- •3.Муниципалдық менеджменттің анықтамасы.
- •1.Басқару ғылымының анықтамасы, пәні, объектісі мен әдістері.
- •3.Қазақстан Республикасының жергілікті және әкімшілік бөлінісі.
- •1.Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмдері.
- •1.Нәтижелер мен тиімділік бойынша басқару.
- •3.Тиісті аймақтағы жергілікті әкімшілік басқарушысының мемлекеттік басқарудағы қызметі. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астанаәкiмiнiң құзыретi
- •3.Әр түрлі деңгейдегі жергілікті әкімшіліктердің басқарушыларының өкілеттілігі.
- •Емтихан билеті № 11
- •1.Функциялардың басқарудың басқа категорияларымен өзара әрекеттесуі. .
- •Емтихан билеті № 13
- •3.Маслихат іс-әрекетінің формасы: сессия, тұрақты және уақытша комиссиялар.
- •Емтихан билеті № 14
- •1.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру және олардың түрлері.
- •2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •3.Маслихат депутаттарының құқықтары мен міндеттері. Мәслихатдепутаты
- •Емтихан билеті № 15
- •3.Тұрақты және уақытша комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру Мәслихаттыңтұрақтыкомиссияларынұйымдастыружәнеолардыңқызметi
- •Емтихан билеті № 16
- •Емтихан билеті № 17
- •Емтихан билеті № 18
- •3.Маслихаттың ревизиялық комиссиясының іс-әрекеті.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары. Құрылуы және құрамы
- •Емтихан билеті № 19
- •3.Маслихаттардың өзара қатынасы: депутаттар және жергілікті әкімшіліктер жиналысы,жеке өкілет функцияларының іске асырудағы бөлініс қағидасы.
- •Емтихан билеті № 20
3.Әр түрлі деңгейдегі жергілікті әкімшіліктердің басқарушыларының өкілеттілігі.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астанаәкiмiнiң құзыретi
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:/ 1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн білдiредi; 1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады; 1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді; 2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмi мен әкiмдігінің актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiн орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi қорытынды енгiзуге құқылы; 3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi; 3-1) тиісті мәслихатқа "Облыстың (қаланың) құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады; 14) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды. 2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы. 4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi алдында жауап бередi.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзыретi
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: 1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi; 2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы; 3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi; 3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді; 14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді; 15) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады. 2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін. 3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы. 4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: 1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi; 2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады; 3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi; 4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
