Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адебиет МЕ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
632 Кб
Скачать
☆

Айтыстың көркемдік ерекшелігі

Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады. Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады.

Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, –

деген жолдардағы эпитеттік метафоралар, "қырандай желді күнгі аспандаймын" деген жолдағы теңеу үздік образдар екені сөзсіз. Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде, өте шебер және көбірек қолданатын әдісі – метафора, әсіресе оның ұлғайған түрі. Сол көркем сөз айшықтарын екі ақын да өз арман-мұраттарын, мұң-шерін айтып беру үшін шебер пайдалана білген. Біржан сөздеріндегі алуан түрлі эпитет, метафоралар, Сара сөзіндегі үздік теңеулер соны да көркем. Біржан мен Сара айтыстарында ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.

Көрінсін Біржан салға ай секілді, Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді, Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым, Біржанға баламаймын тай секілді...

Мұнда сөйлемнің сыртқы құрылысы көркем, асыра мақтау болса да, ішкі мазмұнында Жиенқұлдың шын суреті мен шын қасиеті бұл мақтауды жоққа шығарады да, оны иронияға (әжуаға) айналдырады. Мұнда сырт жағынан болса да мақтау бар. Ал екінші үзіндіде Сара Жиенқұлды ашық шенейді:

Қонжиып мінер Құла жорға барса, Келе алмас ол шірігің қорғаласа, Ол бізді шын масқара қылар сонда, Қорс етіп бармаймын деп үйде қалса.

Алдыңғы үзіндіде ішкі мазмұнына сыртқы құрылысы керісінше келсе, соңғы үзіндіде өзінің барлық күйін ашық, улы сарказммен айтып, Жиенқұлды өлтіре сынайды. Сол арқылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді. Сөйтіп, "Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні – әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлақтың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға арқау етуі, ескі феодалдық салтқа қарсы шығуы өз дәуірі үшін прогресшіл идея еді. Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс – салт айтыстың ең биігі.

Айтыс — Дәстүр

Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.

Айтыс ақындары

Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің “киесі бар, иесі бар” деп білген. Мысалы, Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің “өлең аласың ба, көген аласың ба?” деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес.

Өнер жарысы

Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай, Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып айтыс ақындары болған. Бұл үлкен дәстүрді қазір Әсия, Әселхан, Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш, Мұхамеджан сияқты айтыс ақындары жалғастырып келе жатыр.

Жанры

Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бәдік” жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы — екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (“Жар-жар”, “Бәдік”), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (“Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Әсет пен Ырысжан”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Орынбай мен Тоғжан”, “Біржан мен Сара” тағы басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс, тағы басқа болып жіктеледі.

Маңызы

Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тәсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды “Аталы сөзге арсыз жауап қайырады” деген мәтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған.

Көне деректер

Айтыс түркі елдерінде көне дәуірден белгілі. Махмұд Қашқаридің “Диуани-лұғат-ат түрк” атты еңбегіндегі “Жаз бен Қыстың айтысы”, Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметіндегі” Жұмақ пен Дозақтың айтысы” бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартатынын аңғартады.

Әуезовтың зерттеу еңбегі

«Қазақ әдебиетінің тарихына» енген (1-том, 2-кітап, 1960, 671-714-беттер). Ал Әуезовтің 1948 жылы жазған «Айтыс өлеңдері» атты еңбегінде ол «Совет ақындарының айтысы» деген атпен берілген. Еңбекте автор қазақ халқының ежелден келе жатқан төл өнері - айтыстың жаңа заман, жаңа кезеңдегі өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Егер өткен дәуірлердегі айтыстарда ақынның негізгі арқа сүйері ру, ата-баба сияқты ескі әдет-салттар болса, кейінгі ақындар өздерінің елі, ұжымшар, аудан, қала, облыс жайын тілге тиек етеді. Сол арқылы сын мен өзара сынды өткірлеп, өрістете түседі. 1922 жылы Семейдің екі ақыны (Иса мен Нүрлыбек)бірі қала, екіншісі ауыл атынан айтысқанын, «Шашубайдың қасқырмен айтысын» (1932) мысалға келтіріп, айтыс өнерінің жаңаша мазмұн, түр сипатқа ие бола бастағанын сөз етеді.Осы сияқты «Қасқыр мен қойдың айтысы», «Қарагер ат пен директордың айтысы», «Бай мен кедей айтысы» туралы, 1939 жылы Алматыда өткен Нартай мен Нүрлыбектің айтысына және 1943 жылы республикалық көлемде өткен үлкен айтыстың кейбіріне қысқаша тоқталады. Жазушы кеңес кезеңіндегі айтыстарда қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық мәселелері мейлінше кең, терең толғаныспен сөз болатынын атап көрсетеді.[3]

