- •3.Муниципалдық менеджменттің анықтамасы.
- •1.Басқару ғылымының анықтамасы, пәні, объектісі мен әдістері.
- •3.Қазақстан Республикасының жергілікті және әкімшілік бөлінісі.
- •1.Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмдері.
- •1.Нәтижелер мен тиімділік бойынша басқару.
- •3.Тиісті аймақтағы жергілікті әкімшілік басқарушысының мемлекеттік басқарудағы қызметі. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астанаәкiмiнiң құзыретi
- •3.Әр түрлі деңгейдегі жергілікті әкімшіліктердің басқарушыларының өкілеттілігі.
- •Емтихан билеті № 11
- •1.Функциялардың басқарудың басқа категорияларымен өзара әрекеттесуі. .
- •Емтихан билеті № 13
- •3.Маслихат іс-әрекетінің формасы: сессия, тұрақты және уақытша комиссиялар.
- •Емтихан билеті № 14
- •1.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру және олардың түрлері.
- •2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •3.Маслихат депутаттарының құқықтары мен міндеттері. Мәслихатдепутаты
- •Емтихан билеті № 15
- •3.Тұрақты және уақытша комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру Мәслихаттыңтұрақтыкомиссияларынұйымдастыружәнеолардыңқызметi
- •Емтихан билеті № 16
- •Емтихан билеті № 17
- •Емтихан билеті № 18
- •3.Маслихаттың ревизиялық комиссиясының іс-әрекеті.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары. Құрылуы және құрамы
- •Емтихан билеті № 19
- •3.Маслихаттардың өзара қатынасы: депутаттар және жергілікті әкімшіліктер жиналысы,жеке өкілет функцияларының іске асырудағы бөлініс қағидасы.
- •Емтихан билеті № 20
3.Қазақстан Республикасының жергілікті және әкімшілік бөлінісі.
Жергілікті өзіндік басқару – бұл, тікелей азаматтармен сайланатын орган. Жергілікті басқару – бұл, орталық билікпен тағайындалатын органдар. Яғни, олардың басты айырмашылығы, өзіндік басқару – сайланатын органдар, басқару – тағайындалатын органдар. Жергілікті өзіндік басқару мен басқару органдары жүйесі елдің әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес құрылады. Әкімшілік-аумақтық бөліну – бұл мемлекеттің тиімдірек басқару мақсатында мемлекеттік аумақтың белгілі бөліктерге бөлінуі. Әкімшілік-аумақтық бөліну әртүрлі факторлардан тәуелді. Бөліну негізінде басқару тиімділігі жатыр. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйесіне әкімшілік-аумақтық бөлімдер: ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс енеді.
Республикалық және жергілікті мүдделерді тиімді үйлестірудің бастауында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы аумағы екі негізгі категорияға – аймақтар және елді мекендерге бөлінеді.
Аймақ (регион) – бұл республика мүддесінде құралған және басқарылатын бірнеше елді мекендері бар республика аумағы бөлігі.
Аймақ болып республикалық әкімшілік-аумақтық құрылымның негізгі тізбегі ретінде облыс, аудан, ауылдық (селолық) округ саналады.
Әкімшілік-аймақтық бөлініс - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi. Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық округ аймақтар болып табылады. Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi.Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер; ауылдарға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады. Елдi мекендердің құрамдас бөліктері болады.Шағын аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер елді мекендердің құрамдас бөліктері болып табылады.Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.
Емтихан билеті № 5
1.Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмдері.
Басқару жалпы ғылыми категория ретінде табиғат және қоғам заңдылықтарының барлық жүйесімен тығыз байланысты және де басқару арқылы адамның және қоғамның пайдасына заңдылықтарды қолдану тәжірибесі жүргізіледі.Шаруашылық басқаруда қолдану үшін объективті заңдылықтарды тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың тиімді механизмін құру, басқару теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Табиғат заңдылықтарын білу келесі түрдегі процесстерді басқаруда, оларды пайдаланудың тәжірибелік механизмін құру үшін қажетті:
Өсімдік және мал шаруашылығының тауарлық өндірісінің технологияларының олардың өсуінің биоклиматтық жағдайына бейімделуі;
Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға кері әсер етуін минимум деңгейде жеткізу;
Энергияны алу және энергияның өзгеруі;
Материалдық, қаржылық және ақпараттық қорлардың қажетті өнім мен қызмет көрсетуге трансформациялануы;
Мемлекет және шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды реттеу.
