Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адебиет МЕ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
632 Кб
Скачать
☆

Әңгімелері

“Кешқұрым” атты тұңғыш әңгімесі 1964 жылы “Жұлдыз” журналында жарияланды.

"Қобыз сарыны" атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды.

"Көкмұнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мұнар" (повестер мен әңгімелер), "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғұмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Ұлтсыздану ұраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген.

2002 Жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.

Аласапыран

Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген “Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі.

Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген.

Қобыз сарыны

“Қобыз сарыны” (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.

Жармақ

Жақын арада Чехия Республикасынан жарық көрген "Жармақ" — қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне құрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді.

Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар

Қазақ халқы аса күрделі проблемаға маңдай тіреді. Өз ұлтымыздың ішінен орыс және батыс мәдениетімен жете сусындаса да, ана тілінде «екі ауыз сөйлем құрай алмайтын, құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы жүрдім-бардым әңгімеден алыс ұзай қоймайтын және онысын кемшілік деп есептей бермейтін үлкен топ – «Космополит қазақтар» тобы пайда болды». (9. 5 бет). Енді қалыптасқан жағдайға көзді ашып қарайтын мезгіл де жетті деп білеміз. Қайта олардың мемлекеттік тілге бұрылуына, рухани құндылықтарды мойындауына және игеруіне мүмкіндігінше ат салысып, еңбегі сіңген белгілі ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов осы орайда бұл мәселеге байланысты «Космополит қазақтар» атты өлеңінде тереңінен ой қозғайды:

«Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын, Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме? Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде? Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе» (9. 3бет).

М. Шаханов поэзиясы өз халқының тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы аса ділгер, жан толқытар проблемаларға жаңа кілт таба білуімен қуантады.

