- •Абай бейнесі
- •Әке мен бала
- •Құнанбай бейнесі
- •Халық бейнесі
- •«Әуезов әйелдері»
- •Табиғат бейнесі
- •Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
- •Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері
- •Айтыстың көркемдік ерекшелігі
- •Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (Аягөз, қайда барасың?)
- •«Жазушы келбеті»
- •1952-1970 Жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды.
- •Туып-өскен ортасы
- •Ғұмар – журналист
- •Ғұмар және Алашорда
- •Ғұмар – ұлттың көсемі
- •Неден қорқам?
- •Қазақ ертегілерінің қалыптасуы
- •Жүсіпбек Аймауытов, «Ақбілек» романы
- •1970 Жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді.
- •1967 Жылы "Жоқ, ұмытуға болмайды!" атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Көне түркі ескерткіштері туралы қазақша реферат
- •2001 Жылы Күлтегін ескерткіштерінің көшірмесі Астана қаласындағы л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне қойылды.
- •2003 Жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.[3]
- •1904 Жылы 23 июньде өзі де қайтыс болады. Сүйегі өзінің ата қыстауы Жидебай деген жерде қойылған.
- •"Батыр Баян" поэмасы
- •2010 Қазақстан пошта маркасы
- •1925-1928 Жылдары Ленинград университетінде оқып жүрген кезде «Қаракөз», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман» 1928 жылы повестерін жазады.
- •Әңгімелері
- •2002 Жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.
- •Аласапыран
- •Қайырлы таң, достарым!
- •Балалық шағы
- •Шалкиіз жырау
- •«Шығанақ» жайлы бірер сөз
Шалкиіз жырау
ХV ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған.
Шәлгездің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шәлгез әке, шешсі белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы – Мұсаның қолында тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін аңғартқандай. Ол шындық – Шәлгездің Орақ, Мамай мырзалармен не өзі қасына көп ерген Темір бимен бірге тумағандығы. Сондықтан да қанша айбарлы батыр, айдынды жырау болса да, өмір тәлкегін көп көргендігі. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қорындағы Әкіш ақсақал тапсырған қолжазбада: «Шәлкез Мұсаның қызынан, Орақпен тетелес апасынан туған», - делінеді. Осы деректер негізінде бұл пікірді М.Мағауин өз зерттеулерінде келтіреді. Ғалым Ә.Дербісалин Шәлгезді Мұса бидің жиені санау жансақ пікір дейді. Ә.Дербісалин пікірінше, Шәлгез Орақ, Мамаймен замандас, жасы қатар адам. Сондықтан оның қызынан тууы мүмкін емес. Бұл әлі де анықтай түсуді қажет етеді. Шәлгез жыраудың өмір сүрген дәуірі мен мекені туралы ел аузынан жазылған қолжазбалар мен жыраудың өз шығармалары ғана хабар береді. Ертелі-кешті жырау шығармалары жарияланған жинақтарда, қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлы жырлаған «Шәлгез» толғауында, сондай-ақ ел аузынан жазылған материалдарда Шәлгездің «нрғайлы» екендігі айтылады. Біздің қолымыздағы «Салкез батырдың Орақ, Мамайға айтқаны» деген қолжазбада жыраудың балалық, жігіттік шағы Орақ, Мамай маңында өткендігі, бірақ батырдың Ноғай ордасындағы бедел, құрметін күндегендер оны елден кетірмек болып, жауға жалғыз жұмсағаны, батырдың жауды жеңіп келіп, аттан түспестен, Орақ, Мамай мен жиналған жұртқа жыр толғап - өкпесін айтып, жапан-түзге кеткені айтылады. Аталмыш материалдарға қарағанда, Шәлгездің Ордада – Орақ, Мамай маңында өсіп, бедел-даңқы сол кезде белгілі болғаны көрінеді.
Шәлгез Темір биге Орақ, Мамай ордасынан кеткесін барғанға ұқсайды. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» деген толғауларына қарағанда, оның Темір бидің қолбастар батыры, жұртты аузына қаратқан аталы сөз айтар ақылшы жырауы болғандығы аңғарылады. Өкпелеп, ажырап кетіп барып қайта табысады. Бұл жайды аталмыш толғаулар мазмұнынан және В.В.Радлов ноғайлар арасынан жазып алған «Шалкиіз» деген материалдан, «Шайыр» жинағындағы жырау шығармаларына берілген түсініктерден айқын көреміз.