Әуезовтың айтыс туралы ой-пікірлері

Әуезовтің айтыс жанры туралы сүбелі еңбегінің бірі - 1946 жылы Жамбылдың 100 жылдық мерейтойында жасаған «Жамбылдың айтыстағы өнері» дейтін баяндамасы («ҚазКСР ғылым академиясының хабарлары. Әдебиет сериясы», 1948, N2 55). Бұл еңбегінде автор ақындар айтысының үш халықта - қазақ, қырғыз, қарақалпақтарда бар екенін айтады. Ақындар айтысына ұқсас жанрдың көшпелі араб тайпаларында бар екеніне (мұғалақат) тоқталып, қазір ірі жанр ретінде жоқ болғанмен, ертерек уақыттарда Еуропа халықтарында да айтысқа ұқсас жанрлар болғанын атап көрсетеді. Айтыскер ақынға тән қасиеттер ретінде алғыр импровизаторлық қасиет, дүниетанымның кеңдігі, тапқырлық, батылдық тағы басқа қасиеттерді санамалап айтқан. Жамбыл айтыскерлігін мысалға ала отырып, айтыстағы демократиялық үрдістің дамуын және жыршылық дәстүрдің айтыс ішіне кіру ерекшеліктерін талдаған. Айтыс жанры - 19 ғасырда Ш. Уәлиханов, В. Радловтардан басталған үлкен ғылыми-зерттеу тарихы бар жанр. Әуезовтің әсіресе 50-жылдардағы зерттеулері бұл саланы жаңа сапалық биікке көтерді. Қазақ КСР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 1960, 1964 жылдары шығарған «Қазақ әдебиеті тарихында» (1-том, 1,2-кітаптар) дәстүрлі айтысқа және кеңес дәуіріндегі айтыстарға арналған тарауларында айтыс жанрының зерттелуі туралы салиқалы ойлар келтірілген. Ондағы «Айтыс» тарауын, 60-жылдарда шыққан 3 томдық «Айтыс» жинағының алғы сөздерін Әуезов жазып, айтыс поэтикасы туралы озық ойлар, тартымды тұжырымдар айтқан. Айтыстың жиналуына, зерттелуіне қал-қадерінше еңбек сіңірген алғашқы ғалымдар Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Ә. Диваевтардың еңбектеріне тоқталған. Әуезовтің «Ақындар айтысы - көпшілік алдында, тындаушы, сыншы журттың көз алдында туып, орындалады. Әнмен не әр ақынның арнаулы сарынымен: қобыз- ға, домбыраға, гармонға қосылып айтылады.Ақындардың бірі жеңіп, бірінің жеңілгеніне төрелік айтушы да сол жиынның өзі болады» деген пікірлерін айтыс поэтикасының негізі, әліппесі деу керек. Тыңдаушы орта жайындағы пікірлері де әлі күнге дейін өте маңызды. «Оның үстіне, көбінесе, тыңдаушы жұрт екі жақ болып, екі ақынның туысы, тілеулесі, жақын ортасы болады. Сондықтан тартыс, талас тек екі ақын арасында ғана емес, бәсеке тілеулестік екі жарылған жиында да болады» деген қағидалар усынады. «Осы айтылған ерекшеліктердің барлығы, ақындар айтысын, тыңдаушы көпшілік үшін әр кезде театрлық, драмалық аса қызу әсері бар, өнер түріне айналдырады» деп, айтыста драматизм элементтері, театрлық белгілер бар екеніне ден қояды. Әуезов ақындар айтысы салт айтысының дамуы негізінде шыққанын, 16-18 ғасырлардағы ақындар айтысының бізге жетпегенін айтады. Арабтардағы«мұғаллақат», Үндістан, Иран елдерінде «мұшайра» жанрлары талданған Еуропа халықтарындағы импровизация белгілері бар әдеби фактілер келтірілген. Ақындар айтысы (қазіргідей, бірден жазып алынбаған)дәл айтылған қалпында сақталмайды, айтушылар ақынның өзі, одан ұғып алған басқа ақындар,шәкірттері негізін сақтай отыра жырлайды, бірақ бәрібір өзгеріске үшырап, редакцияланады. Жеңу мен жеңілу мәселесіне талдау жасалып, құр шешендіктен, төкпеліктен гөрі логикалық қарым негізгі себеп екенін дәлелдеген. Айтыстың тақырыбы мен идеясына келгенде, таптың, халықтың мәселелерін қарап, ақынның идеялық көзқарастарынан барып туындайтын айтыскерлік бітім, шығармашылық ерекшеліктері талданады. Әуезов айтысты негізінде - әдет-салт айтысы және ақындар айтысы - деп екі түрге жіктеген. Ақындар айтысын -түре айтыс және сүре айтысқа бөлді. Ғалымның айтыс түрлеріне берген анықтамалары әлі күнге айтыс түрлерін ажыратудағы негізгі пікір болыпмкеледі. Түре айтыстың бір шумақ өлеңін екі түрге ажыратқан. Бірі - қайым өлең, екіншісі - қара өлең. Әдет-салт айтыстары «аса ескісі, жекелеген айтыс емес, топ-топ болып айтысқан, салттан туған, ескілікті наным әдеттерден туған айтыс» деп, бұл айтыстарды діни салт айтыстарына (бәдік), үйлену салт айтыстарына (жар-жар) жіктеген. «... әдет-салт айтыстарында «жеңу», «жеңілу» сияқты қорытындылар болмайды» дейді. Ақындар айтысына тусуші ақындардың өзіндік стилі, ерекшеліктері болғанымен, көп ақындарға тән тақырыптар, мотивтер болатынын айта келіп, ең алдымен көп жағдайда ақындар алдымен өздерін мадақтайтынын,белгілі бір ру, тайпаның мүддесін көздейтіндігін,белгілі бір әлеуметтік топтың жоқшысы болатындығын айтады. Бір топ ақындар ауқатты үстем тап өкілдерінің мүддесін көздесе, екінші бір топ ақындардың жалпы халық мүддесіне жақын тұратынын мысалдармен дәлелдеген. Бұл еңбекте Жамбыл, Құлмамбет, Майкөт, Сүйінбай, Біржан-Сара айтыстарына баға беріліп талданған. Тараудың соңында діни айтыстардың табиғатына тоқталады.«Қазақ әдебиеті тарихының» 1-томының 2-кітабындағы «Айтыс» тарауында кеңес дәуіріндегі айтыстар қаралады. Бул дәуірдегі айтыстың дәстүрлі айтыспен қарым-қатынасы, ұқсайтын, ұқсамайтын жақтары қарастырылып, осы ерекшеліктерді тудыратын себептер айтылған. Қоғамдағы ірі өзгерістерге, белгілі оқиғаларға байланысты жаңа тақырыптардың тууы, ақындардың өзіне баға берудегі өзгешеліктер, жаңа жағдай туғызған ақындық этика нормалары, шаруашылық мәселелерін тақырып ету, белгілі оқиға, тақырыпқа бейімдеп айтысу, жазып айтысу тағы басқа айтыс проблемаларын Әуезовтің зерттеулерінен көреміз. Кеңес өкіметі кезіндегі ақындар айтысы туралы ойларын сол кездегі идеологиялық талаптарға сәйкес талдаған жерлері де бар. Иса Байзақов, Шашубай Қошқарбаев, Нұрлыбек Баймуратов, Көшен Елеуов, Нартай Бекежанов тағы басқа ақындардың айтыскерлік ерекшеліктеріне жан-жақты баға берілген. Әуезов 1943 жылы Алматыда өткен 1-республикалық ақындар айтысына ғылыми қорытынды жасап, баға берді. 1961 жылы өткен халық ақындарының республикалық мәслихатын да басқарады. Осы күнге дейін Әуезовтің айтыс жанры туралы, әсіресе айтыс поэтикасы туралы зерттеулері қазақ әдебиеттану ғылымындағы ең озық еңбектер болып саналады.

"Айтыс аяқталды, жұмыс жалғасуда" мақала

«Литературная газетада» 1959 жылы 24 ақпанда жарияланған. Мәскеудегі Орталық әдебиетшілер үйінде өзбек әдебиетін талқылау туралы жиында Әуезов бұл туысынан әдебиеттің сол кездегі жағдайы мен дамуы жөнінде келелі пікір қозғап, салиқалы ойлар айтқан. Орыс әдебиет сыншысы А. Караваева сынаған П. Қадыровтың«Үш тамыр» романына өзінің жылы пікірін білдірген. Сондай-ақ Әуезов бүкіл өзбек әдебиетінің жай-күйіне де әділ баға беріп, оның алдағы уақытта даму процесі туралы нақты ұсыныстарын ортаға салған. КСРО кезінде ұлттық әдебиеттің одақтас республикалар әдебиеті мен өнерінің он күндігін өткізіп туру дәстүрі ұлттық әдебиетті дамытуға игі ықпалын тигізген еді. Ол ұлттық әдебиеттің жетістік-кемшіліктерін кеңінен талдауға мүмкіндік берді. Сөйтіп жазушы немесе ақын өз шығармасына назар аударылғанын бірден сезінді. Сондықтан Әуезовтің бұл мақаласы бауырлас өзбек қаламгерлеріне шабыт беріп, жаңа шығармаларын терең құлшыныспен жазуға жетелегені анық.

Айтыс өлеңдері

«Айтыс өлеңдері», жазушының зерттеу еңбегі. 1948 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» (1-том, 237-267-беттер) арнап жазған. Кейін Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» атты (1959, 318-359-беттер), 12 томдық (11-том, 1969, 421-471-беттер), 20 томдық (17-том, 1985, 279-336-беттер) шығармалар жинағына енген. Ал 1960жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына (1-том, 1-кітап, 671-714-беттер) енген нұсқасында айтыс өлендерінің жиналып, зерттелуі жайлы және басқа аздаған толықтырулар қосылған. 1948 жылы нұсқадағы «Совет ақындарының айтысы» атты тарауы «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1-том, 2-кітабына (1964, 194-240-беттер)«Айтыс» деген атаумен еніп, оны О. Нұрмағамбетова жалғастырып, толықтырған. Айтыс өлеңдері туралы Әуезов алғаш рет 1927 жылы шыққан «Әдебиет тарихы» кітабында және 1939-1940 жылдары Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» («Эпос и фольклор казахского народа») атты еңбегінде қысқаша тоқталған. Әуезов кейінгі зерттеуінде айтыс өлеңдерінің жиналып, зерттелу тарихына және басқа халықтардың ауыз әдебиетінде кездесетін кейбір ұқсас жанрларына қысқаша шолу жасап, қазақ айтыс өлеңдерінің өзіндік әр алуан ерекшелік, өзгешеліктерін ашып айқындайды.Айтыс өлеңдері ауыз әдебиетінің сонау ескі замандардан келе жатқан ең көне әрі кең тараған мол түрі болумен қатар, онда халық театр өнерінің де «анық, дәл үрығы бар деуге болады» деген пікір айтады. Айтыс өлендерін автор әдет-салт айтысы және ақындар айтысы деп, үлкен екі түрге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, талдаулар жасайды. Әдет-салт айтысын өте ескіден келе жатқан түрлі наным, салттан туған, топ-топ болып айтысатын «бәдік айтыс» және «жар-жар» деп екі түрге бөліп қарастырады. Ақындар айтысын сыртқы көлеміне, түр ерекшелігіне қарай «түре айтыс» және «сүре айтыс» деп екі топқа бөліп, түре айтыстың өзін «қайым өлең», «қара өлең» деп екі үлгіге жіктейді. Мұнда жазушы айтыс өнерінің жүйрігі ретінде аты шыққан Біржан, Сара, Майкөт, Сүйінбай, Құлмамбет, Шөже, Жамбыл, Әсет, Ырысжан,Кемпірбай, Шәдітәре, Манат қыз, Түбек тағы басқа ақындар айтысының кейбір үлгілеріне тоқталған.[4]