Дарын танылды. Адал күш танылды. Ар-намыс танылды. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қала алмайсыз. Ой мен сезімге едәуір жүк түседі… Адамзаттың ата жауы адамның өзі екені қашаннан бері айтылып келе жатқан шындық. Мұхтар Шаханов шығармасының басты жетістігі осы мәңгілік проблемалар хақында ой жарыстыруында. М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса, философтығы бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып ой түйген, содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік – Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана келмек. Біздің ойымызша, адамзаттың бүгінгі таңдағы рухани көркем ойының биігінен қарай отырып, М. Шаханов рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан сан қырлы, еліміздің таза ұлттық рухынан тыныс алған күрделі туынды – тұлпарларын әлемдік әдебиеттің үйіріне қосты. Поэзия есігін алғаш ашқанда, М. Шаханов әлі ешкім бастамаған жол іздеуге мақсат ұстанған болатын. Бұл күнде оның өз жолы бар. Оқырман қауым сол жолдың әлі де болса кеңи түсіп, ақынның алда талай татымды дүниелер беретініне сенімді. Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде өлімге бас тіккен жанкешті жауынгер секілді. Бұл жолда «Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге, Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсізде» - деп, кейінірек жазған бір өлеңінде жолын қууға талап білдірген бір інісіне айтқандай, Мұхтардың талай талпынысы, еңбегі зая кетпеді». (16. 45 бет). Мұхтар шығармаларының негізгі лейтмотиві – адамдықты, адалдықты, әділдікті, тазалықты, пәктікті паш ету; ездікті, зұлымдықты әшкерелеу. Тегінде, бұл – бүкіл ақ ниетті өнер атаулының мұраты болса керек. Бірақ, Мұхтар осы жайларды ешкімге ұқсамай, өз даусымен, өз дәлелімен өрнектеуге тырысады. Мысалы: «Өмір жайлы сан толқыдым, толғандым, Достар, достар менен үміт үзбеңдер Мені кілең адал ойлы жандардың Қатарынан іздеңдер», - (2. 210 бет) дейді ақын. Оның өлеңдері бірде осылайша жан сезімін алдыңызға бар ақиқатымен жайып салған адамның сырындай қабылданса, енді бірде жігерлендіруші күш танытып отырады: Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау Жеңудің бәрі жеңіс пе? Жігітке арман жеткізіп пе еді Өз сорын өзі жеңбесе. Өмірдің барлық сәтсіздіктері Бақытсыздық емес ендеше! (2. 93 бет) Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау үшін арманды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздай отырып, осындай қорытындыға келді. Мұхтар Шаханов сонау поэзияға алғаш келген кезінен бастап ел тағдырын жырлаудан жалыққан жоқ «Сейхундария», «Күре тамырды іздеу», «Сенім патшалығы» секілді философиялық поэмаларында ақиқат пен жалған, сенім мен күдік, махаббат пен қызғаныш, адалдық пен арамдық, ізгілік пен қиянат, ерлік пен сатқындық секілді рухани өмір өлшемдерінен болмыс заңдарына бойлай отырып, бар жақсылықтың басы – туған анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталатынын дәлелдейді: «Төсінде өзім қызық күндер кешірген, Дархан далам кетпейді бір есімнен. Қанша үңілсем, көрінбейді жас шегі, Сенен шырқау таулар да көп еңселі. Даңқы сенен биіктер бар. Солардың барлығынан артық сүйем мен сені. Ақ қарыңа арманымды түнеткен, Өзіңсің ғой жүрегіме гүл еккен. Сол жүрекпен қызды сүйсе несі айып, Сені сүйем қызды сүйген жүрекпен. Өміріңде бір адамды беріле Сүймегендер – сүйе алмайды сені де!» (1. 295 бет) (Туған жермен сырласу) Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды селт еткізер тұсы - өлеңнің ішкі мазмұны, өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі. Табиғатында суреткерлік қасиеті басым болғандықтан ол ашынған жүрек, ақырған ашу, қанжылаған қайғыны мезгіл, мекенсіз өлеңнің өзегіне итере салмайды, соған әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін жасайды. Айтар ой, айшықты сезім кейіпкер тағдырымен, ақынның өз тағдырымен тікелей астасып жатады. «Сенім патшалығы» поэмасын оқыған адам осының куәсі болар еді: Бірдей төзіп ыстыққа да, Салқынға Жер астында жатпай ма алтын көзден таса қалпында? Қашан қазып алғанша күтетін Шындық кейде ұқсайды сол алтынға! Сен ақынсың өніп шыққан ертеңге Қандай өрсі ұсынасың ертеңге? Қандай жеміс ұсынасың ертеңге? Ойлан, ойлан… Әділеттің қылышы Енді сенің желкеңде, Енді сенің желкеңде! (2. 294 бет) Ол ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның басуларын халықтық жырдан іздейді. Мұхтардың «Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» атты шағын поэмасындағы қираған қаланың тағдыры бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып, ұрпаққа ауыр да абыройлы жауапкершілік жүктелгендей болады. Сатқындықтың құрбаны болған Отырар ойран болды. Осы кезге дейін дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам бойындағы ең жек көрінішті қасиетті ақын осылайша өз жырына арқау етті. Қазір адамның ақыл-парасатымен бірге нәпсісі үстемдік құрған кезең. Нәпсі қуаты бүгінгі жылтырақ «бұқаралық мәдениетті» туғызады. Адамды өлтіру, қорлау, зорлау, азаптау, міне қазіргі күннің қызықтырар басты тақырыптары. Ал, қазір жер жүзі «соғыс алаңына» (ойындар, кинофильмдер арқылы) айналды. Мұның бәрі жас ұрпақ санасына мысқалдап сіңе бермек. «Нәпсі философиясынан Рух философиясын жоғары қою адамзат мүддесіне сай екенін Мұхтар Шаханов тамаша дәлелдеп шыққан және ол Рух болмысын қорғауды проблема етіп көтерген. Бұл биік гуманистік позиция автордың әлемдік деңгейдегі ой-санасының көрінісі». (14. 3 бет). Жалпы байқап отырсақ нені жырласа да – достықты ма, махаббатты ма, табиғатты ма – тереңнен тартып, философиялық ойға құру, күтпеген тың байламдар жасау – Мұхтар творчествосына тән бір ерекшелік. Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғысханның пенделік құпиясы) атты поэмасы екі жыл бұрын оқырман қолына тиген «Өркениеттің адасуы» атты кітабымен үндес, бір-бірін толықтырып тұрған, терең философиялық астары бар, мәңгілік өмір айналымының сыры мен жұмбағына үңілген, оқырманның алдына түйіні күрделі сауалдар тастап, терең ойға тартатын дүние екеніне көз жеткіздік. Мәңгілік өмір айналымының қозғаушы күші не? Ақ пен қара... Оң заряд пен теріс заряд… Жарық пен қараңғы… Періште мен шайтан… Махаббат пен зұлымдық… Міне осылай жалғасып кете береді… Мәңгілік өмір осылай жалғасып кете бермек пе? Егер қозғалыстың қозғаушы күші қарама-қарсы екі күш дейтін болсақ, онда зұлымдықтың да азаматтың дамуына қосқан өзіндік үлесі болғаны ғой, деген заңды сұрақ туындайды. Иә, белгілі бір дәрежеде солай екені рас. Екі күштің күресі қалай, қашан басталды десек түп тамырымызға үңілуге тура келеді.Құл сырттай ғана бағынышты болуы мүмкін. Ішкі байламы берік, рухы мықты болса ол адамдық қалпын жоғалтпайды. Ал ішкі «Менінен» айырылған адам рухсыздық дертіне шалдығады. Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы. М. Шаханов адамзатты осы РУХСЫЗДЫҚ АПАТЫНАН сақтандырды… Әуел баста Алланың рухынан жаратылған Адам өмір айналымына не үшін жіберілді. Әрине, эволюциялық жетілу жолынан өтіп, өсіп, өркендеп, пенделіктен періштелік биіктікке дейін көтеріліп, тазалап барып Ұлы Рухқа – Аллаға қайта қосылу үшін жіберілген деп түсіндіреді қазіргі заман ойшылдары. Адамзаттың эволюциялық даму жолына көз жіберетін болсақ, талай тар жол, тайғақ кешуден өтті. Мың өліп, мың тірілді. Қазір біз компьютер, интернет дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Шегімізге жеттік, енді Жерді қойып, Ғаламның тағдырына да жауаптымыз біз! Біз енді Мейірім мен Махаббатты төрге шығаруымыз керек. Біз сонда ғана Ұлы Мейірімге, Ұлы Махаббатқа қосыла аламыз. Онсыз тұйыққа тірелеміз. Жапон ғалымы Хироенори Итоның Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы» романы туралы жазған: «Это произведение уникально тем, что в историческом плане освещает смертельную борьбу добра и зла, наталкивает нас на мысль о надвигающейся катастрофе бездуховности, способной уничтожить человечество или привести к такой безобразной форме существования, которая обусловит его саморазрушение и самоуничтожение» (12. 2 бет) деген пікірі көпке ой салады ғой деп топшылаймыз. Адамзат Рухсыздық апатының алдында тұр. Ақшаға құл болу, материалдық байлыққа бас ию адамды рухани азғындыққа бастайды. Бұлай жалғаса берсе, адам санамен емес қарынмен ойлайтын халге жетпек. Бізге енді «Менен асқан мықты жоқ!» деген озбыр күш иесі емес, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» дейтін жылы жүрек керек. М.Шаханов – осындай поэзиялық ақын. Ал өзінің «Өркениеттің адасуы» деген дастаны да шоқтығы биік туынды. Бұл поэма қазіргі әлемдік поэзиядағы жетістіктердің бірі ретінде ЮНЕСКО тарапынан жоғары бағаға ие болып, көптеген елдердің қызығушылығын туғызғаны мәлім. Шаханов «Өркениеттің адасуында» маңызды мәселені көтерген, ол – адамзаттың қазіргі адасуы. Енді оның екінші проблемасы бой көрсетпек, ол – адасқан цивилизацияны жөнге салу. Міне, осы тұста жалған пайғамбарлар, әуесқой әулиелер, дүмше саясаткерлер көптеп өсіп-өніп кетсе, сөйтіп олар жығылған үстіне жұдырық дегендей, суға батар–батпас болып тұрған жанды мүлдем батырып жіберсе не болмақ? Шаханов сага поэмасын оқығанда осындай терең ойларға ақынмен бірге сүңги бересің, ол адамды ой тұңғиығына батыртып, санаға салмақ, ойға өріс береді. Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті. Өзі айтқандай: Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ, Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ. Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от, Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп, Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп. (13. 3 бет) Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, «желтоқсан оқиғасы» мен ақын Мұхтар есімі аталары хақ.Халық намысы жер етілген сол жылдары Мұхтар Шаханов болмағанда күні бүгінге дейін «желтоқсанға» қатысты мәселелердің кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы қазан күйінде қалар ма еді? «Желтоқсан» Мұхтардың азаматтығының, парасаттылығының, нағыз халық ақыны екендігінің айшықты мезеті болғаны аян. М.Шаханов поэзиясы тоғанға жиналған судың бөгетін ашқанда арындап ағатындай көрінеді. Мұхтардың да көкірек сарайында көптен жиналып қордаланған ой-армандары арындап жыр жолдарына құйылғанын байқаймыз. Ақын шығармасына ойлы сөз жазған Шыңғыс Айтматов «Қазақ поэзиясында бұрын-соңды мұндай қуатты дүниені кездестірген емеспін», - деп өте жоғары бағалапты. Шыңғыс айтса айтқандай, адамзат тарихынан сыр тартқан небір тағлым аларлық жәйттер, кесек-кесек қанатты тың ойлар, батыл тұжырымдар жан-дүниеңді баурап алып, асыл армандарға жетелейді. Тек өзің емес еліңнің, бүкіл адамзаттың болашағы үшін ақынмен бірге толғанасың. Өзіңе де бір міндет жүктелгендей болады. Өмірден өз орныңды іздейсің. Қанша оқығанда сусының қанбайды. Қазақ поэзиясының әлемдік деңгейге көтерілгеніне мақтанғың келеді. Өлеңдерін айтпағанда алғашқы поэмасы «Танакөзбен»-ақ ол талайды тамсандырған. Бұған қарап талантты таланттың танитынына көзің жететін секілді. Мұхтар Шахановтың поэзиясының мықты бір ерекшелігі – бұрынғы дәуірлерден қалған үлгі, ғибрат әңгімелерді қазіргі заманның құбылыстарына байланыстыра айта алатындығында. Оның халыққа кең танылған поэмаларының, өлеңдерінің басқа ешбір ақынның жаратылысына ұқсамайтын тосын келбеті осы тарапта болатын. Қандай тақырыпта ой қозғамасын өлеңдерінің ішкі астарында адамға, достыққа, халыққа, Отанға деген құрмет сезімі сезіліп тұратын рухани-адамгершілік құндылықтарға толы екенін байқадық. Егемендігімізді алғанымызбен, қоғамдағы көптеген жастарымыздың ұлттық рух пен ұлттық болмысын жоғалтып бара жатқандығы бәрімізді толғандырады. Сол рухсыздық апатынан сақтануда Мұхтар Шахановтың адамгершілік құндылықтарға толы поэзиясы көмеккке келетініне сенімім мол.

