- •Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Зертханалық жұмыс №5. Резеңкенің серпімділік модулін (Юнг модулін) өлшеу.
- •Зертханалық жұмыс №7. Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау.
- •Зертханалық жұмыс №8. Өткізгіштерді параллель және тізбектей қосу.
- •Зертханалық жұмыс №6. Электр энергиясының ішкі кедергісін анықтау.
- •Зертханалық жұмыс №9. Шам қуатының оның ұштарындағы кернеуге тәуелділігін зерттеу.
- •Зертханалық жұмыс №10. Электромагниттік индукция құбылысын зерттеу.
- •Зертханалық жұмыс №11. Математикалық маятник арқылы еркін түсу үдеуін анықтау.
- •Зертханалық жұмыс №12. Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау.
- •Зертханалық жұмыс № 13. Линзаның аралығын және оптикалық күшін анықтау.
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Зертханалық жұмыс № 14. Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулық
Линзаның оптикалық күші мен фокус аралығын анықтау үшін жұқа линза формуласы қолданылады.
1/d+1/f=D или 1/d+1/f=1/F
Зат ретінде жарықтандырғыш бетіне орналастырылған қаптамадағы әріпті қолданады. Шынайы кескінді экран бетінде алады.
Бақылау сұрақтары
Линза дегеніміз не?
Жұқа линза өрнегін пайдалана отырып фокус аралығын және линзаның оптикалық күшін анықтау үшін қандай шамаларды білу қажет?
Линзаның оптикалық күші дегеніміз не? Қандай өлшем бірлікпен анықталады?
Кескіннің қандай түрлері болуы мүмкін? Жалған және шынайы кескіндерді қалай алуға болады?
Линзаның негізгі қызметі қандай?
Қорытынды жасаңдар.
Зертханалық жұмыс № 14. Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтауды үйрену.
Құрал-жабдықтар:
Жарықтың толқын ұзындығын анықтайтын аспап.
Дифракциялық тор.
Жарық көзі
Теория:
Жарықтың дифракциясы дифракциялық
тордың көмегімен жақсы бақыланады.
Дифракциялық тордың формуласы
(1) бойынша түрліше ұзындықтағы толқындар
үшін максимумдар түрліше бұрыштармен
бақыланады.
бұрышы
аз және тор мен экранның
қашық-
тығы саңылаудан толқынның максимумы бақыланатын б қашықтықтан көп үлкен болғандықтан,
(2) деп
алуға болады (4.5-ты қараңдар). 1 мен 2
формулаларынан
аламыз.
Жұмыстың барысы:
Дифракциялық тордың (1) аспаптың рамкасын (2) қосып, оны көтерілгіш үстелдің қысқышына бекітіңдер. (1-сурет).
Жылжымалы экранды (5) дифракциялық тордан 50см қашықтыққа қойыңдар.
Дифракциялық тор (1) арқылы, аспапты нысана саңылауынан көрінетін етіп қойыңдар. Осы кезде жылжымалы экранның қараңғы реңіне бірнеше ретті дифракциялық спектрлерді көруге болады. Спектрлер көлбеу тұрса, торда олар вертикаль болатындай етіп, бұрып қойыңдар.
Экрандағы шкала бойынша бірінші реттік спектрдің қызыл және күлгін шекарасын анықтаңдар, сонымен спектрдің жасыл сызығының орнын да байқаңдар.
Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер. Жылжымалы экран мен тордың арақашықтығын өзгертіп, өлшеулерді қайталаңдар. Мұны экранның әр-түрлі үш орналасу жағдайы үшін қайталаңдар. Есептеу формуласы бойынша, қызыл, жасыл, және күлгін сәулелер үшін толқын ұзындығын анықтаңдар.
Қызыл, жасыл, және күлгін сәулелер үшін толқын ұзындығының орташа мәнін табыңдар.
Өлшеу қателігін бақылаңдар.
Спектрдің реттілігі |
Тордың периоды d(м) |
Тордан экранға (шкалаға) дейінгі қашықтық . |
Спектрдің шкалалары және белгілері, м. |
Толқын ұзындығы, м. |
||||
|
|
|
қызыл |
Жасыл |
Күлгін |
Қызыл |
Жасыл |
Күлгін |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
Дифракциялық тор дегеніміз не?
Тордың периоды деген не? Ол қалай есептеледі?
Спектрдің қай бөлігі экранның саңылауына жақын орналасқан: қызыл немесе күлгін?
Тор мен экранның арақашықтығы дифракциялық спектрдің ретіне қалай әсер етеді?
Тордың периоды дифракциялық спектрдің арақашықтығына қалай әсер етеді?
Егер көшедегі шамға капрон, тюль арқылы қарайтын болсақ, неге олардың төңірегінде түрлі-түсті шеңберлер пайда болады?