Соңғы жылдарда табылған, яки ноғайлар арасынан жазылған Шәлкез өлеңдері де жырау өмірі туралы жаңа деректермен толықтыра түседі. Ноғайлар арасынан филология ғылымының кандидаты А.Сиқалиев жазып алып, жариялаған «Мен иемнің күнінде», «Алай жаным» деген өлеңдеріне, Үпі (Уфа) архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дәптеріндегі «Әжікам, сен Мансұрұлы Тоқусан» деген өлеңіне қарағанда, Шәлгез бірқатар уақыт Әзике (Әжіке) сырза қарамағында болады.
Біздің қолымызда бар деректерден,-деп жазады М.Мағауин, - Шалкиіздің (біздіңше, Шәлгез деген қисынды. - С.Қ.) Темір би өлгеннен соңғы өмірі Мамайдың және оның інісі Жүсіптің төңірегінде өткендігі көрінеді.
Мен жоғарыда баяндап өткен жайларға қарағанда, Шәлгездің ХV ғасырдың ІІ жартысы мен ХҮІ ғасырдың 70-жылдары аралығында өмір сүргені аңғарылады. Ел аузынан жиналған материалдарда Шәлгездің сәби кезінде Орақ, Мамай аты белгілі батырлар. Зерттеушілер мәліметіне сүйенсек, Алшағырұлы Орақ 1496-1548 жылдарда өмір сүрген. Мамай 1549 жылы өледі. Шамамен Орақ 20-25-терде батыр атанды десек, Шәлгез 1516-1520 жылдар дүниеге келген болады. Бірақ бұл жоба тарихи деректерге қайшы келеді. Себебі, Шәлгез ұлығылай жырлайтын Темір би 1480 жылы Угре жорығына қатысады, ХV ғасырдың 90-жылдары тарих сахнасынан кетеді, Ноғай Ордасын 1504 жылы оның ұлы Тәуекел билейді. Демек, Шәлгездің Темір дүниеден өткесін тууы шындыққа сәйкес келмейді. Бұған қарағанда, дәл сол тұста ел аузынан жазылған деректерге сүйенудің жөні жоқ. Себебі, тарихи деректерде Орақ, Мамай Шәлгезбен тұрғылас, тіпті бірқатар жас кіші боп та шығады.
Шәлгезді Хақназарға кетуге мәжбүр еткен Жүсіп 1554 жылы өледі. Бұл кезде жырау Орақ, Мамай, Би Темір, Тәуекел, Әзике, Жүсіп маңында болып, Қазақ хандығына барған, егдерген кезі еді. Шәлгезді ХV ғасырдың ІІ жартысы мен ХVІ ғасырдың орта кезі аралығында өмір сүрген деу орынды. Ел аузынан жиналған қолжазбалар мен ХХ ғасыр бас кезінде баспа жүзін көрген кітаптарда Шәлгез ноғайлының жырауы еді делінеді.
«Шайыр» жинағындағы Шәлгез толғауына берілген түсінікте оның Қояс руынан екені айтылады. Бұл деректі ел аузынан жазылған шежірелер де бекіте түседі. Алшын ішіндегі «ноғайлы» құрамындағы Қояс руының қариясы Ақбаев Елеш өзін Шәлгез батыр ұрпағы санайды. Елеш өз ата-тегін: Шәлгез-Ержақай-Жанғабыл-Бекболат-Аружан-Қараша-Қалмамбет-Шақа-Сақ-Сәмет-Құдайберді-Қаз-Ақбура-Байғазы-Құрманғазы-Құлмақамбет-Өтәлі-Ақбай деп таратады. Демек, Шәлгез – Елещтің он тоғызыншы атасы. Елеш қария шежіресіне қарағанда, алтыншы атасы Ақбура батырды беріш Саржала батырмен байланысты әңгімелейді.
Шәлгез шыққан Қояс руы қазіргі ноғай халқы құрамындағы тайпалар мен ру аттары арасында кездеспейді. Бұған қарағанда, Ноғай Ордасының көптеген рулары Еділдің Кавказ бетіне көшенде, Қояс руы түгелдей Алшын арасында қалса керек. Немесе Қояс руы Ноғай батыр дәуірінен (ХІІІ ғ-дан бері) Алшын арасында жүрген түрік-моңғол руларының бірі, кейін барып «ноғайлы» не «ноғай-қазақ» руы құрамына кіруі мүмкін. Демек, Қояс руы бағзы «ноғайлы» руы болсын әлде Ноғай Ордасы сарқыншағы болсын, қалай болғанда да, Шәлгез Ноғайлы елінде, Ноғайлы аймағында – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келіп, бар өмірін Еділ, Жайықтан Қазан мен Түменге, Жемнен Сыр сағасына дейінгі Қыпшақ даласында өткізгендігі аңғарылады.