ОБРАЗ ЖӘНЕ ОБРАЗДЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕГІ АДАМ

Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі — осы образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну-үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі — өмір болғанда, предметі — адам екенін ескеруіміз керек.

Баяғы Аристотель заманынан күні бүгінге дейін адамнан тыс, адам өмірінен тыс ешқандай сөз өнерінін, де, өнер туындысының да болмайтыны дәлелденген үстіне дәлелденіп келе жатыр. Әдебиеттің объектісі предмет арқылы, яки сөз өнеріндегі өмір шындығы тек адам арқылы, адам образы арқылы ғана көркем жинақтау дәрежесіне көтеріле алады.

Белинский “ақынның образбен ойлайтынын, оның ақиқатты дәлелдеп жатпайтынын, көзге елестете көрсететінін”, Чернышевский сөз өнерінің “шын мазмұны — тек адам өмірі” рана екенін айтса, Гончаров қолына қалам ұстағандардың ішіндегі нағыз суреткерлерді айрықша бағалап, өзгелеріне “бір ғана ақылмен он том жаз, бәрібір, әлдеқалай “Ревизордағы” он адамның айтқанын айта алмайсың” десе, Горький өзінің “Кәсіп туралы кеңесінде” көркем әдебиетті, құдды “Қоғам тану” деген тәрізді, тура “Адам тану” (“Человековедение”) деп атады.

Кітап немесе симфония не туралы жазылған? Сурет немесе скульптура не туралы салынған?..Қандай сұрақ болмасын, жауап біреу-ақ: а д а м т у р а л ы, а д а м н ы ң ә с е м д і г і м е н а с ы л д ы ғ ы ж ө н і н д е, а д а м р у хы н -ы ң к е р е м е т к ү ш і м е н қ а с и е т і ‘ ж а й л ы… Өнер туындысының бәріне ортақ мазмұ.н — адамның ойы, арманы, құштарлыры, мұраты; өнер туындысының қандай түрі болмасын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын ғана баяндап жатады. Қез келген әдеби шы-ғарманың бетін ашсақ болғаны, іздеп табарымыз, тауып толғанарымыз — адам тағдыры, адамгершілік сыры. Көне дүние кербезі Милос Венерасынан осы күнгі абстракционистердің кескін-келбеттен ада мүскін мүсінсымақ-тарына дейінгі айтыс пен тартыс бір-ақ нәрсе — өнердегі адам,адамгершілік төңірегінде ғана.

Адам тағдыры — жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі де: өмірде көрген тірі адамдар туралы, олардың хал-күйі, кескін-кейпі туралы тебірене, толғана ойланудан көбіне суреткердің сол адамдар өмір сүрген қоғам туралы көзқарасы қалыптасады, нәтижесінде сол қоғамдық шындықты көркем жинақтау мақсатындағы творчестволық әрекеті басталып кетеді. Мәселен, М. Горькийдің “Күннен туғандар” пьесасында мынадай диалог бар:

Л и з а. Өзіңіз білесіз, мен дөрекілік дегенді жаныммен жек көрем, тіпті қорқам содан… Соны біле тұра сіздер бәрін әдейі, мені қобалжыту үшін әдейі істейсіздер ғой деймш… Тоқтай тұрыңыз… Әлгі слесарь бар ма… көзіме көрінсе, зәрем ұшады. Өзі бір түрлі… кұңгірт, түсініксіз кісі… көзін көрдіңіз бе, көзін: ашу мен ыза адырайтып жіберген бір түрлі… Мен мұндай көздердің талайын анау күні… анау жақта… тобыр, топ ішінен көрген секілдімін…

Чепурной. Жә, жә, еске түсірмеңіз! Қойыңыз, құрысын…

Л и з а. Қалай қоям, ұмытуға бола ма сол сұмдықты!.. Әлде-бір дөрекі, дөкір сөз естісем, әлдебір қызарғанға көзім түссе, жаным жабыға қалады. Бойымды қорқыныш билейді, көз алдыма со бір аң тәрізді… ашулы… ызалы… зығыры қайнаған… қап-қара… кара тобыр, қан жуған беттер… құмға сіңбей, қақ боп ұйып жатқан қып-қызыл қан елестейді…