"Ақан сері – Ақтоқты" – Ғабит Мүсіреповтың 1941 жазған тарихи шығармасы. Пьеса қазақ әдебиетінің дараматургия саласындағы шоқтығы биік туындылардың біріне айналды. Шығармада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталады. Бұл пьеса 4 перделі, 5 суретті драма. Драматург осы шығармасының 2 түрлі нұсқасын жазған. Пьеса романтизм үлгісінде жазылған. Пьесада Ақанның кішкентайынан бастап өнер жолына шығуы,тыныс-тіршілігі түгелімен көрініс табады. Ақан жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына ел мәселесі де қосылады. Ол бай-болыстардың қараңғы халыққа көрсеткен озбырлығын, қастандығын ашық түрде айтады. Қазақ елінің Ресей қосылу тарихының маңызын тереңнен түсіне алмады және осы жайлар кейбір қайшылықтарға да әкеліп соқтырды.Өмірде Ақан серінің өз басының қайғы-қасіреті де көп болған адам. Оның сүйіп қосылған жарының өмірі қысқа болып, жалғыз ұлы мылқау болады. Ақтоқтыдай сұлу қызға ғашық болып, үйленбек мұратына жете алмайды. Сөйтіп ол Ұрқия деген қызға үйленіп, үш айдан кейін шешек ауруынан ол да қайтыс болады. Бір басына осы жылы қайғы тым ауыр тиеді. Оның қыран құсы Қараторғай өледі. Қасқырға салған уды жеп тазысы да өледі. Құлагердей пырағы опасыз байлардың қолынан мерт болады. Ақан патшаның отаршыларынан да опасыздық, зорлық көріп, туған жерінен айырылып, жалғыз мылқау ұлын қасына алып, мұңлы жүрегіне домбырасы жұбаныш болып, елден безіп, көл жағасында қайғырып күн кешеді. Оған елдің «Ақан сері перінің қызымен көңіл қосыпты» деген сөздері жаралы жүрегіне бата түседі. Ақан Қорамсаұлы өмірден осындай ауыр қайғы-қасірет пен азап көреді. Ол қартайып, ұзақ уақыт науқастанып 1913 жылы жездесінің қолында қайтыс болады. «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы жайлы қазақ зиялыларының пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Қабдеш Жұмаділов: «Ғабеңнің прозасы өз алдына. Ал әдебиеттегі үлкен қыры – драматургтігі. Кейде «Жазушының прозасы мықты ма, әлде драматургиясы мықты ма?» деп ойлаймын. Қарап тұрсаң, екеуі тең түсетіндей.Мысалы, «Қозы Көрпеш– Баян сұлу», «Ақан сері–Ақтоқты», «Қыз Жібек» пьесалары қандай! Басқа біреудің қолына түскенде, «жібекті түте алмаған жүн етеді» демекші, бүлдіріп алар ма еді? Осы туындылардың бәрін Ғабиттің жазғаны дұрыс болды. Қас шебердің қолына түскен халықтың асыл қазынасының қайта ел алдына шыққанының өзі бір бақыт дер едім. Ғабеңнің драматургиялық шығармаларының сонау 1930 жылдардан бері сахнадан түспеуі – қазақ фольклорымен, тұрмысымен байланысты болуында. Мәселен, Ақан сері – халқымыздың ұғымында көрнекті бейне. Оның басындағы трагедияны көрсету, Ақтоқтымен арадағы махаббатты бейнелеуі сәтті шыққан. Ал «Қозы Көрпеш–Баян сұлуы» – шедевр туынды. Бір міні жоқ. «Ақан сері–Ақтоқтыда» заман ағымына байланысты бір-ақ әттеген-ай бар. Ол уақытта дінді, хазіреттерді жамандау сәнге айналғандықтан, Ақанның ұстазы болған Науан хазіретті жағымсыз бейнелеген Ғабең де сол араға кішкене «ілініп» қалған. Шындығында, Науан хазірет – үлкен қайраткер болған адам. Кейін Ақан сері жайлы роман жазған Сәкен Жүнісов те Науан хазіретті ұнамсыз кейіпкер ретінде бейнеледі. Болашақ ұрпақ осы қателікті түзететін шығар.»

Дулат Исабеков: «Драматургияда тақырып және тақырыпты игеру деген бар. Игерудің де бірнеше тармақтары болады. Қазақ тілінің құдіретін сезінгіңіз келсе, қара сөзбен жазылған поэма – «Ақан сері–Ақтоқтыны» оқыңыздар дер едім. Ғабең Ақанның трагедиясы халықтың трагедиясымен астасып жатқанын Ақанның домбырасын сындыру арқылы керемет бейнелейді. Жалпы, Мүсіреповтің «Ақан сері–Ақтоқтысы» – қазақ драматургиясының шыңы.»

Сәрсенбі ДӘУІТҰЛЫ: «Қазақтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпы мен ауыз әдебиетін білген адам пьесаның да майын тамызып жазады. Ғабеңнің драматургиялық еңбектері сол себепті биіктен жарқырай көрінді.»

Тұрсын Жұртбай: «Драматургия ол кісінің жазу мәнері мен көркем ойлау жүйесіне барынша жақын жанр болды. Қыз Жібек те, Ақан сері мен Ақтоқты да – тарихи тұлғалар. Ал тарихи тұлғаларды жазуда өмірлік шындықтан көркем шындықты ажыратып бейнелеуі – Ғабеңнің үлкен шеберлігі. Дегенмен оларда қазір өзгертуге болатын тарихи көркем қисындар кездеседі. Мысалы, «Ақан сері–Ақтоқты» пьесасында Науан хазіретті жеккөрінішті етіп сипаттаған. Шындығында, ол кісі 1904-1906 жылдары қазақтың азаттығы мен рухани бостандығы үшін күресіп, Сібірге айдалып кеткен. Ақан серінің дінге қарсы күресі де жалған. Мағжан Жұмабаев Ақанның Шәкерімнен бұрын да жалғыз өмір сүріп, сопылық құрып, діни насихатқа құрылған өлеңдер шығарғаны жайлы жазған. Алайда Ғабеңнің пьесасында Ақан сері бейнесінің солай көрінуі – заманына қарағанда заңды. Өкінішке қарай, сол көзқарастардың кесірінен Ақанның діни қиссалары мен шығармалары, өлеңдері жоғалып кетті. Ұрпақтың бейнесінде ол тек сері күйінде ғана қалды.»

Шығарма кейіпкерлері: 

«Ақан сері – Ақтоқтының» барлық кейіпкерлерінің мінез-құлықтары, іс-әрекеттері жалындап сөйлей жөнелетін шешендіктері пьесада нанымды суреттелген. Мұнда ұзақ монологтар, қаһармандардың өз-өзімен сырласып кету сәттері жиі кездеседі. Шығармадағы басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар. 

Ақан - ақыл-ой иесі, жалынды, қайратты жас, сұлу сезімі, үлкен жаны бар, өз заманында, өз ортасында озық білім алып, өмірдің мағынасын іздеп толғанған адам. Өмір шындығын дін жолынан, құдайға құлдықтан іздейді. Бірақ, ол дін жолынан шындық таппайды.

Ақтоқты - Ақанның ауылдасы Боқтабай деген байдың қызы. Ақанның ғашықтың әндері Ақтоқтыға арналған. Ақтоқты Ақанды сүйген, оған тұрмысқа шығуға уәде беріп, Ақан оны алып қашады. Қыздың ағайын-туыстары қызды қорқытып, үркітіп оны айнытып тастайды. Сөйтіп, Ақтоқты сертінен тайқып, Ақаннан кетуге рұқсат сұрайды. Ақан өз сүйгеніне зорлық жасай алмай, бұл азапқа көнеді. Ақтоқты өзін атастырған жерге тұрмысқа шығып, бірнеше баланың анасы болып, жасы жетпістен асқанда қайтыс болады.

Жалмұқан - Ақтоқтының өмірде айттырған күйеуі,Сүтемеген деген байдың баласы.

Сердалы - ақын. Ол көптеген қиссалар, өлеңдер жазған ақын, Ақанның құрдасы әрі жерлесі. Ол күншіл, іші тар адам болған.