«...Өз заманы үшін қадірлі де құрметті кейбір шығармалары ауызша ғана тарап қоймай, жазбаша да тарағандығы туралы болжам жасауға итермелейді. Мүмкін, бізге жеткен М.Османов, Ғ.Мұштах (Ғ.Қараш) жинақтарына негіз болған ел ішіндегі қолжазбалар, Үпі архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» сол дәуірдегі жазбалардан біреу көшіру арқылы жеткен мұралар болар. Мұндай жазбалар ертелі-кешті архив қазыналары мен сол кезде ноғайлы аталған аймақтан тараған түркі тілдес халықтар арасынан табылуы мүмкін. Шәлгездің «Ғизмет иәм би Темір», «Бәйтерек», «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» өлеңдері мен кейбір жыр жолдары қазақ, ноғай арасынан жиналған жырау мұрасының қай-қайсысында да кездеседі. Ал Шәлгез мұрасының ең маңызды әрі көлемдісі саналатын «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының қазақ арасынан жиналып, алды бұдан бір ғасыр бұрын (1875) жарық көрген.
Шәлгездің бізге жеткен жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаға жатады. Ол өз көңіл күйін толғайтын бірділі-екілі толғауының өзінде де өмір заңдылығын, заман үлгісін қатар суреттей отырады. Жырау – «от басы. Ошақ қасының» қарапайым пендешілік халіне айналмай, өзіне дейінгі Һәм өз заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді, өмірде көрген көп жайларын көңіл таразысына салып, қорыта толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен ізгілікке үндейді.
Шәлгез шығармалары ой, мазмұны жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір тирададан тұратын «Би Темірге айтқаны» толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті Һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орғыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шәлгез нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ.
Көп ішінде бір жалғыз Көп мұңайып жылайды. Күйбеңдеген көп жаман Сөзі тигенге ұқсайды.
Міне, алғашқы тираданың соңғы төрт жолының өзінде де жанама хабар айтқандай, жай жоспармен, меңзей толғайды. Ал екінші шумақта өзі үшін Темір би кім еді, үшіншіде өзі Темір үшін кім еді, - соны жырлайды.
Кемел ақыл, кенен ой, бұлтартпас биік, тепсінген тегеурінмен Темір биді тізгіндеп, жуасытып алған жырау кейінгі бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шумақтарында ақыл, ғибратқа көшеді. Шәлгез бұл тұста «шамаңды біл, жасық жима, асыл жи» дегендей. Тек толғау соңында ғана тағы да бәсік көңілмен үшінші шумақта айтқан Темірге ақ-адалдығын дамыта, тереңдете түседі. Шәлгез жырларында суреттелетін адамдар – Темір, Әзике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Жыраудың өзін біз көбінесе лирикалық «Мені» арқылы танимыз. Осылардың ішінде жыраудың Темір би мен өзін бейнелеуінен сөз зергерлігін анық аңғарамыз.
Темірді құдіретті етіп көрсетуде жырау оны сахара аспаны астында көздеген жеміне жасындай ойнап, жайдай жарқ етер сұңқардың тегеурініне балайды. Жырау «қу сұлтаны – саһар, саһарды сайлап қаусырған боз сұңқар» - Темірді құс азғыны құладынға қарама-қарсы қойып, шендестіре суреттейді. Шәлгез бейнелеуінің әсерлілігі сол - әлгі сұңқардың сұмдық қайрат-қуаты мен қимыл-әрекетін көріп отырғандай сезінесің. Демек, бұл жырау сөзінің эмоциялық әсер-қуатының күштілігі. Шәлгездің «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан», «Әжіқам, сен Мансұрұлы Тоқусан», «Мен иемнің күнінде» сияқты өлеңдерінде Темір бейнесін толықтыра түсер детальдар мол. Бұлардың қай-қайсысында да Темір туралы үлкен мақтаныш сезіммен мадақтай жырлайды.
Шәлгез аталған жырларда Арық хан, Әзике, Мансұр сияқты шонжарларды Темір образына қарама-қарсы бейнеде суреттейді.
Жырау бейнелеуіне қарағанда, Арық хан – Темірдің тегеурініне төтеп бере алмас төменшік адам, Әзике – қатыгез, әділетсіз мырза.
Шәлгез жырларынан жыраудың өз бейнесін де ажырата тану қиын емес. Ол Темірге арналған толғауларында өзін бидің жан аямас шын берілген ақ, адал қызметшісі – «көп құлының бірі» ретінде суреттейді. Бірақ Шәлкез мәңгі бақи сол күйде, сол көңілде қала бермейді. Оған өз жолдары куә:
Басымды менің қорласа, Көп туғаным жоқтаман. Аяғымнан менің басыма Етектеп плтын құйса, тоқтаман!