Чепурной. Түу, енді сіз қашан талып, құлап түскенше қоймассыз…

Л и з а. Аяғымның астында басы жарылған бала жігіт… жер бауырлап, жылжып барады, самайынан қан сорғалайды, желкесіне қан саулап құйылады… Қанға баттасқан басын жоғары — аспанға көтереді… Көзіне көзім түсті: тұнып кеткен… Аузы ашық, тісіне дейін қан жуып кеткен… Енді бірде басы сылқ түсіп, бетімен құм қапты… Бетімен… бетімен…

Осы үзіндідегі Лизаның аузымен айтылған сұмдық шындықтың бәрін — “ашу мен ыза адырайтып жіберген” көздерді де, “қан жуған беттерді” де, “зығыры қайнаған қап-қара қара тобырды” да түп-түгел Горькийдік

өзі көрген, жаны түршіге сезінген. Бұл — 1905 жылғы 9 январь күні Петербургте болған сұмдық. Дәл сол жексенбіде, патша солдаттары жазықсыз жандарға оқ жаудырып, Сарай алаңы кып-қызыл қанға боялғанда, Горький ереуілшілер ішінде — көшеде жүрген. “Басы жарылған бала жігіт” Лизаның “аяғының астында” емес, Горыкийдің, “аяғының астында жер бауырлап, жылжып бара” жатқан. Оның “тұнып кеткен көзіне көзі түскен” Лиза емес, Горький; “басы сылқ түсіп, бетімен құм қап-қанын” көрген Лиза емес, Горький. Сол қанды жексенбінің кешінде Горький үйіне келді де, былай деп жазды: “Орыс революциясының алғашқы күні — орыс интеллигенциясынын, моральдық күйреген күні” *. Неге? Негесі сол,— өздерін қоғамның рухани көсемі деп ұғатын интеллигенттер — оқығандар, зиялылар осынау қаһарлы оқиға тұсында өздерінің халық алдындағы рухани жауапкершілігін мүлде түсінген жоқ. Олар жер мүддесінен алыс, аспанда жүрді. Осының бәрін Горькийге тек бір күннің оқиғасы ойлатты, тек бір күн ішінде көрген адам-дардың тағдыры толғантты. Осыдан бір апта кейін Горький қамауға алынды да, түрмеде отырып әлгі сұмдықты қайта ойлады. Өзі көрген ақиқатты жазушы өзге бір сипатта танып, осыдан оның творчеетволық әрекеті бас-талды. Бірақ-ол әлгібір ақ патшаның іргесін шайқалта бораған қара дауылда ел мүддесі үшін қайратқа мініп, “бетін қан жуғандар” емес, дауыл алдында дәрмені жоқ, жер мүддесінен алыс аспан аққанаттары — “күннен туғандар”, сағым қуғандар жайлы пьеса жазды. Одан келді де осы ғасырдың басындағы орыс интеллигенттерінің тамаша образдар галереясы туды.

Демек, әдебиеттің предметі — адам дегенде, әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде рана емес, қаламгердің сол қаһарманды жасау үстіндегі күллі творчестволық әрекетінің ойы-қыры, қия-қалтарысы туралы болуға тиіс. Белгілі (бір дәуірлік шындықтан көркем шығарма туғызу үшін, бәрінен бұрын материал керек. Ал материал табудын, суреткерлік тәсілі — оол дәуірдегі адам тағдырын қазу, қопару, “тірі документтерді” зерттеу. Бұл ретте,

М. Әуезовтің “Абай” эпопеясына материал жинау тәсілі айта қалғандай: “Алдақашан бел асып кеткен керуеннін, айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші

М.Горькиий. Шыгармалар, М., 1954, 28-том, 349-бет.

сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып алып, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал жинаған менің халім де дәл сол әрекет сияқты еді. Мен карт адамдардың көмескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетіне қарап, оның бір кезде Абайды тұтқындаған жас шырайлы ғажап сұлу жүзін “қалпына келтіруім” де әлгідей еді” *.

Өмірмен осылайша қоян-қолтық келген жағдайда ғана суреткердің творчестволық фантазиясы қимылға көшеді, қозғалысқа түседі. Дәл осы арада біз әдебиеттің предметі маңындағы авторлық айрықша әсем әрекетке, дәлірек айтқанда, әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты — ойдан шығару (вымысел) мәселесіне кезігеміз.

