- •3.Муниципалдық менеджменттің анықтамасы.
- •1.Басқару ғылымының анықтамасы, пәні, объектісі мен әдістері.
- •3.Қазақстан Республикасының жергілікті және әкімшілік бөлінісі.
- •1.Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмдері.
- •1.Нәтижелер мен тиімділік бойынша басқару.
- •3.Тиісті аймақтағы жергілікті әкімшілік басқарушысының мемлекеттік басқарудағы қызметі. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астанаәкiмiнiң құзыретi
- •3.Әр түрлі деңгейдегі жергілікті әкімшіліктердің басқарушыларының өкілеттілігі.
- •Емтихан билеті № 11
- •1.Функциялардың басқарудың басқа категорияларымен өзара әрекеттесуі. .
- •Емтихан билеті № 13
- •3.Маслихат іс-әрекетінің формасы: сессия, тұрақты және уақытша комиссиялар.
- •Емтихан билеті № 14
- •1.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру және олардың түрлері.
- •2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •3.Маслихат депутаттарының құқықтары мен міндеттері. Мәслихатдепутаты
- •Емтихан билеті № 15
- •3.Тұрақты және уақытша комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру Мәслихаттыңтұрақтыкомиссияларынұйымдастыружәнеолардыңқызметi
- •Емтихан билеті № 16
- •Емтихан билеті № 17
- •Емтихан билеті № 18
- •3.Маслихаттың ревизиялық комиссиясының іс-әрекеті.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары. Құрылуы және құрамы
- •Емтихан билеті № 19
- •3.Маслихаттардың өзара қатынасы: депутаттар және жергілікті әкімшіліктер жиналысы,жеке өкілет функцияларының іске асырудағы бөлініс қағидасы.
- •Емтихан билеті № 20
Емтихан билеті № 11
1.Функциялардың басқарудың басқа категорияларымен өзара әрекеттесуі. .
Мемлекеттің функциялары - бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары.
Мемлекет функцияларын қоғамдық өмірдің салаларына байланысты, атқаратын міндеттеріне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады. Мысалы, экологияны қорғау, экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білім беруді дамыту — бұл оның ішкі функцияларын қүрайды. Елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету мен әлемдік тәртіпті қолдау және тағы басқалар мемлекеттің сыртқы функцияларына жатады.
Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың қүрылымын қайта құру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге жеке меншік қүқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.
2.Әкімшілік-құқықтық реттеу. Мемлекеттің заң шығарушы функциясы қоғамның қалыпты өмір сүруіне көмектесіп, заңдардың баптарымен жұмыс істеу механизмін жасап шығаруды қалыптастырады. Сонымен қатар қоғам өмірінде кездесетін өзгерістерге байланысты заңдарда мүмкін болатын тенденцияларды алдын ала болжай білу қажеттілігін ескеру қажет. Тиянақты жасалған заңдар – нарықтың күшті реттеушісі. Олар нарықтағы «ойын тәртібін» белгілеп, жабайы нарықты өркениетті нарыққа айналдырады.
Қалыпты жұмыс істейтін нарықтық шаруашылықты құқықтық реттеу жұмыстарына мыналар жатады:
монополияға қарсы (антитрестік) заңдар;
меншік туралы заңдар (әсіресе шетел инвестициялары туралы);
шарттар мен келісімдер, міндеттемелер туралы заңдар;
тұтынушыны қорғау мен оның алдындағы жауапкершілік туралы заңдар;
салық салу заңдары;
еңбек және халықтың кедей топтарын әлеуметтік қорғау туралы заңдар;
табиғатты қорғау туралы заңдар (өндірістік іс-әрекетпен байланысты).
Монополияға қарсы күрес пен меншік туралы заңдарға толығырақ тоқталайық. Қалыпты нарықтық экономикада барлық кәсіпорындар әрдайым бір-бірімен бәсекелік күрес жағдайында болады. Сондықтан өтпелі кезеңде бәсекенің пайда болуына қажетті алғышарттарды жасау қажет. Біріншіден, кәсіпкерлерге жаңа фирмалар ашуға мүмкіндік беретін және оларды ынталандыратын жаңа заңдар жасалуы керек. Екіншіден, кәсіпорындарды жекешелендіру үдерісінде бәсекелі нарықтарды қалыптастыруды алдын ала болжау мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Үшіншіден, елдің ішкі рыногы шетел кәсіпкерлері үшін ашық болуы тиіс. Төртіншіден, бәсекені ынталандыратын және монополиялар мен баға жөнінде өзара, құпия келісімдерге тыйым салатын заңдар шығуы қажет.
3.Жергілікті әкімшіліктердің құрылымы: бөлімшелердің басқару нұсқалары, облысты, қаланы, ауданды басқару кестесі, жергілікті басқару әкімшілігінің аппараты, әр түрлі деңгейлердегі әкімшілік басшыларының өзара бағыныштылық қағидасы.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл,ауылдық округ әкімінің аппаратыӘкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.Әкiм өкiлеттiгiнің тоқтатылуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына немесе сайлануына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді.
Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
Әкімшілік Әкімнен, оның орынбасарларынан, басқармалардан, бөлімдерден және т.б. қызмет бөлімшелерінен тұрады. Әкімшіліктің құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың жобасына сәйкес анықтап, әкімнің үсынуымен мәслихат бекітеді. Жергілікті атқару органдарының экономикалық және қаржылық негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншіктерінен, жергілікті бюджеттің қаражатынан, жергілікті салықтардан, бюджеттен бөлінетін дотаңиялар мен субвенңиялардан, мемлекеттік алымдардан, қаланың, ауданның меншігіндегі мүлік үшін төленетін жалдамалық ақылардан, кәсіпорындардан алынатын салықтардан және басқа да төлемдерден құралады.
Емтихан билеті № 12
1.Басқарудың функциялары, оның құрылымы. Басқару – бұл басқару функциялары деп аталатын нақты басқару жұмыстарының түрлерінен тұратын циклды процесс.
Басқару функциясы – бұл арнайы әдістер және тәсілдермен жүзеге асырылатын басқару қызметінің нақты түрі және жұмысты сәйкесінше ұйымдастыру.
Жоспарлау функциясы, ұйымның мақсаты қандай болу керек және алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін ұйым мүшелері не істеу керек, соны анықтайды.
Жоспарлау тиімді болуы үшін келесі принциптерді жетекшілікке алады:
1. Жоспарлау толықтығы – жоспарлау кезінде ұйым үшін маңызы бар барлық оқиғалар мен ситуациялар ескерілуі керек
2. Жоспарлау дәлдігі – жоспарлау кезінде болжаулардың дәлдігін қамтамасыз ететін заман талаптарына сай әдістер, құралдар қолданылады.
3. Жоспарлаудың анықтығы – жоспарлау мақсаты мен шаралары ұйымның барлық мүшелеріне түсінікті болатындай етіп тұжырымдалуы керек.
4. Жоспарлаудың үздіксіздігі – бұл бір реттік акт емес, үздіксіз процесс.
5. Жоспарлау үнемділігі – жоспарлауға жұмсалатын шығын жоспарлаудан алынатын шамаларға мөлшерлес қатынаста болу керек.
2.Экономикалық реттеу.Ол жеке және жалпы мақсаттағы реттеуге бөлінеді. Жалпы мақсаттағы экономикалық реттеу монополияға қарсы шараларды шешуге, бір қолға экономикалық күшті жұмылдыруды болдырмауға, тиімсіз сауда операцияларын болдыртпауға бағытталған. Жеке мақсаттағы экономикалық реттеу белгілі бір міндеттерді шешуге бағыталған. Атап айтатын болсақ, экономиканың басымды салаларын қолдау, рентабельді емес өндіріске қатысу, шағын бизнесті қолдау, ауыл шаруашылық өндірісін қорғау, балық аулау, жаңа технологияларды және т.б. дамыту.
Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық сипаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджет тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).
Негізгі экономикалық реттеу құралдарына келесілер жатады:
1)Фискальдік саясат
2)Ақша –несие саясаты
3)Экономиканың мемлекеттік секторы
4)Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау
5)Мемлекеттік берешек, қарыз
6)Мемлекттік жоспарлау
3.Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудегі өкілетті және атқарушы органдардың өзара әрекеттесу формалары.
Жергілікті билік органдарының алға қойған мақсаттары мен амалдарына ағымдағы қызметінің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлау жүйесі қажет. Жергілікті басқару органдарының қызметінің мақсаттары мен амалдарының, стратегиялық дамуының негізінде, әлеуметтік-экоомикалық дамудың орта мерзімдік бағдарламалары мен жергілікті әкімшілік қызметінің стратегиялық жоспары (концепциясы) қалыптасады.Әлеуметтік-экоомикалық дамудың орта мерзімдік бағдарламалары мен жергілікті әкімшілік қызметінің стратегиялық жоспарының (концепциясының) негізінде әкімдік қызметінде оның жылдық жұмыс жоспары жасалынадыМемлекеттің аймақтық даму саласында салмақ орталығын аймақтар деңгейіне дәйектілікпен ауыстыру және жергілікті басқару органдарының тиімді өзара іс-қимылын, аймақтық өзін-өзі басқару қағидаларын дамыту арқылы жүзеге асырылады. Үкімет тарапынан барлық деңгейдегі бюджеттегі қалыптастырудың жергілікті өкімет органдарының өкілеттілін күшейтуді көздейтін пәрменді жүйесін еңгізу маңызды. Аймақтарға орталықтандырылған көмектердің атаулығын қамтамассыз ету, жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдау ұсынудың нысандарын әртараптандыру, аймақтардың ерекшелігін ескере отырып білім беруге, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға арналған мақсатты субвенциялар-ды тәжірибеге енгізу, реттелетін кірістерден жоғары тұрған бюджеттерге аударымдардың тұрақты жылдық мөлшерін белгілеу қажет. Жергілікті атқарушы органдарға кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту,жұмыс істелмейтін өндірістерді қайта құрылымдау және бөліктеу, дәрменсіз кәсіпорындарды, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде санациялау, банкроттық және тарату рәсімдерін жүзеге асыру мәселелерінде міндеттер мен жауапкершіліктерді шешу жүктеледі
