Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-20 гост.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

Емтихан билеті № 13

1.Басқару құрылымының анықтамасы, мәні және қасиеттері. .Басқару құрылымы — басқару деңгейлерінің төменнен жоғары қарай рет-ретімен орналасуы.

Басқару құрылымьн тігінен және көлденеңінен деп екіге бөлуге болады. Атқарушылардың аралығында сатылар көп болса, тігінен, ал аз болса, көлденеңінен болады. Мыңдаған жылдар бойы өмір cүpiп келе жатқан басқарудың дәстүрлі құрылымы желілік құрылым деп аталады. Ал басқару құрылымына көптеген қызмет салалары (кадр, конструкторлық, жарнама, жабдықтау, маркетинг бөлімі, бухгалтерия) кірсе, ол желілік-штабтық, құрылым болады.

Социология ғылымы басқару iciн басқарылатын жүйеге мақсатгы түрде әсер етудің үздіксіз процесі ретінде зерттейді. Осыған байланысты басқару құрылымы ұдайы дамып отырады. Бұған ақпарат ағынының өcyi елеулі әсер етеді. Басқару құрылымы басқарылатын нысанның жай-күйіне, қозғалысына, тиімділігіне, т.б. қатысты ақпараттарды үздіксіз алып тұрғанда ғана жетіле түседі. Кез келген басқару циклі ақпарат жинап, оны ой елегінен өткізіп, басқаруға қатысты шешім кабылдау үшін қорытудан, сөйтіп басқару құрылымының субъектілеріне жіберуден соңында жаңа ақпарат алудан тұрады.

Сонымен, басқару әртүрлі деңгейде: аймақты, республиканы, саланы басқарудан кәсіпорын ұжымын, оның бөлімшелерін, жеке адамдарды басқаруға дейін жүзеге асырылады. Сондықтан да басқару құрылымында басшының орны мен рөлі ғана емес, басқару істерімен айналысатын субъектілер де ерекше орын алады.

2.Экономикаға мемлекеттің тікелей және жанама әсер ету нысандарын анықтайтын жағдайлар. Орталық өзіне жүктелген міндетті сенімді түрде атқаруы үшін мемлекеттің экономикаға араласу формалары мен әдістерін анықтау қажет. Ең алдымен маңызды екі форманы ажырата білу керек. Олар: мемлекеттің өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуды заңдастыруы мен өндірістік кәсіпорындарды басқаруға тікелей араласуы және экономикалық саясаттың әрқилы шаралары арқылы жанама араласуы.

Тікелей араласу. Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде белгілі дәрежеде экономиканың мемлекеттік секторы бар. Абсолютті болмаса да, оның көлемі мемлекеттің экономикалық рөлінің критерийі қызметін атқара алады. Мемлекеттің қолында әр түрлі формада капиталы болады, несиелер бере алады, үлестік қызметке қатысады, т.с.с. Мұның өзі мемлекет қоғамдық капиталдың бір бөлігіне иелік етеді деген сөз. Нарық монополиясымен байланысты ұлттық экономиканың кейбір салаларының өнімдерін өткізуге өндіріс орындары тарапынан бақылаудың күшеюі, осы салаларда бағаның күрт төмендеуі, негізгі капитал маңыздылығының төмендеуімен салыстырғанда анағұрлым қауіпті. ХХ ғасырдың соңында орын алған қатаң бәсекелік күрес монополистік одақтардың құрылуына әкелді, соңғысы болса 1929-1933 жылдардағы дағдарыс кезінде өз капиталының құнсыздануына еш кедергі жасай алмады. Сондықтан қоғамдық капиталдың құнсыздануымен байланысты қиыншылықтарды жою үшін мемлекеттің тікелей араласуы қажет болды, осы салаға жұмсаған капиталы үшін жеке корпорациялар да өз пайдасын сақтап қалуға ұмтылды. Бұрынғы социалистік елдерде салыстырмалы аз уақыт ішінде бүкіл экономикада мемлекет иелігінен алып жекешелендіру үдерістері орын алды.

Жанама араласу. Араласудың мақсат-мүддесіне сай экономикалық саясат шаралары мынадай бағыттарда қолданылады:

- күрделі қаржыны мүдделендіру және жинақтау мен инвестицияның тепе – теңдігін қалпына келтіру (егер бұл мүмкін болса);

- жұмыспен қамту деңгейін барынша жоғарылату;

- кәсіпорынның тиімділігін қамтамасыз ету үшін икемді баға саясатын жүргізу;

- жалпы бағалар деңгейі мен ерекше тауарлар бағасына ықпал жасау;

- кәсіпорындарды сатып алу және оларды басқару (оның ішінде акциялау және ұлттандыру).

Мемлекет осы әр қилы шараларды іске асыру үшін фискалды және ақша саясатын жүргізеді.