О й д а н ш ы ғ а р у — о бр а з ғ а б а р а р ж о л суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес. Өйткені ойдан шығару арқылы суреткер болашақ көркем образдың эскизін, алдымен, өзі ойша жасап, көз алдына ойша елестетіп, ойша көріп алады. Суреткердің өз ойында нақты түрде мүсінделмеген, суреткердің көз алдына затты түрде елес бермеген бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айна-луы мүмкін емес. Бұл ретте, керек десеңіз, көркем талант дегеннің айрықша құпиясы мен күші суреткердің өзі жасамақ болған көркем бейненің кескін-кейпін, түр-түлғасын өзінше көре білу қабілетіне, осыған орай қиял құпия-сына, ойдан шығара білу күшіне байланысты.

Әдебиет шежіресіне қарап отырсақ, творчестволық фантазияға, ойдан шығара һәм көзге елестете білуге байланысты, солар арқылы өз қолымен жасалар көркем бейнені әрі жинақтауға, әрі даралауға байланысты сөз зергерлерінің өздері айтқан құпия-сырлар тіпті қызық. “Маңым толған адам,— дейді Гончаров,— өз геройларым; маза бермейді, көз алдымда қырық құбылып жүреді, мен оларды ап-анық көремін, өз ара сөйлескендерін естимін”. Ибсен қағазға сөз жазардан бұрын өз ба-

* М. Әуезов, “Абай” романынын. жазылу жайынан, “Әдебиет және искусство”, 1955, № 3, 95 бет (мақаланы кезшде автордың құптауымен орысшадан ықшамдап аударран — біз — 3. Қ)

сында пайда болған образды бастан-аяқ ойша барлап, көріп, танып алатынын айтады: “Іші-сыртын түгел: жүріс-тұрысын, мәнер-машығын, тіпті киімінің түймесіне дейін көріп, даусын естуім керек”. Тургенев те дәл осы ұғымда болған: “Қасыңызда біреу тұрғандай, өзіңізбен бірге жүргендей сезінесіз, оның бет-жүзін көргендей боласыз. Түс секілді… Әйтеуір өз геройым өзіме қашан ескі, жақсы таныс боп алмай, өзін көзіммен көріп, үнін құлағыммен естімей, қалам түртпеймін”. Писемскийдің болашақ геройлары тура “түсіне енген, бәрі жиналып кеп, жаудырай қарап, мүлде ұйқы бермей” қойған. Бет-ховеннің геройлары да композитор қиялданған сайын “көз алдында көктеп шығып, өсе берген, өсе берген”. Бомарше кайткен? Өзінің ойында пайда болған өз геройларымен кәдімгі тірі кісілермен сөйлескендей “дұлшына кеңесіп отырып, тек солардың айтқандарын ғана қағазға түсірген”. Бальзак ше? О, ол “өз геройларының өмірімен өмір сүрген”, түсінде ғана емес, кәдімгі өңінде де солармен “бірге тұрып, бірге жүрген”. Бұл шындықты Лев Толстой қатты құптаған: “Өмірдегі адамды тек бірге тұрғанда білетінің секілді,—деген ол,—өнердегі адамды да бірге тұрғанда ғана білесің”. Өзінің болашақ герой-ларын осы ретпен ойша толғанып, кәдімгі тірі адамдарша танып, біліп алған болса керек, бір жолы Чехов “Ішімде сыртқа шыққысы кеп тұрған бүтін бір армия бар” депті.

Сонымен, творчестволық фантазия,яки о й д а н ш ы ғару — ш ы ғ а р м а- д а с ур е т т е л е р ш ы н д ы қт а н ш а л ғ а й ж а т қ а н о қ ы с н ә р с е

е м е с, с о л ш ы н д ы қ т ы с ұр ы п т а у, с а р а л а у т әс і л і; ш ы н д ы қ- қ а с у а р ы л ғ а н а д а м т ұ л ғас ы н ә р і ж и н а қ т а у, ә р і д а р а л а у тәс і л і. Образға апарар жол осылай басталады.

ОТЫРАР ҚАҺАРМАНДЫҒЫ немесе  жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан

– Даңқың қайда төске өрлеген? Екi жүз мың әскерменен Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау – Ойы – дауыл, сезiмi – аспан, Тек жеңiспен көзiн ашқан Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба, Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, –  Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады. – Осы өкiнiш менi де өртеп барады. Отырардың бақытына орнаған Болар, бәлкiм, Алдырмай тұр зор қамал. Бiрақ, әке, жүргенiм жоқ аянып, Қанша үмiтiм желге ұшты, Қанша әскерiм жер құшты. Дала жатыр қызыл қанға боялып, Егep бүкпей, баяндасам шындықты, Рухы – өр, Тәнi – бекем, Бұл бip қайсар халық екен, Tipлiктен де артық қойған бiрлiктi.