Байлық мен мансап, атақ пен абырой жел айдаған бұлттай жөңкіліп жүре беріп, тар кезеңге тап болған жырау өмірінің біраз ізі осы шумақтан да байқалады. Бұл хас батырға тән мәрттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелі мен ашынған көңілінің ақтарылған сыры дерлік. Мұны өлеңнің тепсініп келген тегеурінді ырғағымен, күңіренісімен күші басым өлең жолдарынан мол сезінеміз. Мұндай әуен Шәлгездің әЕділім» толғауына да тән. Бірқатар жолдары Қазтуған жырына сәйкес келетін бұл шығарма – жыраудың туған жерімен амалсыз қоштасуы, «Шөбі – секер, суы – шәрбет» ата қонысты қимас сезімнен туған телегей теңіздей терең тебіренісі.
Шәлгез жырлаында философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін дидактикалық өнеге-өсиет, мақал-мәтел, ақыл-нақылды шумақтар мол. Жырау өнеге-өсиеттік бірқатар жолдарында өрісті ойларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып суреттейді:
Құсты жисаң, бүркіт жи, Қыс тоныңды түлкі етер. Бір жақсымен дос болсаң, Азбас, тозбас мүлкі етер. Бір жаманмен дос болсаң, Күндердің күні болғанда, Жүмле ғаламға күлкі етер.
«Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесепат» дегендей, бұл шумақтағы жақсы – шарапатты шын дос та, жаман – жалған дос, екіжүзді сатқын бейнесінде.
Жырау жақсы мен жаман арқылы ер мен ез, мәрт пен нәмарт сияқты адам бойында кездесетін екіұдай кереғар қасиет-мінездерді салыстыра суреттеу арқылы дәуірден дәуірге көшіп келе жатқан көптеген өмір сырын байыпты бағалайды. Шәлгездің «Қатынасы биік көлдерден», «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең, тардан шүй», «Бар күшіңді сынамай» шумақтары және «Шағырмақ бұлт жай тастар» дейтін ұзақ толғауы – не замандар бойы өмір тәжірибесінен қорытылған саралы ойлар жиынтығы, өмір аксиомасы дерлік. Бұларда ақыл-ғирбат та, өнегелі өсиет те мол. Бұл саладағы толғауларынан Шәлгездің өрісті ойларын, замана шындығын, дәуірдің елеулі мәселелерін көтере білген кемел парасатын тани түсеміз.
Міне, жырау өмірдің өзінен туындап жатқан ащы шындықты айқын көре алған да, жақын жеп жаманға жан тартуға емес, «жақсыда жаттық жоқ» дегендей адамды, азаматты, абзалдықты суюді өсиет етеді.
Атаның ұлы ерлерге Малың бер де, басың қос, Басыңды қос та, бек сыйлас, - Күндердің күні болғанда, Басың жауда қалар ма?!
Бұл жолдардағы Шәлгез ұғымындағы «Ата ұлы» адамдығы мо азамат ерлер ретінде танылады. Даңқты жорық жырауы Шәлгездің өзі де дарабоз тұлға болған. Ол - өзі заманының айтулы батыры, ақылгөй абызы.
Қорытынды
Тарих беттерін бір дүбірлеткен жырауларымыздың өмірі бізге аңыз болып отыр. Олардың өнері мен шеберлігіне қарап, жырларын сүйсіне оқығанның да өзіндік орны бар. Ақын өмірі жай адамнан өзгеше екені әркімге анық. Сондықтан да, Асанқайғы, Шаркиіз, Қазтуған сиықты жыраулар сонау заманның тылсым өмірін келер ұрпаққа өз еңбектерімен жеткізген. Әлеуметтік және саяси дүниені ашып көрсеткен.
Шалкиіз жырау
ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған.
Шешендік сөз тарихы
Шешендік өнер бар да, сол өнер жайлы ғылым бар. Антикалық грек-рим мәдениетінен белгілі “Риторика” ілімі шешендік өнердің табиғатын, болмыс-бітімін, сыр мен сымбатын зерттейді. Қазақ әдебиеттану ғылымында шешендік өнерді зерттейтін ғылымның терминдік атауы қалыптаспаған. Әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Қазақ топырағындағы шешендік өнерді зерттейтін ғылымның жеке сала болып қалыптасуы, өзіндік терминдік атау-ұғымдарының пайда болуы, әлемдік маңызға ие болуы — болашақтың ісі.
Сонымен, риторика, шешендік өнер әлем тарихындағы көне ғылымдардың бірінен саналады. Мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Шешендік өнер ғылым ретінде қоғам дамуының әртүрлі кезендерінде бірде маңызы артып, еңді бірде мәні төмендегенімен, өзінің дамуын үзбей өрістеп келеді.