Қоғам мен табиғаттың объективті заңдылықтарын жүзеге асыру механизмдерін құру бойынша әлі де көптеген зерттеулер жүргізу керек, ал басқарушыларға – басқару тәжірибесінде оларды тиімді қолдануда өзінің шеберлігін көтеру бойынша күш салу қажет.
Табиғат және қоғам заңдылықтарын қолдану механизмдерінен басқа, басқаруда оның өзіне тән болатын заңдылықтар әрекет етеді.
Басқару теориясы оларды зерттейді және сонымен қатар шаруашлықы тәжірибесінде дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Олар басқару объектілері мен субъектілерінің өзара әрекетінің әрқайсысының жеке функционалдануының, басқару процесіндегі адамдар арасындағы қатынастың және іс-әрекеттің барлық салаларын басқарудағы адамдардың іс-әрекеті нормаларының заңдылықтары болып табылады.
2.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері. Кез-келген әлеуметтік ұйымның негізгі мәселесі – адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрле- рін көрсету болып табылады. Бұл орайда мемлекеттік реттеудің рөлі зор. Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті - мемлекет мүддесін сақтау, қоғамды және халықтың әлсіз топтарын әлеумет- тік жағынан қорғау болып табылады. Экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері дегеніміз – бұл экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін, әлеуметтік – экономикалық процестерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы. Қазіргі нарықтық экономика – бұл аралас экономика. Бұл экономикада нарық берекетсіздігі, мемлекеттік реттеу, басқару органдары арқылы шектелініп, реттеленіп экономикалық қатынастарының мақсатты ұйымдастырылған сипат алады. Аралас экономикада реттеу әдістері әкімшілік, құқықтық, экономикалық реттеу құралдарынан тұрады.Экономиканы реттеудің негізгі әдістері: Бірінші, нарықтық, яғни тауар-ақша қатынастары мен баға арқылы өндірістің өсіп дамуы төлем қаблеті бар сұранысқа байланысты. Сонымен қатар нарықтық тетіктер экономиканың дамуын сипаттап қана қоймайды, оның құлдырауын, дағдарысқа ұшырауын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау мақсатында, мемлекет алдын ала ұлттық экономиканың бағдарламасын жасайды. Екінші, әкімшілдік-әміршілдік, яғни бір орталықтан жоспарлау арқылы кәсіпорындар өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды. Үшінші, тікелей мемлекеттік басқару – яғни жекелеген сала- ларда объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды, мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери қорғаныс, энергетика, қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объек- тілер, емдеу-сақтыру орындары, қазба байлықтар және т.б. мемлекеттік маңызды объектілер жатады. Бұл объектілер әдетте мемлекеттік немесе муниципалды меншікте болады. Мемлекеттік реттеудің мынадай негізгі тәсілдері бар: - салықтық реттеу – салық салу, оның түрлерін ставкаларын белгілеу, салық жеңілдіктерін беру немесе салықтан босату; - ақша-несие қатынастары арқылы реттеу - салық жүйесін қоса алғанда, мұны мемлекеттің фискалдық саясаты деп атайды, осы арқылы ақша айналысына ықпал етеді. Мемлекет орталық- ұлттық банк арқылы ақша эмиссиясы мен жалпы ақша көлемін реттейді, банктің қарыз пайызының ставкасын белгілейді, зайымдар береді, облигациялар мен бағалы қағаздар шығарады; - бюджеттік реттеу - мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды. Сонымен қатар мемлекет салық төлемдерінен тыс мемлекетке қосымша төлем белгілей алады, сол арқылы ақша айналысы мен қор жинуады реттейді; - баға арқылы реттеу - нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, одан артық қоюға тыйым салады; - мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу - мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаража- тының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы концерндерге, фирмаларға, кәсіпорындарға, белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери тапсырыстар мен қоғамдық көлікке тапсырыс береді; - сыртқы экономикалық қатынасты реттеу - сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапы- нан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты сол елдің экономикалық және саяси мүддесін қорғау. Егер орталықтандырлған жүйеде мемлекет кәсіпорындардың барлық әрекеті мен шаруашылық байланысы тікелей және әкімшілдік жолмен реттелсе, нарықтық жүйеде – мемлекет тек макроэкономикалық және құқықтық реттеуді ғана көздейді, ал кәсіпорын өміріне тікелей араласпайды. Нарықтық экономиканы макрореттеу мемлекеттің белсенді экономикалық және әлеуметтік экономикалық саясатын қарасты- рады.
