- •1 Билет «Саяхаттау – саламатты өмір салты»
- •«Жолға шыққанда берілетін бата»
- •«Ұшақпен саяхат»
- •«Темір жол бекетінде»
- •«Қазақстан – қонақ үй»
- •«Сарыарқа өңірі»
- •«Алтай өңірі»
- •«Жер жәннатты - Жетісу»
- •«Мұнайлы Қазақстан»
- •Еліміздің экологиясы
- •Парламент
- •«Мемлекеттік емтихан»
- •«Қазақтанның білім ошақтары»
- •«Қазақстан Президентінің Жолдауы»
- •«Орхон – Енисей ескерткіштері»
- •«Мәдени мұра» бағдарламасы
- •Ұлттық киімдер
- •«Тарихи ғажайыптар»
- •«Қазақ театрлар»
- •«Шәкен Айманов»
- •«Мәңгілік ел- Мәңгілік Тіл идеясы»
«Шәкен Айманов»
Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914 ж. 15 ақпан — 1970 ж. 23 желтоқсан) — қазақтың әйгілі актері, режиссер.1964ж КСРО-ның халық артісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.
Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргіПавлодар облысының Баянауыл ауданындатуған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.
Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.
1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
25-билет
«Мәңгілік ел- Мәңгілік Тіл идеясы»
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған, «Қазақстан -2050» - «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім де өзгерте алмайтын бір ақиқат бар – ана тіліміз мәңгілік ел мен бірге мәңгілік тіл болды. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек. «Мәңгілік ел, мәңгілік тіл» идеясы халыққа күн шуағындай нұр сыйлайды.
«Мәңгілік ел, мәңгілік тіл» идеясын жарыққа шығарған Қазақстан президенті Н.Назарбаев осы арқылы ата-баба аманатына адал, өз жолының анық, мақсатының айқын екенің бүкіл әлемге паш етті. Бұл – қазақтың ұлттық идеясы «Қазақ мемлекеті» ұғымының жаңғыруы еді.