Балта, Мәрзия, Жылкелді, Мұрат, Балуан - халық өкілдері.Бұлардың бойында қайнаған қайрат, қауқарлы күш бар.

Сейіт, Дәмелі, Қоңқай, Қорамса -халық өкілдері. Бірақ күш-қуаты аз, қайраты кем қарт адамдар. Науан - Ақанның немере.

Аққулар ұйықтағанда - поэма. Авторы Мұқағали Мақатаев. Бұл поэма 1973 жылы жазылған.

Қысқаша мазмұны

Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсінеді.

Шығарма кейпкерлері

  • Ана - баланың анасы. Ержүрек, батыл,өзінің баласына деген махаббаттан киелі аққу құсты атып өлтіргендіктен баласынан да айырылды.

  • Бала - сырқаттанып жатқан бала. Оның өмірі қыл үстінде болды.

  • Тәуіп шал - емші. Есінен ауысқан адам, баланың ата-анасына өтірік айтты.

  • Әке - баланың әкесі. Қоянжүрек, ар-намысты. Құдайшылық жолынан түспеуді жөн көріп, киелі аққу құсты атудан бас тартты.

  • Жылқышы - жылқы бағып жүрген адам. Парасатты, ақылды, данышпан. Ол анаға ақыл айтып, оны дұрыс жолға қоюды тырысты.

Авторы туралы

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 ж. 9-ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі,балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. Ол 1973 жылы "Aққулар ұйықтағанда" поэмасын жазды.

Ақсақ киік Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген Жәндіктің киік деген баласы бар. Бетпақта қысы-жазы ел болмайды, Ел-жайлау, өзен яки көл болмайды. Бұтасы қу баялыш, қара жусан, Көгала бетегелі бел болмайды. Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік, Сайланып қыс ішінде талай көштік. Азамат, ат пен айғыр, атан ғана Шыдар деп қоста отырып, талай дестік. Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп-өнген, Жалғыз-ақ құлан, киік шөлге көнген. Казақтың малдарындай қыбырласып, Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген. Жалғыз-ақ ел жылында көшіп өтер, Асығып қар суымен "несіп етер". Қаптасып, көшкен елмен дамыл алмай, Мергендер аң ауласып кәсіп етер. Мергендер дамыл алмай киікті атқан, Ауылды қан сасытып топырлатқан. Киікті ойлай ма екен таусылар деп, Азайып бірте-бірте келе жатқан!.. Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық, Сол шөпті қорек қылған байғұс киік. Таңы - аппақ, екі көзі мөлдір қара, Тигендей емес адам көзі қиып. Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты бұл бейшара қылған мекен. Бөкенді атып мерген өлтіргенде, Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен? Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Өзге аңға жануарды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақбөкенді Адамның баласынан кем көрмедім. Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген. Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды, Жел түрткен жусаннан да селдіреген. Азайды соңғы кезде байғұс бөкен, Мың-мыңнан баяғыда өреді екен. Бұл күнде келе жатқан жолаушыға, Кез келеді анда-санда саяқ-некен. Кей қазақ әдет қылған киік атып, Мүйізін пайда қылып, шетке сатып. Сандалған бір киікке ұшырастым, Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып. Бетпақта келе жатты ақсақ киік, Сандалып қаңғырақтап басын иіп. Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп, Мергеннің кеудесіне оғы тиіп. Тамады қара жерге аққан қаны, Қиналып ентігеді шыбын жаны. Боялып ақ денесі қызыл қанға, Келеді әлі кетіп жығылғалы. Қиырсыз, Бетпақ дала... қураған шөл... Жалғыз-ақ сырғандайды қоңылтақ жел. Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай. Ел қайда? Ел алыста - шулаған ел! Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып... Ақбөкен сахаранын бота көзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып? Келеді қаңғылақтап жалғыз өзі, Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі. Шағады шыбын жанның қиналғанын Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі. Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға, Моншақтап жерге тамған қызыл қанға. Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ, Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!.. Бота көз сахарада қына терген, Кім екен жапан түзде сені көрген? Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау, Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.[1]

Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.[3] Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан. Қазақ А. ә-нің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 — 15 ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан Қайғыдан бастап кешегі Жамбыл, Нұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ.[4] Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады. Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады. Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді.[5] Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей.[6] Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес.[7] Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі “қалыптық” сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды. Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. [8] Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты. Ауыз әдебиеті. ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау — ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол — шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі — тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеум. талап-тілектері мен көркемдік Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғасырдандан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғасырда жүзеге асты.[9] В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е. Алекторов, А.В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды.[10] Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемл. тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.сұраныстары. [11] Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклор үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді.[12]

“Ер Тарғын, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т.б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты.[13] Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды. М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев,М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұл, Р.Бердібаев, М.Мағауин, С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т.б.) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман — Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғыл.-зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда. Олар айтыс, беташар, жар-жар және т.б.[14]

Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған.

Өмірбаяны

Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.

Мұралары

Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), жылы Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, қаласының Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.

Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні —сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың,ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик. нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды.

Ахмед Иүгінеки гуманизмі

Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни, зұлымдық зұлымдықты тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды хош көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді. Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған “Мың досың болсын мейлі, біреуі де адалемес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады” немесе “Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде сақталып, айтылып келеді.[1]

Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастары

Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады. Саяси ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке ғылым және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде осы ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Саясат туралы тереңдетілген білімді берудегі тарихи процесінің логикалы-түсініктік көзқарастары көрініс табады. Саясат пен билік, мемлекет пен саяси жүйе, саяси теориялардың тарихы туралы теориялық білімнің пайда болуы мен дамуының тарихы қамтылады. Сондықтан саяси ілімдер тарихының пәнінен тыс түрлі ойшылдар мен саяси қайраткерлердің пікірлері мен ұстанымдары жеке теориялар деңгейінде дами түседі. Саяси ілімдердің өткені мен қазіргісін саясаттанулық талдаудың жалпы жиынтығында ол ерекше орынға ие. Саяси ойдың қазіргі ілімдері мен теорияларының дамуына ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектері айтарлықтай ықпал етті. әл-Кинди, әл-Бируни, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ибн Сина, О. Хайям, Низами, Ә. Науаи сынды осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің саяси көзқарастары саяси ілімдер тарихында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы мақаламызда Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған «Ақиқат сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие. Сөз басында айтарымыз, А. Йүгінеки билік үшін күрескен, халықты басқаруға ұмтылған, оларға үстемдік жүргізгісі келген саясаткер емес. Ол өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Бұл арабшадан аударғанда «тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші» деген мағынаны береді. Сонымен қатар, ол Йүгінекидің лақап аты ретінде де қолданылған. Түркістан шаҺарының күнбатыс бүйірінде көне Йүгінек (Югнек) қыстағында туып өскен, өзінің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хакоик») дастанымен даңқы жайылған Ахмед Йүгінеки (Югнеки) ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына көптен таныс. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Ахмед Йүгінеки есімі энциклопедиялар мен әдебиет тарихы кітаптарында да тұрақты аталады. Зерттеушілер Ахмед Йүгінекидің туған, өлген жылдарын дәл басып айта алмайды. Ақын жөнінде мағлұмат тым аз сақталған. А. Йүгінекидің өмір кешкен заманын ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасырдың басы деген тұжырым шындыққа жақын болса керек. Ғасырлар тереңінен еміс-еміс жеткен деректер Ахмедтің көзі көрмейтін зағип болғанын, өзінің зерек, зерделілігінің арқасында ғана ізденіп, білім жиғанын, түркі тілдерін, араб тілін меңгергенін, өз кезінің ең білімдар адамдарының бірі болғанын мәлімдейді. Ал ақынның көлемі бес жүз жолдан артық «Ақиқат сыйы» дастанының көшірме нұсқалары Стамбұл, Анкара, Самарқан кітапханаларында сақталған. Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады. Сондықтан, Ахмед Йүгінекидің әлеуметтік көзқарастарындағы ең басты және негізгі орын әлемді жаратушы Алла тағалаға арналады. Ол адамзаттың ақиқатқа жету жолында осы қоғамды жаратушы Алла деп тануын және барлық әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде есептейді. Бұл ерекшелік Ахмед Йүгінеки заманында өмір сүрген ойшылдар М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Ахмед Ясауи еңбектерінде Дидактикалық сипаттағы өлеңнің бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл сөздерден басталады. Екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде кеңестер берсе, үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы сөз болады. Дастан жомарттықты, қарапайымдылықты, сыпайылықты, өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен дөрекілікті айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс қасиеттерін жою жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді («Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал», т.т.). Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақалдар-мәтелдерге толы. «Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті болуы насихатталды. Өмір туралы, атамекен, туған елдің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тұстары, қатерлері мен мүмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бүгінгі күнге дейін жеткендігі көңілімізді қуантады. «Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», - деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Осыдан «Ақиқат сыйында» айтылатын лидерлік феноменіне қызығушылығымыз туындайды. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау шығарманы оқу барысынан кейін орын алады. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі. Жалпы қазіргі әлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мәселесі ретінде саяси лидерлікті түсіну болып табылады. Саясат өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері, идеалдары, білімдері, тәжірибесі, құндылықтары, эмоциялары мен мәдениеті бар субъектілер мен объектілерден құралады. Сонымен бірге, лидерліктің саяси салада саяси басқару негізінде түсінілетіні белгілі. Саяси лидерліктің мәселесі нақты саяси шарттар мен бостандықтар қалыптасқанда ғана айқындала түседі. Қазіргі оқырман А. Йүгінекидің осы көзқарасы арқылы сол кезеңдегі басшылар үшін қажет ұстаным екенін айқындап, оның қазіргі күндегі негізгі биліктік ұғымдарға жат еместігін ұғынамыз. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтар А. Йүгінеки пікірінше жайсаңдылық пен құрмет етушіліктен ажырамайды. Ал оның ажырамас негізгі алғышарттары ретінде қазіргі қоғам саяси плюрализм, көппартиялық, партия ішілік және партияның сыртқы қызметін таниды. Еңбектегі «... дүниенің зұлымдық пен жамандыққа толуы, құлшылықтың риякерлікке айналуы, мұсылмандардың көр еліктеушілікке (тақлит) салынуы, мешіттердің қаңырап қалуы, шарапханалардың толып-тасуы, ғалымдардың амал-істен, захидтердің күнәдан, даналардың (арифтердің) «ракс пен самадан» (зікір салудан) қолы тимеу, жамандық-індеттің жайылуы» сияқты наразылықтары мен жан айқайы сол дәуірдің саяси-әлеуметтік тұрақсыздығынан көрініс береді. Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты қалыптастырудың негізгі факторы ретінде саяси тұрақтылықты атай аламыз. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси институттардың маңызды қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды орындауда билік орындары түрлі саяси механизмдерді қолданады. Тұрақтылық түсінігін саяси жүйеде қолдану барысында ол ішкі және сыртқы өзгерістер шарттарында өз құрылымын сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол ашатын ұғымды білдіреді. Теорияға сәйкес, тұрақты саяси құрылым қоғамның көп бөлігі сол жүйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімдік түрде жүргізілуін айшықтайды. Қоғамдық өзгерістер мен тұрақтылықтың арақатынасы мәселесі саяси ғылымдардағы өзектілердің бірі болып саналады. Саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету реформаларды бұқараның толық қолдауы арқылы орын алады. Кез келген жүйенің абсолютті түрде тұрақтылығы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәйектелмегендіктен, ол мүмкін емес. Сондықтан оны құрайтын элементтерінің толық қозғалысына кедергі келтірумен бірге, сыртқы ықпалдардан ажырайды. Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі жүйелері де айқындалған. Ақынның жоғарыда айтылған ойлары арқылы біз бүгінгі қоғам үшін ең негізгі қажеттілік саяси тұрақтылық екенін түсінеміз. Шығармаға қатысты адамзаттың материалды және рухани саласындағы эталондық құндылықтар жүйесіндегі жетістік жиынтығындағы мәдениетін де атап өте аламыз. Мәдениет жетістіктеріне жету жолында бұл шығармада көптеген ой-пікірлер айтылған. Сондықтан ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастарында сол кезеңнің саяси мәдениетіндегі олқылықтар туралы айтылып, оң нәтижелерге ұмтылуды қоғам мүшелеріне жүктейді. Ақын мәдениеттің жалпы органикалық бөлігін құрайтын түсініктерді қалыптастыруға тырысады. Сонымен бірге, «Ахмедтің дүниеге көзқарасының бұқарашылық сипаты мына тұжырымдардан жақсы байқалады: «әкімдердің игі жұмсақ, ақ көңіл екен деп сеніп қалуға болмайды, олардан әрдайым сақтанып жүру керек, өйткені олардың қолында шексіз күшті билік бар: кейде тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бейкүнә қалжыңының өзі оның басын жұтар болар, пайдасыз дау-шар мен қалжыңнан аулақ бол». Жүйнекидің этикалық-педагогикалық ой-толғамдары кейде нақты әлеуметтік жағдайлардан тыс пайымдалғанмен, бұларда адамгершілік ізгі мұраттардың, жалпы адамзаттың мінез-құлық нормалары мен қағидалардың гуманистік көріністері айқын аңғарылады». Ата-бабаларымыздың өміртанымы мен өсиетін меңгеру, тілін түсіну тез арада тындыра салатын шаруа емес. Ол тыңғылықты іздену мен қажырлы еңбекті талап етеді.Бұл шығарманың бүгінгі жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеудегі маңызы зор деп атап өте аламыз. Өйткені, бүгінгі Қазақстанның даму шарттарында отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды шаруа болып табылмақ. Сондықтан «Ақиқат сыйы» еңбегінің Қазақстандағы патриотизмді тәрбиелеу мен қалыптастыруда құнды еңбек екенін атап өтуіміз қажет. Осыған байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Патриотизм (гректің πατριώτης – отандас, жерлес, πατρίς - отан) түсінігінің негізгі мәні әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайтын саяси принцип және әлеуметтік сезім. Патриотизм Отанының жетістіктері мен мәдениетінің ерекшеліктерін мақтан тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен сипатталады. Оның тарихи қайнар көзі тіл мен дәстүрде бекітілген құндылықтарда жатыр. Ұлт пен ұлттық мемлекетті құру шарттарында патриотизм мемлекет дамуының жалпыұлттық сәттерін танытатын қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылмақ. Өзінің тарихи даму ерекшеліктеріне қарай патриотизм бірнеше формаларда көрініс табады: полистік патриотизм – антикалық қала-мемлекеттерде орын алды; империялық патриотизм – империя және оның ұкіметіне лоялдылықты көрсететін сезімдік белгі; этникалық патриотизм (ұлтшылдық) – өз халқына деген сезім; мемлекеттік патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм – мемлекет пен оның халықтарына бағытталған сезім. Жалпы бұл түсініктің өзі әр түрлі анықтамалар арқылы өз дәуіріне сай түсініліп отырған. Антикалық дәуірде patria термині («Отан») тек туған қала-мемлекетке байланысты қолданыста болды. Рим империясындағы патриотизм жергілікті «полистік» патриотизм мен империялық патриотизммен шектелді. Полистік патриотизм түрлі жергілікті діни өкілдерден қолдау тапты. Орта ғасырларда бұл термин азаматтар ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық және француздық буржуазиялық революциялар дәуірінде бұл ұғым «ұлтшылдықпен» байланысты болды. Осы себептерге байланысты Франция мен Америкада бұл түсінік «революционер» ұғымымен синонимдес болды. «Патриотизм» түсінігіне кең түрде анықтамалар берілгенімен, оның жалпы сипатына қатысты нақты анықтамалар жоқ. Мәселен, С.