Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЖ ТМ-2015.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №2

Группа 93 №2. Ауаның салыстырмалық ылғалдылығын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауды үйрену.

Теория: Ауаның φ салыстырмалы ылғалдылығы деп берілген температурада ауада болатын су буы парцияль қысымның, температурасы сондай қаныққан будың Р0 қысымына процентпен өрнектелген қатынасын айтады:

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаудың бірнеше әдісі бар. Бұл жұмыста оны психомертдің, конденсациялық және шаш гигромертлерінің көмегімен анықтайды.

  1. Психрометрмен–термометрлер температураларының айырмасы бойынша, мұнда бірінің резервуары шіберекпен оралып суға батырылған , ал екіншісінің резервуары құрғақ күйінде қалған және арнаулы таблица бойынша анықталған. П.Конденсациялық гигромертмен шық нүктесін, яғни судағы су буы бар қаныққан буға айналатын және қаныққан бу қысмның температураға тәуелділігін өрнектейтін таблица көмегимен анықталады.

  2. Суылтылған 1 камера бетінде шықтың пайда болуын оңай байқау үшін, жылу изоляциялаушы астарлары бар 2 металл сақинамен қорғап қояды. Шықтың қонғанын тәжірибе кезинде өзгеріссіз қалатын суыған камера бетін сақинаның жылтыр бетімен салыстыру арқылы бақылайды.

  3. Шаш гигрометрі –ауаның салыстырмалы ылғалдылығын психометр көмегімен анықтау негізінде жүргізеді. Шкаланың сәйкес бөлігіне гигрометр стрелкасын дәлдеп қоюға реттеуіш винт 1 пайдаланылады.

Группа 145 Құрал-жабдықтар: Психометр,гигрометр.

Жұмыс істеу тәртібі:

1.Ылғалды термометрдің стакандағы суын тексеру, қажет болса

су қосу.

2.Құрғақ және ылғалды ауаны термометрмен көрсеткіштерін өлшеу, олардың айырмасын есептеу. 3.Психрометрлік кестені пайдаланып ауаның ылғалдылығын анықтау. 4.Өлшенген және есептелген сан мәндерді кестеге жазу. 5.Психрометр мен гигрометрдің құрылысын оқу. 6. Қорытынды жасау

№

Көрсеткіші

Көрсеткіштер айырмасы

t құрғақ - tылғалды

φ%

құрғақ t0C

ылғалды t0C

1

2

3

Бақылау сұрақтары:

1. Ауаның абсалют және салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не? 2.Гигрометр жұмысының істеу принціпі? 3.Шық нүктесі дегеніміз не? 4.Қаныққан және қанықпаған бу? 5.Конденсация және булану анықтамасы. Мысал келтір? 6.Ылғалды термометр көрсеткіші құрғақ термометр көрсеткішінен неге төмен?

Группа 165 № 3. Сұйықтықтың беттік керілу коэффициентін анықтау.

Жұмыс максаты:Сұйықтықтың беттік керілу коэффициентін анықтауды үйрену.

Теория:Сұйықтың ішіндегі молекулалар энергиясымен салыстырғанда сұйықтықтың беттік қабат молекулалары потенциалдар энергияның артықшылығымен иеленеді. Сұйыктыктың беттік қабаты потенциал энергиясы азайту мақсатында қыскартады, осы кезде A=σ *∆Sжұмысы орындалады. (σ =A*∆Sнемесе σ =Ғ/l) мүнда σ- сұйықтықтың беттік керілу коэффициенті [Дж/м2 немесе Н/м]; F- беттік керілу күші, l- сүйықтықтың беттік кабатының ұзындығы.

Тамшшылардың үзілу тәсілі.

Тәжірибе дицилир суы бар пипетка арқылы жүзеге асырлады. Тамшының үзілер алдында оның ауырлық күші беттік күшке тең болады.σ=A/ΔS σ=F/l →F=m*g дененің еркін түсу үдеуі →g= 9.8 м/с → l=0,9*N*Dm

l -сұйықтың беттік қабатының ұзындығы.

Құрал - жабдықтар:

Таразылар, суы бар ыдыс, бос ыдыс, пипетка, сызғыш.

Жұмыс істеу тәртібі:

  1. Тамшыларды жинау үшін бос ыдыстың массасын анықтау, оны өлшеу.

  2. Суы бар ыдысты түтікшенің астына қою және түтікшені ақырын қысу арқылы тамшылардың ақырын үзілуіне көз жеткізу (тамшылар бірінен кейін бірі 1-2с аралығында түседі)

  3. 25, 50, 100 тамшыларын санау.

  4. Тамшылары бар ыдыстың салмағын өлшеу,тамшылардың массасын анықтау.

  5. Есептелген сан мәндерін кестеге жазу.

  6. σ =F/l формула арқылы беттік керілу коэффицентін анықтау.

  7. 3 рет тәжірибе жасау.

  1. Группа 215 σ орт= σ1+ σ2+ σ3/3 орташа мәнін табу оны кестедегі σ мәнімен салыстыру.

  2. Салыстырмалы қателікті есептеу

  3. Қорытынды жасау.

№

t, 0C

V, м3

N

D, м

σ, Н/м

‹σ›, Н/м

Δσ, Н/м

ɛ, %

Бақылау сұрақтары:

1. Сұйықтықтың беттік керілу дегеніміз не?

2. Тамшылау және дымқылдату дегеніміз не?

3. Егер трубка каналының диаметрі кіші болса, онда есептеудің нәтижесі өзгере ме?

4. Сүйықтықтын беттік керілуі неліктен сүйықтыктың түріне тәуелді?

5. Қорытындыны дәлелдеу.

Группа 235

№4. Қатты денелердің тығыздығын анықтау.

Жұмыс мақсаты:Қатты денелердің тығыздығын анықтауды үйрену.

Теория:Бір дененің тығыздығы оның массасының көлеміне қатынасына тең.

ρ =m/V ,

Заттың тығыздығын тәжірибе жүзінде анықтауға болады.

Құрал - жабдықтар: Таразы, динамометр, сызғыш немесе мензурка, денелер жиынтығы.

Жұмыс істеу тәртібі:

1. Динамометр немесе таразыныңкөмегімен дененің салмағын аныктау.

2. Сызғыштың немесе мензурканың көмегімен дененің көлемін аныктау.

3. ρ =m/V формула бойынша дененің тығыздығын аныктау.

4. Шыққан сан мәндерін кестемен салыстыру.

5. Элементтік салыстырмалы қателігін есептеу.

6. Есептелген сан мәндерді кестеге жазу.

7. Қорытынды жасау.

8. Зерханалық жұмысты қорғау.

№

m [кг]

V[м3]

ρ [кг/м3]

ρкесте [кг/м3]

δ%

Al

2,7*103

Fe

7,8*103

Латунь

8,5*103

Бакылау сурактары:

1. Заттың тығыздығы дегеніміз не? SІ жүйесінде тығыздықтың өлшеміне анықтама бер.

Группа 285 2. Абсолюттік және салыстырмалы кателік дегеніміз не?

3. Дұрыс емес геометрияльқ пішіннің көлемін қалай аньқтайды?

4. Осы жұмыстағы өлшемдер кателіктерінің мүмкіншілік ceбептерін атау.

5. Алынған қорытындыны жақсылап салыстырыңдар