Шешендік өнердегідей, басқа ғылымдармен салыстырғанда, мәдениет пен өнер тарихындағы сабақтастық, дәстүр, мәдени тоғыс, тарихи ұлттық тіл мен діл, сондай-ақ жалпы ортақ адами сипат наты, дәл көрінбейді.
Бүгінгі таңда шешендік өнерге деген қызығушылық артып отыр. Бұл занды да. Өйткені кез-келген қоғамдық жүйені либерализациялау адам құқы мен еркіне деген көзқарасты жандандырады. Ал мұның өзі сөз бостандығын туындатады. Сөз құдіретіне ие болу құштарлығы әрқашанда болады, бірақ оның мәні өте-мөте өтпелі кезеңдерде, демократияның саналы дәуірлеу тұсында артады. Мұның тарих тағылымындағы айғағын шешендік өнердің гүлдену дәуірлерінің көне грек және рим елдерінің шарықгау дәуірімен, қайта өрлеу кезеңімен (эпоха ренессанс), Франциядағы XVIII ғасыр, Ресейдегі XX ғасыр революцияларымен, қазақ топырағындағы XV ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі егеменді мемлекет, ел болу кезендерімен сайма-сай келуінен көреміз.
Шешендік сөздердің жанрлық табиғатын айқын танып білу үшін антикалық шешендік өнер ғылымын білу қажеттілігі туындайды. Өйткені онда шешендік өнердің негізгі заңдылықтары мен ережелерінің канондық негіздері жатыр. Ал кейінгі теориялық еңбектер гректер мен римдіктердің теориялық ілімдерін жетілдірумен, нақтылаумен болды.
Шешендік өнердің зерттеліп ғылыми жүйеленуі ерте замандардан басталған. Мәселен, көне грек, рим дәуірінде бұл өнердің жеке пән ретінде оқытылып, теориялық тұрғыдан зерттеле бастағанын көреміз.
Антикалық шешендік өнер қақындығы алғашқы толыққанды мәліметті бізге Перикл дәуірі (б.з.д. V ғ.) береді. Перикл даңққа мемлекет және саясат қайраткері бола жүріп адамдарды сұлу сөзбен ораған шешен ретінде бөленді.
Бұл кезеңдерде шешендік сөздердің теориясы мен шешендік өнер ілімі пайда болды. Оның негізін Коракс, Лисий және Горгий салды. Коракс шешендік өнерге “Шешендік дегеніміз – нандырудың қызметшісі” – деп анықгама берді.
Көне Грециядағы софистер (б.з.д. V ғ.) шешендік өнердің нағыз шеберлері болды. Олар әртүрлі көзқарасты тұтынушылардың арасында сөз сайыстарын өткізіп, сөз кұдіретін танытатын тапқырлық сайыстарында сынасты. Софистер өздерінің теориялық және практикалық сабақтарының мақсаты жастарды қоғамдық шынайы өмірге дайындау деп түйді Сондай-ақ олар шешендерді (кәсіби шешендерді) дайындады. Софист Горгий алғашқы шешендік өнер туралы оқулықты да жазды.
Софистік ағымның көрнекті өкілдерінің бірі – Сократ. Сократ ғылыми трактат жазып қалдырмаған. Оның философиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектерінде көрініс тапқан. Сократ даналық сөздерін көшеде, алаңда жиын-топқа сөйлеп, айтып отырған.
Сократтың тәсілі — асқан шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгіме-дүкен құру, сөйтіп күрделі, ғибратты ойлар өрбіту.
Софистердің риторика ғылымына сіңірген еңбегін әдебиетші ғалым С.Негимов былайша бағалайды: “Олар риториканы -шешендік, эвристиканы — тартыс өнері, диалектиканы — дәлелдеу өнері дәрежесіне жеткізді” — дейді.
Шешендік өнер теориясына айтулы үлес қосқан грек философтары: Платон мен Аристотель болды.
Платон шешендік өнердің пәні мен мәнін: “Шешендік -нандырудың шебері, оның маңызы мен мақсаты осында” — деп, анықтайды.
Шешендік өнер теориясының бүтін бір дәуірін тудырған атакты грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-тамырын қозғап зерттеген Аристотель творчествосы.
Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнінің ауқымын өзіне дейінгі бұл мәселеге қатысты көзқарастармен салыстырғанда кеңейте түсті. Аристотельдің айтуынша, риторика жекелеген пәннің арнасында қалып қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленеді.
Шешендік өнердің жалпылық мәнін, мақсатын тиянақгаған соң, Аристотель шешеннің мақсатқа жету жолында нені меңгеру керек екендігін үйретеді.