И. Ожеговтың редакциясында жарық көрген сөздікте: «Патриотизм - өз Отанына, халқына деген адалдық пен махаббат», - деп анықтама берілген. Философиялық сөздікте: «Адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім. Оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс», - делінген. Дегенмен, «патриот» түсінігіне біз түрлі мазмұнда анықтамалар берілгендіктен, «патриотизм» сипатына жан-жақты нұсқадағы түсініктемелер ұсынылады. Бұл аталмыш құбылыстың күрделі табиғатымен түсіндіріліп, мазмұнының көп қырлылығымен сипатталады. Сонымен бірге, патриотизм мәселесін білім берудің барлық салаларын қамтыған және Отанға деген қатынастағы авторлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси шарттарындағы азаматтық көзқарастары негізінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», - деп пайымдайды. Сонымен қатар, Елбасымыз қазақстандық патриотизм сияқты ұлт табысының маңызды құрамдасына тоқталып кетеді. «Бұл өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол жеткізу ниеті. Және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін көтеруі тиіс. Патриотизмді, әсіресе жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру керек. Біздің әр азаматтың табысы және халықаралық тұрғыда мойындалуы – бұл баға жеткізгісіз капитал, барша қазақстандықтардың мақтанатын нәрсесі және байлығы екендігі сөзсіз. Осындай үлгілермен ұлттың рухын көтеру керек! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын». Патриотизм мәнін толықтай түсінбеушілік біздің тарихымыз бен мәдениетіміз, тұрақтылықты қамтамасыз ететін қоғамның саяси дамуының стратегиясына қатынастары негізінде анықтай алмаймыз. Дегенмен, патриотизмды қалыптастыру бұл ситуативтік жоспардағы мәселе емес. Бұл еліміздің саяси жүйесін алға қарай демократияландыру жолындағы түрлі әлеуметтік топтарды біріктіруге бағытталған үнемі қозғалыстағы фактор. Сондықтан бүгінгі шарттарда жоғары патриоттық сананың қалыптасуына ықпал ететін кешенді іс-әрекеттер қажет. Бүгінгі шарттарда мемлекеттілікті патриотизм негіздерімен қалыптастыру қоғамның модернизациялануына ықпал етуімен қатар, оның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бірақ, ұлттық құндылықтары айқындалған мемлекет те ғана ұлттың өзін-өзі тану, ұлттық мақтаныш сезімдері туындайды. Сондықтан осы процестегі жетекші рөл патриоттық тәрбие берудегі нормативті-құқықтық базаларға толықтай сүйенген мемлекет институттарына жүктеледі. Қоғамдық ұйымдар патриоттық жұмыстар жүргізуде ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық қиыншылықтарға ұрынатыны жасырын емес. Оларға мемлекеттің тікелей белсенді көмегі қажет. Көптеген қоғамдық ұйымдар мәселені өзіндік көзқарастармен бағалап, көп бөлігі патриоттық тәрбие беру жүйесіне араласпайды. Осыған сәйкес, мемлекет патриоттық тәрбие беруде азаматтық қоғам институттарын араластыруы қажет. Патриотизмге тәрбиелеуде ерекше рөлді білім беру атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі күнде патриоттық тәрбие берудің сапасын жоғарылатуда білім беру мекемелерінің маңыздылығы жоғары. Патриотты тәрбиелеу – бұл әлеуметтік ортаның (отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар) объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік процесс. Демек, патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбиелік жүйеге арнайы мақсатты қимылдар жүргізілгендігі дұрыс деп ойлаймыз. Мектептердегі оқу және сабақтан тыс жұмыстар шарттарында тұлғаның сәтті патриоттық тәрбие беруде кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Патриоттық тәрбие берудің әдістемесі тәрбиенің нақты кешенді шараларын айқындайды. Бүгінгі шарттарда патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану белсенділігін жоғарылату қажет. Мектептегі пәндер өз еліне патриоттық сезім мен мақтанышты қамтамасыз ететін бағытта жүруі тиіс. Мәселен, тарих пәнінде тәуелсіздігімізге қатысты материалдарды игеруде құрғақ тілде фактілер келтіру аз шаруа. Оқыту процесінде балаларға республикамыздың саяси беделін суреттеп, қазақстандық азаматтардың бейбітшілік пен достықта өмір сүруіне жоғары баға беріп, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың маңыздылығын дәйектеу қажет. Оқыту процесінде патриотизмнің қоғамның дамуындағы қызметтік рөлінің жоғарылығына назар аударылуын дұрыс санаймыз. Саяси әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде түрлі деңгейдегі шығармашылық қызмет өкілдерін дайындайтын жоғары мектепті атай аламыз. Жоғары мектеп тек нақты білімді қалыптастырып қана қоймай, оның әлеуметтік инициативасын анықтайтын өмір салтын айқындайды. Жоғары мектеп жастардың саясатқа араласу процесіндегі маңызды рөлге ие. Өйткені, жастар өз саяси ұстанымдарын жоғары оқу орнының ықпалында қалыптастырады. Демек, болашақ мамандардың еліміздегі саяси процестерді қабылдауы оның жоғары оқу орнындағы дайындық сапасына байланысты. Студенттер ақпаратпен толық қамтылған ортаға бейімделген жастардың білімді бөлігі болып табылады. Бүгінгі жастар бұрынғы саяси әлеуметтендірудің стереотиптерінен жеңіл құтылған топ. Олар бірінші болып тоталитарлық қоғам негіздеген құндылықтарды жоққа шығарды. Сондықтан бүгінгі күнде барлық саяси күштердің өз жақтастары ретінде студенттерді қосуы кездейсоқ құбылыс емес. Жастар – бұл қазіргі қоғамдағы белсенділігі жоғары әлеуметтік база. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының негізгі субъектілері болып жастар табылатыны белгілі. Орын алған оқиғаларға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірінші хабарда: «ұлттық элементтерді арандатушы оқушы жастар тобы көшеге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешімін қолдамады», - деп жазылды [38]. Сондықтан сол кезеңнің саяси процесіне әсер етуді мақсат тұтқан жастардың қимылы мен олардың ықпалын 1986 жылғы болған оқиға көрсете алды. Міне, осы студенттер орталықтың саясатына наразылықтарын ашық көрсете алды. Бүгінгі жағдай көрсеткендей, студенттер еліміздің саяси өміріне кеңінен ықпал ете алады. Жастар қазіргі шарттарда саясатқа қатысуы саяси жүйенің сипатына ықпал ету арқылы өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылататынын түсінді. Бүгінгі күнде біз өзге тарихи және әлеуметтік кеңістікте өсіп жатқан, дәстүрлі емес, инновациялық әлеуметтік құрылымдағы, еркін мемлекет мүшесі болып табылатын жастар деп білеміз. Саяси күрестің нәтижелері мен қорытындыларын анықтауда жастардың саяси қатысуы саяси лидерлердің назарын аудартуда. XX ғ. соңы – XXІ ғ. басында «түрлі-түсті революциялар» негізгі күші болып табылған жастар қозғалыстарының саяси процестердегі қимылдары көрініс тапты. Осы революциялар шеңберінде саяси оппозиция жоспарланған және тиімді үйлестірілген қызметі жолымен бұқаралық сананы манипуляциялаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану арқылы жастардың белсенділігін көтерді. Міне, осы студенттер жоғарыда аталған оқиғаларда маңызды рөл атқарды. Студенттердің оқиғаға жаппай қатысуы студенттік қозғалыстардың жалпыхалықтық сипатта екенін айқындауға мүмкіндік берді. Осы студенттердің көмегімен оқиғаның бұқарашылдығын БАҚ-та көрсетудің қажеттілігі саналды. Біздің ойымызша, Грузия, Украина, Қырғызстанда орын алған саяси процестер жастардың саяси санасына әсер етті. Сол себептен, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда жеке саяси ойыншылар рөліне үміткер саналған жастар ұйымдарының саны ұлғайды. Бұл экономикалық және әлеуметтік-саяси дамудың объективті заңдылықтары мен нәтижелері негізінде Қазақстандағы жастардың саяси өмірдегі маңыздылығы жоғарылағанын көрсетеді. Сондықтан мемлекеттік билік органдарына позитивті қатынастарға ықпал ететін, азаматтық позицияларды жоғарылататын, жастарды заңды саяси қызмет пен олардың әлеуметтік мәселелерін шешетін мемлекеттік жастар саясаты қажет. Дегенмен, алдын ала жоспарланған немесе арнайы ұйымдастырылған тәрбие тиімді болмайтыны анық. Тұлға оның ізденісіне еркіндік және жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбиесі дамиды. Тәрбиені стандарттау тұлғаның даму мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әсіресе, өзінің құндылық ориентацияларын қалыптастырған студент жастарға қатысты. Сондықтан оқытушылардың басты назарында оқу-тәрбие процесінен бұрын студенттің тұлғалық белгісі тұруы тиіс. Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес ойлау қабілетін марапаттап отыру қажет. Сонымен қатар, еліміздегі саяси ақиқат мәселелеріне объективті сипаттама беретін жаңа арнайы курстар енгізілуі қажет. Патриоттыққа тәрбиелеудегі ең маңызды рөл бұқаралық ақпарат құралдарына да жүктеледі. Міне осы институт өте жоғары көлемде саяси ақпарат таратуда жылдам мүмкіндік пен субъекттік-объекттік басқару ерекшеліктеріне ие. Сонымен бірге, бүгінгі күндегі БАҚ-тың өмір сүруі оның таралымы ғана емес, демеушілерінің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты екендігі жасырын емес. Олар объективті ақпаратты ұсынуға қарағанда, сенсациялық ақпараттарды жариялауға үйір. Көп жағдайда демеушілерінің әлеуметтік және саяси тапсырыстарын орындау мақсатында өз материалдарын жариялап жатады. Бұл тұста патриотизмге тәрбиелеу мәселесінің кадрдан тыс қалу қаупі мол екендігін дәлелдейді. Сондықтан бүгінгі күнде бұқаралық ақпарат құралдарында патриоттық тәрбие берудің элементтерін кеңінен пайдалану қажет. Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Бұл шара жүйелі түрде жүріп, саяси әлеуметтендірудің институттары арқылы өз бағыттарын айқындауға тиіс деп ойлаймыз. Жалпы «Ақиқат сыйы» дастанының негізгі мазмұны өсиет пен ғибрат сөздерден құралғандығы туралы баршамызға белгілі. Өткен кезеңнің мол мұрасы бүгінгі қоғам үшін, оның ішінде саяси ілімдер тарихы үшін үлкен табыс деп атауымызға болады. Әдиб Ахмед Йүгінекидің жоғарыда талданған шығармасы өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарымен қазіргі саяси ғылымдардағы жоғары мәні өшпейтін құнды мұра болып қалыптасатынына толықтай сеніміміз бар. Қорыта келе, қазіргі саяси ғылымдарды жаңа идеялармен толықтыруда Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегін кең дәрежеде пайдалана аламыз және оның орны ерекше.[2]

