Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЖ ТМ-2015.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №12. Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар:

  1. Жазық параллель шыны пластина

  2. Ағылшын түйреуіші – 4 шт.

  3. Өлшеуіш сызғыш

  4. Ақ қағаз

  5. Шам

  6. Аккумулятор батареясы

  7. Кілт

  8. Жалғағыш сымдар

  9. Саңылау бар экран

  10. Транспортир

Теориясы: Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылысы бақыланады. мұның себебі әр-түрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болады. Сыну заңы бойынша:

n=

Мұндағы n екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші. Егер бірінші орта ауа болса, абсолют сыну көрсеткіші l, онда екінші ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші абсолют сыну көрсеткішіне тең.

Жұмыстың барысы:

  1. Электр шамын кілт арқылы батареяға қосып, тізбек құрыңдар.

  2. Группа 565 Шамның алдына саңылауы бар экранды орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.

  3. Кілт арқылы тізбекті қосыңдар да қағаз бетінде жіңішке жарық жолағын алыңдар.

  4. Жарық жолағына кез-келген бұрышпен шыны пластина қойыңдар.

  5. Пластинаның пішінін қағазға сызып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан F шығу нүктесін белгілеңдер.

  6. Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинаны алыңдар.

  7. А және В, В және F нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.

  8. Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.

  9. Шынының сыну көрсеткішін (1) формула бойынша есептеңдер.

  10. Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаңдар және нәтижелерді салыстырыңдар. (тәжірибені 3 рет жүргізіңдер).

  11. Тәжірибелерді жарық көзінсіз, ағылшын түйреуіш пайдаланып жасаңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Шынының сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінің түсу бұрышы артқан кезде қалай өзгеретінін анықтаңдар. Осы тәуелділіктің графигін сызыңдар.

  2. Жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші немесе үлкен, сондай-ақ нөлге тең бола ала ма?

  3. Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы неде?

  4. Сыну көрсеткішінің ең үлкен дәлдікпен, яғни ең кіші қатемен қалай анықтауға болады?

Зертханалық жұмыс № 13. Линзаның аралығын және оптикалық күшін анықтау.

Мақсаты: Линзалардағы кескінді көру және анықтау.

Құралдар:

Проекциялық аппарат, лупа, көзілдірік, микроскоп, телескоп, сызғыш.

Орындалуы:

1) Линзаны экран мен лампа аралығында жылжытып, (экранға дейінгі арақашықтық және линзадан) экранда лампа спералінің үлкейген А-ның кескінін аламыз.

2) Лампадан линзаға дейінгі арақашықтық d және линзадан

экранға дейінгі арақашықтық f

өлшеп аламыз.

3) Линзаны жылжытып, лампочка спералінің

  1. экранда кішірейтілген А-ның кескінін аламыз. Бір түзудің бойына жарық көзін, линзаны және экранды орналастырыңдар.

  2. Жарық көзі мен линзаны экранда жарық көзінің айқын кескіні алынғанына дейін қозғаңдар. Бұл қыздыру қылы линзаның фокусында деген сөз. Тәжірибені экранда жарық көзінің ұлғайған, кішірейген және бірдей кескінін алғанға үш рет жасаңдар.

  3. Барлық тәжірибелерде көзден линзаға дейін –d, экраннан линзаға дейін f қашықтықты 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшеңдер.

  4. Линзаның F бас фокус аралығын линза формуласын пайдаланып өлшеңдер, оны метрмен өрнектеңдер.

  5. Линзаның оптикалық күшін анықтаңдар.

  6. Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.

№

f, *10-3

d, *10-3

F, *10-3

D, м

Г