3.Қазақстан Республикасының атқарушы және өкілетті билік органдарының жүйесі. Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым, яғни мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады.
Өкілдік органдар, Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:
- жоғары өкілдік орган – Парламент. Парламент – бірден-бір заң шығаратын орган.
- жергілікті өкілдік органдар-облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
Мемлекет басшысы, Қазақстанда мемлекет басшысы – Президент. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Атқарушы орган, Қазақстанда жоғарғы атқарушы орган – Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
Орталық басқару органдары, Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
Сот органдары, Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
Прокуратура, ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
Әскер, оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
Барлау, қарсы барлау органдары, абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл. Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
заңдар қабылдайды;
республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;
мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Атқару билігі үкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда үкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті құрады.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін атқара береді [27].
Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтсек:
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды .
Емтихан билеті № 6
1.Басқарудағы дамудың әлеуметтік-экономикалық заңдарының механизмі. Заң - бұл барлығына қажетті ішкі және маңызды құбылыстардың байланысы және құбылыстардың объективті қызметі, яғни ұқсас құбылыстардың қайталануы.Басқару заңдары деген түсінікке әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Біреулер басқаруды реттейтін құқықтық заңдар деп санаса. Екіншілері, бұл құқықтық заңдар емес, экономикалық заңдар деп есептейді, себебі басқару әлеуметтік-экономикалық жүйеде іске асады. Басқару заңдары дегеніміз - басқарудың құрылымын, қызметін және дамуын анықтайтын жағдайлар мен нақты, орнықты және объективті ішкі баайланыстар.
Басқарудың әлеуметтік заңдары - әлеуметтік объектілердің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін, оларға басқару әсерін жүзеге асырудың заңдары. Басқарудың әлеуметтік заңдары басқару шешімін қабылдау және жүзеге асыру процессінде субъект пен объекттің, оның әлеуметтік басқару жүйесінің элементтері арасында қажетті, маңызды байланыстарды сипаттайтын, заңдары. Әлеуметтік заңдар басқару субъектісінің ішкі құрылымын, оның элементтерінің құрамын, және олардың өзара әрекеттесу ретін анықтайды.Басқарудың әлеуметтік заңдары әлеуметтік объектілердің ерекшелігінен, табиғатынан және мақсаттарға жету үшін басқарушылық әсер етуді қалыптастырудан пайда болып жатады.
Экономикалық заңдар бұл - өндіріс процессіндегі адамдардың өндірістік қарым-қатынастарын, бөлінісін, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну және айырбастауды сипаттайтын объективті заңдардың жиынтығы.Экономикалық заңдар әрқашанда қажетті экономикалық құбылыстар мен процесстердің себепті-негізделген және өзара тәуелді байланыстарды сипаттайды. Экономикалық заңдар экономиканың қандай да болмасын жүйесінің дамуы мен қызмет етуінің маңызды схемасын білдіріеді.
