- •Абай бейнесі
- •Әке мен бала
- •Құнанбай бейнесі
- •Халық бейнесі
- •«Әуезов әйелдері»
- •Табиғат бейнесі
- •Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
- •Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері
- •Айтыстың көркемдік ерекшелігі
- •Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (Аягөз, қайда барасың?)
- •«Жазушы келбеті»
- •1952-1970 Жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды.
- •Туып-өскен ортасы
- •Ғұмар – журналист
- •Ғұмар және Алашорда
- •Ғұмар – ұлттың көсемі
- •Неден қорқам?
- •Қазақ ертегілерінің қалыптасуы
- •Жүсіпбек Аймауытов, «Ақбілек» романы
- •1970 Жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді.
- •1967 Жылы "Жоқ, ұмытуға болмайды!" атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Көне түркі ескерткіштері туралы қазақша реферат
- •2001 Жылы Күлтегін ескерткіштерінің көшірмесі Астана қаласындағы л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне қойылды.
- •2003 Жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.[3]
- •1904 Жылы 23 июньде өзі де қайтыс болады. Сүйегі өзінің ата қыстауы Жидебай деген жерде қойылған.
- •"Батыр Баян" поэмасы
- •2010 Қазақстан пошта маркасы
- •1925-1928 Жылдары Ленинград университетінде оқып жүрген кезде «Қаракөз», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман» 1928 жылы повестерін жазады.
- •Әңгімелері
- •2002 Жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.
- •Аласапыран
- •Қайырлы таң, достарым!
- •Балалық шағы
- •Шалкиіз жырау
- •«Шығанақ» жайлы бірер сөз
Неден қорқам?
Аждаhа алты басты жаудан қорқам,
Бүлдірген ел арасын даудан қорқам.
Күлімдеп кіріп, ішкі сырыңды алып,
Құрылған аяқ асты аудан қорқам.
Ертеден кешке дейін бір іс етпес,
Жатып іш жалқау – дені саудан қорқам.
Кім көрсе, соған айтқан сырдан қорқам,
Әңгіме сырдың түбі – жырдан қорқам.
Сүзіліп, сопысынып дінді сатқан,
Таңқы мұрт, таспа қара сұрдан қорқам.
Бұлғақтап құр білімсіз, ағымға еріп,
Білгенді еліктеген зырдан қорқам.
Асығыс істей салған істен қорқам,
Қандары тасқан қара күштен қорқам.
Дос болып бірге жүріп қастық етіп,
Тысына қайшы келген іштен қорқам,
Көруге бек әдемі болса-дағы,
Құбылма тез оңатын түстен қорқам.
Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам.
«Таң туды, мезгіл жетті» деп адасып,
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам.
Істері адамдыққа жанаспаған,
Жануар – екі аяқты аңнан қорқам.
Көлеңке елестеген бойдан қорқам,
Түс көріп, өң деп ұққан ойдан қорқам.
Теңгеріп жарлы байды, құрып жұмақ,
Теп-тегіс жұртқа жеткен тойдан қорқам.
«Теңгердім, той жасадым жұрт үшін» деп,
Жер-жерде шалған құрбан қойдан қорқам.
Ұжмақ көктен жерге енбек емес,
Мезгілсіз бір нәрсе де келмек емес.
Өзің ту, ұл тусаң да, қыз тусаң да,
Әкеліп біреу саған бермек емес.
Табиғат заңы, жолы өзіне хас,
Ешкімнің жетегіне жүрмек емес.
Адаспа, андық етпе, адам ұлы,
Көрінген о бір сағым көзіне елес.
Сағымды «су таптым» деп жұрт жинасаң,
Жындыға айтар сөз жоқ құрып кеңес.
Азғана күн болдым деп,
Істім, тастым, талдым деп,
Аты шыққан ерлерді
Аяғыңмен таптама.
Ғұмар ҚАРАШ
Алаш атты орда құрып шалқығанын,
Бақ-дәулеті туып, өсіп балқығанын,
Әрбір істе қазақ исі аңқығанын
Тірлікте көзімізбен көреміз бе?
Ғұмар ҚАРАШ
«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді.
«Бұл әңгіме - 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық жазалы демеймін»,- деп қара сөзбен бастаған Шәкәрім ақын.
Ақын поэмасы адам болмысының қыр-сырынан сыр шертуден басталып, кісі бойындағы достық, махаббат, ақыл-парасат жайлы толғайды. Толғай келе «Ақтабан шұбырынды» заманының кейпін айтып, тарихи оқиғалар мен елдің атажұртынан ауа көшуі, кейін хан Абылай заманында өз қоныстарына бытырай келіп қайта қоныстануы жайлы жырлайды. Онан соң Кебек батырдың ер мінезді, кішіні аялап, үлкенді сыйлайтын ақылды, парасатты ер екені, елі мен жері үшін жаудан жасқанбайтын азамат екені жырланады.
Бірде Кебек батыр аңға шығып, бұрқасын боранға тап болып, кеш бата адасып кетеді. Бұны жырлаған ақын:
«Бораннан байқай алмай барар бетті,
Түн ішінде адасып Кебек кетті.
Осы Хақан өзеннің аяғында
Қыстаған бір Матайға келіп жетті»,- дейді.
Осылайша Кебек батыр Еңлік сұлудың үйіне тап болады. Сол түнде бірін-бірі сынасқан тұста Кебек Еңліктің бақытсыз екенін, басы шарасыздан қортық еркекке байланғанын біледі. Ақын бұл тұстарды ерекше шеберлікпен суреттеп, қыздың ақыл-парасатын, сөз бен жүйеге жүйрік шешендігін дәлелдейді. Бір айтқан сөзге нана салу ер жігітке сын, сондықтан Кебекке де Еңлікті бірнеше рет сынатып, көңілінен шығарады. Бұл тұста ақындық шабыттың нағыз биік үлгісін көрсеткен Шәкәрім ақын екі жас ортасындағы нәзік махаббат, шарасыздық, екі ел ортасындағы бірлік, халықтың надандығы, тағдыр ісі жайлы айтқандарын өте жоғары шеберлікпен суреттеп, поэзияның тым биік, жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетеді.
Осы кездесуден кейінгі кездерді де, ел ісінің ушығуын, Еңлік пен Кебектің кейінгі тағдырын жүрекке жетер шынайылықпен, суреткерлікпен жеткізе білген.
Ақынның позициясы анық аңғарылып отыратын поэмада Шәкәрім екі жастың махаббатын қолдап, елдің ұрда-жық надандығына налып, күйінеді. Халықтың қарабайыр тобырлығы қыршын кеткен екі жастың өліміне себеп болады. Бұл тұстарда ақын тіптен шиыршық атып, буырқана жырлайды.
Жалпы, «Еңлік-Кебек» поэмасы – қазақ поэзиясының біртуар тұлғасы Шәкәрім қаламынан туған кесек туынды.
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрітәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.[1]
Құрылымы
Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.
Түрлері
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер; 2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.
Қалыптасу тарихы
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылықәңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.