Шешеннің сөйлеу барысындағы нандырудың амалдарын қарастыра отырып, Аристотель өзінің “Риторика” еңбегін үш бөлімінен түзеді. Бірінші бөлімде шешеннің тыңдаушыларын тыңдауға мәжбүр ететін принциптері сараланады. Екінші бөлім тындаушының сеніміне кіріп мақсатқа жету үшін қажетті шешеннің жеке бас қасиеттері мен ерекшеліктері сипатталады.
Үшінші бөлімде Аристотель шешендік өнердің техникалық жақтарын: сөйлеу процесінде пайдаланатын ойды жарыққа шығарудың амалдарын, сөйлеу мәтіндерінің құрлысын қарастырады. Ол сөйлеудің алғы сөз, әнгіме, дәлелдеме, қорытынды секілді төрт түрлі бөлшегін бөліп көрсетіп, әрқайсысының нандыруға, сендіруге қажетгі маңызын жан-жақты негіздейді.
Көне Грецияның маңдай алды шешендерінің бірі — Демосфен, (б.з.д. 384-322 жж.) Құл иеленушілік дәуірдің өкілі, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам. Оның Македонияның үстемдік әрекеттеріне қарсы дербестік үшін болған Афина күресінің тұсындағы саясат шешен сөздері, әсіресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегі және оның Македония патшасы Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздері тарихта қалып, тағылымдық сөздердің қатарына енді.
Шешендік өнер Демосфен өмірінің мәні болды, ол оны аталмыш өнердің ұстазы етіп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектің арқасында “өзін-өзі қайта туындатты”, әлем шешендерінің эквивалентіне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегіне жеткізді. Ол өзінің болмысы арқылы Цицеронның “Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзін дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптің қазақ топырағындағы көрінісін бабаларымыз “көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады” деп ұлағатты оймен өрнектеген.
Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдісін кеңінен пайдаланған. Осылайша, сөздің драмалық қасиетін күшейтті. Ол нақтылы дерек көздерімен сөйлеген, ойды түсінікті, еркін баяндаған. Сөйлеудің техникасын еркін меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздері сөйлеу мәнерімен туған. Қарапайым және көтеріңкі пафоспен (екі стильде) келеді. Ол осы екі стильді де еркін игерген. “Демосфеннен 170 қолжазба біздің дәуірімізге келіп жетті.
Грек шешендік өнерінің игі әсері арқасында көне Римде де бүл өнер дами бастады. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр Рим мен Грек елдерінде эллиндік дәуір деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендік өнерге де тікелей қатысты.
Шешендік өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлімдеуінше, Римде сөз күдіретіне ие болған адамға тәңіріндей табынған. Олар “адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі — қолбасылық, екіншісі — шешендік” деп білген. Рим мемлекеттік істерді халық жиындарында, сенатта, сотта ерікті әрбір азаматтың сөйлеу мүмкіндігіне ие болатындай жағдайда қараған. Сондыктан Римде әрбір азаматына шешен сөйлеудің қыр-сырына қанығып өсу мемлекет істеріне араласу талабынан туындаған. Республикалық Рим үшін қоғамдық қарқынды өмір, сөз бостандығы шешендік өнердің кеңінен өрістеуіне жол ашты. Басқаша айтқанда “демократия — шешендік өнердің анасы”.
Цицеронның шешендік өнер іліміне арналған еңбектерінде шешен үшін сөйлеу композициясы, стилі, айшықты тіл оралымдары, сөйлеудің дыбыстық жағы, артистік қасиет сияқты тәлім алатын көптеген жақтар қамтылған.
Шешендік өнер теориясына дамуына орыс ғалымдары да зор үлес қосты. XVII ғасырдың өзінде шешендік өнері туралы бірнеше еңбектер белгілі болды. Осылардың ішінде М.Усачевтің “Риторика” кітабын атап көрсетуге болады. Бірақ осы және басқа да еңбектерде діни, яғни шіркеулік шешендіктің әсері әлі де күшті еді. Бұл Ресейдің мемлекеттік құрылымдық жағынан демократияның парламенттік өмір сүру арнасынан қол үзгендігімен түсіндіріледі. Бұл түр батыс европа елдеріне тән еді. Шындығында университет қабырғаларында ғана жанды сөздің еркін дамып, жетілуіне жағдай туды.
Бұған шешуші қадамды Мәскеу университет! мен ғылым академиясының негізін қалаушы М.ВЛомоносов жасады. Ол қазіргі орыс әдеби тілінің негізін қалап, орыс тілінің қиын реформасын жасады. Ломоносов “Шешендікке қысқаша басшылық” кітабын жазып, орыс шешендік өнерінің бастауын ашты. Өзектілігін күні-бүгінге дейін жоймаған бұл кітапта орыс шешендік өнерінің ары-қарай даму бағдарламасы жасалынды.