2.Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын дайындау. Кез келген әлеуметтік ұйымның түбегейлі мәселесі – адамдардың басым көпшілігінің экономикалық кызметін үйлестіру арқылы әрбір адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Әлеуметтік ұйымның субъектісі – мемлекет, ал объектісі – халық. ЭМР-дің тұжырымдамасы – бұл макроэкономикалық, құры- лымдық инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу. Мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай әртүрлі дәрежеде экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі мына функциялардан көрінеді: 1) экономиканың тұрақты дамуының құқықтық базаны анықтау; 2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; 3) табыстар мен байлықты қайта бөлу; 4) экономиканы тұрақтандыру; 5) ресурстарды қайта бөлу. Аталған қызметтердің іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді. Бұл байланыс мемлекеттің табыстар мен байлықты қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды қайта бөлу функцияла- рында көрінеді: Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлудегі айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың үй шаруашылығының табыстарын теңестіру үшін салық салудың, транферттердің, жалақыны реттеу- дің, баға жүйелерін пайдаланады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-әрекеті экономикалық жағдайлардың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуды және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.
3.Депутаттардың жиналысы маслихаттар – облыстық, қалалық, аудандық халықтың жергілікті өзін-өзі басқару формасы. Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес облыстың, ауданның және қаланың аумағындағы өкілді орган Мәслихаттар болып табылады.
Мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шаралар белгілейді, олардың орындалысын бақылайды.
Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге халық сайлайды (Конституцияның 86-бабы).
Мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
Мәслихат өкілеттігін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынысы бойынша Парламент Сенаты мерзімінен бұрын тоқтата алады (23-бап). Мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату үшін мынадай жағдайлар негіз болады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сот тәртібімен заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет (екі және одан да көп) бұзса;
- егер жаңадан сайланған мәслихат бірінші сессиясы ашылған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгілемесе және тиісті органдарын құрмаса;
- мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің жасырын даусымен өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаса;
- жергілікті бюджетті, аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекітпеумен білдірілген әкімиятпен арада теңсерілмейтін келіспеушіліктер болса;
- әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын екі рет бекітлеумен білдірілген әкіммен арада еңсерілмейтін келсіпеушіліктер болса;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылса немесе таратылса.
Конституцияға сәйкес Мәслихат депутаты болып жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады (86-6. 3-т.).
Мәслихаттардың — жергілікті екілді органдардың құзыреттері
Мәслихат жүргізетін негізгі мәселелер Қазақстан Республикасының Конституциясымен және "Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Конституцияның 86-бабына сәйкес, мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
2) өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
3) заңмен мәслихат құзырына жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;
4) Мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, Мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәслихат қызметінің құрылымы және ұйымдық нысандары
Мәслихаттар өз өкілеттігін сессияларда, тұрақты және басқа комиссиялар, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы арқылы, сондай-ақ депутаттардың өз өкілеттіктерін іске асыруы жолымен жүзеге асырады.
Мәслихаттар қызметінің, негізгі нысаны сессия болып табылады. Онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.
Мәслихат сессиясы сол мәслихатқа сайланған депутаттар санының үштен екісінен кем емес бөлігі қатысып отырған жағдайда заңды болады.
Мәслихаттың органы және лауазымды тұлғалары. Негізгі лауазымды тұлға мәслихат хатшысы болып табылады. Ол мәслихат жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жұмыстарды жүзеге асырады:
Өз құзыретінің барлық мәселелері бойынша мәслихаттар шешімдер қабылдайды. Бюджет кірістерін қысқарту немесе бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін мәслихат шешімдерінің жобасы тек әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізіледі.Мәслихат шешімдері Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына қайшы келмеуге тиіс. Мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс.Мәслихат шешімдері тиісті аумақта азаматтардың, жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің орындауы үшін міндетті.
