Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11_synyp_emtikhan_m_1241_tinderi_2015-2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

«Мемлекеттік емтихан»

Емтихан – шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бір.

Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде қолданылған. Ресейде тұңғыш рет Глюктің мектебі мен Санк-Петербург Ғылым академиясы жанындағы гимназияда (1726) шәкірттерден емтихан қабылданды. 1786 жылы халық училищелерінде көпшілік алдында емтихан тапсыру (қыста, жазда) тәртібі еңгізілд. 1837 жылы «Уезд училищелері мен гимназияларындағы сынақ ережелеріне» сәйкес оқушылардың білімін бағалауда 5 баллдық жүйе және емтихан билеттері іске асырылды. Қазақстан ем тихан қабылдау алғаш рет Алтынсарин мектептерінде (жылына 2 рет) қолданылды. 1966-67 оқу жылынан бері мекте,птерде әлі күнге дейін сақталуда. Кәсіптік – техникалық училищені бітірушілерге арналған мамндығы бойынша белгілі бір разряд беріледі. Көптеген жоғары және арнаулы орта оқу орындарында мемлекеттік емтихан орнына негізгі пән бойынша диплом жұмысы қорғалады. Қазіргі кезде оқу орындарына қабылдау емтихандары компьютерлік техниканың көмегі арқылы тесттік тәсілмен жүргізіледі.

14- билет

«Қазақтанның білім ошақтары»

Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – республикамыздың ең жоғары оқу орны.

Университет 1934 жылы құрылған. 1993 жылы қаңтар айынан бастап Ұлттық университет деп аталады. Бұл университетте 20-дан астам мамандық бойынша білімді мамандар дайындалады. Онда мынадай факультеттер бар: филология, журналистика, заң, тарих, философия және саясаттану, биология, география, шығыстану, экономика, математика, механика және қолданбалы математика, физика, химия, физиология.

Оқу орны орналасқан жер «Университет қалашығы» деп аталады. Қалашықта әкімшілік ғимараты, оқу ғимараттары, Студенттер сарайы, жатақханалар бар.

Ұлттық университетімізде Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген студенттер мен аспиранттар оқиды.

Мұнда агробиологиялық стансы, зоологиялық, ботаникалық мұражай, спорт кешені бар. Университеттің кітапханасы өте бай. Оның кітап қоры 1,2 милионнан асады.

Университетте екі сатылы білім беру жүйесі енгізілген, олар: бакалавриат және магистратура.

Бұл жоғары оқу орны – біздің мақтанышымыз.

15-билет

«Қазақстан Президентінің Жолдауы»

Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен.

Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.

16- Билет

«Іс - қағаздар»

Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын жүргізу деп аталады.

Адам өмірі құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат- туу туралы куәлік жазады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі-орта білім туралы аттестатпен расталады. Жұмысқа орналасу барысында да арыз, резюме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек кітапшасына жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келімісін жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат, факс жіберуге тура келеді.

Іс қағаздарын жүргізу – бұл құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы.

17-билет