Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-20 гост.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

3.Тиісті аймақтағы жергілікті әкімшілік басқарушысының мемлекеттік басқарудағы қызметі. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астанаәкiмiнiң құзыретi

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:/       1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн білдiредi;       1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;       1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;       2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмi мен әкiмдігінің актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiн орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi қорытынды енгiзуге құқылы;       3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;       3-1) тиісті мәслихатқа "Облыстың (қаланың) құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;

      4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi алдында жауап бередi.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзыретi

     Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:       1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;       2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;       3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;       3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.       4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:       1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;       2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;       3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;       4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;       4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады; Емтихан билеті № 10

1.Функциялардың мәні, анықтамасы мен жіктелуі. Қоғам мен экономика функциялары тұрақты өзгерістерге бейімделетін динамикалық организм болып табылады. Осы тұрғыда қоғам мен экономика көптеген функцияларды бірге орындайды. Жалпы алғанда мемлекеттік басқару жүйесі келесі функцияларды орындайды:

- елдің экономикалық әлеуметтік және технологиялық дамуының негізгі бағыттарын жоспарлау мен даярлайды.

- адамның өзара іс-әрекетінің қолайлы жағдайын жасау және ұйымдастыру

- қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы іс-әрекетін реттеу

- еңбектік қатынастарды бақылау мен реттеу

- ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз ету

- барлық деңгейдегі білім жүйесін қолдау

- әлеуметтік саланың үздіксіз қызмет істеуін қамтамасыз ету

Мемлекет функциясы түсінігі мемлекеттің іс-әрекетін, оның заңдылық атқарушылық және сотқа жататын органдарының негізін болатын бағыттарын белгілеу үшін қолданылады. Олардың басты міндеті қоғамның тиімді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету, атап айтқанда функцияларда мемлекеттің мәні, оның қоғам алдында тұрған міндеттерін шешудегі рөлі көрсетіледі.

Кез келген тарихи тұрпаттағы мемлекетті ғылыми тұрғыдан танып-білу биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның да негізгі сапалық сипаттамалары мен бағыт-бағдарын білдіретін оның функцияларын қарастыруды көздейді.

Мемлекеттің функциялары - бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары.

Мемлекет функцияларын қоғамдық өмірдің салаларына байланысты, атқаратын міндеттеріне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады. Мысалы, экологияны қорғау, экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білім беруді дамыту — бұл оның ішкі функцияларын қүрайды. Елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету мен әлемдік тәртіпті қолдау және тағы басқалар мемлекеттің сыртқы функцияларына жатады.

Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың қүрылымын қайта құру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге жеке меншік қүқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.

2.Мемлекеттің дәстүрлі және жаңа қызметтері. Мемлекет бүкіл қоғамдық қатынастарды реттеуге жəне халықты басқару барысында өзіне тəн бірнеше қызметтер атқарады. Мемлекеттің қызметі дегеніміз оның мəні мен табиғаты көрінетін іс - əрекетінің басты бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, əлеуметтік топтраға, жеке адамдарға немесе басқа мемлекеттерге бағытталады. Мемлекеттің қызметтеріне экономикалық, əлеуметтік, құқықтық, мəдени – тəрбиелік, саяси, табиғатты қорғау, əскери, қорғаныс, халықаралық қылмыспен күрес т.б. жатады. Мемлекеттің қызметтері бірнеше топтамаларға бөлінеді. Мысалы мемлекет қызметінің маңыздылығына қарай олар негізгі жəне қосымша, уақыт жағынан тұрақты, уақытша, кеңістіктегі əрекетіне байланысты; жалпы мемлекеттік (жалпы ұлттық) жəне аймақтық, жалпы маңызды мақсаттардың атқарылу саласына байланысты: ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттің қызметтері – мəні мен қажеттілігін білдіретін мемлекеттің іс - əрекетінің негізгі бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, əлеуметтік топтарға, тұлғаларға, басқа мемлекеттерге бағытталған белсенділігінің əр түрлі көрінісі. Қоғамдық қатынастарды тəртіпке келтіретін жəне реттейтін мемлекеттік ықпал жасау құралдарын шартты түрде құқықтық жəне ұйымдастырушылық деп екіге бөлуге болады. Мемлекет қызметінің құқықтық нысанда іске асырылуына құқық шығару, құқық қолдану жəне құқық қорғау жатады. Құқық шығару қызметі нормативтік құқықтық актілерді санкциялау, жасау, қабылдау, ескілерінің күшін жою сияқты мемлекеттің іс - əрекетінен көрінеді. Мемлекеттің құқық қолдану қызметі дегеніміз қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолдануы. Құқық қорғау қызметі қабылданған нормативтік құқықтық кесімдердің дұрыс орындалуын жəне сақталуын қадағалау, бақылау жəне құқық бұзушыға мəжбүрлілік шарасын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет қызметінің ұйымдастырылу арқылы жүзеге асырылу нысаны не əдісі тұрғындардың іс - əрекенінің жағдайына ықпал жасау болып табылады. Мемлекет жалпы мемлекеттік, ұлттық, жергілікті деңгейлердегі маңызы асыру үшін тұрғындарды жұмылдырады, ұйымдастырады. Осы мақсатта əр түрлі саяси шешімдер, бағдарламалар қабылданады. Аталған басқа да мемлекет төмендегідей қызметтер атқарады: құқық қорғау, құқықты іске асыру, құқыққа түсінік беру, құқық белгілеу, заң қабылдау, өкім, үкім шығару, жаза тағайындау, қауіпсіздікті сақату, қылмыспен күрес, адам, азамат құқығын, бостандығын қорғау, халықаралық лаңкестікпен күрес, экономикалық, əлеуметтік, құқықтық, мəдени – тəрбиелік, саяси, табиғатты қорғау, сыртқы істерді жүргізу, қорғану т.б.