Емтихан билеті № 7
1.Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері. Басқаруда жүйелілік теориясын қолдану 50-ші жылдардың аяғында пайда болды. Басқару ғылымының бұл түріне еңбегі сіңген американдық ғалым Дж.Пола Гетти. Жүйе – бұл бір-бірімен байланысты болатын бөліктерден тұрады. Бұлардың әрқайсысының өзіндік мәні бар. Бұл қарым-қатынас кейіннен қолданылып жүргендіктен, оны теорияға және практикаға әсерін толықтай бағалау мүмкіндігі болмай отыр. Дегенмен, қазір оның әсері үлкен және болашақта өсуіне сенімі мол. Жүйелі негізде, болашақта қарастырылатын жаңа білімдер мен теорияларды синтездеу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік басқару жүйесі – ұлттық мемлекеттің және қазіргі заманғы саяси жүйенің қалыптасу кезеңінде пайда болған тарихи феномен. Басқару мәселелеріне қызығушылық антик әлемінде (Платон, Аристотель), мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйелерінің аспектілерін зерттеуді бастағаннан бері пайда болды. Дегенмен, XVІІ-ХІХ ғасырларда өндірістік революция басталғаннан бері еңбектің және әкімшіліктің жоспарлы және ғылыми ұйымдастыру мәселелері шынында көтерілген кезде-ақ мемлекеттік басқару механизмдері мен институттары, сондай-ақ мемлекеттік басқару идеялары қалыптаса бастады. Осы үрдіске әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарының дифференцияциясы, әсіресе, социология, саяси мен экономика ғылымдарының бөліну үрдістері қосылды.
Басқару универсалдық феномен болып көрінеді, өйткені ол материалдық әлемнің барлық жүйелерінде орын алады деп айтуға болады. Басқару – табиғи (эволюциялық) немесе жасанды жолмен пайда болған, ұйымдасқан жүйелерінің функциясы. Биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, кибернетикалық және басқа жүйелердегі басқаруды ажыратады. Біз үшін мемлекеттік басқару аса маңызды болады. Кез-келген ұйымдық жүйені осы феноменсіз елестетуге болмайды.
Барлық айырмашылықтарға қарамастан осы жүйелерде оларға универсалдық сипат беретін жалпы белгілері мен ерекшеліктері бар. Басқару – көпқырлы және күрделі құбылыс. Бұл бірыңғай анықтама және бірыңғай басқару теориясы жоқ екенін көрсетеді. Дегенмен, басқару-кибернетикалық феномен, ол кибернетикалық принциптермен және ақпаратты қабылдау, сақтау, тапсыру мен өңдеу заңдылықтарымен байланысты. Сондықтан, мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері мен нұсқаулары, кибернетиканың пайда болғанынан және оның принциптерінің жұмыс істеуінен біржолата қалыптасқаны анық
2.Әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау. Табысты экономикалық даму мен қоғамдық игілікті қамтамасыз етудің арасындағы ұтымды тепе-теңдікті таба білудің Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар. Қазіргі әлемдегі бұл түбірлі мәселе әлеуметтік-экономикалық жаңғырту. Бұл таяудағы онжылдықтағы Қазақстанның дамуының басты бағыты. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы дәл осы тақырыпқа арналған.Сол үшін Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың 10 негізгі бағытын ұсынды. Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы Жұмыспен қамту әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі болып табылады. Бұл қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттырудың басты құралы. Екінші. Қол жетімді баспанаСоңғы 11 жылдың ішінде ғана Қазақстанның тұрғын үй қоры 36 миллион шаршы метрге ұлғайды. 1 миллионнан астам азаматтар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында Үкімет 2009-2011 жылдары елімізде тұрғын үйді іске қосудың айтарлықтай жоғары қарқынын сақтап қала алды (жылына орташа 6 миллион шаршы метр шамасында). Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау практикасы жалғасын табатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикада бұрынғыша жыл сайын 6 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үйді іске қосу жоспарланып отыр.