Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-20 гост.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

3.Маслихат іс-әрекетінің формасы: сессия, тұрақты және уақытша комиссиялар.

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес, маслихаттар тұрақты коиссиялар, және де басқа да органдар арқылы, маслихат сессиясының төрағасымен, маслихат депутаттары мен хатшылары арқылы сессияларда өз өкілеттіліктерін орындайды.

Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.       Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады. Сессия – мәслихат қызметінің негізгі түрі. Сессия заңға сәйкес жылына төрт реттен кем өткізілмеуі тиіс. Алайда қажет болған жағдайда депутаттардың немесе облыс әкімінің бастамасымен шақырылатын мәслихаттың кезектен тыс сессияларының өткізілуі заңмен қарастырылады. Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта комиссия құрылады:

      Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi  мен өкiлеттiгi

      1. Тұрақты комиссиялар: өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге; өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға; өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге; комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы. Әкiмдік, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

Мәслихаттың уақытша комиссиялары

      1. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.       2. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.       3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.

Емтихан билеті № 14

1.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру және олардың түрлері.

Ұйымдастырушылық нормалар мемлекетті басқару құрылымын, жекелеген министрліктердің, ведомстволардың, департаменттердің құрамы мен қызмет тәртібін, сондай-ақ олардың өзара қарым-қатынастары мен өзара іс-әрекеттерін белгілейді. Біздің елімізде ел экономикасын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының тиімділігін арттыру және оларды ұстауға қажетті шығындарды азайту мақсатында оны жетілдіру процесі үнемі жүргізілуде. ¥йымдастырушылық нормаларды әзірлеу мен қолдану барысында қызметкерлердің атқаратын міндеттері, ақпараттардың көлемі, мерзімділігі, қалыптасу орны, оларды әзірлеу мен қолдану процесі, мемлекеттік шенеуніктердің жауапкершілігі нақты айқындалып, белгіленуі тиіс.

«Мемлекеттік механизм» түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде «мемлекеттік аппарат» түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл түсініктердің ара қатынастары туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан, бір-бірімен өте жақын және көп жағдайда бір-біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мынада: мемлекеттік аппарат мемлекеттік механизмнің мемлекеттік қызмет принциптеріне негізделген буындарын ғана қамтиды.

Мемлекеттік аппараттың маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болуында. Мемлекеттің бір бөлігі болып отырып, олар бір-біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік тынысын қамтып, қоғамды біртұтас басқаруды қамтамасыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ. Сөйтсе де, мұндай бірлік түрлі мемлекеттік органдардың функцияларын араластыру мүмкіндігін білдірмейді.