Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaruga_dayyn_OKhR_Trud.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

1Жарақаттанудан соң жұмысқа жарамсыздық, материалдық шығын және жарақаттанудың алдан алуға жұмсалынатын қаражат көрсеткішін анықтау

 122-бап. Жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына                 келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің                 материалдық жауаптылығы

      1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен өтеуге міндетті.       2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген зиян жұмыскердің сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші жұмыскерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.       3. Жұмыскерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма тоғызға дейінгі пайызды қоса алғандағы дәрежесiн белгілеумен байланысты зиян келтірілген кезде, жұмыс беруші жұмыскерге жоғалтылған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге міндетті.       Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезеңінде денсаулықтың зақымдануынан туындаған, жұмыс беруші өтейтін шығыстардың мөлшері төлем төленетін кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.       Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар өтелуге жатпайд

2. Тыныс алу жолдарын қорғау құралдарының жұмыс істеу принциптері

Тыныс алу органдарын қорғау құралдарына, сүзгілік және оқшаулағыш газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар жатады.

Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері - ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш (газқағар) қорапқа түседі, сонда тазаланған соң, беттік бөлікке және тыныс алу мүшесіне түседі, ауа қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқа шығады.

Бу мен газды жұту адсорбция-адсорбент деп аталатын, қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту арқылы жүзеге асады; хемосорбция- УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесі кезінде, активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттармен ықпалдасуы есебінен жұтылуы; және катализ- катализатор деп аталатын заттардың ықпалы мен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгерісі нәтижесінде жүзеге асады, ал түтін мен тұман (аэрозольді) сүзгілеу жолымен жұтылады.

Халықты тыныс алу мүшелеріне, көзіне және бетіне радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардың және бактериялық құралдардың түсуінен қорғау үшін, сүзгілік газқағарлар ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГГТ-7В, ГП-7ВМ) қолданылады.

3Алғашқы көмек кезінде өкпе-жүрек реанимациясын жасау Жүрек қызметінің тоқтауы

Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау.

Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. - семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.

- келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс; - қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын. Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет); Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 - 120 рет).

Жасанды тыныс алудыру мен жүректі уқалап, сылау әдістері (жүрек - өкпе реанимациясы)

Есіңде болсын! Тек қана естен тану, тамырлардың соқпауы, тыныс алудың жоқтығы кезінде жүргізіледі!

- Зардап шегушіні шалқасынан жатқыз (мықты, қатты жерге), аяғын көтеріңкіреп қой. - Зардап шегушінің өкпесіне екі рет ауа үрлеу әрекетін жаса, содан кейін жүрегіне жабық уқалау, сипалау жұмыстарын жүргіз: - бір қалыппен: 15 рет - жүректі жанамалай сылаумен және 2 рет - өкпені жасанды желдендіру әдістерін жаса. Осындай 4 циклден кейін тағы тамыр соққанын тексер, егер байқалмаса онда: Жүрек - өкпе реанимациясын жалғастыр. Жүрек - өкпе реанимациясын: -терінің қызаруы; -ұйқы күре тамырының соғысын байқалу; - қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға болады.

ТЖ органдары сейсмикалық белсенділіктің басылуы туралы хабарлайды. Адамдар біршама тынышталып, аман қалған үйлеріне қайта бастайды. Аз уақыт ішінде таң атады. Күтпеген апаттан қираған тірлікті қайта қалпына келтіре бастайды.

Емтихан билеті № 21

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]