Үшінші. Өңірлерді дамытуӨңірлік саясаттың міндеттері инфрақұрылымдық және институттанулық шектелулерді еңсеру, Қазақстан азаматтарына өздерінің әлеуметтік және экономикалық құқықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктер жасау және адами капиталдың дамуына жәрдемдесу, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйелерін реформалау болып табылады. Төртінші. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру Қазақстандағы әкімшілік реформалардың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Президент Қазақстан халқына арналған өзінің Жолдауында мынаны ерекше атап көрсетеді, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды қыры болып табылады. Бесінші. Басқарушылардың білікті саяси табын дайындау Ел Президенті өз Жолдауында басқарушылардың білікті саяси табын дайындаудың, жоғары білікті кадрлар құрамын, қазіргі заманғы мамандардың стратегиялық резервін жасаудың ең маңызды міндетін алға қояды. Алтыншы. Сот және құқыққорғау жүйелерін жаңғырту Қазақстанда толыққанды, қуатты және беделді сот билігі әлі де қалыптасқан жоқ. Сот реформасы жалғасуда және оның толығымен жүзеге асыруға – тәуелсіз және құзыретті сот билігін қалыптастыру үшін белгілі бір уақыт керек. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Төрешілер тек қана заң мен өз арын басшылыққа ала отырып, әділ шешім қабылдауы керек».Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның сәтті бәсекелестігінің кепілі ретінде зияткерлік ұлтты қалыптастырудың стратегиялық міндетін айқындады: «Әлем жаһандану, инновациялар мен технологиялардың қарқынды дамуы дәуіріне түсті. Адамзат дамуының жаңа кезеңі «білім экономикасына» көшу болып табылады. Қазақстан да осы үдерістерден тыс қалмауы керек». Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіруҚазақстан 1997 жылдың маусым айында посткеңестік кеңістікте алғаш болып зейнеткерлік қамсыздандырудың жинақтау жүйесін сәтті енгізді. Н. Ә. Назарбаев Жолдауында айтқандай, қазіргі кезде «салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды. Жинақ көлемі 17 миллиард доллардан асады».Тоғызыншы. Индустриалды-инновациялық жобаларҚазақстандық жолдың жаңа кезеңі экономиканы нығайту бойынша жаңа талаптарды қояды. Қазіргі кезде әлемде тұрақсыздану тәуекелдері күшейіп келеді. Сондықтан біздің мемлекетіміздің міндеті – еліміздің халқын орын алуы мүмкін экономикалық күйзелістерденқорғап, дамудың жағымды динамикасын қамтамасыз ету. ҮИИД МБ экономиканы жаңғыртудың басты бағыты болып саналады. Тек қана өткен жылы 970 миллиардтан астам теңге көлемінде 288 жоба іске қосылды. Алдыңғы қатарлы кластерлерді қалыптастыру жалғасуда. Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту Қазақстанның аграрлық секторының экспортқа тауар шығаруға мүмкіндіктері көп және инновацияларды енгізу әлеуеті мол. Индустриаландыру картасының жүзеге асырылған жобаларының үштен бір бөлігінен көбі АШК-ға тиесілі. Ауыл шаруашылық экспортының шикізатқа бағытталу үдерісі бәсеңдеп келеді. Ұнды экспортқа шығару бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшыға айналды. 2010-2014 жылдарға арналған АШК дамыту бағдарламасы 8 негізгі бағыт бойынша технологиялық жетістікке жетуді көздейді. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі оңтайлы шешілуде.
3.Аймақтық өкілетті органдардың қызметі мен өкілеттілігі. Жергілікті мемлекеттік басқару сәйкесінше аймақтағы іс жағдайына жауапты болып келетін жергілікті өкілетті және атқарушы органдар арқылы жүзеге асады.
Жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар сәйкесінше әкімшілік-территориялық бөлімдегі халықтың еркін айқындайды және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып және оны жүзеге асыру үшін жүргізілетін шараларды анықтайды, оның орындалуын бақылайды. Маслихаттар халықпен жалпы, теңдей, тікелей сайлаушы құқығы негізінде құпия дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Маслихаттың депутаты болып жиырма жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматы сайланады. Республика азаматы тек қана бір маслихаттың депутаты бола алады.