М.В.Ломоносов шешендік үшін ең алдымен, рухани дарындар мен дене дарындары керек деп көрсетеді. Алайда шешен үшін тек табиғи сапалар жеткіліксіз. Шешендік теориясының негізгі талаптарының бірі-халықтық сөздің элементтері мен құрылымы туралы білім. Ломоносов “Риторика” атты кітабында сөйлеуді төрт бөлікке бөлуді ұсынады: кіріспе, түсіндіру, бекіту, қорытынды. Әрбір бөлікке қатысты тапсырмалар, ұсыныстар берілген.
Қазақ шешендік өнері жайындағы ғылымның тарихы да шешендік өнер тарихы секілді арыда жатыр. Бұл ретте: “Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы, әлбетте, “Шығыстың Аристотелі” атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр әл-Фарабиден басталады. Ол “Риторика” атты күрделі трактатында ғылыми-теориялық топшылауларын алдымен кәдімгі тәжірибелік іс-мақсаттан, қолдану аясынан туындатады”,- деп жазады шешендік өнер қақында жүйелі еңбек жазған ғалым С.Негимов.
Қазақ қоғамындағы шешендік өнердің, билердің ролін пайымдау мақсатымен жазылған XIX ғасыр шеніндегі Ш.Уәлиханов еңбектерін атап өткен орынды.
Ш.Уәлиханов “Сот реформасын жайындағы жазбалар” дейтін еңбегінде аталмыш өнер аясының билік-кесім айтылатын дау-дамайда туындайтынын дұрыс пайымдау келе, бүл өнердің бүтіндей бір елдің билік жүйесін атқарып тұрған зандық күші бар көшпелі өмірге мейлінше лайықталған қасиетті өнер екендігін айтады. Бүл орайда Шоқаннан көп кейінде қазақ оқымыстылары шешендік өнердің билік, заңдық сипатын жоққа шыгара қойған жоқ. Мәселен, Ә.Қоңыратбаев шешендік сөздерді заңдыұ, нақылдық, философиялык, сатиралық деп жіктейді.
Ғылыми-сыни зерттеушілік ой-пікірдің оянуына мұрындық болған қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары, әсіресе, “Дала уәлаятының газетінің” шешендік өнер, билік өнер қақындағы ой-толғамдарын С. Негимов былайша бағалайды: “Дала уалаятының газетінде” қазақ билерінің қоғамдағы орны, билік-кесім шығаруы жөнінде бірнеше мақалалар берілген. Атап өтер болсақ, “Қазак билерінің жұмыстарды тексеретұғыны турасынан”, “Қазақ жұртының тергеу хүкімі хақында”, “Бұрынғы замандағы билердің билік қылуы”, “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы” дейтін материалдарда ұтымды пікірлер, бағалы мәліметтер, құнды дерекгер бар”.
Ш.Қүдайбердиев қазақтың шешендік билік өнерінің терең тарихи тамырын, өзіндік ішкі берік жүйесін ел ауызындағы мақалға айналып кеткен заңдық бап-қағидалардан көрсетіп береді.
Мәселен:
“Би екеу болса, дау төртеу болады”.
“Дау құтырса биін табар, ит кұтырса иесін қабар”.
“Тапқан қуанса да, таныған алады”.
“Кесімді малға өсім бар”.
“Барымта алған мал болмас, қуып алған құн болмас”.
“Ала арқан кеспей арылмас”.
“Өзі жығылған өкінбес”.
“Тағыны жеткен алады, жарлыны кеміткен алады”.
“Тұлпар түп иесін табады”.
“Жортуыл жолдасына, ұры серігіне күйеді”.
Ал жалпы шешендік өнер аясында туындаған сөздерді шешендік сөздер деп атап, оны әдебиеттің дербес, жеке жанры ретінде ғылыми тұрғыдан бажайлау үстіміздегі ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы А.Байтұрсынов, М.Әуезов және С.Сейфуллин т.б. ғалымдар еңбектерімен тығыз байланысты.
Аталмыш ғалымдар алғаш рет шешендік сөздерді ғылыми зерттеудің көзі ретінде арнайы қарастырды. Мәселен, А,Байтұрсынов 1926 жылғы “Әдебиеттанытқыш” атты еңбегінің “Шешен сөз” деген тарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: а) саясат шешен сөз, ә) билік шешен сөз, б) қошамет шешен сөз, в) білімір шешен сөз, г) уағыз.