Шығармалары:

  • Ахмед Йүгінеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы, Баспаға дайындағандар: Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов., А., 1985. Хибат-ул хақайық, Ташкент, 1971.

  • Малов С.Е., Памятники древнетюкской писменности, Тексты и исследования, М-Л., 1951;

  • Бердібаев Р., Жазба мұралар, ежелгі мәдениет куәлары, А., 1966;

  • Шербак А.М., Грамматический очерк языка тюркских тексто

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873—1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі — уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882—1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтьш мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатьш. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынов 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895—1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жаткан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді. 1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халык өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынов қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұстальш, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтьш оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А. Байтұрсынов шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді. Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақьш, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазыльш, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың үлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы — оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді. Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді. "Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынов — қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі—"Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. "Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі — тірнек өнері, екіншісі — көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады. "Өнердің ең алды — сөз өнері саналады. "Өнер алды — қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық больш, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынов. Әдебиеттін көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданыльш жүрген ұғымдар мен категориялардың атауларьш термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынов дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынов аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисьндарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды. Ахмет Байтұрсынов мұрасының көлемді де көркем саласы — оның өлеңдері мен мысалдары. Жасынан зеректік танытып, көркем сөздің қасиетін танып өскен ол — халық поэзиясын, өзінің алдындағы Абай мен Ыбырай өлеңдерін ерте бастан-ақ оқиды. Өмір құбылыстарын тану, айналадағы ортаны сезіну, оны өлең тілімен өрнектеу машығын ең алғаш солардан алады. Ахметтің өлеңдері мен аударма мысалдары негізінен 1909 жылы жарық көрген "Қырық мысал" және 1911 жылы шыққан "Маса" жинақтарында жарияланды. Ақын поэзиясының басты бағыты — ағартушылық, яғни халықты ояту, білім беру, мәдениетті өмірге шақыру болды. "Маса" жинағына енген өлеңдер, негізінен, осы идеяға құрылды. Жинақтың осылай аталуының өзінде үлкен мән бар. Ақын өз сөзінің масаның ызыңындай болса да халықтың құлағына жетуін көздейді. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,  Қоймастан құлағына ызыңдаса, — деп үміттенеді. Мұндағы маса сергектік пен оянуды, қозғалыс, серпілісті бейнелейтін ұғым. Ол "үстінде ұйықтағанның айнала ұшып" ызыңдайды, қоғамның, адамдардың енжар күйден арыльш, серпілуіне қызмет етеді "Маса" жинағының негізгі идеясы халықты рухани жаңғыруға шақыру болды. Ахметтің ойлары Абай мен Ыбырай, Шоқандардың ағартушылық бағытымен үндесіп жатты. Жинақтағы көп өлеңдерінде ақын осынау ұлы ағартушылардың дәстүрін ілгері жалғастырды. Бірқатар өлеңдерінде Ахмет Байтұрсынов өзін қоршаған ортаға, қоғам тіршілігіне, адамдарға ойлы көзбен сьнай қарайды. "Қазақ қалпы", "Қазақ салты", "Жиған-терген", "Досыма хат", "Тілек батам", "Бақ" сияқты өлеңдері осы тәрізді тарихи, әлеуметтік шындықтың бетін ашады. Қоғамда орын алып отырған келеңсіздіктерге немқұрайды қарай алмайды. Ахмет айналасындағы әлеуметтік теңсіздікті, күштінің әлсізге жасаған зорлығын, патша өкіметінің отаршыл озбыр саясатының салқынын ерте сезінді. Он үш жасында әкесі Байтұрсынмен бірге Ахмет те түрмеге қамалады. Осынау қапастан жазылған хат іспетті "Анама" деп аталатын өлеңінде Ахмет сол тұстағы өзінің көңіл күйі, сезім, танымы туралы нақты баяндайды. Өлеңде патшаның итаршысы секілді уезд бастығы Яковлевті соққыға жыққан Байтұрсын мен ағайындары, оның ішінде он үш жасар Ахмет те бар, Семейдің түрмесіне қамалған сәт бейнеленеді. Ақын болған оқиғаны емес, сол күндердегі бала көңілінің жай-күйін жеткізуге тырысады. Жазықсыз жалалы болып, дәрменсіз күйге түскен жанның анасына деген жан сыры бар өлеңде. Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,  Өкімет өр, зорлыққа не бар шараң, — деп, өздерінің жазықсыз екенін, патша өкіметінің әділетсіз әрекетін баяндайды. Бала жүрегі осы бір қиянатты өзіне тиген оқ тәрізді қабылдайды. Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,  Бітпеген жүрегімде бар бір жарам. Әйтсе де бала Ахмет бұл қиянатқа жасымайды. Анасын өзі үшін уайым жемеуге шақырады. Өзінің алдағы өмірге деген құштарлығын жеткізеді. Адамнан туып, адам ісін етпей,  Ұялмай не бетіммен көрге барам?— деген жолдарда Ахметтің азаматтық бағдары, қайсар жігері жарқырап көрінеді. "Анама" өлеңі қиындыққа тап болған он үш жасар баланың анасына егіле жазған хаты емес, керісінше, үмітке, оптимизмге толы қуатты шығарма больш шыққан. Тайпалған талай жорға, талай тұлпар  Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.  Солардан жаным, тәнім ардақты емес,  Орынсыз күйзелейін мен несіне! — деп аяқталатын бұл өлеңде сол заманның ішкі ахуалы да, патша саясатының сипаты да, қазақ елінің жай-күйі де, "елім" деп еңіреген ерлердің көңіл ауаны да ерекше көрінеді. Өз заманының шынайы қалпын дәл бейнелейтін шығармалар қатарында ақынның "Қазақ қалпы", "Қазақ салты", "Досыма хат", т.б. өлеңдерін атауға болады. Оларда қазақ жұртының мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігіндегі кемшіліктер өткір сыналады. Ақын сынының негізгі нысанасы — патша өкіметінің сұрқия саясатына сергек қараудың орнына, өзара айтыс-тартыстан арылмаған алауыздар, абыройын ақшаға айырбастап, халқын сатқан қу мен сұм, мал мен байлықтың құлына айналған ашқарақтар мен жемқорлар. Соларды көре тұрып ақын әсіресе адамшылықтың азайып бара жатқанына күйзеледі. Атап айтқанда, "Қазақ қалпы" деп аталатын өлеңінде ақын туған халқын ашық теңізде ескексіз қайық мініп қалтылдаған, жел соқса тағдырдың қандай тәлкегіне ұшырары белгісіз дәрменсіз жандарға теңейді. Мұндай жағдайға тап болуының себебін іздейді. Сөйтсе, оның төркіні әріде жатыр екен. "Көппен көрген ұлы той" деп жүретін қазақтың жайбарақат тіршілігінде, жалқаулығында екен. Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік.  Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік. Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,  Алалық алтыбақан дертпен кірдік, — дейді ақын. Сол арқылы елді бірлікке, ынтымақты, берекелі іс-әрекетке шақырады. Осы тәрізді тарихи, әлеуметтік шындықты мейлінше дәл бейнелеп берген шығарма — ақынның "Жиған-терген" деп аталатын өлең. Өлең жазылу формасы Абайдың әйгілі "Сегіз аяқ" туындысының үлгісінде. Ішкі мазмұны, сыншыл сипаты жағынан да Абай жырымен тікелей үндесіп жатыр. Өлеңде қазақ өмірінің бұдан бұрынғы кезеңдерін еске ала келіп, ақын өз заманы мен замандастарының жай-күйін ашына баяндайды. Сергек ойлы ақынның сол сәтте көз алдына тұрған тарихи сурет мынадай болатын: Ұйқышыл жұртты  Түксиген мұртты  Обыр обыр, сорып тұр.  Түн етіп күнін,  Көрсетпей мінін,  Оятқызбай қорып тұр.  Обыр болса қамқорың,  Қайнағаны сол сорың! Сол заманның дәлме-дәл көрінісі! Ақынның "ұйқышыл жұрты" — қалың ел, сахараны жайлаған қазақ жұрты, ал "түксиген мұртты обыры" — патша өкіметінің, соның сойылып соғып, саясатын жүргізіп отырған орыс отаршылдарының образды бейнесі. Көз алдындағы ащы шындықты ақын дәл осындай ащы да уытты сөздермен өрнектейді. Әлі де ұйқыдан арылмай отырған өз халқын ақын осынау озбырлыққа төзбеуге, ой-санасын оятьш, өзінің, ертеңгі ұрпактарының болашағы үшін күресуге шақырады. Қиындықтан шығатын жол сол ғана! Қазағым, елім, Қайқиып белің, Сынуға тұр таянып.  Талауда малың,  Қанауда жаның,  Аш көзіңді ояньш.  Қанған жоқ па әлі ұйқың,  Ұйықтайтын бар не сиқың! — деп ашына жырлаған жақсы күндерге жетелеу болды. Мұндай ағартушылық, демократтық ойлар, ұлт болашағына айрықша жанашырлық таныту, Абай дәстүрінің үлгісіндегі сыншылдық сипаттар ақынның "Маса" жинағына енген барлық өлеңдеріне тән деуге болады. Сонымен қатар, Ахмет өлеңдерінің көркемдік бояуы қалың. Оларда бейнелі тенеулер, образды тіркестер, әсем сөз айшықтары аса мол кездеседі. Тұтастай алғанда, ақынның өлеңдері — ежелден келе жатқан қазақ поэзиясының ұлы дәстүрлерін, Абай бастаған реалистік, шыншыл сипаттағы ағартушылық, демократтық әдебиет үлгілерін жаңа тарихи кезеңде жаңарта жалғастырып, жаңаша дамытқан идеялық, көркемдік деңгейі биік туындылар. Мысалдары. Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған мысалдар негізінде аударма түрінде. "Қырық мысал" жинағы түгелдей орыс мысалдарының, оның ішінде И. Крылов шығармаларының аудармасы болып келеді. Бұл кезеңде қазақ әдебиетіне көркем аудармаға деген талпыныс күшті болды. XX ғасырдың басындағы әлеумет жағдайы, ағартушылық, демократтық ой-пиғыл ауаны аударма туындылар, оның ішінде аударма мысалдар арқылы жаңаша серпіліс тудыруға, бұқараны алға жетелеуге болатынын ұқтырды. Бұл салада бірқатар тәжірибе де қалыптасты. Абай, Ыбырайлар негізін салған игі дәстүр жалғасын тапты. Ахмет Байтұрсыновтың "Қырық мысал" жинағы да, міне, осы дәстүр үлгісінде туды. Жинаққа қырық мысалдың аудармасы енді. Олардың тақырыбы әр алуан. Оларда көшпілікке ұғымды идея қазақ тұрмысына етене таныс суреттермен ұласа келіп, тамаша ғибратты ойлар ұсынады. Атап айтқанда, "Аққу, шортан hәм шаян", "Қарға мен түлкі", "Қасқыр мен қозы", "Қартайған арыстан", "Айна мен маймыл", т.б. өзге аудармашылар арқылы бізге бұрын да таныс шығармалардың өзі жаңаша мазмұнда көрінеді. "Аққу, шортан һәм шаян" мысалында бір затты үшеуі үш жаққа тартып, орнынан қозғай алмаған аққу, шортан, шаянның әрекеті баяндалады.  Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн. Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.  Тартады Аққу—көлге, Шаян—кейін. Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін, — деп басталатын мысалдың өне бойынан аудармашы ақынның шеберлігі анық сезіледі. Аудармада мін жоқ. Аударма емес, қазақтың төл тұрмысынан алынып жазылған өз өлеңі тәрізді. Мысалдың соңынан Ахмет Байтұрсынов оқырманына осы оқиғадан шығатын өз қорытындысын ұсынады.  Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,  Әуелі бірлік керек болса жолдас. Бірінің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. Ақынның өз жанынан қосқан бұл түйінді ойы көпшілікке түсінікті әрі нақты ғибрат береді. Ахмет Байтұрсыновтың орыс мысалдарын аударудағы негізгі ерекшелігі осында. Яғни ол орыс тұрмысынан алынған оқиғалардың өзін қазақ тіршілігіне соншалықты жақындатуға тырысады. Және сонымен бірге әрбір мысалдың соңында авторлық қорытындысын беріп отырады. Ғибратты ойларға жетелейтін "Ала қойлар", "Қартайған арыстан", "Үлес", "Өгіз бен бақа", "Қайыршы мен Қыдыр", "Ат пен есек" сияқты көптеген мысалдарда қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды көрсететін оқиғалар, сол кезеңдегі адамдардың психологиясы мен жайлар, өнегелі тұжырымдар аса мол. Аудармашы тұпнұсқа оқиғасының баяндалу сипатына көркем ой мен әдемі сурет қосып, автор пікірін жандандыра түседі. Өз жанынан оңтайлы детальдар қосады. Неғұрлым қазақ оқырманына түсінікті болуын көздейді. "Қартайған арыстан" мысалында әбден қартайып, бойынан әл-қуаты кеткен кешегі аң патшасының есектен қорлық көрген жайын суреттей келіп аудармашы: Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да, Келе алмас жаман батыл маңайыңа.  Басыңнан бақыт құсы ұшқан күні  Құл-құтан басынады малайың да, — деген таза қазақи ғибрат ұсынады. Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған аударма мысалдардың тақырыбы мен кейіпкерлері сан алуан болғанымен, аудармашының оларды аударудағы мақсаты біреу-ақ. Ол — халыққа ғибратты ойлар, нақты насихат айту.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)     Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.     1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.     Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.      1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары  Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.     1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.     1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.      Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.     1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.     Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.      Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

 

                                    *                                    *                                    *

   Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.       1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық    Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын  ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1920-1921 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады. 1920 жылы ол басында "Ұшқын" газетінің, кейіннен аты "Еңбек туы" боп өзгерген осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге "Қазақстан" мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді. 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты. Әдеби қызметі де қайраткерлігімен біртұтасып кеткен. 1909 жылы шыққан «Қырық мысал», 1911 жылы жарияланған «Маса» жинақтары халықты оятуға себепші болды. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт филологиясының негізін қалады. Ол 1926 жылы Бакуде өткен ІІ Түріктану съезіне қатынасты. Саяси себеппен 1929 жылы тұтқындалып, жер аударылды. 1937 жылы тағы да ұсталып, 1938 жылы нақақ атылды.