асырылады. Бұл тәртіп ҚР Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. объектілерді міндетті аттестациялау, қайта құру және жаңарту, технологияны енгізу не жаңа техниканы орнату, осы жұмыстар аяқталғаннан кейін міндетті кезеңдік аттестация бес жылда бір рет жүргізіледі. Кезектен тыс аттестация еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қадағалайтын мемлекеттік қадағалау мен бақылау ұйымдарының талаптары бойынша жүргізіледі. Өндірістік объектілерді аттестациялау арнайы ұйымдармен не жұмыс берушілермен жүргізіледі.

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен, еңбек шарты бойынша өндірістік обьектілерді аттестаттау қызметін іске асыруда арнайы ұйымдар тізімдемесіне енген. Өндірістік объектіерді аттестациялауды жүргізуде мынадай қызметтер ұсынылады, олар келесілер:

1) Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік аумағындағы күші бар нормативке сәйкес ұйымдағы жұмыс орнын аттестациялау;

2) Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік аумағындағы нормативтік сәйкестік бойынша ұйымдағы өндірістік объектілерді кешенді бағалау:

- еңбектің қауіптілік және зияндылық деңгейін бағалау;

- ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және жарақат қауіпсіздік деңгейін бағалау;

- жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді бағалау.

Билет №28

1. Автоматты өрт сөндіру құралдары мен олардың сипаттары

Автоматты өрт сөндіру қондырғысы – өрттің бақыланушы факторы қорғалатын бөлмеде шекті мәндерден жоғарылаған кезде автоматты түрде іске қосылатын өрт сөндіру қондырғысы.

Автономды өрт сөндіру қондырғысы – ішкі тұтыну көздері мен басқару жүйелеріне тәуелсіз өртті анықтау және сөндіру функцияларын автоматты түрде жүзеге асыратын өрт сөндіру қондырғысы.

Аэрозольды өрт сөндірудің автоматты қондырғысы (автоматты ӨСҚ, АӨСҚ) – өртті автоматты құрылғыларды қолдану көмегімен анықтайтын электрлік қосқышы бар от сөндіргіш генератор негізінде жасалған автоматты өрт сөндіру қондырғысы, онда от сөндіргіш зат ретінде от сөндіргіш аэрозоль қолданылады.

Қондырғының дистанционды іске қосылуы – қорғалатын бөлмелерде немесе оның қасында, диспетчерлікте немесе өрт постысында, қорғалатын имараттаың немесе жабдықтың қасында орналастырылатын қосқыш элементтерден іске қосылу.

Дренчерлі өрт сөндіру қондырғысы – дренчерлі шашыратқыштармен жабдықталған өрт сөндіру қондырғысы.

Қондырғы инерционділігі – өрттің бақыланушы факторы сезгіш элементті игеру сәтінен қорғалатын аймаққа от сөндіргіш затты беруді бастағанға дейінгі уақыт.

Өрт сөндіргіш затты беру қарқындылығы – уақыт бірлігінде аудан бірлігіне берілетін от сөндіргіш зат мөлшері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]