Маслихаттың басқару қызметтеріне төмендегілер қатысты:
жоспарларды, аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы жөніндегі есептемелерді бекіту;
олардың басқаруындағы жергілікті әкімшілік-территориялық құрылымдар бойынша мәселелер шешімі;
жергілікті өкілетті органдар басшыларының заңдастырылған маслихаттар қызметі мен міндеттеріне қатысты сұрақтары бойынша есептемелерін қарастыру;
маслихаттың басқа да жқмыс атқарушы органдарын және тұрақты комиссиясын құру, олардың іс-қызметі есептемелерін тыңдау, маслихат қызметтерін ұйымдастырумен байланысты басқа да сұрақтарды шешу;
Республика заңнамасына сай азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша басқа да өкілдіктерін жүзеге асыру.
Маслихат өкілдігі мезгілінен бұрын заң бойынша анықталған тәртіппенен және Сенат негіздемесі арқылы, сондай-ақ өзін-өзі тарату шешімі қабылданған жағдайда тоқтатылады.
Маслихат қызметі, оның іс-әрекеті мен ұйымдастыру тәртібі, құқықтық жағдайы заңменен белгіленеді.
Жергілікті өкілетті органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірегей жүйесіне енеді, сәйкесінше территорияның мүдделері мен даму қажеттіліктерін үйлестіре отырып атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Емтихан билеті № 8
1.Мемлекетті басқарудың құрылымдық жүйелі-мақсаттық моделі. Мақсаттарға жету үшін мақсатты жүйе түрінде қалыптасатын, қызмет атқаратын және дамитын мақсаттарды анықтау басқарудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Мақсаттар - бұл басқару үшін қол жетімді формадағы тапсырмаларды ұйымдастыруды нақтылау процессін іске асыру.
Оларға тән қасиеттер :
- Нақты уақыт интервалына бағытталу
- дәлдік және өлшемділік
- қайшылықсыздық және басқа ресурстар мен мақсаттармен қиылысушылық
- атаулылық және бақыланушылық;
Мақсаттарды қалыптастыру моделі - қазіргі заманғы басқаруда қолданылатын тұжырымдамалар мақсаттар бойынша басқарудың бастапқы кезеңі. Басқару бүтін бір жүйе секілді мемлекет алдында тұрған барлық міндеттер мен мақсаттардың жиынтығына жетуіне бағытталады. Сондықтан да әрбір басқарушы, жоғарыдан төменге дейінгібасқарушы, өзіне жүктелген міндеттердің шегінде мақсаттар қоя білуі қажет.
Жұмыстың лайықты мақсаттық бағыттылығын басқарушы өз құзіреті шегінде жоспарланған уақыт аралында орындауы қажет. Мақсаттар мен міндеттер өз күштерін, ресурстары мен энергиясын сол мақсаттардың орындалуына жұмсайтын органдармен келісе отырып жасалынады. Мақсаттарға жету процессі төрт кезеңнен тұрады:
бүтін жаңа келісулер талап ете алады.
барлық деңгейдегі басқарушылардың өкілеттілігі мен міндеттері анықталады
бекітілген міндеттер шегінде басқару міндеттері мен мақсаттары әзірленіп, келісіледі
жұмысты бақылау, қлщеу, және бағалау жүргізіліп, өзгерістер енгізіледі.
