Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaruga_dayyn_OKhR_Trud.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

15Билет

1) Өндірістегі жазатайым жағдай – бұл жұмысшыға өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын атқаруда зиянды немесе қауіпті фактордың әсер етуі. Жазатайым жағдайдың нәтижесі – жарақат, яғни организм ұлпаларының және оның функцияларының сыртқы әсер нәтижесінде зақымдалуы.

Өндірістегі сәтсіз жағдайларды зерттеу, арнайы зерттеуге жататындардан басқасы, СЖ болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат аралығында құрылатын комиссия жүргізеді, осы комиссияның құрамы келесідей болады:

- төрағасы-ұйымның басшысы (өндірістік қызметтегі) немесе оның орын басары;

- мүшелері- еңбек пен қауіпсіздік ұйымдарының қызметі басшысы және жұмыскерлер төрағасы.

Сәтсіз жағдайды зерттеу мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он күннен аспауы қажет.

2)иондағыш сәулелену – бұл, затпен өзара әрекеттескен кезде, заттың атомдары мен молекулаларының иондануына және қозуына әкеп соғатын сәулелену. Иондаушы сәулеленулер өзінің физикалық табиғатына байланысты электромагниттік (фотондық) және корпускулярлық (бөлшектер) болып бөлінеді.

ИС-тің бірінші тобына энергиясы жоғары рентген және γ-сәулеленулері жатады. Физикалық қасиеттері бойынша, рентген және γ-сәулелері арасында негізінде айырмашылық жоқ. Фотондық сәулеленудің шығу тегіне байланыссыз, энергиясы олардың 250 кэВ дейін болған кезде, олар рентген сәулесіне, ал 250 кэВ – тан жоғары болғанда, гамма- сәулеленуге жатады.

Егер, ИС-тің бұл түрлерінің шығу тегіне келсек, сәулеленудің тежелулік және характеристикалық(характеристические) деп аталатын түрлерге бөлінетінін айта кету керек. Тежелулік сәулелену жылдамданған зарядталған бөлшектердің (электрондардың) атом ядроларының электрлік өрістерінде тежелуі кезінде пайда болады. Характеристикалық сәулелену электронның сыртқы орбиталарының бірінен ішкі орбитада пайда болған бос орынға өтуі кезінде пайда болады. Негізінен, тежелулік және характеристикалық сәулеленуді рентген сәулелеріне, ал ядролардың өзгеруі кезінде пайда болатындарын – гамма-сәулеленуге жатқызады. Мұндай бөліну кезінде рентген және γ- сәулелерінің спектрлері бірінің спектрін бірі жабады

3) Алғашқы жәрдемнің ең басты шарасы — өміріне қауіп төнген адамды өлімнен арашалау (яғни дәрігерге дейінгі реанимация). Әдетте, адам өлген сәтте, оның әр түрлі органдары мен организміндегі тканьдер тіршілігін сол бойда емес, бірте-бірте тоқтатады, сондықтан оның қызметін, соның ішінде негізгі тіршілік қызметін де — қан айналымы мен тыныс алуын — кейбір жағдайда қалпына келтіруге болады.

Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Науқасты ЖӨМР жүргізуге дайындау :1. Науқас жағдайын : айқайлап, иығынан қағып, екі жақтағы ұйқы артериясынанда пульсті пальпациялап, кеуде клеткасында экскурсияның болуын бақылап, екі көздің қарашықтарының көлемін (бір уақытта) және тері жамылғысының жағдайын-бағалаймыз. 2. Науқасты тегіс қатты беткейге жатқызамыз. 3. Кеуде клеткасын тар киімнен босатамыз.

Жоғарғы тыныс жолын тазалау және олардың өткізгіштігін қамтамассыз ету :  1. Науқастың басын өзімізге қаратып , дәке оралған саусақпен ауыз қуысының санациясын жүргіземіз. Санация бір рет айналдырып шығу арқылы жүргізіледі. 2. Сафар үштігі бойынша жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігі мен түзуленуін жүргіземіз: А) Науқастың бас жағынан тұрып,бір қолымызды пациенттің мойын астына,екіншісін- маңдайына қойып, басты мойын бөлігінде шалқайтамыз. Б) Бастың бүгілуін болғызбас үшін қолдарымызды науқас басынан алмаған күйде, ең кішкентай саусағымызды төменгі жақ бұрышына орналастырып, төменгі жақты алға және жоғарыға қарай тартамыз. В) Екі қолдың үлкен саусақтарымен науқастың аузын ашамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]