Жүрегiнде ыза табы қалмағандай бip мысқал: – Шалалаусың, – деп жымиды Шыңғыс хан. – Сақталмауы мүмкiн емес зердеңде, Сен тоғызға келгенде, Ұлу жылы, Үкiтайдың тойында Оқ өтпейтiн алып батыр жайында Ертек айтқам оңашалап өзiңе, Сол ертектi неге алмадың пайымға? – Keшip, әке, балалық па, Зерсiздiк пе, Шалалық па, Тек нобайы ғана қапты ойымда. Ұмытпасам, Массагет даласында, Аңдысқан қас пен достың арасында Атса садақ дарымайтын, Мыңмен жеке шайқасса, арымайтын, Шапса, қылыш кеспейтiн, Жанарынан мeйipiмi өшпейтiн, Өтiптi бip өжет батыр нар кici,– деп баласы кiбiртiктеп тоқтады, – Есiмде жоқ, әке, одан арғысы.

– Eciң кетсе, естiге кipiптapcың, Ең бастысын ұмытқансың, – Деп Шыңғыс хан ызбарлана тiл қатты, Әр сөзiнде атан түйе қайысардай зiл жатты, – Жә, ендеше, түcipeйiн eciңe. Жомарт, аңқау сайын дала төсiнде, Сан мың әскер жеңбеген өр алыпты Бip-ақ адам табанына салыпты. Әлгi алыптың кеудесiнде бармақтай Оқ өтетiн осал жepi болыпты. Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында, Сатқындық та бұғып жүрмек қасында, Айлакер жан соны жазбай таныпты. Қай кезде де айла кескен нарықты. Жақын барып үңiлместен жауыңа, Шығам деме, ұлым, жеңiс тауына, Адам аз ба күшке сенiп адасқан? Жауың мықты. Бұған, cipә, таласпан. Әр мықтының осал жерi болмай ма? Болса қайсы, Оған бастар жол қайда? Ал бұл сұрақ бар кез сенiң жүру керек басыңда, Менiң күллi жеңiсiмнiң құпиясы – осында!

Көңiлiнен күрт cepпiлiп наласы, – Ұқтым, әке, – деп жымиды баласы.

Сағи Жиенбаев

Ардағым,  арман   қуып  мен  кеткелі

Қанша  рет  көктем   келіп, жер көктеді?!

Бір  кезде   бөбегім деп тербетіп  ең,

Келесің   әлі  күнге   тербеп  мені

                                                                             

Қазақ   ақыны,   нәзік   сезімді,  қайырымды  азамат,  поэзия  зергері   және   ақындардың   әлденеше   буынының   ұстазы – Сағи  Жиенбаев  1934 жылы  15 мамырда  Ақтөбе  облысының   Байғанин   ауданындағы  Оймауыт  ауылында   туған.

1955  жылдан  Гоголь  атындағы   Қызылорда  педагогика  институтын  бітіргеннен   кейін  Жезқазған   қаласының   10  орта   мектебінде   қазақ   тілі  мен әдебиетінен   сабақ   берді.

1956  жылдан   әдеби  қызметке   ауысып  «Қазақ   әдебиеті»,  «Қазақстан   пионері»  газеттері  мен   «Жұлдыз», «Мәдениет  және  тұрмыс» журналының   редакцияларында  істеді. Ұзақ   жылдар   бойы  «Жазушы»  баспасының   поэзия  редакциясын   басқарды.  Соңғы   жылдары  «Ақ   Орда»  журналының   бас   редакторы   болды.

С.Жиенбаев   көптеген   жыр   кітаптарының  авторы. Оның   алғашқы  «Қарлығаш» атты  өлеңдер   жинағы, 1959 жылы  жарық   көріп, қалың  оқырманды  ақындық   аса   нәзік   ерекше  тынысымен  баурап  алды.

Өз   тұстастары  Қадыр  Мырзалиев, Тұманбай  Молдағалиев   секілді  Сағи   өмірде де, өлеңде де ерте есейген  ұрпақтың   өкілі.  Сол  ұрпақтағы   поэзия  әлемінде  көрінген  жас   ақындарға   көңіл аударған   ұлы   жазушы   М.Әуезов  ризашылықпен  «Сағи   Жиенбаевтың   бірқатар  өлеңдерін   оқыдым.  Оларда   толып  жатқан   образ, көп   шындық, көпшілікке   ортақ  шындық бар, біртүрлі  еліктіретін,  сүйсіндіретін,   оқушыға   бас   игізетін   соншалық  шындық  пен  бетке  ыстық   демі  сезіліп   кеткендей   көрінетін   шыншылдық  бар...-поэзияға   керек   нәрсе – осы   шыншылдық»- деп бағалаған. Ата жазушының   ақ   батасындай   осы   сөз   Сағидың   ақындығына  халықтың   үміт   сенімін   арттыра  түскендей   болды.

Ақын   қазақ   поэзиясының   екінші   тынысы  ашылған  60-жылдары  жыр додасының  дулы  ортасында болды. Ойып тұрып өз орнын  белгіледі. Сезімтал лириканың  сирек   құбылыстарының  біріне   айналды. Қазақ   поэзиясын  Сағи  лирикасынсыз   елестету    мүмкін   болмай   қалды.