Бұдан кейінгі кезенде жалпы шешендік өнер аясында пайда болған шешендік сөздердің құлақ кесті үлгісі ретінде қандай жәдігерлер қарастырылуы, аталуы тиіс деген көкейдегі ойдың пердесін сыпырған, бүл төңіректегі теориялық ой-толғақтың нені шиырлауы керектігін Әуезовтен кейін тағы да атап көрсетіп, әдебиет тарихының түтас бір дәуірін арнаған еңбек С.Сейфуллиннің 1932 жылғы “Қазақ әдебиеті” кітабы болды.
С.Сейфуллиннің енбектегі ой-зердесі М.Әуезовтің ой-пікірлерімен астасып, шешендік сөздердің негізі ретінде дау-дамайда, талас-тартыста туған билер сөзі алынуы керектігін зерделеген ой-әлемі жанрға “билер сөздері” деген термин-атау ұсынғандығынан аңғарылады. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің ғалым ретіндегі ой-тұжырымдарының кұндылығының тағы бір қыры мынада: автордың қазақ билерінің болмысының халық өмірінің сан-алуан қырларымен байланыстылығын, билердің көп қырлы функциясын айта алғандылығында.
Әдебиетші ғалым С.Негимов бұл турасында “…бұған қоса ол әрі батыр, әрі әнші-ақын, жыршы, сыншы, сәуегей, шежіреші, ғұлама, бір сөзбен айтқанда, әмбебап дарын екендігін ескертеді”, – деп пайымдайды.
Бұдан былайғы тұста айтарлықтай құнды пікірлер берген ғалымның бірі – С.Садырбаев.
“Халық әдебиетінің тарихи негіздері” дейтін еңбегінде зерттеуші: “қазақтардың шешендік өнерін үшке белуге болады: а) салтанатты, екпінді сөздер; ә) нақгылы, қысқа түйінді сөздер; б) майда, биязы, сыпайы сөздер”, – деп жіктеп, олардың мәтіндері мен түрлерін де саралайды.
Теориялық толғамдарды қалыптастыруда қазақ шешендік сөздерін жинап-бастырып, алғы сөз жазып, жүйелеп беріп жүрген ғалымдар еңбегі де айтулы. Бұл орайда Т.Кәкішов, Ж.Дәдебаев, С.Қорабай, Н.Төреқұлов, М. Қазбеков сынды бұл істің үлкен жанашырларын атаған лазым.
Жалпы қазақ сөз қадірін жете ұғынған, оған өз өмірінде мейілінше мән берген, айрықша бағалаған. Сөз өнерін дертке балаған ел “тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады” деп сөз құдіретіне табынған, оның уытты күшін “таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді” деп бағалай білген. Мән-мағынасыз, қалай болса, солай сөйлеуге болмайтындығын ескертіп, “аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі “, “іріген ауыздан, шіріген сөз шығады,” “жақсы сөз – жарым ырыс” деп тыйым айта отырып жүйесін тауып сөйлей білгенді “сөз тапқанға қолқа жоқ” деп қошамет көрсетіп отырған. Әлемдік өркениетте ең бай да құнарлы тілді меңгерген қазақ елінің “жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз киесін табар” деп сөйлеудің мәдени нормаларын да белгілеп, тіл білудің, сөйлей білудің соншалықты қиын өнер екенін айтқандығы халқымыздың даналығын танытса керек.
Шона Смаханұлы (5 қазан 1924, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық совхозы - 1988) — қазақ ақыны, сықақшы.
Өмірбаяны
1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірді.
1942-43 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты.
1943-57 жылы педагогикалық қызмет атқарды.
"Мектеп" баспасында редактор (1957-58)
"Қазақстан мұғалімі" газетінде бөлім меңгерушісі (1958-63)
"Ара" журналында фельетонист (1964-68) болды.
1973 жылдан "Жазушы" баспасы поэзия редакциясының редакторы.[1]
Шығармалары
Шона Смаханұлы әдеби шығармашылықпен 1950 жылдан шұғылдана бастады.
"Тотияйын" атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді.
"Шимайбек пен Шыңқетпе" (1960)
"Қу түлкінің сыбағасы" (1961)
"Көріп жүр ғой көздері" (1965)
"Ұры тіс" (1967)
"Ұр, тоқпағым, ұр" (1970)
"Айға ұшамын" (1971)
"Жүз шымшыма, қырық қышыма" (1973)
"Кездік" (1976) т. б. кітаптары шықты.
"Купорос" атты жинағы орыс тілінде 1968 жылы Москвада басылды.
"Қоңыраулы шеңгел" атты шығармаларының жинағы 1974 жылы жарық көрді.[2]
