Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11_synyp_emtikhan_m_1241_tinderi_2015-2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

«Алтай өңірі»

Қазіргі Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық түйіскен өңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен өңірдің біздің елімізге қарасты бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің Алтай өлкесінде де, моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да басқа жұрттармен бірге қазақтар тұрады. Алтай – ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған өңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, атамекені. Халқымыздың біраз бөлігі Алтайды мекендеп келеді. Халқымыз басқыншылардан елді-жерді қорғауда үлкен ерліктер жасаған өңір – Қаракерей Қабанбай, Ақыр Жәнібек аталған кіші (керей) Жәнібек батыр, Оспан батыр сынды ел қорғаны болған тұлғалар шыққан.

Ертіс , Енесай сияқты үлкен өзендер Алтайдан басталады. Қаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Қатын, Би, Абақан, Қобда, Ақбұлақ сияқты көптеген өзендері бар сулы, нулы өңір. Табиғаты ажарлы, аң мен құсқа бай. Жетпістен аса сарқырамалар, үш жарым мыңдай үлкенді-кішілі көлдері бар. Үлкендері – Зайсан, Алтынкөл, Қаражал, Қамысжал, Марқакөл. Алтай тауында тұщы су қорының көзі болып табылатын мыңнан астам мұздықтар бар. Алтайдың 70% таулы-орманды белдеуге жатады дейді. Мұнда еліміздің басқа өңірлерінде бола бермейтін терісаяқ, қоңыр аю, марал, солтүстік бұғысы, елік, құдыр, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, таутеке сияқты аңдар мен жануарлар, ұлар, құр, тоқылдақ, үнді қазы, шіл, үкі, байғыз сияқты құстар мекендейді. Өзендерінде бекіре, тайман, аспан балық, алабұға өседі. Мұнда «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген аздаған арқар да кездеседі. «Алтай ботаника бағы» деп аталатын ғылыми-зерттеу мекемесі бар. Өсімдік әлемі өте бай – жоғары сатыдағы төрт мыңдай түрі өседі деседі.

8- билет

«Жер жәннатты - Жетісу»

Қазіргі Жетісу өлкесі солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Алакөл, шығысында Жоңғар Алатауы, оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі.

Жетісу атауы VIII ғасырдан бері белгілі. Тарихшы ғалымдар бұрын Жетісу аймағын «Моғолстан» деп атап келген. Жетісу атауын құрайтын жеті өзеннің бірі- Іле өзені.Басын Алматы облысы Райымбек ауданы Лабасы тауының қойнауындағы Құтырған бұлағынан алады. Текес өзеніне қосылып, 1430 км шығысқа қарай ағып, Қытайға өтеді. Одан Қас, Күнес деген екі өзен қосылып, 1001 км аралықта қайтадан Қазақстанға қарай ағады. Жоғарғы бөлігі таулық сипатта. Алматы қаласынан солтүстікке қарай 70 км қашықтықта Іле аңғарына 1960-жылдары Қапшағай су бөгені, яғни Қапшағай көлі салынды. Қазір бұл жер Алматы тұрғындары мен туристерінің демалатын орнына айналды. Қапшағай су бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында Қапшағай қаласы салынған. Іленің өзіне Текес, Қас, Күнес, Қорғас, Шарын, Шелек, Талғар, Қаскелең, Күрті сияқты 9 тарау өзен қосылады. Іле Балқаш көліне, Бақанас, Жиделі, Топар, Көкөзек өзендеріне тармақталав құяды.Балыққа бай, аң-құсы мол. Атырауында ондатра өсіріледі.

9- билет

«Мұнайлы Қазақстан»

Қазақстан мұнайы бұған дейін бір бағытта – Атырау –Самар құбырымен тасымалданып келді. Ал елімізде жылдан- жылға мұнай өндіру саласы күрт артып, оны экспортқа көптеп шығаруға мүмкіндік туып отыр. Ол үшін, әрине, қосымша құбыр қажет. Осыған байланысты бірнеше жылдан бері қара алтынды әлемдік рынокқа шығарудың әр түрлі жобалары қарастырылған. Қазіргі нақты іске асырылғаны – Теңіз кенішінен Қара теңіз жағалауындағы Новороссийскіге дейінгі 1580 шақырымдық құбыр.

КТК-ның құрылуын,негізінен, үш мемлекет – Қазақстан,Ресей және Оман сұлтандығы жүзеге асырды. КТК – «Каспий құбыр жүргізу кешені» деген сөз.

Қазақстан темір кенінің қоры жөнінен 8-орында тұр. Мәселен, Қарағандыдағы «ИспатКармет» металлургия комбинаты шойын мен дайын қара металдар қақтамасын, болат өндіреді. Сондай – ақ елімізде тазартылған мысты ірі көлемде өндіріп, экспортқа шығарады. Хром, фосфор, титан-магний т.б. кендерді өңдейтін ірі кешендер жұмыс істейді.

10-билет