Балалық  шағы    Ұлы   Отан   соғысы  кезіне  сәйкес   келген   Сағи   небәрі  7  жаста   болған. Оның   әкесі  қуғын-сүргіннің  құрбаны   болып,   үш   жасында  әкеден   жетім   қалып   анасының   тәрбиесінде   өскен.

Ақынның   соғыс   жылдарына   арналған   өлеңдері  қазіргі  Одақ   көлеміндегі  поэзиямыздың   үздік   үлгілерінің   сапында.   «Сыртта  боран   ұлып  тұр», «Оң аяқ», «Боран», «Күткен күн», «Медаль», «Әйелдер», «Жеңістің тұңғыш таңы бұл» - сияқты өлеңдері – көзіңе  жас,  ерніңе  күлкі  шақыратын, өзегіңе   от  тастап,   кеудеңді   тұңғиық   мерей   рахатқа   бөлейтін   озық  туындылар.

«Тарту», «Дала  гүлі»,  «Теңіз  сыры», «Таң алдында», «Қайырлы   таң», «Ақ толқын», «Киік», «Есімде   сол бір көктем», «Әлия», «Гүлдәурен», «Оймауытым», «Бозторғай», «Іңкәр  дүние»  және  басқа   өмір   туралы, табиғат туралы, өмірдің  өткелең өрісі туралы ой-толғауларға  толы өлең кітаптары  оқырмандардың   ыстық   ықыласына  бөленді.

Өзінің 40 жылдық  шығармашылық   қызметінде  Сағи   Жиенбаев   айрықша   ақындық   үнімен    танылды.  Дүние   құбылыстарын   барынша   шебер   дәрежесіне   көтерген   ол 30-дан астам өлеңдер мен поэмалар кітабының  авторы.  «Қарлығаш» (1959), «Дала гүлі»  (1959), «Сырлы   теңіз» (1969), «Алтын қалам» (1969), «Оймауытым» (1975), «Құралай   салқыны» (1979), «Ақсақал», (1979), «Бозторғай» (1981), «Жарық жұлдыз» (1983), «Іңкәр дүние»  (1983),  «Нан  мен  тұз» (1986) т.б.

Әсіресе   оның  Кеңес   Одағының Батыры  Әлия  Молдағұлова   мен   Нұркен   Әбдіров   туралы   дастандары,   диқандар   жайындағы  өлеңдері   көпшіліктің  жүрегінен  орын алды.

Тарлан   лирик  Қ.Шаңғытбаев  тап   басып   танығандай   «Сағи  лирикасының   ұтымдылығы – ондағы  шеберлік   пен  шындықтың   шынайы   ұштасуында,   үн  мен ұғымның сұлу үйлесімінде»,- десе, ақын Мұқағали  Мақатаев  «Сағидың  поэзиясы – мен үшін сол жез қоңырау. Бірте-бір артық  сөзі жоқ, бірде- бір тәртіпсіз  буыны  жоқ,  артық өлшем, жетпей жығылу  дегендерді  іздесе  таптырмайтын  Сағи   поэзиясы   сол   жез   қоңырауды  елестетеді.  Сағи  оған сағилық әр, өң, сағилық мінез бермей қолынан шығармайды»-деп бағалайды. Ақын Е. Дүйсенбаев:

«Майсалы самал сайларда

 Майыса есіп майда леп,

 Сайрайды бозторғайлар да:

 «Сағидай жырлау қайда деп?» - деп толғанады.

Сағи   поэзиясы арқылы Қазақстанның   қиыр   түкпіріндегі   ешқайда   құймайтын   кішкентай   Жем   өзені   сонау   Ақ   жайық   пен   Атырауға   ақ   толқын   жамыратып,   Сырмен  сырласып,  Ертіске  еркелеп,  Көкше   көріністерімен   жалғасады. «Қарақалпақ   жерінде», «Қарақұм  оттарына» көз   тігіп,  «Ыстықкөл самалына» құшақ ашып, «Кавказ дәптерінен», «Ақеділге» асады. Туған жерге арналған   өлеңдері  сәбилік   сезім  өмірінің   ақырына   дейін  Сағи  суреткерлігінің жібек   желісі,   алтын   арқауы.

 О, туған жер, барымның

 Сәттілері   сенікі

 Балы  болса жанымның,

 Тәттілері  сенікі

 Жүрегімде  жыр болса,

 Наздылары сенікі.

 Көкейімде күй болса,

 Саздылары   сенікі.

 С.Жиенбаев   поэзиясының   тәрбиелік   мәні  зор. Онда  туған  жерді   қастерлеу, отанды  сүю, еңбекке  баулу, адамгершілік, табиғат әсемдігін  сезіне  білу   т.б.  алуан   түрлі  тақырыптарға   жазылған   өлеңдері   ән   болып   төгілген,  жыр  болып шашылған.