2.Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің нысандары (объекті- лері) - бұл салалар, аймақтар, әлеуметтік-экономикалық үрдістер, яғни экономиканың тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағыт- талған мемлекеттің реттеушілік әрекеттері. Мемлекет ықпалындағы негізгі нысандар: - шаруашылық секторлық, салалық, аймақтық, ұдайы өндірістік және әлеуметтік құрылым; - экономикалық цикл; - жұмыспен қамту; - білім беру және кадрларды даярлау; - ақша айналымы; - ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстар (ҒЗКЖ) және инвестициялар; - төлем балансы; - әлеуметтік сфера, еңбек қатынастары, халықты қорғау меха- низмі; - қоршаған орта; - бағалар мен инфляцияға қарсы үрдістер; - экономиканың мемлекеттік секторы; - қаржы ресурстары және бюджеттік қатынастар; - мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, демонополизациялау үрдістері; - экономиканың әртүрлі салаларындағы меншік формалары; - сыртқы экономикалық іс-әрекет. Мемлекеттік реттеудің субъектілеріне мемлекеттік биліктің заң шығарушы, орындаушы және сот органдары жатады. Қазақстан Республикасында бұл: - ҚР Президенті; - Республикалық жиналыс: Парламент, Сенат, Мәжіліс; - ҚР Үкіметі; - Республикалық сот. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы әрі оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады. Елдің Президенті конституциялық заңға сәйкес, ҚР жасы толған азаматтары жалпы тең және тікелей сайлау құқығымен 7 жыл мерзімге сайланады. Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган - сенат пен мәжілістен тұратын парламен болып табылады. Үкімен республикада атқарушы биілікті жүзеге асырады, атқа- рушы органдар жүйесін басқарады, оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен Президент алдында жауапты, сондай-ақ Парламент алдында жауап береді. Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң сақталуын қадағалайды. Бүгінгі таңда, алдыңғы қатарлы елдердің ақпараттық жүйеге көшуімен ұлттық мемлекеттерден тәуелсіз және дербес транс- ұлттық капитал бөлініп шығуда. Ол мемлекеттік реттеуде мемлекеттің өзімен қатар маңызды рөл атқарады. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісінің тең , жаңа техникаға, техноло-жартысына дейін, сыртқы сауданың 63 гия мен ноу-хауға патенттің 4/5 бөлігін бақылайды. Сонымен қатар реттеу субъектілеріне халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты саяси және халықаралық ұйымдар да жатады. Бұл ұйымдар несиелер мен қарыздар бере отырып, белгілі бір шарттар қояды және мемлекеттерге экономикалық сферада да, саяси сферада да мемлекеттің маңызды субъектілеріне ұлттық экономиканы реттеуде бір мақсатты реттеудің ортақ механизмін ұстанады. Мысалы, Евро Одақ (ЕО) сияқты қуатты интеграциялық 16 жүйе шеңберінде бірнеше мемлекеттер ортақ валютаға көшті. Қазақстанда нарықтық қайта құрудың бастапқы кезінен мемле- кеттік реттеудің ұлттық және аймақтық субъектілеріне көптеген жағдайларда несиелерді алу мен пайдаланудың шарттарын белгі- леген халықаралық ұйымдар қосылады. Ең алдымен халықаралық валюта қоры (ХВҚ), қайта құру мен дамудың Европалық банкі (ҚДЕБ) және т.б.
3.Жергілікті әкімшіліктің басшысы – ҚР-ның президентінің өкілетті тұлғасы.
Конституцияның 87-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.Жергілікті атқарушы орган жаңа заңға сәйкес әкімият деп аталады. Әкімият — алқалы орган, оны тиісті әкімшілік-аумақта өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын әкім басқарады. Әкімияттың дербес құрамы тиісті мәлихат сессиясының шешімімен келісіледі ("Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 26, 30 бб.).Әкімдер Республика Президенті пен Үкіметінің өкілі болып табылады, өзіне сөніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты болады
Облыс (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкімін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды. Облыс (реслубликалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен босатады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Президент белгілеген тәртіпте қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.
Заңның 24 бабына сәйкес мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Әкім ұсынған аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы еселтерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.
Жалпы алғанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Президент қызметіне кіріскенде тоқтатылады.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 29 және 33 баптарына сәйкес әкімдердің құзыретіне мынандай мәселелер кіреді:
- мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мүдделерін білдіреді;
- заңға сәйкес лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындайды, қызметтен босатады;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларына қатысты мәселелерді шешеді;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
- әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді;
- заңдарда белгіленген жағдайларда және тәртіпте кәсіпкерлік қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
- ведомстволық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын мәслихаттардың бекітуіне ұсынады;
- өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындағы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, т.б..
Емтихан билеті № 9
